Источник: ИС ПАРАГРАФ, 09.01.2013 17:39:08
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
2003 жылғы 1 шілдедегі № 446-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2012.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
|
(1-5 баптар)
|
2-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
|
(6-9 баптар)
|
3-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
|
(10-18 баптар)
|
4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары
|
(19-21 баптар)
|
5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
|
(22-29 баптар)
|
6-тарау. Қорытынды ережелер
|
(30-31 баптар)
|
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілді); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - уәкілетті орган) өзi белгiлеген тәртiпке сәйкес аккредиттеген, мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
2) «бонус-малус» жүйесi - көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн есептеген кезде осы жүйе бойынша тиiстi сыныпты бере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) кiнәсiнен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай оған арттыратын немесе төмендететiн коэффициенттердi қолдану арқылы пайдаланылатын жеңiлдiктер мен үстемеақылар жүйесi;
3) жәбiрленушi - көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген, оны өтеу жөніндегі мiндет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк құралының иесi ретiнде сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелген тұлға;
4) жолаушы - тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;
5) кешендi шарт - сақтандыру полисiнде көрсетiлген екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын және бiр ғана сақтандырылушы жеке тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
5-1) тәуелсіз сарапшы - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өзі белгілеген тәртіпке сәйкес аккредиттеген, бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
6) көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жеке және заңды тұлғалардың жоғары қауiптiлiк көзi ретіндегі көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетi;
7) көлiк құралын пайдалану - көлiк құралдарын жолмен жүру, сондай-ақ жайластырылып немесе ыңғайластырылып оларға iргелес салынған және көлiк құралдарының қозғалысына пайдаланылатын аумақтарда жүру үшiн пайдалану;
7-1) тікелей реттеу - көлік оқиғасында жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді жәбірленушімен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемін жүзеге асыру тетігі;
8) көлiк құралының иесi - көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкіміне орай көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхатпен және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;
9) көлiк оқиғасы - көлiк құралын пайдалану процесiнде және оның қатысуынан туындаған оқиға, сондай-ақ көлiк құралынан ажырап кеткен бөлшектер мен ондағы жүктiң қозғалысы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян;
10) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
11) сақтандыру жағдайы - басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
12) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
13) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
14) сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
15) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;
16) сақтандырылушы - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
17) сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылушы болып табылады;
18) стандартты шарт - сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралының иесi болып табылатын жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын және бiр немесе бiрнеше сақтандырылушы тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
19) тiкелей реттеу - көлiк оқиғасында жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеудi жәбiрленушiмен көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тетiгi.
2-бап. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi
Сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, жоғары қауiптілік көзi ретіндегі көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру) объектiсi болып табылады.
4-бап. Көлiк құралдары иелерінiң жауапкершiлігін міндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi
1. Көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:
жәбiрленушiлердiң мүлiктiк мүдделерiн осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қорғауды қамтамасыз ету;
көлiк құралын оның иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегі сақтандыру полисi болған кезде пайдалану;
тараптардың көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;
көлiк құралдары иелерінiң жол жүрiсi қауiпсіздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделілігi болып табылады.
5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мынадай көлiк құралдары:
1) iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттік тiркеуге жататын) жеңiл, жүк автомобильдерi, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк және олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар;
2) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген (әкелiнген) көлiк құралы;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген, жасаушы ұйымдардан, жөндеу және сауда ұйымдарынан, кедендiк бақылау органдарынан тiркеу орнына өз бетiнше жүргiзiлiп әкелiнген, сондай-ақ iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшесi көлiк иесiнiң тұрғылықты жерiнiң өзгеруiне немесе меншiк құқығының өзгеруiне байланысты тiркеуден шығарған көлiк құралы иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады.
2. Көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi өзi пайдаланатын көлiк құралының әр бiрлiгi бойынша сақтандырылуға жатады.
Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасу көлiк құралының иесiн көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттен босатпайды.
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты, басқа мемлекетте тiркелген, иесi осы мемлекет пен Қазақстан Республикасының арасында жасалған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын көлiк құралдары иелерi жауапкершiлiгінiң сақтандыру шартын жасаған көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына енген жағдайда жасалмайды.
4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде мемлекеттік тiркеуге және есепке алуға жатпайтын (трамвайлар мен троллейбустарды қоспағанда) көлiк құралдарының иелерiмен көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалмайды.
Осы тармақта аталған иелердiң көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде жәбiрленушiлерге келтiрген зияны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен өтеледi.
5. Өзiнiң қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруына орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт жасасу негiзiнде не мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, көлiк құралы иесiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде оның қатысуымен көлiк құралын жүргiзушi адамның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатпайды.
2-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
6-бап. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.
2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетінің орындалуына мемлекеттік бақылауды ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелері көлік құралдарын тіркеу және жол жүрісі ережелерінің сақталуын бақылау саласындағы өзінің өзге де өкілеттіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру кезінде жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
7-бап. Көлік құралын көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынсыз пайдалануға жол бермеу
1. Иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты болмаған жағдайда, көлiк құралын пайдалануға жол берiлмейдi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Көлiк құралын жүргiзетiн адам көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисiн өзiмен бiрге алып жүруге және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес уәкiлеттігі бар жол полициясының қызметкерлерiне және көлікті бақылау органдарының лауазымды тұлғаларына тексеру үшiн оны көрсетуге мiндеттi.
Iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлімшелері және көлікті бақылау органдары құжаттарды тексерген кезде көлiк құралын жүргiзушi адамнан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисiн көрсетуiн талап етуге мiндеттi.
8-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейін сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға:
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетiлген Қорды құру және оның қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртiппен оның акционерi болуға;
2) осы Заңда және өкілдер кеңесі бекіткен сақтандыру омбудсманының ішкі ережелерінде айқындалған тәртіппен және жағдайда өкілдер кеңесінің құрамына кіруге;
2010.15.07. № 338-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдары және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы міндетті.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) 2010.15.07. № 338-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен ( бұр. ред . қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын жариялауға міндетті.
3. Бәсекелестiктi шектеуге немесе болғызбауға, бiр сақтандырушыға екiншi сақтандырушының алдында көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөнiнде негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берiлмейдi.
4. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 8-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-1. 2010.15.07. № 338-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 8-2-баппен толықтырылды; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 8-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-2-бап. 2010.15.07. № 338-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 8-3-баппен толықтырылды
8-3-бап. 2010.15.07. № 338-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Ақпараттық өзара iс-қимыл
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Iшкi iстер органдары көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкілдерiне, сондай-ақ сұратуы бойынша сақтандыру ұйымдарына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлік оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген жағдайдың басталу фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын, оның iшiнде жол оқиғасының схемасымен қоса Жол жүрiсi ережелерiнiң бұзылуы туралы хаттаманың көшiрмесiн тегiн бередi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Көлiк оқиғасы және оның салдары туралы ақпараты бар Iшкi iстер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар сақтандырушы және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өтініш жасаған кезде бұл ақпаратты жазбаша нысанда, мөрмен куәландырып тегін беруге міндетті.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сақтанушының (сақтандырылушының), жәбiрленушiнің немесе олардың мұрагерлерiнiң көлiк оқиғасының басталғаны туралы хабарлауға мүмкiндiгi болмаған кезде ішкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерi тиiстi сақтандырушыны осы көлiк оқиғасы туралы хабардар етудi жүзеге асырады.
Сақтандырушыға көлiк оқиғасы туралы кез келген басқа тұлғаның хабарлауға құқығы бар, бұл ретте сақтандырушы өтiнiштi қабылдаудан бас тартуға құқылы емес.
3-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
10-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбі
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында мүлiктің тауарлық құнының жоғалтылуын, сондай-ақ жәбiрленушiнің тауарларды жеткiзудiң немесе жұмыстарды жүргiзудiң (қызметтер көрсетудiң) мерзiмдерiн, оның келісім-шарттар (шарттар) бойынша өзге де мiндеттемелердi бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеудi қоса алғанда, жәбiрленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеудi есептемегенде, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.
Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi.
Сақтандырушының сақтанушыға көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқығы жоқ.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға міндеттенедi.
4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттары мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) стандартты;
2) кешендi.
2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред . қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 5-тармақ өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады.
Сақтандыру полисi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнiң талаптарына сәйкес берiледi және онда деректер базасынан алынған ақпарат, сондай-ақ бiрегей нөмiр болады.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшiн сақтанушының өтiнiшi негiз болып табылады. Өтiнiштiң мазмұнына қойылатын талаптар және өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттар көшiрмелерiнiң тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
6. Сақтандыру полисiнде, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 826-бабында тiзiп көрсетiлген талаптардан басқа, сақтандырушының бiр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерi және шарттың түрi көрсетiлуге тиiс.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисiн ресiмдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленедi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Сақтандыру полисiне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi.
Жоғалған сақтандыру полисi телнұсқа берiлгеннен кейiн жарамсыз деп есептеледi және ол бойынша сақтандыру төлемi жүргiзiлмейдi.
Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда оның телнұсқасын ресiмдеу кезiнде iс жүргiзуге жұмсалған сақтандырушының шығынын сақтанушы (сақтандырылушы) тиiстi өтiнiш берiлген күнi Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңына сәйкес белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.
8. Егер сақтандырушы көлiк құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбiрленушiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасасса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбiрленушiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттемелер атқарады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудi жеке тұлға бiржолғы төлеммен жүргiзедi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды; 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын оларды міндетті техникалық тексерiп-қарау өткiзiлетiн жерлерде және iшкi iстер органдары жол полициясының тiркеу бөлiмшелерiнде жасауға тыйым салынады.
11-бап. Стандартты шарт
1. Стандартты шарт бойынша бiр немесе бiрнеше көлiк иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгi сақтандырылуы мүмкiн.
2. Стандартты шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) пайдаланылатын көлiк құралының әр бiрлiгiне жеке сақтандыру полисiн беру жолымен жасалады.
3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы, сақтандырылушылар) және пайдаланылатын көлiк құралы туралы мәлiметтер болуға тиiс.
4. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:
1) көлiк құралын оны жүргiзуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;
2) адам көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырушымен) жазбаша нысанда ресiмделген еңбек шарты немесе өзге де шарт негiзiнде жүргiзген;
3) көлiк құралын заңсыз иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершілік сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.
6. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12-бап. Кешендi шарт
1. Кешендi шарт бойынша екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылуы мүмкiн.
2. Кешендi шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) пайдаланылатын барлық көлiк құралдарына сақтандыру полисiн беру жолымен жасалады.
3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы) - жеке тұлға және ол пайдаланатын көлiк құралдары туралы мәлiметтер болуға тиiс.
4. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Кешендi шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:
1) көлiк құралын оны жүргізуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;
2) көлiк құралын заңға қайшы иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.
6. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлігiн мiндетті сақтандыру шартының қолданылуы
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбiрленушi деп танылған, оның iшiнде зиян келтiруге кiнәлi болып табылған сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралында болған барлық адамдарға қатысты қолданылады, оған мыналар:
1) осы көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырылушымен) қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруға орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт негiзiнде не сақтанушының (сақтандырылушының) ерiк бiлдiруi негiзiнде, мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, оның қатысуымен жүргiзген адам;
2) егер сақтанушы (сақтандырылушы) тасымалдаушы болып табылса, оған Қазақстан Республикасы заң актісінің тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыруды регламенттейтiн талабы қолданылса, жолаушылар;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерімен сақтанушыға (сақтандырылушыға) жұмыс берушi ретiнде қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауы кезiнде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру міндетi жүктелсе, сақтанушының (сақтандырылушының) қызметкерлерi кiрмейдi.
2. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
3. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты күшіне енгiзілген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты жеке немесе заңды тұлғада көлiк құралын иелену құқығының пайда болған кезiнен бастап, бiрақ осы көлiк құралының iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде мемлекеттік тiркеуден (қайта тiркеуден) өткен кезiнен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалуға тиiс.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред . қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 4 тармақ жаңа редакцияда
4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын осы баптың 3-тармағында көзделгеннен өзгеше мерзiмге:
1) көлiк құралын маусымдық, бiрақ кемiнде алты ай пайдаланған кезде;
2) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiнiң мәжбүрлеп таратылатын қатысушысы-сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен);
3) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, көлiк құралының мемлекеттік тiркелуiнiң алдындағы мерзiмге, бiрақ кемiнде күнтiзбелiк бес күнге;
4) көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайда уақытша кiрген бүкiл кезеңге, бiрақ кемiнде күнтiзбелiк бес күнге жасасуға жол берiледi.
5. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6. Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
14-бап. Көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндетті сақтандыру шарты:
1) шарттың қолданылу мерзiмi бiткен;
2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
3) сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттейтін алғашқы сақтандыру жағдайы басталған жағдайларда тоқтатылған деп есептелінеді.
2. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезде сақтандырушы сақтандыру полисiн алып қоюға тиiс. Бұл ретте көлiк құралының (егер ол жойылмаса) иесi өзiнiң таңдауы бойынша мiндеттi сақтандырудың осы түрiн (сыныбын) жүзеге асыруға құқығы бар кез келген сақтандырушымен жаңа кезеңге көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату үшiн сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерi (мұрагерлерi) сақтандырушыға жазбаша өтiнiш бередi.
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату және осы сақтандырушымен жаңадан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтанушының мына формула бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысының бөлiгiн қайтарып алуға құқығы бар:
ССБ = СС*n / N, мұнда:
ССБ - сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
СС - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
n - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енген кезден бастап өтiнiш берiлген күндi қоса алғанда, оны мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезге дейiнгi мерзiм (күнмен);
N - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жасалған мерзiмi (күнмен).
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген талаптар сақталмаған кезде, сақтанушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгiн мынадай мөлшерде қайтарып алуға құқығы бар:
Достарыңызбен бөлісу: |