16. Көлдің морфометриялық сипаттамалары
Су толған қазаншұңқырлар бір-бірінен мөлшері және сұлбасы арқылы ерекшеленеді. Бұл керсеткіштердің сандық шамалары морфометриялық сипаттамалар деп аталады. Морфометриялық сипаттамалар қазаншұңқырлардың тереңдіктері көрсетілген карталар мен пландардың көмегімен анықталады және белгілі бір су деңгейіне сәйкестендіріледі. Қазаншұңқырдың құрылымы күрделі болған жағдайда морфометриялық спиаттамалар көлді барлық бөлігі үшін және оның жекелеген бөліктері үшін де анықталады. Су бетінің (айдын) ауданы, Ғ, км2 — аралдарсыз және аралдармен қосқандағы аудандар көрсетіледі, планиметрдің немесе палетканың көмегімен анықталады. Қазаншұңқырдың ұзындығы L, км — жаға сызығынын ең алыс нүктелерінің арасының тіке қашықтығы, су бетімен өлшенеді. Қазаншұңқырдың ені В, км: орташа ені Во — ауданының ,(Ғ) үзындығына қатынасына (B0 = F/L) тең; максимал ені В тах — үзындығына жүргізілетен перпендикуляр арқылы өлшенетін екі жағалаудың су деңгейімен өлшенгендегі ең алыс қашықтығы. Жағалау сызығының үзындығы S, км су кемерімен (нөлдік изобата) анықталады. Жағалау сызығының иректігі (даму) Ки — жағалау сызығьның ұзындығының (S) ауданы қазаншұңқырдың ауданына тең шеңбердің үзындығына қатынасы: Ku=S/2-i√F·n = 0,282S√F
Қазаншұңқырдағы судың көлемі V, KM3, 106 м
3— есептеулер арқылы анықталады.
Алғашында қазаншұңқырдың изобаттармен шектелген су қабаттарының AVt көлемдері анықталады. Бұл изобаттар жазықтықтары-мен шектелғен фигуралар кесілген конус, призма түрінде болып келеді Қазаншұңқырдың ауданы мен көлемі тереңдік өзгеруіне байланысты езгеріске ұшырайды. Тереңдіктің аудан мен көлем арасындағы байланысын график түрінде көрсетуге болады. Тік оське көлдің тереңдігі» горизонталь өске — оған сәйкес су айдынының (12.2), (12.3) формулалармен анықталған ауданы мен көлемдері алынады. Судың тереңдігі: һ тах м тереңдік өлшеу кезінде анықталады, орташа тереңдік һо — судың көлемінің оның ауданына қатынасы: һо = V/F
Көл табанының изобаттар аралық орташа еңістігі келесі формуламен анықталады:
tga=(l, + l2)·h/2·f
Мұндағы a — көл табанының орташа көлбеулігінің бұрышы; l, l2 — еңістігі
анықталатын изобаттардың ұзындығы; f — изобат аралық аудан.
Достарыңызбен бөлісу: |