«Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығының студенттеріне арналған



Дата12.06.2016
өлшемі364.92 Kb.
­

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы-экономикалық факультеті
Салалық экономика кафедрасы
050713«Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығының студенттеріне арналған

«Көлік экономикасы»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар


Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38



БЕКІТЕМІН

ҚЭФ деканы

__________ Т.Я. Эрназаров

«___»_____________2011 ж.

Құрастырушылар: аға оқытушы _______________Г.Т. Омарова

аға оқытушы _______________ А.А. Нұрғалиева

аға оқытушы _______________ А.Е. Ермекова
Салалық экономика кафедрасы

050713«Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығының студенттеріне арналған

«Көлік экономикасы»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
2011ж. «_» __________ кафедра отырысында ұсынылған № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ С.Е.Сарсембекова 2011ж. «__»________

Қаржы – экономикалық факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталған

2011ж. «__» __________ № __ хаттама
ОӘК төрайымы ___________ А.Б. Темиргалиева 2011ж. «____»_____________

КЕЛІСІЛДІ

Көлік техника кафедрасының

меңгерушісі _________________________________2011ж. «____»____________

Оқытушы жайындағы мәлімет

Ермекова Асемгуль Ермековна – Салалық экономика кафедрасының аға оқытушысы (дәріс, тәжрибелік сабақтар, СОӨЖ)

Кеңес беру кестеге сәйкес (ауд. 523) қабылданады. тел. 67-36-56 (1193)

Пән жайлы мағлұмат

Атауы; «Көлік экономикасы»

Сағат саны – 45, соның ішінде 7,5 сағат дәріс, 7,5 сағат тәжірибелік, 30 студенттердің өзіндік жұмыстары, бақылау нысаны – емтихан. Сабақ өткізу орны – кестеге сай жүргізіледі.
Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

тәжрибе

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

5

1

15

7,5

7,5

-

-

-

45

30

емтихан


Пәннің мақсаты

Темір жол көлігінің экономикасы инженерлердің экономикалық білім алу саласындағы оқу пәні ретінде нарықтық қатынастардың дамуы жайындағы темір жол көлігінің жұмыс сапасын жақсартуға қажетті экономикалық ойлаудың қалыптасуына, ғылыми техникалық прогреске және саланың интенсификациясына ықпал жасайды.


Пәннің міндеттері

Қоғамдық өндіріс процесіндегі көліктің маңызы мен орнын және оның материалдық өндірістің саласы ретіндегі ерекшеліктерін, т.ж. көлігіндегі жобалаудың және басқарудың ұйымдастырылуын, тасымалдауды жобалаудың әдістемесін, қозғалмалы құрам жұмысының экономикасын және жобалауын, т.ж. көлігінің негізгі салаларының техникалық құралдарын дамытудың және қайта құрудың экономикалық тиімділігін жоғарлатудың бағыттары мен жолдарын, еңбек пен еңбек ақының ұйымдастырылуын, тасымалдаулардың өзіндік құнын бағаның қалыптасуын, темір жол көлігінің қаржылық және шаруашылық есеп айырманың принциптерін нарықтық экономика негіздерін, шаруашылық жүргізудің әртүрлі нарықтық түрлерін білуі қажет


Пререквизиттер

Пәндерді меңгеру ол берілген пәнді оқу үшін керек:



  • экономикалық теория (бөлімдер: меншік қатынасы және олардың экономикадағы рөлі, мәні және нарықтық экономиканы функцияналдау механизмі; шығындар және кәсіпорын табысы );

  • менеджмент және маркетинг негіздері (бөлімдер: кәсіпорын тауар саяхаты және өнеркәсіптік өнімнің сапасы; ұйымдастыру – басқару функциясы);

    • өнеркәсіптілік (бөлімдері: тауралар нарығы; нарықты экономиканың мемлекетпен басқарылуы);

  • жолаушылар тасымалы (бөлімдері: структура грузооборота,жолаушылар тасымалының нарығы, көліктегі жүктасымалының жалпы мінездемесі).


Постреквизиттер

Студенттердің «Көлік экономикасы» пәнінен алған білімдері келешекте оқу тәжрибесінде, дипломдық жұмысты жазғанда және сонымен қатар әрқарай мамандығына сәйкес өндірістік сұрақтарды шешуде үлкен рөл атқарады.



Пәннің тақырыптық жоспары

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс-тер

практи-калық (сем)

Зертха-налық

студия-лық

жеке

СӨЖ

1 Пән мазмұны және пәннің мақсаттар

0,5

-










2

2 Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі көлік және нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайындағы ҚР көлігінің экономикалық қиыншылықтары

-

-










2

3 Көліктегі басқару ерекшеліктері және негізгі принциптері

1

-










2

4 Темір жол коліндегі болжамдаудың және жобалаудың ұйымдастырылуы

-

-










2

5 Капиталдық салымдардың және жаңа техниканың экономикалық тиімділігін есептеу әдістері

1

1,5










2

6 Жүк тасымалы және оларды жобалау

1

2










2

7 Жолаушылар тасымалы және оларды жоспарлау

1

2










2

8 Қозғалмалы құрам жұмысының көрсеткіштері мен жобалануы

-

-










2

9 Негізгі қорлар және оларды пайдалану көрсеткіштері

1

-










2

10 Капиталдық құйылымдарды жоспарлау

-

-










2

11 Материалды техникалық базаны дамытуға бағытталған шаралардың экономикалық тиімділігі

1

2










2

12 Жұмыс уақыты ол жұмыс уақытының жоспарлау

-

-










2

13 Еңбек ақы төлеменің жоспарлануы және ұйымдастырушы

1

-










2

14 Теміржолдың эксплуатациялық шығындары

-

-










2

15 Тасымалдың өзіндік бағасы. Өнімнің өздік бағасымен бағасы туралы түсінік.

-

-










2

БАРЛЫҒЫ :

7,5

7,5










30


Пәннің қысқаша сипаттамасы

Темір жол көлігінің экономикасы инженерлердің экономикалық білім алу саласындағы оқу пәні ретінде нарықтық қатынастардың дамуы жайындағы темір жол көлігінің жұмыс сапасын жақсартуға қажетті экономикалық ойлаудың қалыптасуына, ғылыми техникалық прогреске және саланың интенсификациясына ықпал жасайды.

Қоғамдық өндіріс процесіндегі көліктің маңызы мен орнын және оның материалдық өндірістің саласы ретіндегі ерекшеліктерін, т.ж. көлігіндегі жобалаудың және басқарудың ұйымдастырылуын, тасымалдауды жобалаудың әдістемесін, қозғалмалы құрам жұмысының экономикасын және жобалауын, т.ж. көлігінің негізгі салаларының техникалық құралдарын дамытудың және қайта құрудың экономикалық тиімділігін жоғарлатудың бағыттары мен жолдарын, еңбек пен еңбек ақының ұйымдастырылуын, тасымалдаулардың өзіндік құнын бағаның қалыптасуын, темір жол көлігінің қаржылық және шаруашылық есеп айырманың принциптерін нарықтық экономика негіздерін, шаруашылық жүргізудің әртүрлі нарықтық түрлерін білуі қажет
Курс компоненттері
1 Пән мазмұны және пәннің мақсаттары

Темір жол көлігіндегі экономика көлік аймағында экономикалық заңдардың бірлестігінің көрінуінің нақты формалары және бұл заңдардың көліктегі шаруашылық қызметті басқаруда тәжірибе жүзінде пайдалануын зерттейтін ғылым ретінде. Пәннің техникалық ғылымдармен байланысы.


2 Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі көлік және нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайындағы ҚР көлігінің экономикалық қиыншылықтары

Қоғамдық өндіріс процесінде және ҚР өндіргіш күштерді орналастырудағы көлік маңызы. Көлік, айналым сферасындағы өндірістік процестің жалғасы ретінде. Өнім және көлік жұмысы, олардың өзгеруі. Көліктің жұмыс сапасы және оның қоғамдық өндіріс тиімділігіне әсері. Көліктің өнімнің ерекшеліктері, оның бағасының қалыптасуы, көліктегі қаржы айналымы. Көліктің экономиканың басқа салаларының жұмыс тиімділігіне әсері.


3 Көліктегі басқару ерекшеліктері және негізгі принциптері

Басқарудың теориялық негіздері, басқару принциптері, көліктегі басқаруды ғылыми ұйымдастыру принциптерінің ерекшеліктері. Басқару функциялары басқару әдістерінің және формалардың бірлігінде көрініс табатын өндірістік өзара байланыстар және ұйымдастыру экономикалық жүйе ретіндегі басқару қызметінің мазмұны мен негізі. Көліктегі басқару процесін қамтамасыз етеді.


4 Темір жол көлігіндегі болжамдаудың және жобалаудың ұйымдастырылуы

Жобалауды жетілдіру мақсаттары. Қазақстан экономикасының социалдық және экономикалық жобасының құрамдас бөлігі ретіндегі көлік жоспары. Жоспар түрлері және олардың мазмұны. Жобалаудың негізгі принциптері. Жобалау мен болжаудың әдістері: байланыстық, техника экономикалық есептеулер, экономика математикалық жобалау, стратегиялық жобалау.


5 Капиталдық салымдардың және жаңа техниканың экономикалық тиімділігін есептеу әдістері

Капиталдық салымдардың және ғылыми техникалық прогресс шараларының экономикалық тиімділігінің мәні мен негізі. Экономикалық эффект және тиімділік түсінігі жалпы экономикалық тиімділік және салыстырмалы тиімділік. Тиімділіктің бағалық және натуралдық көрсеткіштер жүйесі. Жоспарлық шаралардың экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері мен критерилері және оларды есептеу әдістері.


6 Жүк тасымалы және оларды жобалау

Тасымалдау процесін ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған көліктің негізгі мақсаттары. Көліктегі жүк тасымалының жалпы мінездемесі. Тасымалдау құрылымын және көлемін анықтайтын факторлар. Көлік түрлері бойынша тасымалдау қашықтығы, құрылымы, динамикасы. Уақыт ішіндегі және бағыттар бойынша жүк тасымалының біркелкі еместігі. Рационалды емес тасымалдау түрлері. Тасымалды рацианализациялау, көліктік шығындарды қысқартудың жолдарының бірі ретінде. Тұтыну орындары (пунктері) мен аудандарын өндіруші орындар (пунктер) мен аудандарға бекіту әдістері. Варианттарды қосарлап салыстыру, айырмашылық (айырым) әдісі, шеңберлі тәуелділік әдісі, шеңберлі тәуелділік әдісі, желідегі потенциалдар әдісі.Матрица түрінде көліктік есепті шығару. Тасымалдау көлемі мен олардың ұйымдастырылуын анықтауда ЭЕМ және экономика-математикалық әдістерді қолдану. Жүк тасымалдарын жобалау.


7 Жолаушылар тасымалы және оларды жоспарлау

Жолаушылар тасымалының маңызы. Жолаушылар тасымалының нарығы. Жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру сапасын көтеру. Жолаушылар тасымалының көлеміне әсер ететін факторлар. Халықаралық жолаушылар тасымалы. Жолаушылар тасымалының біркелкісіздігі, қашықтығы, құрылымы және динамикасы. Жолаушылар тасымалын болжау және жобалау.


8 Қозғалмалы құрам жұмысының көрсеткіштері мен жобалануы

Жоспардың мазмұны мен мақсаты. Қозғалмалы құрамның жұмыс сапасының және көлемінің көрсеткіштері. Қозғалмалы құрамды пайдаланудың жеке көрсеткіштерініңарасындағы өзара байланыстың сипаттамасы. Жүк вагондарын пайдалану көрсеткіштері. Вагондардың статикалық және динамикалық жүктемесі; вагондардың бос жүріс коэффиценті, орташа тәуліктік жүрісі, вагонның тәуліктік өнімділігі мен айналымы. Жолаушылар вагондарын пайдалану көрсеткіштері: жолаушылар поездарының жолдары,құрамдардың орташа тәуліктік жүрісі және т. б. Локомотивтерді пайдалану көрсеткіштері: қозғалыс жылдамдығы, локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі, поезд массасы. Вагондар есебінде поезд орташа құрамы, локомотивтің көмекші жүрісінің пайызы, локомотив уақытының бюджеті, локомотивтік орташа уақытының бюджеті, локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі. Қозғалмалы құрам жұмысын жобалау. Қозғалмалы құрымды пайдалануды жақсартудың эканомикалық тиімділігі. Қозғалмалы құрамды тиімді пайдалану бойынша өндірістік және көліктегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі.


9 Негізгі қорлар және оларды пайдалану көрсеткіштері

Негізгі фондтардың эканомикалық негізі, олардың құрамы мен құрылымы. Негізгі фондтардың классификациясы: өзінің тағайындалуы бойынша, тиістілігіне байланысты, пайдалану сипаттамасы бойынша, тиістілігіне байланысты, пайдалану сипаттамасы бойынша негізгі қорлардың бағасын бағалау тәсілдері. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көтеру мақсаты. Көліктің материалдық-техникалық бағасының одан әрі өсуі.


10 Капиталдық құйылымдарды жоспарлау

Капиталдық құйылымдар және олардың тағайындалуы. Капиталдың құйылымдар түрлері, құйылымдар түрлері мен құрылымы. Көліктің капиталдық құрылымдар жоспарының негізгі көрсеткіштері және принциптері. Капиталдық құйылымдар жоспарларының құрылу және өту тәртібі. Капиталдық құйылымдар жоспарын қаржыландыру. Инвесторлар жобаны қаржылау әдістері.

Капиталдық құйылымдарды қаржыландыруға несиелерді қолдану тиімділігін анықтау.
11 Материалды техникалық базаны дамытуға бағытталған шаралардың экономикалық тиімділігі

Теміржол көлігінде ғылыми техникалық прогресстің негізгі бағыттары. Шаралардың тиімділігі: теміржолдардың және екінші жолдардың тасымалдық және өткізгіштік қабілетін күшейту, теміржолдарды электірлендіру және тепловоздың тартымды енгізу, вагондық парктың дамуы мен модернизациясы және вагон жөндеу базасының қайта құрылуы, контейнерлік тасымалдар және жүктерді пакеттеу, жүктік және іріктемелі бекеттердің дамуы, жүктік жүкті түсіру жұмыстарын кешенді механизациялау.


12 Жұмыс уақыты ол жұмыс уақытының жоспарлау

13 Еңбек ақы төлеменің жоспарлануы және ұйымдастырушы

Еңбек төлемінің принциптері. Еңбек төлемінің жүйесі және кэлпы, олардың мінездемесі. Көліктегі еңбек төлемінің тарифтік жүйесі: тарифтік сетка, тарифтік ставкілер, тарифтік квалиффикациялық анықтамалар, аудандық және қалалық коеффиценттер. Орта айлық еңбек ақы төлемінің қорлары. Еңбектің өнімділігінің өз ырғамен еңбек ақы төлемінің арасындағы қатыныс.


14 Теміржолдың эксплуатациялық шығындары

Эксплуатациялық шығындардың структурасымен классификациясы Эксплуатациялық шығындарды шығындар элементтері бойынша жоспарлау. Жалпы соммалық өтпелі ұстаулардағы шығындар элементінің шекті салмағы.


15 Тасымалдың өзіндік бағасы. Өнімнің өздік бағасымен бағасы туралы түсінік

Үздік бағаның калькуляциясы. Эксплуатациялық шығындардың тасымал көлеміне тәуелділігі. Жұмыс көлемінің тасымалдық өздік бағасының төмендету жолдары.


Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
5-ші тақырып. Капиталдық салымдардың және жаңа техниканың экономикалық тиімділігін есептеу әдістері

Капиталдық салымдардың және ғылыми техникалық прогресс шараларының экономикалық тиімділігінің мәні мен негізі.

Шағын-рефераттарды тыңдау мен талқылау; кейстерді талдау.
6-ші тақырып. 6 Жүк тасымалы және оларды жобалау

Тасымалдау процесін ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған көліктің негізгі мақсаттары. Жүк тасымалдарын жобалау. Шағын -рефераттарды тыңдау мен талқылау; кейстерді талдау.


7-ші тақырып. Нарықты сегменттеу. Сегменттеу мен тауардың тұрғылауын таңдау.

Жолаушылар тасымалы және оларды жоспарлау

Жолаушылар тасымалын болжау және жобалау.

Шағын -рефераттарды тыңдау мен талқылау; нарықты сегменттеу, мақсаттық сегменттерді таңдау, тауарды тұрғылау.
10-ші тақырып. Капиталдық құйылымдарды жоспарлау

Капиталдық құйылымдарды қаржыландыруға несиелерді қолдану тиімділігін анықтау.

Шағын -рефераттарды тыңдау мен талқылау; тауардың өмір сүру циклінің қисығын құру.
Студенттің өздік жұмысының мазмұны

Студенттің өздік жұмысының мазмұны кіреді:



  • тәжірибе жұмыстарына дайындалу;

  • курс сұрақтарын өздігінен талдау;

  • консультацияларға қатысу (СӨЖМ);

  • бақылау жұмыстарын орындау

СӨЖ көлемі төмендегі кестеде бейнеленген, сағат
СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру нысаны

Бақылау

түрі


Сағатқа шаққандағы көлемі

1


Тәжірибе жұмыстарына дайындалу

Жұмыс дәптер, кестелер мен формулаларды дайындау

Сабаққа қатысу

7

2


Курс сұрақтарын өздігінен талдау

Конспект

Конспектілерін тексеру

10

3


консультацияларға қатысу (СОӨЖ)







10

4

Межелік бақылауларына дайындалу

Бақылау жұмысы




3

Барлығы:

30


Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
1-ші тақырып. Пән мазмұны және пәннің мақсаттары

Темір жол көлігіндегі экономика көлік аймағында экономикалық заңдардың бірлестігінің көрінуінің нақты формалары және бұл заңдардың көліктегі шаруашылық қызметті басқаруда тәжірибе жүзінде пайдалануын зерттейтін ғылым ретінде. Пәннің техникалық ғылымдармен байланысы.



Бақылау формасы: конспекті жазу, ауызша пікіртерім.
2-ші тақырып. Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі көлік және нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайындағы ҚР көлігінің экономикалық қиыншылықтары

Қоғамдық өндіріс процесінде және ҚР өндіргіш күштерді орналастырудағы көлік маңызы. Көлік, айналым сферасындағы өндірістік процестің жалғасы ретінде. Өнім және көлік жұмысы, олардың өзгеруі. Көліктің жұмыс сапасы және оның қоғамдық өндіріс тиімділігіне әсері. Көліктің өнімнің ерекшеліктері, оның бағасының қалыптасуы, көліктегі қаржы айналымы. Көліктің экономиканың басқа салаларының жұмыс тиімділігіне әсері.



Бақылау формасы: конспекті жазу, ауызша пікіртерім.
3-ші тақырып. Көліктегі басқару ерекшеліктері және негізгі принциптері

Басқарудың теориялық негіздері, басқару принциптері, көліктегі басқаруды ғылыми ұйымдастыру принциптерінің ерекшеліктері. Басқару функциялары басқару әдістерінің және формалардың бірлігінде көрініс табатын өндірістік өзара байланыстар және ұйымдастыру экономикалық жүйе ретіндегі басқару қызметінің мазмұны мен негізі. Көліктегі басқару процесін қамтамасыз етеді.



Бақылау формасы: конспекті жазу, ауызша пікіртерім.
4-ші тақырып. Темір жол көлігіндегі болжамдаудың және жобалаудың ұйымдастырылуы

Жобалауды жетілдіру мақсаттары. Қазақстан экономикасының социалдық және экономикалық жобасының құрамдас бөлігі ретіндегі көлік жоспары. Жоспар түрлері және олардың мазмұны. Жобалаудың негізгі принциптері. Жобалау мен болжаудың әдістері: байланыстық, техника экономикалық есептеулер, экономика математикалық жобалау, стратегиялық жобалау.



Бақылау формасы: конспекті жазу, ауызша пікіртерім.
5-ші тақырып. Капиталдық салымдардың және жаңа техниканың экономикалық тиімділігін есептеу әдістері

Капиталдық салымдардың және ғылыми техникалық прогресс шараларының экономикалық тиімділігінің мәні мен негізі. Экономикалық эффект және тиімділік түсінігі жалпы экономикалық тиімділік және салыстырмалы тиімділік. Тиімділіктің бағалық және натуралдық көрсеткіштер жүйесі. Жоспарлық шаралардың экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері мен критерилері және оларды есептеу әдістері.



Бақылау формасы: конспекті жазу, ауызша пікіртерім.

6-ші тақырып. Жүк тасымалы және оларды жобалау

Тасымалдау процесін ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған көліктің негізгі мақсаттары. Көліктегі жүк тасымалының жалпы мінездемесі. Тасымалдау құрылымын және көлемін анықтайтын факторлар. Көлік түрлері бойынша тасымалдау қашықтығы, құрылымы, динамикасы. Уақыт ішіндегі және бағыттар бойынша жүк тасымалының біркелкі еместігі. Рационалды емес тасымалдау түрлері. Тасымалды рацианализациялау, көліктік шығындарды қысқартудың жолдарының бірі ретінде. Тұтыну орындары (пунктері) мен аудандарын өндіруші орындар (пунктер) мен аудандарға бекіту әдістері. Варианттарды қосарлап салыстыру, айырмашылық (айырым) әдісі, шеңберлі тәуелділік әдісі, шеңберлі тәуелділік әдісі, желідегі потенциалдар әдісі.Матрица түрінде көліктік есепті шығару. Тасымалдау көлемі мен олардың ұйымдастырылуын анықтауда ЭЕМ және экономика-математикалық әдістерді қолдану. Жүк тасымалдарын жобалау.



Бақылау формасы: конспекті жазу, ауызша пікіртерім.
7-ші тақырып. Жолаушылар тасымалы және оларды жоспарлау

Жолаушылар тасымалының маңызы. Жолаушылар тасымалының нарығы. Жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру сапасын көтеру. Жолаушылар тасымалының көлеміне әсер ететін факторлар. Халықаралық жолаушылар тасымалы. Жолаушылар тасымалының біркелкісіздігі, қашықтығы, құрылымы және динамикасы. Жолаушылар тасымалын болжау және жобалау.



Бақылау формасы: конспекті жазу, ауызша пікіртерім.
8-ші тақырып. Қозғалмалы құрам жұмысының көрсеткіштері мен жобалануы

Жоспардың мазмұны мен мақсаты. Қозғалмалы құрамның жұмыс сапасының және көлемінің көрсеткіштері. Қозғалмалы құрамды пайдаланудың жеке көрсеткіштерініңарасындағы өзара байланыстың сипаттамасы. Жүк вагондарын пайдалану көрсеткіштері. Вагондардың статикалық және динамикалық жүктемесі; вагондардың бос жүріс коэффиценті, орташа тәуліктік жүрісі, вагонның тәуліктік өнімділігі мен айналымы. Жолаушылар вагондарын пайдалану көрсеткіштері: жолаушылар поездарының жолдары,құрамдардың орташа тәуліктік жүрісі және т. б. Локомотивтерді пайдалану көрсеткіштері: қозғалыс жылдамдығы, локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі, поезд массасы. Вагондар есебінде поезд орташа құрамы, локомотивтің көмекші жүрісінің пайызы, локомотив уақытының бюджеті, локомотивтік орташа уақытының бюджеті, локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі. Қозғалмалы құрам жұмысын жобалау. Қозғалмалы құрымды пайдалануды жақсартудың эканомикалық тиімділігі. Қозғалмалы құрамды тиімді пайдалану бойынша өндірістік және көліктегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі.



Бақылау формасы: конспекті жазу, ауызша пікіртерім.
9-ші тақырып. Негізгі қорлар және оларды пайдалану көрсеткіштері

Негізгі фондтардың эканомикалық негізі, олардың құрамы мен құрылымы. Негізгі фондтардың классификациясы: өзінің тағайындалуы бойынша, тиістілігіне байланысты, пайдалану сипаттамасы бойынша, тиістілігіне байланысты, пайдалану сипаттамасы бойынша негізгі қорлардың бағасын бағалау тәсілдері. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көтеру мақсаты. Көліктің материалдық-техникалық бағасының одан әрі өсуі.



Бақылау формасы: конспекті жазу, ауызша пікіртерім.
10-ші тақырып. Капиталдық құйылымдарды жоспарлау

Капиталдық құйылымдар және олардың тағайындалуы. Капиталдың құйылымдар түрлері, құйылымдар түрлері мен құрылымы. Көліктің капиталдық құрылымдар жоспарының негізгі көрсеткіштері және принциптері. Капиталдық құйылымдар жоспарларының құрылу және өту тәртібі. Капиталдық құйылымдар жоспарын қаржыландыру. Инвесторлар жобаны қаржылау әдістері.

Капиталдық құйылымдарды қаржыландыруға несиелерді қолдану тиімділігін анықтау.

Бақылау формасы: конспекті жазу, ауызша пікіртерім.
11-ші тақырып. Материалды техникалық базаны дамытуға бағытталған шаралардың экономикалық тиімділігі

Теміржол көлігінде ғылыми техникалық прогресстің негізгі бағыттары. Шаралардың тиімділігі: теміржолдардың және екінші жолдардың тасымалдық және өткізгіштік қабілетін күшейту, теміржолдарды электірлендіру және тепловоздың тартымды енгізу, вагондық парктың дамуы мен модернизациясы және вагон жөндеу базасының қайта құрылуы, контейнерлік тасымалдар және жүктерді пакеттеу, жүктік және іріктемелі бекеттердің дамуы, жүктік жүкті түсіру жұмыстарын кешенді механизациялау.



Бақылау формасы: конспекті жазу, ауызша пікіртерім.
12-ші тақырып. Жұмыс уақыты ол жұмыс уақытының жоспарлау

Бақылау формасы: конспекті жазу, ауызша пікіртерім.
13-ші тақырып. еңбек ақы төлеменің жоспарлануы және ұйымдастырушы

Еңбек төлемінің принциптері. Еңбек төлемінің жүйесі және кэлпы, олардың мінездемесі. Көліктегі еңбек төлемінің тарифтік жүйесі: тарифтік сетка, тарифтік ставкілер, тарифтік квалиффикациялық анықтамалар, аудандық және қалалық коеффиценттер. Орта айлық еңбек ақы төлемінің қорлары. Еңбектің өнімділігінің өз ырғамен еңбек ақы төлемінің арасындағы қатыныс.



Бақылау формасы: конспекті жазу, ауызша пікіртерім.
14-ші тақырып. Теміржолдың эксплуатациялық шығындары

Эксплуатациялық шығындардың структурасымен классификациясы Эксплуатациялық шығындарды шығындар элементтері бойынша жоспарлау. Жалпы соммалық өтпелі ұстаулардағы шығындар элементінің шекті салмағы.



Бақылау формасы: конспекті жазу, ауызша пікіртерім.
15-ші тақырып. Тасымалдың өзіндік бағасы. Өнімнің өздік бағасымен бағасы туралы түсінік

Үздік бағаның калькуляциясы. Эксплуатациялық шығындардың тасымал көлеміне тәуелділігі. Жұмыс көлемінің тасымалдық өздік бағасының төмендету жолдары.



Бақылау формасы: конспекті жазу, ауызша пікіртерім.
Курстың саясаты

Студент дәріс, тәжірибелік сабақтарана қатысуға, курстың жеке сұрақтарын өздігінен меңгеруге міндетті: уақытында тәжірибелік тапсырмаларды орындау, студенттік ғылыми конференцияларына қатысу. Студент дәріс және тәжірибелік сабақтарындың талқылағанда және топтың жұмысында белсенді болу, топтастар-дың оқытуына жәрдем беру керек. Сабақтан кейін студенттен дәріс конспектің көрсетуді сұрау оқытушыда құқығы бар. Сабақ үстінде тәртіп ережелерді бұзған-да студент осы жоспарланған бақылау түрінен баллдардан айырылады немесе ау-диториядан қуып шығарылады, бұл университеттің ішкі тәртібін бұзушылық ре-тінде саналады студентті максималды жазалау түрінде университеттен шығарады.

Келесі штрафтық санкциялар қойылады:


  • себепсіз дәріс, тәжірибелік сабақтарды босатқан үшін –осы бақылау тү-ріне қойылған, рейтингтің максималды балл қойылады;

  • тәжірибелік тапсырмалар, өздігінен меңгеруге курстың сұрақтары уақы-тында тапсырылмаса – осы бақылау түріне қойылған, рейтингтің максималды балл 50% қойылады.

Қорытынды формасы – емтихан, жазбаша түрде сұрақтар бойынша өткізіледі. Емтиханда көшіреге болмайды.

Пән бойынша рейтингті санау әдісі


Қортынды бақылау (арадағы аттестацияны бақылау)

050713«Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығының студенттеріне арналған «Көлік экономикасы» пәні бойынша қорытынды бақылауға кіреді: ағымдағы үлгерім және емтихан. Ағымдағы үлгерімді бақылауға ағымдағы және аралық бақылау кіреді. Қорытынды бақылаудың басым бөлігі кестеде көрсетілген.

Межелгі бақылауды бағалау 100 балмен есептеледі. Межелгі бақылауды бағалау (МБ) 100 балмен есептеледі. Межелік бақылауға ағымдағы үлгеру қорытындысына байланысты балдары бар студенттер жіберіледі. Ағымдағы үлгеру және межелік бақылау қорытындысы бойынша анықталады (Р1 және Р2) пәні бойынша:
Р1(2)+ ТУ1(2)*0,7+ МБ 1(2)*0,3
Рейтинг қойылмайды, егер студент МБ өтпеді немесе МБ 50 баллдан төмен болса.

Рейтингті бағалауға рұқсат студентке (РР) семестрге анықталады:


РР = (Р1+Р2) /2
Сабақты оқыту емтиханмен аяқталады.

Емтиханға кіру үшін қажет:

- барлық жұмыс бағдарлама бойынша берілген тапсырманы орындау;

- 50 баллдан төмен болмау керек

Емтихан 100 балмен есептелінеді.

Қорытынды баға мына формула бойынша есептелінеді:


Қ = РР * 0,6 + Е * 0,4,
мұнда РР – рұқсат рейтингке;

Е – емтихандық сандық эквивалент.


Қорытынды рейтинг (аралық аттестацияның бағалауы)

Әр семестр жартысы (бірінші және екәнші рейтинг) үшін қорытынды ағымдағы үлгерім бойынша жалпы балл дәріске қатысуынан, өзіндік жұмысынан, тапсырылған тәжірибелік тапсырмалардан, студенттік ғылыми конференциясы жұмысына қатысуынан, межелгі бақылау қорытындысынан алынған балдардан жиналады.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Дмитриев В.А., Зеленков В.И., Шишков А.Д. Экономика промышленного железнодорожного транспорта. М.: Транспорт, 1989. – 360 с.

  2. Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия: Учебник.-4-е изд., перераб. и доп. - М.: ИНФРА - М, 2002. – 384 с.

  3. Ляско В.И. Стратегическое планирование развития автотранспортных предприятий – М.: Благовест – В, 2003. –189 с.

9 Раицкий К.А. Экономика предприятия: Учебник для вузов – М. Маркетинг 2059. – 693 с.

10 Терешина Н.П. Экономика железнодорожного транспорта. М.: Транспорт, 2002.

11 Учебное пособие для машиностроительных специальностей вузов /Грачев К.А. – М.: Высшая школа, 1990. – 223 с.

12 Экономика организаций (предприятий): Учебник /Под ред. В.Я. Горфинкеля, В.А. Швандера – М.: ЮНИТИ, 2003. – 431с.

13 Экономика предприятия /Хрипач В.Я., Суша Г.З., Андросович Е.И. и др. – минск: Экономпресс, 2000. – 460 с.

Қосымша


  1. Воронин В.Г. Мухамбетов Т.И. Пути совершенствования управления производством в новых условиях хозяйствования на промышленном предприятии: Аналитический обзор. – Алма – Ата: КазНИНП, 2000. – 54с.

  2. Жиделева В.В., Каптейн Ю.Н. Экономика предприятия. Учебное пособие – М.: ИНФРА, 2002.


СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Көлік экономикасы» пәні бойынша 050713«Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығының студенттеріне арналған мамандығы бойынша іштей оқу нысанындағы студенттерге арналған пәннің күнтізбелік кестесі

1 рейтинг (6 семестр)

Бар-лығы

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Аптадағы максималды балл

12

12

12

12

13

13

13

13

100

Дәріс сабақтарына қатысу

СӨЖ түрі

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

32


Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

4

4

4

4

4

4

4

4

Тәжірибелік тапсырмалар-ға қатысу, оларды орын-дау

СӨЖ түрі

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

32


Бақылау формасы

ТО

ТО

ТО

ТО

ТО

ТО

ТО

ТО

Макс. балл

4

4

4

4

4

4

4

4

Курстың жеке тақырыпта.

өздігінен меңгеру



СӨЖ түрі

КС

КС

КС

КС

КС

КС

КС

КС

36


Бақылау формасы

-

К

К

К

К

К

К

К

Макс. балл

4

4

4

4

5

5

5

5

Межелгі бақылау

Тақ. №






















1-8


Бақ.фор






















МБ1

Макс. балл






















100

2 рейтинг (6 семестр)

Бар-лығы

Апталар

9

10

11

12

13

14

15




Аптадағы максималды балл

13

13

13

13

13

13

22




100

Дәріс сабақтарына қатысу

СӨЖ түрі

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ



24


Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ




Макс. балл

3

3

3

3

3

3

6




Тәжірибелік тапсырмалар-ға қатысу, оларды орын-дау, тапсыру

СӨЖ түрі

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ

СҚ




35

Бақылау формасы

ТО

ТО

ТО

ТО

ТО

ТО

ТО




Макс. балл

5

5

5

5

5

5

5




Курстың жеке тақырыпта-

рын өздігінен меңгеру



СӨЖ түрі

КС

КС

КС

КС

КС

КС

КС



41


Бақылау формасы

К

К

К

К

К

К

К




Макс. балл

5

5

5

5

5

5

11




Межелгі бақылау

тақырыптар №



















9-15





Бақылау формасы



















МБ2




Макс. балл



















100




Шарт қойылған белгілер: СД – сабаққа дайындық. Қ – сабаққа қатысу, ОТ – орындалған тапсырма, КС – курс сұрақтары, К – конспект, Р - расчет.

Кафедра отырысында ұсынылған 2011 ж. «__» ___________ № __ хаттама.



Кафедра меңгерушісі __________ С. Е. Сарсембекова 2011 ж. «__»__________


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік нұсқау Нысан пму ұс н 18. 2/05
umk -> Жұмыс бағдарламасы 050703 «Ақпараттық жүйелер»
umk -> Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Жұмыс бағдарламасы 20 ж. " " № Хаттама бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет