Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны мониторингілеу бойынша жедел есеп


Ведомствоаралық өзара іс-қимылдардың талдауы



бет3/3
Дата22.02.2016
өлшемі429.5 Kb.
#2014
1   2   3



3. Ведомствоаралық өзара іс-қимылдардың талдауы

Ведомствоаралық өзара іс-қимылдарға қол жеткізу үшін талап етілетін нәтижелер көрсеткіші

Ведомствоаралық өзара іс-қимылдарды жүзеге асырудағы мемлекеттік орган

Өзара іс-қимылдардың талдауы

Мақсаттар, мақсаттық индикаторлар, есептер және көрсеткiштер нәтижелері, жылдық қорытындылары бойынша мақсатқа жетпеу қауіп-қатері, органның әрекет нәтижесiнде (әрекетсiздiк )-бірге орындаушысы органмен байқалған жоқ.


4. Сыртқы әсерлерді талдау

Факторы внешнего воздействия и их влияние на достижение целевых индикаторов и показателей результатов

Шараларды қолдану

Сыртқы факторлардың теріс әсері жоқ



5. Қаржы құралдарын игеру

мың. теңге



Қаржыландыру көздері

Жоспар**

2012 жыл

Факт

2012 жыл


Ауытқу

Орындалмау себептері

Барлығы:

327 689 312,0

327 260 181,6

-423 130,4

-

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

327 632 562,0

327 203 431,6

-429 130,4

-

Автожол саласы, соның ішінде бағдарламалар бойынша

296 671 451,0

296 666 431,7

-5 019,3

-

002

172 529 182,0

172 527 657,6

-1 524,4

1 524,4 мың.теңге игерілмеген, соның ішінде:

- «Бейнеу-Ақтау» және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобалары бойынша курстық айырмашылыққа байланысты АЖК 10 932,4 мың. Теңге мөлшерінде асыра орындад;

- төлемақы сертификаты жоспарланған мөлшерден аз болғандықтан АЖК 10 286,4 мың теңгені игермеді;

Мердігер «Дорис»ЖШС мемлекеттік сараптама оң нәтиже көрсетпегендіктен 2 169,9 мың теңге игерілмеді;



0,5 мығ теңге қолданылмаған қаражат қалдығы.

003

27 000 000,0

26 996 570,2

-3 429,8

3 429,8 мың теңге, соның ішінде: мемлекеттік сараптама қорытындысының болмауына байланысты 3 029,8 мың.теңге және қолданылмаған қаражат қалдықтарына байланысты 400,0 мың. теңге

012

19 412 481,0

19 412 481,0

-

-

016

339 685,0

339 619,9

-65,1

Мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделген 65,1 мың теңге игерілмеді.

028

77 390 103,0

77 390 103,0

-

-

Азаматтық авиациясы, соның ішінде бағдарламалар бойынша

3 356 466,0

3 151 479,4

-204 986,6

-

006

2 530 149,0

2 325 163,2

-204 985,8

Жұмыс комиссиясымен «Құлагер» құрылыс корпорациясы» АҚ актіне қол қойылмағандықтан 204 985,8 мың. теңге игерілмеді.

019

826 317,0

826 316,2

-0,8

0,8 үнемделген калдық

Теміржол саласы, соның ішінде бағдарламалар бойынша

22 180 100,0

22 180 100,0

-

-

009

22 180 100,0

22 180 100,0

-

-

Су көлігі, соның ішінде бағдарламалар бойынша

5 420 951,0

5 202 186,0

-218 765,0

-

020

317 066,0

317 066,0

-

-

014

85 230,0

85 229,6

-0,4

Игерілмеген қаражаттың қалдығы 0,4 мың теңге

005

5 018 655,0

4 799 890, 4

-218 764,6

218 764,6 мың теңге соның ішінде:

213 964,6 мың теңге Атырау республикалық қазыналық су жолдары кәсіпорнымен Орал-Каспий арнасында түбін тереңдету бойынша келісім шарт міндеттерінің орындалмауына байланысты және 4 800,0 мың теңге Іле республикалық қазыналық су жолдары кәсіпорнымен жабдық теплоходын сатып алу кезінде теңгеден рубльге оң бағам айырмасының қорытындылары бойынша пайда болған үнемділік



Көліктік бақылау, соның ішінде бағдарламалар бойынша

3 594,0

3 234,5

-359,5

-

023

3 594,0

3 234,5

-359,5

«Семей» көліктік бақылау бекеті бойынша жұмыстар аяқталды және нысан 2012 жылғы 22 тамызда мемлекеттік комиссияның актісімен қабылданды. Игерілмеген қаражат сомасы 359,5 мың теңге монтажды салмақтық қондырғыларға жұмыстарды жүргізу үшін қаражат көзделген, алайда банктік деректемелердің өзгеруіне байланысты, сондай-ақ қаражаттық жылдың аяқталуына байланысты. Жоғарыда айтылған қаражаттар төлеуге енгізілмеген

Қазақстан Республикасы Экономика және стратегиялық жоспарлау

Қазақстан Республикасы Экономика және стратегиялық жоспарлау министрлігімен ақпарат ұсынылған жоқ.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

56 750,0

56 750,0

-

-

**2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің стратегиялық жоспарына сәйкес

6. Аналитикалық жазба

ККК жұмыс талдауының статистикалық мәліметтеріне сәйкес 2008 жылмен (947 618,9 мың тенге) салыстырғанда, 2012 жылдың 9 ай ішінде (1 434 900,9 мың тенге) көлік бойынша БҚҚ өсуі 51,4 % құрады.

2009 жылға қарағанда жүкті тасмалдау көлемі 55 % ұлғайтты және 3 014,3 млн. тонна құрады.

2009 жылмен салыстырғанда жүк айналымы 40% өсті және 368,1 млрд. ткм. құрады.

2009 жыл мерзімімен салыстырғанда тасмалданған жолаушылар саны 57 % ұлғайтты және 18 483,9 млн. жолаушыларды құрады.

2009 жыл мерзіміне қарағанда жолаушы айналымы 211,3 млрд. жкм құрады және 62% өсті.



Автожол саласы

Бағдарламаны іске асыруды бастағаннан бері 2010-2012 жылдардың қорытындысы бойынша автожол саласы бойынша мынадай іс-шаралар орындалды.

Жоспарланған 722 млрд. теңге орнына 747,6 млрд. теңге игерілді, олардың шеңберінде 13 361 км жоспары кезінде жол жүйесінің 14 277 км жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары орындалды (оның ішінде республикалық желі бойынша орындалғаны 5 946 км және жергілікті желі бойынша орындалғаны 8 331 км).

Қолданыстағы ресурстардың шоғырлануы қамтамасыз етілген басым бағыттарда қайта жаңарту бойынша жұмыстар жалғастырылуда, олар жүктеулі, перспективалық бағыттар: «Орал-Ақтөбе», «Атырау-Ақтау-Түрікменстанмен шекарасы», «Омбы-Павлодар-Майқапшағай», «Таскескен-Бахты» және «Алматы-Өскемен».

Іске асыру басталғаннан бері 2 542 км жол жамылғысын орнату бойынша жұмыстар жоспардың орнына 2 664 км орындалды.

2010-2012 жылдардағы құрылыс маусымында 848 км республикалық маңызы бар жолдарды салу мен қайта жаңарту бойынша жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді (оның ішінде 2010 жылы 255 км, 2011 жылы 333 км және 2012 жылы 260 км).

Бағдарлама шеңберінде, оның іске асыру басталғаннан бері республикалық маңызы бар 3 282 км жолдарға күрделі және орташа жөндеу жүргізілді (оның ішінде 2010 ж. - 877 км және 2011 ж. - 1 241 км және 2012 ж. - 1 164 км).

Сондай-ақ жолдың жергілікті желідегі 8 331 км жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді (оның ішінде 2010 ж. - 1 659 км, 2011 ж. - 3 050 км және 2012 ж. - 3 622 км).



«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта жаңартуға қатысты

Қазақстан территориясындағы дәліз ұзындығы 2 787 км құрайды, соның ішінде 2 452 км қайта жаңартуға жатады. (I категория бойынша – ҚХР шекарасынан бастап Қызылорда қ. дейін - 1 391 км және II категория бойынша - Қызылорда қаласынан РФ шекарасына дейін. - 1 061 км ) жобаның жалпы сомасы 825 млрд.теңге.

Ағымдағы жылы жалпы сомасы 124,6 млрд.теңге болатын 1621км жұмыстары 4 облыс (Ақтөбе, Қызылорда, ОҚО және Жамбыл) бойынша жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 860,9 км жол төсемі жүргізілді.

Жобаны жүзеге асыру барысында 21 басмердігер және 66 субмердігер, 6 мың. бірлік техника, 30 асфальбетондық зауыт, 24 цемент-бетондық зауыт пен 32 уатқыш қондырғы жұмылдырылды

Осы жылдың қорытындысы бойынша жолдың ашылуына байланысты 700 км жоғарғы қабат төсемі төселді.

Келесі жылы жалпы ұзындығы 806 км болатын учаскені қолданысқа беру, сонымен қатар 448 шақырымға құрылыс жұмыстары басталатын болады. Бұл учаскелер – «Шымкент- Жамбыл обл.шек.» - 79 км, «Тараз.қ. айналма жолы» - 65 км, «алматы-Хоргос» - 304 км. бойынша халықаралық қаржы институтары мен конкусртық сауда арқылы қарыз тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жобаны толық аяқтау 2015 жылға жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарымен қатар осы кезеңде барлық маршруттар шеңберінде жасыл белдік құру жоспарлануда. Осыған сәйкес жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалу жұмыстары басталды, жүзеге асыру жұмыстары 2014 жылы күтілуде.



Концессиялық жобаларға қатысты

  1. «Астана-Бурабай (Щучье)» автомобиль жолын қайта жаңарту

«Астана-Бурабай» автомобиль жолы 2009 жылғы 19 қарашада пайдалануға берілді.

Астана – Шучье учаскесінде ақылылық енгізу пилоттық жобасының жұмыстары 2012 жылы аяқталды, іске қосу ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған. Қазіргі таңда ақы жинау жүйесі тестілік тәртіппен жұмыс істеп тұр.



  1. «Астана-Қарағанды» және «Алматы-Қапшағай» автомобиль жолдарын қайта жаңарту

2012 жылы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталып, 2013 жылы жұмыс аяқталатын болады.

2013 жылғы екінші жартыжылдықта автожолдарда жол құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.



  1. «Алматы-Қорғас» автомобиль жолын қайта жаңарту және пайдалану

«Алматы-Қорғас» жобасын қаржыландыру үшін 2012 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта осы Келісімді ратификациялау рәсімдері өткізілуде.

Сонымен қатар мердігерлік компанияларды және консультанттарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жалғастырылуда.

Жобаны іске асыру кезеңі – 2013-2015 жылдары.


  1. «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» (ҮАААЖ) құрылысы

Қазіргі уақытта Алматы облысының әкімдігі осы жолды құрылыс жүргізуге жататын жер учаскелерін сатып алу бойынша жұмыс жүргізуде.

Облыс әкімдігінің мәліметтері бойынша жобаны сатып алуға 669 жер учаскелері жатады және бүгінгі күні 126 жер учаскелері 1,16 млрд.теңге сомасына сатып алынды және мемлекеттік қорға қайтарылды. Қалғаны 543 учаскені құрайды, олардың:

- 111 жер учаскелері бойынша бағалау жұмыстары жалғастырылуда;

- 223 жер учаскелері бойынша келісу рәсімдері жүргізілуде;

- 209 жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары өтемақының сомасымен келіспейді.

2012 жылы әкімдіктің бюджетіне 1,6 млрд.теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді, оларды 2012 жылдың аяғына дейін толық игеру жоспарлануда. Бюджетте 2013 жылға осы мақсатқа 2,8 млрд. теңге көзделген.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Орынбаевтың тапсырмасына сәйкес «ҮАААЖ» жобасын сүйемелдеу үшін Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) консалтингтік қызметтер және Еуропа қайта жаңарту және даму банкі гранты тартылды.

2012 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі және Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) арасындағы консалтингтік қызметтерді көрсету туралы келісімге қол қойылды, оның шеңберінде Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) консультанттары техника-экономикалық негіздемені қайта өңдейді және конкурстық құжаттаманы әзірлейді.



2013 жылғы маусымда концессионерді таңдау бойынша конкурс жариялау жоспарлануда. 2014 жылға «ҮАААЖ» құрылысын бастау жоспарлануда.

Теміржол саласы

2012 жылы транзиттік тасымалдар теміржол көлігімен 2009 жылымен салыстырғанда 10,1% (1,6 млн.тонн) өсті.

2012 жылы деңгей пайда транзиттік тасымалдардан 2009 жылымен салыстырғанда 77% (65,8 млрд.тг) өсті.

2012 жылдың желтоқсанда жалпы ұзақтығы Жетіген – Қорғас және Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара темір жол желілерінің екінші іске қосу кешені объектілерінің құрылысы аяқталды.

Республикалық бюджеттік 009 бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-мәнді облыс аралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалының субсидирлеу көлемі құрады:

2012 жылы – 22 180 100 мың тенге;

2013 жылы – 25 507 115 мың тенге.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша меңгеру 100 % құрады.

2012 жылы 185 233 млн. теңге құнына 14 217 бірлік жүк вагондары сатып алынды.

2012 жылы локомотивтер паркттерін жанақтау 58 272 млн. теңге құнына 152 бірлікті құрады.



Азаматтық авиация

Әуе көлiгiмен транзиттiк тасымалдау көлемі 2009 жылмен салыстырғанда, 44,6% ұлғайтты және 164,5 млн. әуе/км құрады. Ал транзиттен түскен табыс 19,2 млрд. тенге құрады.

Бүгін республикада 20 әуежай жұмыс атқаруда, оның: 15 халықаралық статусы бар әуежайлар, 11 ИКАО категориясын иеленген әуежайлар.

Ағымдағы жылы Көкшетау қаласы әуежайының жолаушылар терминалы және ұшу-қону жолағын қайта жаңарту, Ақтау қаласы ұшу-қону жолағын қайта жаңарту аяқталды және Талдықорған қаласы әуеайлағына қайта жаңарту басталды.

Сонымен бірге, Қазақстанның бірқатар өңірлік әуежайларындағы әуеайлақ жабындарының жай-күйі, техникалық жарақталуы таяу арада қайта жаңарту және жаңарту жүргізуді талап етеді, соның ішінде арнайы техника сатып алу мен қайта жарақтау қажет. Осы жобаларды іске асырудың жалпы құны 120 млрд.-тан астам теңгені құрайды.

Қазақстан қалалары арасында авиациялық қатынастарға қолжетімділікті ұлғайту мақсатында 2002 жылдан бастап Астана қаласынан Қазақстанның облыстық орталықтарына, сондай-ақ ірі облысаралық орталықтарды өзара байланыстыру үшін әлеуметтік-маңызды авиарейстерді субсидиялау бағдарламасы іске асырылып келеді.

2012 жылға ККМ 1 176 519,0 мың теңгеге өтінім білдірді, Қаржы министрлігі 826 317 мың теңге сомасына мынадай 7 авиамаршрутты субсидиялауды қолдады: Астана-Семей, Астана – Жезқазған, Астана-Петропавл, Астана-Павлодар, Қарағанды-Қызылорда, Алматы-Көкшетау, Қарағанды-Өскемен.

Қазақстандық авиакомпаниялар 2012 жылы жолаушыларды тасымалдау үшін 15 әуе кемесін сатып алды, атап айтқанда: «Эйр Астана» АҚ - 7 бірлік (соның ішінде жеке меншігіне 4 бірлік), «СКАТ» АҚ –8 бірлік.



Су көлігі

Ақтау порты арқылы 2012 жылы ауыстырып тиелген жүктің жалпы көлемінен ҚТКФ кемелері 6184 мың тоннаны тасымалдады, бұл 56,2% құрайды.

2012 жылы құрылыс аяқталды және 2 бірлік техникалық флотты жеткізу жүзеге асырылды: Іле республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдарымен 1 бірлік жабдық флоты және Семей республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдарымен 1 бірлік қосалқы флоты.

020 «Су көлігі инфрақұрылымын қайта жөндеу және жаңғырту» бюджеттік бағдарлама негізінде келесі жобаларды жүзеге асыру жүргізіледі:



Өскемен және Бұқтырма шлюздерінің жабдықтары мен құрылғыларын қайта жөндеу және жаңғырту бойынша.

Жүзеге асыру мерзімі – 2009-2014 жылдар.

Жобаның жалпы құны – 1 323,4 млн. теңге.

2009-2011 жылдары - 930,1 млн. теңге игерілді.

2012 жылы жобаны іске асыру үшін 272,3 млн. теңге бөлініп, 100% игерілді. Шлюздердің бетондық құрылғыларын қалпына келтіру, затвордық және қақпақтың металқұрылымын антикорроздық қорғау, лифт жабдықтарын, трансформаторларды, күш және бақылау кабельдерін және басқа технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды;

Шүлбі шлюзінің кеме жүретін гидротехникалық құрылысы қорғаныс жабдықтарын салу

Жүзеге асыру мерзімі – 2012-2014 жылдар.

Жобаның жалпы құны – 1 224,0 млн. теңге.

2012 жылы жобаны іске асыру үшін 44,8 млн. теңге бөлінді, 100% игерілді.

Сонымен қатар 2012 жылда екі құрғақ жүк кемелерін құру жобасын іске асыру өзектілігі бастамашылық етілді. Жоба ҚМГ және «Самұрық-Қазына» ҰАҚ» АҚ келісуін өтуде. Қаражат көздерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Автокөлігі

Халықаралық қатынасы автомобиль көлiгiнiң саласы бойынша жүк тасмалдау көлемі 3,5 млн. тонна құрады (экспорт – 1,2 млн. тонна, импорт 2,3 млн. тонна), өтпелі қатынасы бойынша 1,46 млн тонна.

2012 жылы қазақстандық автотасымалдаушылардың үлесі 2011 жылымен салыстырғанда 33,6% 36,4%-ға өсті.

Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру шеңберінде Астана қаласында өткізу мүмкіндігі тәулігіне 12-35 мың жолаушыларды құрайтын халықаралық стандарттарға сай жаңа вокзал кешенін салу қарастырылған.

Автомобильмен жолаушылар тасымалдарын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында автомобиль көлігінде жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешені қабылданған. Бұл өз кезегінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен ортақ шаралар өткізуін қарастырады.

Автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері мен автобус тасымалдаушылары және такси қызметтерін көрсетудің мемлекеттік стандарттары әзірленген және бекітілген.

Автомобиль көлігі инфрақұрылымын дамыту мақсатымен жаңа автовокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, сондай-ақ такси тұрақтарын салу жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентке сәйкес автокөлік құралдарына қатысты Еуро-3 экологиялық кезеңі 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін автокөлік құралдарына қатысты 2013 жылғы 1 шілдеден бастап және Қазақстан Республикасында шығарылатын автокөлік құралдарына қатысты 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізуді көздейтін «Еуро-4» экологиялық стандартын енгізетін ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды.

«Еуро-4» стандарты «Еуро-3» салыстырғанда көміртегі оксиді шығарындыларының 2,3 есе, ал көмірсутегінің 2 есе төмендеуін көздейді. Осыған байланысты «Еуро-3» стандартымен салыстырғанда атмосфераға зиянды заттар шығарындыларын 40%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Осы шара республикаға шығарылуы 2001 жылдан ерте емес Еуропалық Одаққа кіретін елдер мен АҚШ-та, Жапонияда – 2005 жылдан ерте емес «Еуро-3» экологиялық класына сай автокөлік құралдарын және шығарылуы 2005 жылдан ерте емес Еуропалық Одаққа кіретін, АҚШ-та - 2006 жылдан ерте емес және Жапонияда – 2010 жылдан ерте емес «Еуро-4» экологиялық класына сай автокөлік құралдарын енгізуге мүмкіндік береді.

Көліктік бақылау

2012 жылдың қорытындысы бойынша көліктік апаттардың саны 14 331 құрады, ол 2009 жылғы қорытындысымен салыстырғанда 13%-ға артты (2009 жылы көліктік апаттардың саны 12 663 құрады) Автомобиль көлігі саласында – 14 068, темір жол көлігі саласында – 240, су көлігі саласында – 23.

Жасалған көліктік апаттардың себептері келесіде:

Автомобиль көлігінде: жол үстіндегі тәртіптің төмен деңгейі, жол жүру Ережесін сақтамағандары, яғни – жылдамдықты асыру, жаяу жүргендерге және бөгеттерге басып өту, қарама-қарсы жолға жығып кету және басқалары.

Темір жол көлігінде: жүк темір жол вагондарының бүйіріндегі рамаларының қирауы, жаяу жүрушілер бағыты мен темір жолды кесіп өтетін орындарда ескерту белгілерінің саны жеткіліксіз болуы және басқалары.

Су көлігінде: кемежүргізушілерімен кемелердің қауіпсіз пайдалану ережелерінің құқықтық-нормативтік актілері талаптарының сақтамаулары, кемелердің құтқару жабдықтарымен жабдықталмағандары, капитанның кәсіби жарамдылығы мен жүргізушілік қателіктері, ауа райының қиын жағдайында кемелермен жүзу және басқалары.

2011 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы ЕСТР шеңберінде тіркеу рәсімін өтті және 2011 жылдың 14 желтоқсанында Испра қаласының (Италия) лабораториясында Қазақстан Республикасына сандық тахографтардың жүйесіне арналған криптографиялық кілттер берілді. Қазіргі уақытта 350 бақылау карточкалары және қызмет көрсету орталықтарына арналған 35 карточка әзірленген. Қазақстандық карточкаларды әзірленуі тек 2011 жылдың аяғында басталған ескере отырып, қазақстандық жүргізушілердің көбісі өз карточкаларын Ресейде жасап шығарған. ҚазАТО ақпаратына сәйкес сандық тахографтармен жүрген автокөліктердің саны 250-ден астам.



2011 жылы «Еркін» (Алматы облысы) және 2012 жылы «Семей» (Шығыс-Қазақстан облысы) көліктік бақылау посттарын жол төсемін жайластыра отырып, стационарлы таразы жабдығымен жабдықтау жұмыстары аяқталды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет