«Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



жүктеу 109.39 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі109.39 Kb.


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы « »

№ бұйрығына

-қосымша

«Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 1. Жалпы ережелер
1. «Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау:

1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);

«Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы;

2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін ХҚКО арқылы;

2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін қызмет беруші арқылы жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) беру болып табылады.




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
    берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
    іс-қимыл тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттардың тізімін және өтінішті алуы болып табылады.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылының) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттары түскен сәттен бастап бір сағат ішінде оның тіркеуін жүргізеді және басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап, оларды көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына жолдайды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап, оларды көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына жолдайды;

4) көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы:

жеті жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап, оларды белгіленген талаптардың сәйкестігіне тексереді;

арнайы рұқсатты рәсімдейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға жібереді;


  1. көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде арнайы рұқсатқа қолын қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкеріне жібереді;

  2. көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы арнайы рұқсатты бір сағат ішінде оны курьер арқылы ХҚКО-ға жолдайды немесе 10 минут ішінде шетелдік көрсетілетін қызметті алушыға береді;

8. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылының) нәтижесі келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға беру;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына қарауға беру

3) көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысымен көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына қарауға беру;

4) көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын тексеріс, арнайы рұқсатты ресімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға беру;

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен арнайы рұқсатына қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкеріне беру;

6) курьер арқылы ХҚКО-ға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін жолдау немесе оны шетелдік көрсетілетін қызметті алушыға беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;

3) көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы;

4) көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы;

10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы ресімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен сәттен бастап бір сағат ішінде оны тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап және оларды көрсетілетін қызметті беруші автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына береді;

3) көрсетілетін қызметті беруші автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап және оларды көрсетілетін қызметті беруші автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына береді;

4) көрсетілетін қызметті беруші автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы:



жеті жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды белгіленген талаптардың сәйкестігіне тексереді;

арнай рұқсатты ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға жібереді;

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде арнайы рұқсатқа қолын қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері жібереді;

6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір сағат ішінде курьер арқылы ХҚКО-ға жолдайды немесе 10 минут ішінде шетелдік көрсетілетін қызметті алушыға береді.

11. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігінің сипаттамасы осы «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі - регламент) 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл блок-схемасында көрсетілген.

4. ХҚКО өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
12. ХҚКО-ға жүгінудің тәртібін сипаттау, отандық көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:

ХҚКО-ның қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға ХҚКО-ның қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған ақпараттық жүйе арқылы электрондық құжат нысанындағы құжаттардың көшірмесін жолдайды;

13. Құжаттардың топтамасын ХҚКО тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

ХҚКО көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

14. ХҚКО-ға құжаттарды тапсырған кезде ХҚКО-ның қызметкері отандық көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды көрсету арқылы оларды қабылдағаны туралы қолхат береді:

1) құжаттың нөмірі және қабылданған күнін;

2) сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауын;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;

5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;

6) көрсетілетін қызметті алушының жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе заңды тұлғалар үшін - атауы, байланыс деректері.

15. Мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы нәтижесін алу процесінің сипаты, оның ұзақтығы:

1) орындалған құжаттар түскен сәттен бастап 15 минут ішінде Сканер штрихкод арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдауы жүзеге асырылады;

2) көрсетілетін қызметті алушы жүгінгеннен кейін 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі беріледі.

16. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді ХҚКО қызметкері мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ақпараттық мониторинг жүргізу жүйесі арқылы алады.

17. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

18. ХҚКО құжаттарды қабылдау операциялық залда жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады, Портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

19. Көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру белгіленген нысанда тауарлы материалдық құндылықтарды алуға жеке өзі келуі және сенімхаттағы тұлғаны куәландыратын құжатты ұсынған кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін ондағы көрсетілген мерзімінде құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.

20. Портал арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат («pdf» нысанында) көшірмелерін қоса беруімен Портал арқылы электрондық сұрау салу (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуы);

2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуы түскеннен кейін Портал арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдер (іс-қимылы) кезеңділігі осы регламенттің 7 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Портал арқылы электрондық сұрау салу кезінде көрсетілетін қызметті алушының жеке «кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсету арқылы мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

21. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.

_________________________

«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігінің сипаттамасы


Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары

Көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы























_________________________
8
«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

ХҚО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы


Шартты белгілер:

Бастапқы хабарлама

Аяқталған хабарлама

Аралық хабарлама

Аяқталған жай оқиға

Қате


Ақпараттық жүйе

Барысы


Шарты

Басқару ағыны

Хабарламалар ағыны

Соңғы қолданушыға ұсынылатын электронды құжат

_________________________


9
«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

Портал арқылы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы


Шартты белгілер:

Бастапқы хабарлама

Аяқталған хабарлама

Аралық хабарлама

Аяқталған жай оқиға

Қате


Ақпараттық жүйе

Барысы


Шарты

Басқару ағыны

Хабарламалар ағыны

Соңғы қолданушыға ұсынылатын электронды құжат



_________________________





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет