Көлік және коммуникация саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы Жалпы ережелер «Көлік және коммуникация саласындағы»



жүктеу 0.51 Mb.
бет1/4
Дата03.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3   4




Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы «14» наурыздағы
№ 188 бұйрығымен бекітілген

Көлік және коммуникация саласындағы

салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы

1. Жалпы ережелер
1. «Көлік және коммуникация саласындағы» салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) «Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-п-м бірлескен  бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 қазандағы № 8022 тіркелген, 2012 жылғы 16 қарашадағы № 174 (2182) «Заң газеті» және 2012 жылғы 24 қараша № 771-775 (27847) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған), Ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) негізінде әзірленді және орындалатын жұмыстардың күрделілігі мен қолданылатын білім, дағды, құзырет сипатына байланысты деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды көлік және коммуникация саласында жіктейді.

2. СБШ мақсаты – кәсіптік, сертификаттау және білім беру стандарттарын кейіннен әзірлеу үшін саланың технологиялық талаптарын ескере отырып, БҰШ-тың деңгейлік біліктілік құзыреттерін сипаттау.

3. СБШ негізгі пайдаланушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік жүйесін құру шеңберінде саланың кәсіби стандарттарын әзірлеумен айналысатын сарапшылар, әзірлеушілер, көлік-коммуникациялар кәсіби қызметі саласындағы жұмыс берушілер, басшылар және мамандар, сондай-ақ жұмыс тобының мүшелері болып табылады.

4. СБШ-та саланың қолданылатын және перспективті технологияларын ескере отырып, қызметкерлердің қызметтік, машықтарына және біліміне қойылатын талаптар сипатталады.

5. СБШ мына қағидаттарды ескере отырып, БҰШ негізінде әзірленеді:

1) салалардың қолданыстағы және болашақтағы технологияларын ескере отырып, қызметкерлердің қызметтеріне (қызметтік), машықтарына және біліміне қойылатын БҰШ-тың біліктілік деңгейлерінің талаптарын нақтылау;

2) саланың басымдықтарын айқындау және компанияның бизнес- мүдделерін есепке алу;

3) төменгі біліктілік деңгейлерінен жоғарғыларына өткен кездегі қызметтердің ауыспалылығы және үздіксіздігі;

4) барлық тұтынушылар үшін біліктілік деңгейлер сипатының ашықтығы;

5) біліктілік деңгейлері иерархиясының еңбек бөлінісі құрылымына және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне сәйкестігі;

6) кәсіби қызмет көрсеткіштері арқылы БСШ-ның біліктілік деңгейлерін сипаттау;

7) қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерді емес, олардың еңбек қызметінің түрлерін және олардың лауазымдық міндеттерді орындау сапасын сипаттау.

6. СБШ:

1) нақты салада еңбек нарығын және білім беру жүйесін дамытудың жалпы стратегиясын қалыптастыруға, оның ішінде нақты біліктілікті алуға, біліктілік деңгейін арттыруға, карьералық өсуге әкелетін білім берудің әр түрлі аймақтарын жоспарлауға;



2) көлемді еңбек ұтқырлығын қалыптастыруға;

3) кәсіби және білім беру стандарттарын, кәсіби білім беру бағдарламаларын әзірлегенде қызметкерлер мен түлектердің біліктілігіне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға;

4) білім беру және біліктілікті сертификаттау нәтижелерін бағалау рәсімдерін әзірлеуге, сертификаттар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

7. Саланың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері болып:

1) Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту;

2) көлік-коммуникациялық кешенінің дамуының озық қарқындарына жету;

3) автомобиль жолдары саласы инфрақұрылымының даму деңгейінің өсуі;

4) темір жол саласы инфрақұрылымының даму деңгейінің өсуі;

5) су көлігі инфрақұрылымының даму деңгейінің өсуі;

6) автомобиль көлігі инфрақұрылымының даму деңгейінің өсуі;

7) Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту;

8) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдауларды арттыру;

9) Қазақстан Республикасының көліктік кешенің халықаралық көлік желілеріне ықпалдастыру деңгейін жоғарылату табылады.

2. СБШ паспорты
8. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) көлік және коммуникация саласындағы экономикалық қызмет түрлері мынадай кәсіби қызметтік салалары бойынша анықталады:

1) осы СБШ 1-қосымшасының кестесінде анықталған көліктік инфрақұрылымды, көліктік машиналар мен жабдықтар паркін дайындау;

2) осы СБШ 2-қосымшасының кестесінде анықталған жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметтерін ұсыну;

3) осы СБШ 3-қосымшасының кестесінде анықталған көліктік инфрақұрылымды жөндеу және ұстау, машиналар мен жабдықтар паркін жаңарту.

9. Еңбек қызметінің түрі мыналарға бөлінеді:

1) басқарушылық;

2) атқарушы-басқарушылық;

3) атқарушы.

10. СБШ осы СБШ 4-қосымшада келтірілген.

Көлік және коммуникация саласындағы

салалық біліктілік шеңберіне

1-қосымша


Кесте
Көліктік инфрақұрылымды, көліктік машиналар мен

құрал-жабдықтар паркін дайындау


ЭҚЖЖ коды

Экономикалық қызмет түрлерінің атауы

30

Басқа көлік құралдардың өндірісі

30.2

Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрамының өндірісі

42.1

Автомобиль және темір жолдардың құрылысы

42.11

Жолдар мен автомагистральдердің құрылысы

42.12

Теміржолдар мен метроның құрылысы

42.13

Көпірлер мен туннельдердің құрылысы

42.9

Басқа инженерлік құрылыстардың құрылысы

42.91

Су құрылыстардың құрылысы

42.99

Басқа топтарға қосылмаған өзге инженерлік құрылыстардың құрылысы

43.1

Бар құрылыстарды бұзу және құрылыс үшін алаңды дайындау

74.90

Басқа санаттарға кірмеген өзге кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

«Көлік және коммуникация саласындағы»

салалық біліктілік шеңберіне

2-қосымша


Кесте
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметтерін ұсыну


ҚЖЖ коды

Экономикалық қызмет түрлерінің атауы

49

Құрлықтағы көлік және құбырлар арқылы тасымалдау

49.1

Жолаушы темір жол көлігі, қалааралық

49.2

Теміржол жүк көлігі

49.3

Басқа жолаушылар құрлық құрлықтағы көлік

49.31

Қалалық және жердегі қала маңайындағы жолаушылар көлігі

49.32

Такси қызметі

49.39

Өзге санаттарға жатпаған жердегі қала маңайындағы тасымалдаулардың басқа түрлері

49.4

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдаулары және тасымалдаулар бойынша қызметтер

49.41

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдаулары

49.42

Тасымалдаулар бойынша қызметтер

50

Су көлігі

50.1

Теңіз және су жағасындағы жолаушылар көлігі

50.2

Теңіз және су жағасындағы жүк көлігі

50.3

Өзен жолаушылар көлігі

50.4

Өзен жүк көлігі

52

Қоймадағы шаруашылық және қосымша көлік қызметі

52.1

Жүктің қоймалауы және сақталуы

52.2

Тасымалдау кезінде қосалқы қызмет түрлері

52.21

Құрлық құрлықтағы көлік саласында қызметтер

52.22

Су көлігі саласындағы қызметтер

52.24

Жүктің көліктік өндеуі

52.29

Тасымалдау кезінде өзге іліспе қызметтер

74.90

Басқа санаттарға кірмеген өзге кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

Көлік және коммуникация саласындағы

салалық біліктілік шеңберіне

3-қосымша


Кесте
Көліктік инфрақұрылымды жөндеу және ұстау, машиналар мен жабдықтар паркін жаңарту


ЭҚЖЖ коды

Экономикалық қызмет түрлерінің атауы

33

Машиналардың және жабдықтардың жөнделуі және орнатылуы

33.11

Дайын темір бұйымдарды жөндеу

33.12

Машиналардың және жабдықтардың жөнделуі

33.17

Басқа көлік құралдарын жөндеуі және техникалық қызмет көрсету

45.2

Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

45.20

Автомобиль көлігі құралдарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу

74.90

Басқа санаттарға кірмеген өзге кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет
  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет