Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Өзара әрекеттесу режимдерінің ұзақ мерзімді перспективалы жоспары қандай стратегиялық міндеттерді сипаттайды?
2. Түр ішілік және элементтер арасындағы өзара әрекеттер қай рангке қатысты?
3. Түр аралық өзара әрекеттер қай рангке қатысты?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г
2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта
11-дәріс. Өзара әрекеттесу формалары
Дәріс жоспары:
1. Өзара әрекеттесудің техникалық формасы
2. Өзара әрекеттесудің технологиялық формасы
Техникалық өзара әрекеттесу әр түрлі көлік түрлеріндегі техникалық құралдар параметрінің унификациясын, стандартизациясын және келісуін болжайды. Оның мақсаты — көліктік ағымдарды өңдеуде қолайлы шарттарды құру. Техникалық өзара әрекеттесуді толық жетілдірудің бірден-бір маңызды бағыты жүк тиелмейтін техниканың , контейнерлі және пакетті тасымалдаудың дамуы болып табылады.
Техникалық өзара әрекеттесу түйіндердегі әр түрлі көлік түрлерінің тұрақты құрылғыларының максималды біріккен орналасуын және функционалды біртекті құрылғылардың бірігуін қамтамасыз етеді. Техникалық өзара әрекеттесу көлік ағымдарының өлшеміне тәуелсіз құрылғыларды көшіруге тыйым салады, интенсивтік құрылғылар мен техниканы пайдалануда үнемдеуді және жұмысшы сандарының азаюын қамтамасыз етеді.
Түйіндерде біріккен функционалды біртекті құрылғыларға станциялар, (жалпы қолдануда сұрыпталған және өнеркәсіптік, біріккен жүк станциялары), вокзалдар, әр түрлі көлік түрлеріне билет сататын қалалық кассалар, өнеркәсіптік және магистралды көліктерді жөндеу құралдары, жүктерді ұзақ және қысқа мерзімді сақтау қоймалары және т.б.
Технологиялық өзара әрекеттесу технология мен технологиялар стандартизация бірлігі болғанда, түйіндердегі әр түрлі көлік түрлеріндегі жұмыстың комплексті жоспарлануы мен өзара байланысқан графиктері болғанда ғана болады. Ол өңдеудің оптималды режимін қамтамасыз етуге және көліктік ағымдарды жіберуге бағытталған.
Әр түрлі көлік түрлерінің технологиялық өзара әрекеттесуі түйіндерге мына жағдайларда жетеді:
Теміржолдық, автомобильдік, судағы және басқа да көлік түрлеріне бірлескен қозғалыс графигін қолдану;
Бірыңғай жоспарларды құруды енгізу және өзара әрекеттесетін көлік түрлеріне тасымалдаудың басып өтетін маршрутизациясын ұйымдастыру;
Қайта тиейтін пункттердегі жұмыстардың бірыңғай технологиясын өңдеу, аралас жолдардағы жүк тасымалдаудың күнтізбелік жоспарын енгізу;
Тиеп-түсіру пункттерінің жылжымалы құрылымда беруді жоспарлау нормасының аз мөлшердегі жүк жұмыстарының концентрациясы және барлық көлік түрлерін айқын байланыстыру;
Транспортты-экспедициялық қамтамасыз етуді толық жетілдіру, автокөлікпен жүкті әкелу мен әкетуді орталықтан ұйымдастыру;
Жүктердің тікелей нұсқасын пайдалану аймағын кеңейту;
Жұмыстың байланыс графигін қолдану;
Жүктерді тасу пункттерінде жұмысты диспетчерлік басқаруда автоматталған жүйені қолдану;
Көлік түйіндерінің жұмыс тәжірибесін алмасуды кең түрде енгізу.
Технологиялық өзара әрекеттесудің толық жетілуінің маңызды мүмкінділігі көлікпен автоматты басқарудың комплексті жүйесін енгізуді ашады (АСУЖТ, АСУ «Морфлот», АСУ «Речфлот», АСУ «Автотранс», АСУ «Аэрофлот», АСУ «Промтранспорт», АСУ қалалық жолаушылар көлігі, ірі көлік түйіндерінің АСУ ).
Достарыңызбен бөлісу: |