Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны мониторингілеу бойынша жедел есеп



бет2/3
Дата22.02.2016
өлшемі429.5 Kb.
#2014
1   2   3

*2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің стратегиялық жоспарына сәйкес
2. Іс шаралардың орындалуы

п/п

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Орындалу және орындалмау туралы ақпарат

1.

28 инфрақұрылымдық жобаны салу және қайта жаңарту, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеу

Үкіметке ақпарат

ККМ, облыстардың әкімдіктері, концессионерлер

жыл сайын, желтоқсан 2010-2014 жж.

Бағдарламаны іске асыруды бастағаннан бері 2010-2012 жылдардың қорытындысы бойынша автожол саласы бойынша мынадай іс-шаралар орындалды.

Жоспарланған 722 млрд. теңге орнына 747,6 млрд. теңге игерілді, олардың шеңберінде 13 361 км жоспары кезінде жол жүйесінің 14 277 км жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары орындалды (оның ішінде республикалық желі бойынша орындалғаны 5 946 км және жергілікті желі бойынша орындалғаны 8 331 км).

Қолданыстағы ресурстардың шоғырлануы қамтамасыз етілген басым бағыттарда қайта жаңарту бойынша жұмыстар жалғастырылуда, олар жүктеулі, перспективалық бағыттар: «Орал-Ақтөбе», «Атырау-Ақтау-Түрікменстанмен шекарасы», «Омбы-Павлодар-Майқапшағай», «Таскескен-Бахты» және «Алматы-Өскемен».

Іске асыру басталғаннан бері 2 542 км жол жамылғысын орнату бойынша жұмыстар жоспардың орнына 2 664 км орындалды.

2010-2012 жылдардағы құрылыс маусымында 848 км республикалық маңызы бар жолдарды салу мен қайта жаңарту бойынша жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді (оның ішінде 2010 жылы 255 км, 2011 жылы 333 км және 2012 жылы 260 км).

Бағдарлама шеңберінде, оның іске асыру басталғаннан бері республикалық маңызы бар 3 282 км жолдарға күрделі және орташа жөндеу жүргізілді (оның ішінде 2010 ж. - 877 км және 2011 ж. - 1 241 км және 2012 ж. - 1 164 км).

Сондай-ақ жолдың жергілікті желідегі 8 331 км жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді (оның ішінде 2010 ж. - 1 659 км, 2011 ж. - 3 050 км және 2012 ж. - 3 622 км).

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта жаңартуға қатысты

Қазақстан территориясындағы дәліз ұзындығы 2 787 км құрайды, соның ішінде 2 452 км қайта жаңартуға жатады. (I категория бойынша – ҚХР шекарасынан бастап Қызылорда қ. дейін - 1 391 км және II категория бойынша - Қызылорда қаласынан РФ шекарасына дейін. - 1 061 км ) жобаның жалпы сомасы 825 млрд.теңге.

Ағымдағы жылы жалпы сомасы 124,6 млрд.теңге болатын 1621км жұмыстары 4 облыс (Ақтөбе, Қызылорда, ОҚО және Жамбыл) бойынша жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 860,9 км жол төсемі жүргізілді.

Жобаны жүзеге асыру барысында 21 басмердігер және 66 субмердігер, 6 мың. бірлік техника, 30 асфальбетондық зауыт, 24 цемент-бетондық зауыт пен 32 уатқыш қондырғы жұмылдырылды

Осы жылдың қорытындысы бойынша жолдың ашылуына байланысты 700 км жоғарғы қабат төсемі төселді.

Келесі жылы жалпы ұзындығы 806 км болатын учаскені қолданысқа беру, сонымен қатар 448 шақырымға құрылыс жұмыстары басталатын болады. Бұл учаскелер – «Шымкент- Жамбыл обл.шек.» - 79 км, «Тараз.қ. айналма жолы» - 65 км, «алматы-Хоргос» - 304 км. бойынша халықаралық қаржы институтары мен конкусртық сауда арқылы қарыз тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жобаны толық аяқтау 2015 жылға жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарымен қатар осы кезеңде барлық маршруттар шеңберінде жасыл белдік құру жоспарлануда. Осыған сәйкес жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалу жұмыстары басталды, жүзеге асыру жұмыстары 2014 жылы күтілуде.



Концессиялық жобаларға қатысты

  1. «Астана-Бурабай (Щучье)» автомобиль жолын қайта жаңарту

«Астана-Бурабай» автомобиль жолы 2009 жылғы 19 қарашада пайдалануға берілді.

Астана – Шучье учаскесінде ақылылық енгізу пилоттық жобасының жұмыстары 2012 жылы аяқталды, іске қосу ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған. Қазіргі таңда ақы жинау жүйесі тестілік тәртіппен жұмыс істеп тұр.



  1. «Астана-Қарағанды» және «Алматы-Қапшағай» автомобиль жолдарын қайта жаңарту

2012 жылы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталып, 2013 жылы жұмыс аяқталатын болады.

2013 жылғы екінші жартыжылдықта автожолдарда жол құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.



  1. «Алматы-Қорғас» автомобиль жолын қайта жаңарту және пайдалану

«Алматы-Қорғас» жобасын қаржыландыру үшін 2012 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта осы Келісімді ратификациялау рәсімдері өткізілуде.

Сонымен қатар мердігерлік компанияларды және консультанттарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жалғастырылуда.

Жобаны іске асыру кезеңі – 2013-2015 жылдары.


  1. «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» (ҮАААЖ) құрылысы

Қазіргі уақытта Алматы облысының әкімдігі осы жолды құрылыс жүргізуге жататын жер учаскелерін сатып алу бойынша жұмыс жүргізуде.

Облыс әкімдігінің мәліметтері бойынша жобаны сатып алуға 669 жер учаскелері жатады және бүгінгі күні 126 жер учаскелері 1,16 млрд.теңге сомасына сатып алынды және мемлекеттік қорға қайтарылды. Қалғаны 543 учаскені құрайды, олардың:

- 111 жер учаскелері бойынша бағалау жұмыстары жалғастырылуда;

- 223 жер учаскелері бойынша келісу рәсімдері жүргізілуде;

- 209 жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары өтемақының сомасымен келіспейді.

2012 жылы әкімдіктің бюджетіне 1,6 млрд.теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді, оларды 2012 жылдың аяғына дейін толық игеру жоспарлануда. Бюджетте 2013 жылға осы мақсатқа 2,8 млрд. теңге көзделген.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Орынбаевтың тапсырмасына сәйкес «ҮАААЖ» жобасын сүйемелдеу үшін Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) консалтингтік қызметтер және Еуропа қайта жаңарту және даму банкі гранты тартылды.

2012 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі және Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) арасындағы консалтингтік қызметтерді көрсету туралы келісімге қол қойылды, оның шеңберінде Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) консультанттары техника-экономикалық негіздемені қайта өңдейді және конкурстық құжаттаманы әзірлейді.



2013 жылғы маусымда концессионерді таңдау бойынша конкурс жариялау жоспарлануда. 2014 жылға «ҮАААЖ» құрылысын бастау жоспарлануда.


2.

Республикалық маңызы бар автожолдарды күрделі,орташа, ағымдағы жөндеу, ұстау, көгалдандыру, диагностикалау және аспаптық тексеру, сондай-ақ жол-пайдалану техникасын сатып алу

ЭДСМ ақпарат

ККМ

жыл сайын 15 шілде мен 1 ақпанда

I. Күрделі жөндеу.

2012 жылы республикалық маңызы бар автожолын күрделі жөндеуге 8 782,2 млн. теңге бөлініп игерілді, осының есебінен 65 км автожолын жөндеу жүргізілді.



Орындалған: жер жұмыстары – 85,7 мың.м3, төсеу қабаты –
50 мың м3, негіз фракциялы қиыршық тас және ҚҚҚ – 69,9 км.

Жалпы ұзақтығы 65 км 6 объект пайдалануға берілді.



II. орташа жөндеу.

2012 жылы жалпы сомасы 8 551,4 млн. теңгеге 1 100 км автожолды орташа жөнделді, оның ішінде орташа жөндеумен ағымдық жөндеу - 341 мың м2, тегістеу қабатын орнату – 774 км, ҚҚӨ - 938 км орнату, жиекті бекіту –
2 001 мың м2, восстановление покрытий - 5 км; жол бояулары – 1 108 км.

III. Ағымдық жөндеу.

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға – 9 662,9 млн.теңге бөлініп, игерілді.

«Қазақавтожол» РМК кешенді нысаналы бағдарламасына сәйкес мынадай жұмыстарды орындады:

992,9 мың.м 2 шұңқырлы жөндеу жүргізіп; 1009,7 мың. м² жарықшақтарын жойып; 7 377 дана жол белгілерін орнатып, ауыстырды; 8 024 дана дабылқақыш бағаналарды, 913 дана шақырымды көрсететін бағаналарды орнатты; 39 748 қ.м. қоршаулар орнатылып, жөндеу жұмыстарын жүргізді; 1153 қ.м. сүйенетін қоршауларды орнатып, ауыстырды; 356 дана демалу алаңдары мен автобус автопавильондары жөндеді; 13 441 км жүру бөлігінің белгілерін орнатты.

Сондай-ақ осы бағдарлама шеңберінде автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жай-күйінің диагностикалау мен бағалау бойынша нұсқаманы жетілдіру бойынша ұсынысты әзірлеу арқылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының және көпір құрылғыларының көліктік-пайдалану жай-күйін диагностикалау мен бағалау жұмыстарын іске асрыу бойынша жұмыстар жүргізілуде.


3.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту

ЭДСМ ақпарат

ККМ,

облыстардың әкімдіктері



жыл сайын 15 шілде мен 1 ақпанда

2012 жылы аудандық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер арқылы 35,3 млрд. теңге, оның ішінде салу мен қайта жаңартуға 15,9 млрд. теңге бөлінді.

Бөлінген қаражат есебінен 784 км аудандық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары қайта жаңартылып және жөнделді.

Сондай-ақ облыстық әкімдіктердің мәліметі бойынша жергілікті бюджеттен автомобиль жолдарының жергілікті желісін қайта жаңартуға, жөндеуге және күтіп ұстауға 47,4 млрд.теңге көзделген, соның есебінен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 2 838 км қайта жаңартылып, жөнделді.


Облыстық бюджетке күрделі және орташа жөндеуге арналған мақсатты ағымдағы трансферттер

Облыстық бюджетке көлік инфрақұрылымын дамытуға арнағлан мақсатты ағымдағы трансферттер

4.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару құрылымын жетілдіру

ЭДСМ ақпарат

ККМ

жыл сайын 15 шілде мен 1 ақпанда

Аудандық және облыстық маңызы бар, сондай-ақ жергілікті пунктер мен қала көшелерінің автомобиль жолдарын дамыту мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдіктердің жанында Автомобиль жолдары мен жолаушылар тасымалдау басқармалары құрылды. Бұл басқармалардың құзіретіне келесілер кіреді: аймаққа сәйкес жергілікті пунктердің көшелері, жалпы пайдаланымдағы аудандық облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту бағдарлармасын, жоспарын жүзеге асыру мен дайындау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жергілікті пунктердің көшелері, аудандық және облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен жөндеу, қайта жаңарту мен құрылыс бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жергілікті пунктердегі көшелер, жалпы пайдаланымдағы аудандық және облыстық маңызы бар автомобиль жол желісін автомобиль жолдары бойынша өкілетті мемлекеттік органдармен өзара әрекетін басқару, коммуналды жол кәсіпорындары, коммуналды меншігіне кіретін жолдарды басқару.

5.

Жол бойындағы сервис объектілерін дамытуға ықпал ету

ЭДСМ ұсыныс

ККМ

жыл сайын 15 шілде мен 1 ақпанда

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 2 174 қызмет көрсету нысандары, сондай-ақ 885 жанар-жағармай құю станциясы, 157 ЖҚС, 119 қонақ үйлер, 1 013 тамақтану мен басқада сауда орталықтары орналасқан.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау үшін және халықаралық талаптармен қойылатын санитарлық- экологиялық стандарттарға сәйкес келу мақсатында «А,В,С санаттағы жол бойындағы сервис кешені» техникалық шарт 5 облыс әкімдіктерімен келісіліп, бекітілді.

Облыстық әкімдіктерге қызмет көрсету нысандарын орналастыруға арналған рұқсат беру құжаттарын келешекте беру кезінде тиісті талаптармен қамтамасыз ету ұсынылды.

Сонымен қатар қонақ үй, кафе, авто жанар-жағармай құю станциясы мен техқызмет көрсету станциясынан тұратын кешенді сервис нысандарын салуды ғана қарастыру қажет деп есептейміз.


6.

Жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын қамтамасыз ету

ЭДСМ ақпарат

ККМ

жыл сайын 15 шілде мен 1 ақпанда

«Облжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі республикалық бюджеттің трансферттері арқылы қаржыланатын республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар бойынша пайдаланып жатқан жол-құрылыс материалдары мен орындалып жатқан жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта бекітілген графикке сәйкес 5677 жұмыс бабымен шығулар өткізілді, 2 804 заң бұзушылық анықталды, жарияланған заң бұзушылықтарға байланысты ескертулерді жою мақсатында Тапсырыс беруші мен Мердігерлерге 2984 хат жазылды. Сонымен қатар ағымдағы жылы орталық мониторинг жұмыстарының сапасы үшін 14 қозғалмалы зертханаларға GPS – треккерлердің «on-Line» режиміндегі GPS жүйесі құрылды.


7.

2014 жылға қарай республиканың 14 әуе жайында ұшу-кону жолдарын, жолаушы және жүк терминалдарын қайта жаңартуды (салуды) жүргізу

Үкімет ақпарат

ККМ, облыстардың әкімдіктері, әуе жайлардың меншік иелері

жыл сайын, желтоқсан 2010-2014 жж.

2012 жылы Көкшетау қ. әуежайының жолаушылар терминалы мен ұшу – қону жолағын, Ақтау қ. ұшу-қону жолағын қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.


8.

Әуежайлық инфрақұрылымды ИКАО талаптарына сәйкес келтіру (CNS/ATM) әуе қозғалысын басқару жүйесіне автоматтандырылған жүйені енгізу), Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесі

ЭДСМ ақпарат

ККМ, «Қазаэронавигация» РМК

жыл сайын 15 шілде мен 1 ақпанда

Бүгін республикада 20 әуежай жұмыс атқаруда, оның: 15 халықаралық статусы бар әуежайлар, 11 ИКАО категориясын иеленген әуежайлар.

«Қаз геодезия» РМҚК шарттық міндеттемелерге сәйкес келесі жұмыстарды орындады.

Жобамен көзделген барлық әуеайлақтарда демеулік геодезиялық желі жайылды. Көп тәуліктік қадағалаулар жүргізілуде. Әуеайлақтардың демеулік геодезиялық желілерін жаю бойынша есептер «Қазаэропроект» РМК сараптамасында. Навигациялық элементтерді жер бетінде түсіру бойынша жұмыстар Тараз және Шымкент әуежайларында аяқталған. Далалық жұмыстар Алматы мен Астана әуеайлақтарында жүргізілуде. Шарттар шеңберінде лазерлік сканерлеу мен аэрофототүсірулер Астана қ., Шымкент қ. және Алматы қ. әуеайлақтарда жүргізілуде. Ақтау қ. мен Атырау қ. әуежайларында тек аэрофототүсіру жұмыстары жүргізілген. Түсіру кезінде алынған барлық материалдар бастапқы өңдеуден өткен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне бақылаулық қарауына бағытталған.


9.

Әуе кемелерін сатып алу

Үкіметке ақпарат

ККМ, авиакомпаниялар

жыл сайын, желтоқсан 2010-2014 жж.

Қазақстан әуекомпаниялары 2012 жылы 15 әуе кемелерін сатып алды, соның ішінде:

«Эйр Астана» АҚ - 7 бірлік, соның ішінде қаржылық лизингке 4 бірлік, «Скат» АҚ - 8 бірлік.




10.

Тұрақты ішкі авиатасымалдауды субсидиялау

ЭДСМ ақпарат

ККМ

жыл сайын 15 шілде мен 1 ақпанда

Қазақстан қалаларының арасындағы авиациялық қол жетімділікті көбейту мақсатында 2002 жылдан бастап Астанадан Қазақстанның облыс орталықтарымен, сондай-ақ ірі облысаралық орталықтарды өзара байланыстыру әлеуметтік-маңызды авиарейстерді субсидиялау бағдарламасы жүргізілуде.

2012 жылға Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі 7 авиамаршрутты (Астана-Семей, Астана – Жезқазған, Астана-Петропавл, Астана-Павлодар, Қарағанды-Қызылорда, Алматы-Көкшетау, Қарағанды-Өскемен) субсидиялауға 1 176 519,0 мың теңгеге өтінім ұсынды, Қазақстан республикасы Қаржы министрлігі 826 317 мың теңгені қолдады.



11.

453 км темір жолды салу «Өзен - Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» (146 км), «Қорғас - Жетіген» (293 км), "Ералы - Құрық" (14,4 км) концессия негізінде1

Үкіметке ақпарат

ККМ, ИЖТМ, "Самұрық-Қазына" ӘАҚ" АҚ (келісім бойынша), «ҚТЖ» ҰҚ" АҚ (келісім бойынша), концессионер

жыл сайын, желтоқсан 2010-2013 жж.

2012 жылғы желтоқсанда Жетіген – Қорғас және Өзен – Түрікменістанмен мемлекеттік шекара теміржол желілерінің екінші іске қосу кешенінің объектілерін салу аяқталды.

Алтынкөл (ҚР-ҚХР) және Болашақ (ҚР-Түрікменістан) шекаралық станцияларын қоса станцияларда және разъездтерде қызметтік-техникалық ғимараттарды, құрылыстарды, әлеуметтік белгі объектілерін, инженерлік коммуникацияларды салу аяқталды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетовтегі кеңестің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 17-5/05-447 хаттамасының 3.1 тармағына сәйкес Министрлік Экономикалық даму және сауда министрлігіне Концессиялар жөніндегі комиссияның кезекті отырысының тәртібіне жобаны бұдан әрі іске асыру перспективалары мәселесін қосу туралы ұсыныс жолдады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Е.Ж. Қошановтың 2012 жылғы 31 желтоқсандағы № 20-18/5642 тапсырмасымен жобаны іске асыру мерзімі 2013 жылға анықталды.



14.

"Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Үкімет қаулысы

ККМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

жыл сауйын 3 тоқсан

Орындалған

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1560 қаулы бекітілген.


15.

Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Үкімет қаулысы

ККМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын 3 тоқсан

Орындалған

«Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдегі № 758 қаулысы бекітілген.





16.

Саланың нысаналы моделіне сәйкес МТЖ қызметтерінің өзіндік құнын есептеу әдістемесіне және МТЖ қызметтерінің тарифтерін (бағалар, алымдар ставкасы) есептеу әдісмесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және МТЖ қызметтерінің прейскурантын әзірлеу

ТМРА бұйрықтары

ТМРА, ККМ, «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 2 тоқсан

Бағдарлама «НК КТЖ» АҚ-ның жүк (жолаушы) тасымалдау қызметін бөлуді толық ұйымдастыру және магистральдық темір жолы желілері қызметтері мен МТЖ қызметтеріне тәуелсіз тасымалдаушылардың рұқсатына қол жеткізу ету арқылы темір жол көлігінің нысаналы моделін қалыптастыруды көздейді.

Казіргі уақытта саланың нысаналы моделіне сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен:



  • "Teмip жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына өзгерiстер енгiзу;

  • Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде темір жол көлігінің инфрақұрылымы қызметтеріне қол жеткізу қағидалары және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде темір жол көлігінің инфрақұрылымы қызметтерін көрсету қағидалары туралы жобалар әзірлеу жұмыстар жүргізуде.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде МТЖ қызметтерінің тарифтерін есептеу әдісмесін әзірлеу үшін көрсетілген НҚА қабылданғаннан кейін мүмкін.

Жаңа тарифтік әдісме саланың нысаналы моделіне сәйкес осы іс-шара іске асыралғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі әзірлейді.



18.

МТЖ қызметтерінің тарифтерін кезең-кезеңмен біріздендіру:
- 2012 жылға қарай қатынас түрлері бойынша (импорттық және облысаралық);
- экономикалық орындылықты есепке ала отырып, жүтердің түрлері бойынша

ТМРА бұйрықтары

ТМРА, ККМ, «КТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 4 тоқсан

Қазақстан Республикасында темір жол тарифтеріне кезең-кезеңімен бірегейлендіру процессін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі аяқтаған және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ішкі және халықаралық қатынастар бойынша сараланған тарифтерді теңестіру жүргізілді.

25.

Заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - Объектілер) қаражаты есебінен салынған МТЖ-ның жұмыс істеуіне технологиялық жағынан қажетті объектілерді "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың меншігіне беру

Үкіметке ақпарат

Объектілердің меншік иелері ККМ, ҚМ, "Самұрық-Қазына" ӘАҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚТЖ" желтоқсан, 2012 жылғыҰК" АҚ (келісім бойынша)

желтоқсан, 2012 жылғы

Орындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 05 қыркүйектегі қаулымен бекітілген жеке және заң тұлғаларының қаражаттары есебінен салынған объектілерді МТЖ құрамына беру ережелеріне сәйкес 2012 жылы мүлік иелерінен объектілерді МТЖ тізбесіне қосу мәселесі жөнінде 27 үндеу келіп түсті.

18 үндеу бойынша Көлік және коммуникация министрлігіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиясының объектілерді МТЖ құрамына қосу жөнді (жөнсіз) туралы қорытындылары жолданды, 9 үндеу бойынша құқықорнатушы құжаттар жоқ.


28.

Жүк жөнелтушілер және жүк алушылармен бірлесіп жобаларды қоса қаржыландыру тетіктерін қолдана отырып, жекелеген станциялардың өткізу және тасымалдау қабілеттілігін ұлғайту мәселелерін қарау

ККМ ұсыныс

ККМ,ТМРА, "Самұрық-Қазына" ӘАҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚТЖ" АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, желтоқсан, 2010-2014 жж.

«Казхром» АҚ өндірістік қуаттарының дамуына байланысты 4 станцияның (Жіңішке, Дон, Ақсу-1 және 2) өткізу және тасу қабілеттерін арттыру бойынша шаралар анықталды.

«ENRC Kazakhstan» ЖШС және «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум әзірленді.

Қаратұмар-Воронинская аралығында бөлек пунктті салуға, Жіңішке станциясын жаңартуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастау жоспарлануда. Бұл ретте 2011 жылы Тобыл – Никельтау учаскесінің өткізу қабілеттігін қамтамасыз ету үшін 4 блок-пост салынды.

Үйтас, Тереңсай станцияларында қабылдау-жіберу жолдарын және Атырау станциясында созылма жолды салуға келісімшарт жасалды (орындау мерзімі 2013.07.15).

Бөлек станциялардың өткізу және тасу қабілеттіліктерін арттыру бойынша іс-шаралар тұрақты негізде орындалуда.


29.

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау

ЭДСМ ақпарат

ККМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын 15 шілде мен 1 ақпанда

Республикалық бюджеттік 009 бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-мәнді облыс аралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалының субсидирлеу көлемі құрады:

2012 жылы – 22 180 100 мың тенге;

2013 жылы – 25 507 115 мың тенге.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша меңгеру 100 % құрады.



30.

Жүк вагондары паркін жаңарту** (20,5 мың бір.)

Үкіметке ақпарат

ККМ,ТМРА, "Самұрық-Қазына" ӘАҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын желтоқсан 2010-2014 жж.

2012 жылы 185 233 млн. теңге құнына 14 217 бірлік жүк вагондары сатып алынды.


31.

Жолаушылар вагондарын жаңарту (152 "Тальго" вагондары және 1 дизельді-рельсті құрылым)

Үкіметке ақпарат

ККМ,ТМРА, "Самұрық-Қазына" ӘАҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) ИЖТМ

жыл сайын желтоқсан 2010-2014 жж.

2012 жылы 15 397 млн. теңге құнына 102 бірлік жолаушылар вагондары сатып алынды.


32.

Локомотив паркінің жаңаруы, соның ішінде

Үкіметке ақпарат

ККМ,ТМРА, "Самұрық-Қазына" ӘАҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) ИЖТМ

жыл сайын желтоқсан 2010-2014 жж.

2012 жылы локомотивтер паркттерін жанақтау 58 272 млн. теңге құнына 152 бірлікті құрады.

Жолаушылар қозғалысындағы локомотивтер (14 бір)

Жолаушылар және жүк қозғалысындағы локомотивтер** (357 бір)

33.

Су көлігінің инфрақұрылымын салу және қайта жаңарту

Үкіметке ақпарат

ККМ, ҚМ, БҒМ, "Казтеңізтранс флот" ҰТКҚК" АҚ,  "Кеме қатынасы тіркелімі" ММ

жыл сайын, желтоқсан 2010-2014 жж.

020 «Су көлігі инфрақұрылымын қайта жөндеу және жаңғырту» бюджеттік бағдарлама негізінде келесі жобаларды жүзеге асыру жүргізіледі:

  1. Өскемен және Бұқтырма шлюздерінің жабдықтары мен құрылғыларын қайта жөндеу және жаңғырту бойынша.

Жүзеге асыру мерзімі – 2009-2014 жылдар.

Жобаның жалпы құны – 1 323,4 млн. теңге.

2009-2011 жылдары - 930,1 млн. теңге игерілді.

2012 жылы жобаны іске асыру үшін 272,3 млн. теңге бөлініп, 100% игерілді. Шлюздердің бетондық құрылғыларын қалпына келтіру, затвордық және қақпақтың металқұрылымын антикорроздық қорғау, лифт жабдықтарын, трансформаторларды, күш және бақылау кабельдерін және басқа технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды;



  1. Шүлбі шлюзінің кеме жүретін гидротехникалық құрылысы қорғаныс жабдықтарын салу

Жүзеге асыру мерзімі – 2012-2014 жылдар.

Жобаның жалпы құны – 1 224,0 млн. теңге.

2012 жылы жобаны іске асыру үшін 44,8 млн. теңге бөлінді, 100% игерілді.


34.

"Өзен-теңіз" ішкі суда жүзу кемелерінің сыныпталуы мен техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

«Өзен-теңіз» ішкі суларында кемелер жүзуін сыныптау және қауіпсіздігін қамтамасыз» 014 бюджеттік бағдарламасы негізінде 558 кемелерге куәландыру жүргізілді.

35.

Су жолдарының кем қатынасы жай-күйін қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау

005 «Су жолдарының кеме жүретін жағдайда болуын қамтамасыз ету және шлюздерді күтіп ұстау» бюджеттік бағдарлама шеңберінде Орал-Каспий және Іле-Балхаш бассейіндерінде навигациялық жабдықтарды қою (алу) және белгілерге қызмет көрсету – 4040,5 км (792 247 км/тәулік), түбін тереңдету – 1 710,4 мың куб метр, түзету – 55 мың куб. м., түбін тазарту – 10 800 тонна, жобалық арналық іздену – 205,8 км., шлюздерді ұстау және жөндеу, 150 бірлік флотты жөндеу, навигация жабдығын жөндеу бойынша іс шаралар жүргізеді.

36.

Сервис өндірісін және флотын дамыту

«Казақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК" АҚ 2020 жылға қарай 4 құрғақ жүк кемелерін, 5 сүйреткіш, 8 барж-алаңдарын және 2 сервис флот кемелерін сатып алуды жоспарлайды

37.

Көліктік инфрақұрылым желісін дамыту

ЭДСМ ақпарат

ККМ

жыл сайын 15 шілде мен 1 ақпанда

2011 жылы «Еркін» (Алматы облысы) және 2012 жылы «Семей» (Шығыс-Қазақстан облысы) көліктік бақылау посттарын жол төсемін жайластыра отырып, стационарлы таразы жабдығымен жабдықтау жұмыстары аяқталды.

38.

Халықаралық автомобиль тасымалдарында цифрлық тахографтарды енгізу

ЭДСМ ақпарат

ККМ

жыл сайын 15 шілде мен 1 ақпанда

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына халықаралық автомобиль тасымалдарында сандық тахографтарды пайдалану бойынша тиісті толықтырулар енгізілді. Көрсетілген Заң 2010 жылғы 28 желтоқсанда бекітілді.

Осыған байланысты Заңға тәуелді «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы» әзірленіп, 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 471 бұйрығымен, Қазақстан аумағында электронды (сандық) тахографтарды орнататын қызмет көрсету орталықтарының тізбесі бекітілді.


39.

«Қозғалыстағы жүк көлік құралдарын өлшеудің кешенді біріктірілген автоматтандырылған жүйесі» инвестициялық жобасы

ЭДСМ ақпарат

ККМ

жыл сайын 15 шілде мен 1 ақпанда

2012 жылғы қыркүйекте «Қозғалыстағы автокөлік құралдарын өлшеудің автоматтандырылған жүйесі» инвестициялық жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі - ТЭН) Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығына сараптама үшін жіберілді, бірақ сарапшылар отырысының қорытындысы бойынша ТЭН ескертулермен бірге 2012 жылғы қарашада кері қайтарылды. Қазіргі кезде ТЭН бойынша берілген ескертулерді жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

40.

Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының қызметтік су көлігін жаңарту

ЭДСМ ақпарат

ККМ

жыл сайын 15 шілде мен 1 ақпанда

2013 жылға 2 қызметтік су көлігін (катерін) сатып алу үшін мемлекеттік бюджеттен 100 320 мың теңге сомасына қаржы бөлінді.


41.

Көліктік бақылаудың жылжымалы посттарын енгізу

ЭДСМ ақпарат

ККМ

жыл сайын 15 шілде мен 1 ақпанда

2010 жылдың ақпан айынан бастап көліктік бақылау органдарына жалпы пайдаланымдағы автожолдарда бақылауды жүзеге асыру үшін 24 жылжымалы посттарының жұмысы ұйымдастырылған.

Өз кезегінде, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетіне 2013 жылы 8 жылжымалы көліктік бақылау посттарын сатып алуға 120 640 мың теңге сомасында қаражат бөлінуі қарастырылған.



43.

Теңіз мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды даярлау

ЭДСМ ақпарат

ККМ , БҒМ, «Қазтеңізтрансфлот» ҰТКҚК» АҚ

жыл сайын 15 шілде мен 1 ақпанда

Теңізшілерді даярлау мен диплом беру және вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияны іске асыру мақсатында «Теңіз кемелері экипаждарының мүшелеріне диплом беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 тамыздағы №936 қаулысына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде, ол қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерін өтуде.

Сонымен қатар, 2012 жылы «Теңізшевройл» компаниясының демеуімен Қазақстандық-Британдық техникалық университеті негізінде қазақстандық теңіз академиясы ашылды. 2012/2013 оқу жылына алғашқы 22 адам қабылданды.

Сондай-ақ Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті Румыния теңіз университетімен университет негізінде оның филиалын құру бойынша халықаралық шарт жасалды. 2012/2013 оқу жылына алғашқы 39 адам қабылданды.

Бүгінгі күні «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ әзірлеген 2007-2012 жылдарға арналған қазақстандық азаматтарын даярлау бағдарламасы шеңберінде Адмирал Ф.Ф. Ушаков атындағы теңіз мемлекеттік академиясында (Новороссийск қ., Астрахань қ.) және С.О. Макаров атындағы мемлекеттік теңіз академиясында (Санкт-Петербург қ.) кеме жүргізуші, кеме механигі, кеме электромеханигі мамандықтары бойынша шамасы 120 қазақстандық курсанттар даярлануда.

2012 жылы 19 адам оқуды аяқтады және компанияның кемелерінде жұмысқа орналастырылды.


44.

Көлік саласының мамандықтары бойынша біліктілікті сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін енгізу жәрдемдесу

БҒМ ақпарат

ККМ, БҒМ

желтоқсан 2011-2014 жж.

Көлік және коммуникация салалары мамандарының сәйкестілік және біліктілігін растау Ережесінің жобасы әзірленді.


45.

Көлік саласының басым мамандықтары бойынша кәсіби стандарттардың әзірлеуін ұйымдастыру

БҒМ ақпарат

ККМ, БҒМ, ЕХӘҚМ, "Зерде" Холдингі" АҚ (келісім бойынша)

желтоқсан 2011 -2012 жж.

ЕХӘҚМ бірлесіп 2013 жылға көлік және байланыс кәсіби стандарттарын әзірлеу жоспарының 31 жобасы жасалды, ол осы жылдың 1 тоқсан ішінде Үкімет Қаулысымен бекітілетін болады.

Сонымен қатар, ЕХӘҚМ бірге Кәсіби стандарттардың 2020 жылға дейінгі жоспары әзірленуде.



47.

Көлік және коммуникация саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

ЭДСМ ақпарат

ККМ

жыл сайын 15 шілде мен 1 ақпанда

Осы бағдарлама бойынша қаржыландыру жоспарымен есепті кезеңде 2 тақырып бойынша автомобиль көлігі саласында қолданбалы ғылыми зерттеулердің жүргізілуі көзделген.

- Қазақстан Республикасындағы автомобиль көлігінің жұмыс істеуінің қауіпсіздік проблемаларын зерттеу және оның жұмысының қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіру бойынша ғылыми – негізделген ұсынымдарын әзірлеу (бұдан әрі – № 1 тақырып);

- Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүру үшін арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін зерттеу және рұқсат ету параметрлерін анықтауды жетілдіру бойынша ғылыми-негізделген ұсынымдарды әзірлеу (бұдан әрі – № 2 тақырып).

№ 1 тақырып бойынша өткізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп алынған (2012 жыл бойынша аралық).

Зерттеудің нәтижелері бойынша зерттеудің әзірлеушісі автомобиль көлігінде экологиялық қауіпсіздікті жетілдірудің негізгі жолдарын анықтады, автокөлік құралдарының әр түрлі санаттары үшін экологиялық қауіпсіздік паркін қалыптастыру бойынша ұсыныстарын берді, автокөліктен зиянды шығарындылардың түгендеуін жүргізу үшін әр түрлі әдістемелердің салыстырмалы бағаларын берді, Еуропалық Одақтың шығарындыларды есептеу үшін халықаралық деңгейде сынақтан өткен, ақпараттық қамтамасыз ету және есептеулердің дәлдігі көзқарасынан ең ұтымды ретінде EMEP/CORINAIR әдістемесі және COPERT тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді ҚР-да қолдануға ұсынылды, нормативтік-құқықтықтан бастап техникалық-технологиялыққа дейін қызметтің он бір бағыты бар ҚР-да автомобиль көлігінен зиянды шығарындылардың деңгейін төмендету бойынша бағдарлама үшін негізгі іс-шаралардың тізбесі әзірленген.

№ 2 тақырып бойынша өткізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың оң қорытындысы алынған, сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетімен келісілген.

Зерттеудің нәтижелері бойынша зерттеудің әзірлеушісі автомобильдердің осьтік жүктемелеріне және олардың габариттік параметрлеріне байланысты 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламалық іс-шаралар жоспары әзірленді, ірі габаритті және ауыр салмақты көлік бөлігінде көліктік бақылау пункттері қызметтерінің сауал және талдау жүргізілді, көлік құралы доңғалағы және жол жабындысы тегіс болмауымен өзара іс-қимыл жасау процесін бағалаудың, әдістемелік қамтамасыз етуді жүргізді, автомобиль жолы құрылысының серпімділік модулінің өзгерісін және жолдың қиратылу дәрежесіне көп осьтік автомобильдердің теріс әсері тәуекелінің бағалауын жүргізді, көп осьтік автомобильдердің әсерінен автомобиль жолдарының қиратылу дәрежесін анықтау бойынша әдістемелік сүйемелдеуді әзірледі, автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақтық және габариттік параметрлерін анықтауды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірледі. Алғаш рет зерттеу тақырыбы бойынша «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының, ҚР және Кеден одағының техникалық регламенттерінің мақсаттары мен талаптарына қол жетіспеушіліктің тәуекел деңгейіне баға беріле алды..


52.

ИСО 9001:2000, ИСО 9001 ИСО 14001 и ОНSАS 18001 халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйесін енгізуді ынталандыру бойынша іс-шаралар өткізу

ИЖТМ ақпарат

ККМ, көлік-коммуникация кешенінің бағынысты кәсіпорындары

желтоқсан, 2011-2014 жж.

Су көлігі

Республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорындарымен ИСО 9001:2000 стандарттары енгізілді.



Теміржол көлігі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқару жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес сертификатталған: сапа басқару жүйелері (ISO 9001:2008), экологиялық қауіпсіздік басқару жүйелері (ISO 14001:2004), денсаулық сақтау және еңбек қорғау басқару жүйелері (OHSAS 18001:2007), ақпараттық қауіпсіздік басқару жүйелері (ISO 27001:2006).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет