Көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру нарығын дамыту бойынша өзара әрекеттестік және ынтымақтастық туралы меморандум



Дата01.07.2016
өлшемі71.84 Kb.
#171808
Көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру нарығын дамыту бойынша өзара әрекеттестік және ынтымақтастық туралы меморандум.
Алматы қаласы 25 маусым 2008 ж.
Кеңес төрағасы Аханов Серік Ахметжанұлы тұлғасында Қазақстанның қаржыгерлер Қауымдастығы;

Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын және қаржы нарығын қадағалау мен реттеу бойынша Агенттігі;

Сақтандырушы омбудсмен Веревкин Виталий Викторович;

Сақтандыру ұйымдары:

Басқарма Төрайымы Тұрлыбекова Ирина Мұратқызының тұлғасында «Альянс Полис» сақтандыру компаниясы» АҚ;

Басқарма Төрағасы Қадырбеков Тахиржан Бахтиярұлының тұлғасында «Аманат Иншуранс» сақтандыру компаниясы» АҚ;

Басқарма Төрайымы Далеева Зәуреш Ерсайынқызының тұлғасында «Банк ТуранӘлемнің еншілес компаниясы «БТӘ Сақтандыру» АҚ;

Басқарма Төрағасы Тұрсынбаев Ғалым Қарабайұлының тұлғасында «Қазақмыс» сақтандыру компаниясы» АҚ;

Басқарма Төрағасының Орынбасары Михайлов Иван Валентиновичтің тұлғасында «Шетелдік сақтандыру бойынша «Қазақинстрах» компаниясы» АҚ;

Басқарма Төрағасы Серғазин Мейрам Болатұлының тұлғасында «Казкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы» АҚ;

Басқарма Төрағасының Орынбасары Акентьев Владимир Леонидовичтің тұлғасында «Көммеск-Өмiр» сақтандыру компаниясы» АҚ;

Басқарма Төрағасы Бегімбетов Ерғали Нұрланұлының тұлғасында «Банк ТуранӘлем» АҚ-ның еншілес ұйымы «Лондон-Алматы»  сақтандыру компаниясы» АҚ;

Басқарма Төрағасының Орынбасары Шевченко Владимир Викторовичтің тұлғасында «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ;

Басқарма Төрағасы Қамысова Аида Исламқызының тұлғасында «Номад Иншуранс» сақтандыру компаниясы» АҚ;

Басқарма Төрағасы Леваков Сергей Николаевичтің тұлғасында «Нұрбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы» «Нұрполис» сақтандыру компаниясы АҚ;

Басқарма Төрағасының Кеңесшісі Мұқатов Арман Тимурұлының тұлғасында «Пана Иншуранс» сақтандыру компаниясы» АҚ;

Басқарма Төрағасы Үсенов Талғат Қалдыбайұлының тұлғасында «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы» АҚ;

Басқарма Төрағасы Баранов Михаил Ивановичтің тұлғасында «Эко Полис сақтандыру компаниясы» АҚ,

бірге тараптар деп таталатын,

- Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алып;

- Көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру нарығын ары қарай дамыту ісінде Сақтандыру ұйымдарының күш-қуаттарын біріктірудің керектігін, Сақтандыру ұйымдарына Қазақстан Республикасының халқының сенімін арттыру керектігін, Сақтандыру ұйымдарының қызметтерін халықаралық стандарттарға жеткізу керектігін түсіне отырып;

- сақтандырушылардың, сақтандырылғандардың, пайда табушылардың құқықтарын қорғау мақсатында,


Төмендегі туралы осы Меморандумды бекітті:
1. 2008 жылдың 15 шілдесінен бастап Сақтандыру ұйымдары Сақтандырушы омбудсменге Сақтандыру ұйымдары және олардың сақтандырушылары, сақтандырылғандар, пайда табушылар (ары қарай өтіні беруші) арасында көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша қарым-қатынастарды реттеу құқығын береді.

2. Сақтандыру ұйымдары Сақтандырушы омбудсменге көлікті өз еркімен сақтандыру келісім-шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға сақтандырушының төлемдерді (суброгацияны) төлеу құқығы өткен кезде Сақтандыру ұйымдары арасындағы қарым-қатынастарды реттеу құқығын береді.

3. Осы Меморандумның тараптары, Сақтандырушы омбудсменнің жеке немесе нақты іс бойынша уәкілдер мен қорғаушылардың қызмет шығындарын төлеу бойынша талаптарына қатысты қарым-қатынастарды реттеуге құқылы емес екендігін мойындайды.

4. Сақтандыру ұйымдары қарым-қатынастарды реттеу процесінің басталуы үшін өтініш берушіден (Сақтандыру ұйымы) Сақтандырушы омбудсменмен жасалынған форма бойынша жазбаша өтініш және өзінде бар жазбаша дәлелдердің түпнұсқаларын беру ғана жеткілікті екендігін мойындайды. Сақтандыру ұйымдары өздерінің кеңселерінде шағымдардың/өтініштердің бланктерін (формаларын) орналастыруға міндеттенеді.

5. Сақтандырушы омбудсмен Сақтандыру ұйымдары мен өтініш берушілердің арасындағы қарым-қатынастарды реттеуді сырттай тәртіпте (олардың қатысуынсыз) жүзеге асырады. Ал ерекше жағдайларда, сонымен қатар өтеніші берушінің немесе Сақтандыру ұйымының жазбаша өтініші бойынша Сақтандырушы омбудсмен қарым-қатынастарды реттеуді олардың қатысуымен жүзеге асырады.

6. Сақтандыру ұйымдары Сақтандырушы омбудсменнің сұрауы бойынша іске қатысы бар барлық сұратылған мәліметтер мен құжаттарды беруге міндеттенеді. Сақтандыру ұйымдары құжаттарды түпнұсқа түрінде немесе Сақтандыру ұйымының мөрімен куәландырылған көшірмелер түрінде, саұрауды алған уақыттан бастап 4 (төрт) жұмыс күнінің ішінде беруге міндеттенеді. Сақтандырушы омбудсменге құжаттардың түпнұсқалары берілген жағдайда, соңғысы қарым-қатынастарды реттеу аяқталған уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттардың түпнұсқаларын оған берген тұлғаға қайтаруға міндеттенеді.

7. Сақтандырушы омбудсмен өзінің сайтында осы Меморандумның тараптары болып табылатын Сақтандыру ұйымдары туралы мәліметтерді орналастыруға міндеттенеді.

8. Осы Меморандумның тараптары болып табылатын Сақтандыру ұйымдары, өздерінің сайттарында, жарнамалық және ақпараттық материалдарда осы Меморандумға қатысу туралы мәліметті орналастыруға құқылы.

9. Қарым-қатынастарды реттеу кезінде Сақтандырушы омбудсмен 2007 жылы 22 тамызда Уәкілдердің кеңесі отырысының №1 хаттамасымен бекітілген, көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру мәселелерін реттеу бойынша Сақтандырушы омбудсмен қызметінің Регламентті басшылыққа алуға міндеттенеді.

10. Сақтандыру ұйымдары Сақтандырушы омбудсмен пошта қызметіне кеткен шығындарды төлеу мақсатында, әр нақты өтініш бойынша қарым-қатынастарды реттеу бойынша шыққан пошталық шығындардың шынайы көлемінде ғана олар үшін пошталық шығындарды төлеткізуге құқылы екендігін мойындайды.

11. Сақтандырушы омбудсмен қарым-қатынастарды реттеу кезінде оған белгілі болған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Сақтандыру ұйымдары Сақтандырушы омбудсменнің өзінің сайтында Сақтандыру ұйымдардың атауын және өтініш берушілердің атауы мен Т.А.Ә. көрсетпей, өзара қатынастарды реттеу тәжірибесіне шолуды орналастыруға құқылы екендігін мойындайды. Сақтандырушы омбудсмен оған түскен өтініштердің көлемі туралы мәліметті көпшілік алдында айтуға және орнластыруға құқылы.

12. Сақтандырушы омбудсменнің шешімі, егер шешім реттеудің екі тарапымен де мақұлданса, Сақтандыру ұйымдары үшін онда көрсетілген уақытта орындалуға міндетті. Бұндай шешімді орындамаған жағдайда, Сақтандыру ұйымы осы Меморандумға қатысудан шығарылады, және бұл туралы Сақтандырушы омбудсменнің сайтында мәлімет орналастырылады, және осы Меморандумның барлық қатысушылары ескертіледі.

13. Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын және қаржы нарығын қадағалау және реттеу Агенттігі Сақтандырушы омбудсмен шешімінің негізінде жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін негізді деп мойындайды.

14. Осы Меморандумға қатысудан шыққан Сақтандыру ұйымының өзінің сайтында, жарнамалық және ақпараттық материалдарда осы Меморандумға қатысу туралы мәліметті орналастыруға құқысы жоқ.

15. Сақтандыру ұйымдары және Сақтандырушы омбудсмен осы Меморандум «Көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру» сыныбы бойынша лицензиясы бар барлық сақтандыру ұйымдарының оған қосылуы үшін ашық болып табылатындығын мойындайды.

16. Меморандумның тұпнұсқасы Сақтандырушы омбудсменнің істерінде сақталынады.


Қазақстанның қаржыгерлер Қауымдастығы С.А. Аханов.


Қазақстан Республикасының қаржы

ұйымдарын және қаржы нарығын

қадағалау мен реттеу бойынша Агенттігі. __________________

Сақтандырушы омбудсмен В.В. Веревкин.

«Альянс Полис» сақтандыру компаниясы» АҚ И.М. Тұрлыбекова.

«Аманат Иншуранс сақтандыру компаниясы» АҚ Т.Б. Қадырбеков.

«Банк ТуранӘлемнің еншілес

компаниясы «БТӘ Сақтандыру» АҚ З.Е. Далеева.

«Қазақмыс» сақтандыру компаниясы» АҚ Ғ.Қ. Тұрсынбаев.

«Шетелдік сақтандыру бойынша

компания «Қазақинстрах» АҚ И.В. Михайлов

«Казкоммерц-Полис» сақтандыру

компаниясы» АҚ М.Б. Серғазин.


«Көммеск-өмiр» сақтандыру

компаниясы» АҚ В.Л. Акентьев.


«Банк ТуранӘлем» АҚ-ның еншілес

ұйымы «Лондон-Алматы» 

сақтандыру компаниясы» АҚ Е.Н. Бегімбетов.
«Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ В.В. Шевченко.
«НОМАД Иншуранс» сақтандыру

компаниясы» АҚ А.И. Қамысова.


«Нұрбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы»

«Нұрполис» сақтандыру компаниясы АҚ С.Н. Леваков.


«Пана Иншуранс» сақтандыру компаниясы» АҚ А.Т. Мұқатов

«Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы» АҚ Т.Қ. Үсенов.


«Эко Полис сақтандыру компаниясы» АҚ М.И. Баранов.

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________

_______________________________________ __________________


_______________________________________ __________________




_____________________________________ __________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет