Көкпекті Селолық Округі Әкімінің Есепті Кездесулер Баяндамасының Тезисі



Дата05.07.2016
өлшемі39.45 Kb.
#179034
Көкпекті Селолық Округі Әкімінің

Есепті Кездесулер Баяндамасының

Тезисі

Көкпекті селолық округі 5 елді мекеннен тұрады.Барлығы 6313 адам. Соның ішінде: 4061 адамы жұмысқа қабілетті, 829 – зейнеткер, 1423 – басқа санаттағы азаматтар. 2014 жылы 95 адам басқа жақтан келіп, есепке тұрса, 10 адам басқа жаққа қоныс аударды. Көкпектіге келіп қоныс аударған адам саны 85-ке көбейді.

2014 жылға негізгі капиталға құйылған инвестиция 600,3 млн теңгені құрады. 2013 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті.

Бүгінгі күнге 70 шаруа қожалығы, 24 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген. Соның ішінде 14 шаруа қожалық егістікпен айналысады.Барлық ауылшаруашылық жерлері – 117155 га. Соның ішінде: егістік – 10 309 га;шабындық – 6 383 га; жайылым – 73 656 га; өндірістік жерлер – 26 807 га. Шаруа қожалықтарының иеліктерінде барлығы 26290 гектар жер бар.2014жылғы қаңтар айының есебі бойынша мал басы төмендегідей: ірі қара малдың саны – 6325, ұсақ мал – 7530, жылқы – 1160, шошқа – 28, құс – 5200.

2014 жылы мал шаруашылығына 230 млн 256 мың теңге, өсімдік шаруашылығына 17 млн 280 мың теңге субсидия берілді. Бұл көрсеткіш 2013 жылғымен салыстырғанда мал шаруашылығы – 982 % құраса, өсімдік шаруашылығы – 97,2 % көбейді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша 2014 жылы 23 млн 140 мың теңгеге меморандум жасалып, 100%-ға орындалды. Ауруға шалдыққан мал басы 2014 жылы болған жоқ. Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде бүгінгі күні округтегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Көкпекті ауылында өз қаржыларымен 6 тұрғын үй салынуда.Тұрғын үй мәселесін шешу үшін бюджет есебінен қаржы бөлініп әлеуметтік жағдайына қарай 5 үй әр санаттағы азаматтарға берілді.

Көкпекті ауылында 2014 жылы келесідей жұмыстар жүргізілді:Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден өткізілді.Көкпекті ауылындағы «Жастар саябағы» қайта жаңғыртылып жөндеуден өткізілді. Көкпекті ауылының екі жақ шетіне малдарды қамайтын қоршау салынды. Ауылдың шығыс жағынан мал қорымы салынды. Көкпекті ауылында екі мектепке жылыжай қойылды.10 мекемеге 60 дана электр көзін үнемдейтін диодты жарық шамдар қойылды. Комхозға 8 дана су сорғылар, 4 км кабель, трубалар, жалғағыш , бақылау қорғағышы сатып алынды. Жылыжайдың ішіне қоятын тамшылап суару жабдығы алынды. Южная көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді, Жол асфальтталды, жаяу жүргіншілерге жол төселді, жарнамаға конструкциясы қойылды, балалар ойнайтын алаң тұрғызылды. Абай,Қабанбай, Астана көшелерінде 4,7 км жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шәріптоғай ауылында бір колонкалы су құбыры іске қосылуға дайын. Облыс және аудан әкімдерінің тапсырмасы бойынша, сүт тауар фермасы және сүт жинау пункттерін ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде, Көкпекті ауылында екі сүт жинау пункті және ауылдарда бір-бір сүт дайындаушылар жоспарлануда.

Халыққа қызмет көрсету саласында 80 кәсіпкер өз қызметтерін көрсетеді.Жеке кәсіпкерлермен күнделікті қажетті азық-түлік тауарларының бағасын және дәрі- дәрмектерге көтерме саудадан 10 пайыздан жоғарылатпау туралы 29 дүкен және 4 дәріханамен меморандум жасалды.

2014 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 14 отбасы, 22%-ға азайды. 2014 жылы балалар жәрдемақысын алушылардың саны 2 отбасы, 0,2%-ға азайды. 2014 жылдың қаңтарынан «Өрлеу» шартты ақшалай көмек жобасы Шығыс Қазақстан облысында пилоттық режимде жұмысқа кірісті. «Өрлеу» жобасына 2014 жылы 15 отбасына 440990 теңге көмек көрсетілді, жұмысқа орналасқандары 22 адам. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 22 адам қамтылды. Білім саласы бойынша барлық мектепте - 986 оқушы, 169 мұғалім. Оқу жасына дейінгі балалар саны – 424. Ыстық тамақпен 530 бала қамтамасыз етілген. 2014 жылғы бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелері Көкпекті селолық округі бойынша 76,7 пайызды құрады.Екі балабақшада 218 бала тәрбиеленеді. Бүгінгі күні балабақшаға кезекте 62 бала тұр.

Халық өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәртіпті қадағалау үшін округ бойынша 3 учаскелік полиция инспекторы қызмет етуде.2014 жылы 54 қылмыс тіркелген. 2013 жылмен салыстырғанда қылмыс саны 28,5 % көбейген. Округте Аудандық орталық аурухана құрамында 1 аурухана, 4 медициналық пункт, 1 туберкулезге қарсы аурухана бар.Халыққа 39 дәрігер, 143 орташа медициналық персонал қызмет істейді.

Өнер мен мәдениетті дамыту саласы бойынша аудан орталығында Көкпекті селолық округі әкімінің жүлдесіне «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты көркемөнерпаздар байқауының концерті болып өтті. Төртінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан керуен жоспар бойынша «Өшпес ерлікке тағзым» деген атпен 1 қазан күні Көкпекті селолық округінде болып өтті. Жеке кәсіпкер В.В.Виничук жалғыз басты 15 қартқа 5 мың теңгеден ақшалай сыйлық таратса, «Көктерек», «Арна», «Алекс» шаруа қожалықтарының басшылары Х.Фахрутдинов, М.Жакупов, А.Бойков халыққа арзандатылған бағамен жем-шөп сатса, жеке кәсіпкерлердің көмегімен қарттарға азық-түлік пакеттері таратылды.

Ауылдың санитарлық тазалығына көріктенуіне байланысты ұйымдастырылған сенбіліктерге мемлекеттік мекеме, мектептер, ұжымдардың қызметкерлері мен жұмысшылары ат салысуда. Тұрғындар тарапынан белсенділік танытса нұр үстіне нұр болар еді.Биылғы жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толуына орай Көкпекті ауылына көріктендіру жұмыстарына ерекше назар аударылады. Сол себепті ауылымыздың көріктендірілуіне өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймын, құрметті көкпектіліктер.

Құрметті жерлестер, жыл ағымында айқын жұмыстар көлемі жүргізілді. Бірақ алда бұдан да үлкен міндеттер тұр.

Көкпекті селолық округі бойынша 2015 жылы істелінетін іс-шаралар жоспары келесідей:



  1. «Көкпекті селолық округі әкімінің аппаратының» ғимаратын жөндеуден өткізу.

  2. Саяхимов көшесінде қоршау жасау және шырша отырғызу.

  3. Кіші архитектура мүсіндерін (Мұражай, Жеңіс саябағы, Жастар паркі, кольцо, Ауезов, Астана, Абай көшелері бойында, балалар алаңында орналастыру. )

  4. Шәріптоғай және Толағай ауылдарының ішіндегі жолдарды меморандум арқылы жөндеу.

  5. Кіре берістегі арканың жарықтандырылуын жөндеу.

  6. Астана көшесіне жаяу жүргіншілерге жол төсеу.

  7. Жаяу жүргіншілердің жүретін жолдарын тазалайтын трактор сатып алу.

  8. Орташа жол жөндеу ( Қабанбай, Береговая, Авдеева, Цепура, Абишева) көшелері.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет