Көкпекті ауданының әкімдігінің Қаулы №308 07. 09. 2012 жыл Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып



Дата26.02.2016
өлшемі15.95 Kb.
#26619
Көкпекті ауданының әкімдігінің

ҚАУЛЫ

308 07.09.2012 жыл




Жануарларды, жануарлардан алынатын

өнімдер мен шикізатты алып

қоюсыз міндетті залалсыздандыру

(зарарсыздандыру) және қайта өңдеу

кезінде құнын өтеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасы, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 7), 8) тармақшаларының, «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысының 24-тармағы негізінде, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюсыз міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде жануардың бір басының және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмының нарықтық құнының 30 %-нан аспайтын мөлшердегі құны жергілікті бюджет есебінен өтелсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Н. Сағандыковқа жүктелсін.

3.Осы қаулы алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Д.Мусин

2

КЕЛІСІЛДІ:


ҚР АШМ ветеринарлық бақылау

және қадағалау комитетінің С.Мұқашев

Көкпекті ААИ бастығы

2012 жыл «07» 09

ҚР ДСМ МСЭҚКД ШҚО

Көкпекті ауданы бойынша

басқармасының бастығы Г.Абдрасулова

2012 жыл «07» 09



Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылдың 9 қазанда № 2698 тіркелді

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет