Көліктік логистиканы дамытудың негізгі бағыттары Уажанов Маргулан Уалханович



Дата20.06.2016
өлшемі184.79 Kb.
#149239
Көліктік логистиканы дамытудың негізгі бағыттары
Уажанов Маргулан Уалханович

Елдің экономикасының және өнеркәсібінің дамуында, сонымен қатар экспорттық-импорттық және транзиттік қатынастарда негізгі рөлді атқаратын темір жол және автокөлік түрлері болып табылады.

Қазақстанда көліктік қызметке сұраныстың жедел өсуіне байланысты «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамы (ары қарай «ҚТЖ» ҰК» АҚ) мен көліктік-логистикалық қызмет көрсететін «Каzlogistics» көліктік-логистикалық қауымдастығы бірқатар құрлықаралық жобаларды жүзеге асыруды бастады. Олардың қатарында, «Электронды пойыз» автоматтандырылған құжат айналымы, «АСУ Логистика» барлық көлік түрлерін автоматтандырылған басқару жүйесіне көшіру, «Чунцин-Дуйсбург» контейнерлік пойызы, «LPI» логистикалық климат-деңгейін көтеру» жобасы мен тағы басқалар бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Каzlogistics» көліктік логистиканы дамытудың ұлттық орталығы мен Қазақстанның ұлттық экспедиторлар қауымдастығы арасындағы меморандум негізінде, бұдан былай жүк жөнелтушілер, трейдер тасымалдаушы, кеден қарым-қатынастары реттеліп отырады[1].

Қазақстан Республикасының барлық көлік түрлері бойынша жүк айналымының көрсеткіштері төмендегі 1-ші кестеде көрсетілген.

1-ші Кесте. Қазақстан Республикасының барлық көлік түрлері бойынша жүк айналымының



көрсеткіштері [2].

Көрсеткіштер атаулары 

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012




Барлық көлік түрлері бойынша жүк айналымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 




млрд. т-км

283,1

296,3

328,5

350,5

369,7

337

385,3

448,8

478




өткен жылға пайызбен

109,3

104,7

110,9

106,7

105,5

91,2

114,3

116,5

106,5




Барлық көлік түрлері бойынша жүк тасымалдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 




млн. тонна

1840,5

1926,9

2023,4

2124,2

2188,7

2103,3

2439,4

2974,9

3231,8




өткен жылға пайызбен

109

104,7

105

105

103

96,1

116

122

108,6




3) 1998 жылдан бастап арналған серпінділік қатары ЭҚЖЖ-2007 нұсқасына сәйкес қайта есептелген.
















































Кестеде 2004 және 2012 жылдар аралығында барлық көлік түрлері бойынша жүк айналымының көрсеткіштеріннің өсімі, млрд. т-км шаққандағы, өткен жылға пайызбен, және барлық көлік түрлері бойынша жүк тасымалдау млн. тоннамен және өткен жылға пайызбен нақты көрсетілген.

2012 жылы  желтоқсан айында Каzlogistics Орталық Азия мемлекеттері экспедиторлары мен тасымалдаушылары қауымдастығы федерациясының құрамына енді. Бүгінде Халықаралық экспедиторлар қауымдастығының қатарына қосылуға тапсырыс беріп отыр.

Қазақстан Республикасының көлік жүйесі

Қазақстан Республикасы экономикасы тұрақты дамып келе жатқан және түрлі қызметтерінің көрсеткіштерін үнемі жақсартып отырған ел.

Республиканың көлік жүйесі темір жолы, өзен жолдары, теңіз жолдары, әуе, автокөлік, қала электрлі темір жолы және құбыр жолдары түрлерімен ұсынылған. Көлік түрлерін алғандағы жолдардың ұзақтығының қатынасы төмендегі кестеде көрсетілген (2-ші кесте).


2-ші кесте. Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің міңездемесі

Жолдардың түрлері

Жолдардың ұзақтығы,

мың км.


Жолдардың тығыздығы, км/ аумақтың 1000 шаршы км.

Қатты жабынды автокөлік жолдары

88.4

14.0

Темір жолдары

32.4

5.1

Пайдаланылатын ішкі су жолдары

3.9

1.5

Әуе трассалары

61.0



Сонымен қатар барлық көлік түрлерімен жүк тасымалының сызбасы (млн. тоннамен алғанда) төмендегі суретте көрсетілген


1 сурет. Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалының сызбасы (млн. тонн) [3].


Мемлекеттік стратегия көздеп отырған экономиканың әрта­раптандырылуы және осы жағдаймен байланысты жет­кізі­лім тізбегінің қиындауы, Кеден Одағы шеңберінде бәсе­келес­тіктің артуы, қазақстандық өнімді ғаламдық нарыққа қысылмай жет­кізу қажеттілігі Қазақстан экономикасының көліктік-логисти­калық жүйесін жаңа сапалық деңгейге кө­теруді талап етеді.

Қазіргі кезде ҚР аумағынан өтіп, өзге де теңіз және құрлықтық бағыттармен бәсекеге түсіп жатқан халықаралық көліктік дәліз­дердің әлеуеті толыққанды жүзеге асырылған жоқ.

Осыған орай республиканың тиімді стратегиясын жүзеге асыруға жаңа міндеттер жүктеді. Бұл стратегия жоғары бәсекелестік деңгейіне жететін көліктік-логис­тикалық жүйеге қол жеткізіп, келесі міндеттерді қамтиды:

– Қазақстанның Еуразиялық аймақтың басты логисти­ка­лық және транзиттік күшіне айналуы;

– Экспорттық әлеуетті барынша пайдалану және ұлттық экономиканың ішкі қажеттіліктерін өтеу;

– Халықтың бейінділігін арттыру.

Ол үшін көліктік-логистикалық жүйені қалыптастыру мен басқарудың қазіргі заманғы әдісін (көліктік-логистикалық бизнесі субъек­тілерінің, мемлекеттік бақылау, кедендік-шекаралық әкім­шілік органдарының, сондай-ақ инфрақұрылым нысан­да­рының өзара қарым-қатынас жүйесін қоса алғанда), Германия, АҚШ, БАӘ мен Сингапурдың ең озық әлемдік тә­жірибесіне сәйкес қолданатын кез келді.

Біз ел ішінде де, шетелде де көліктік-логистикалық ор­талық­тардың мықты желісін құруымыз қажет. Бұл жүк базасын қалыптастыруға, Қазақстан арқылы құрлық бағыттарын дамыта отырып жүк тасымалдаушылармен тікелей диалог жүргізуге мүмкіндік береді. Трансқұрлықтық дәліздердің экономикалық тиімділігін арттыру үшін жүк ағындардың қайнаркөзі жағында болу өте маңызды.[1]

Шығыс пен Батыс арасындағы көпірді қалыптастыру.

Жүйенің экспортқа бағытталған бөлігі Қазақстан ішінде шекаралық көліктік-логистикалық орталық желісінде негіз­деліп, Қорғас-Достық – шығыс қақпасы және батыс қақпасы – Ақтау айлағының маңызы зор.

Бұл ретте көліктік-логистикалық қызметке ыңғайлы инс­ти­туционалдық жағдай туғызу – негізгі міндеттердің бірі. Атап айтсақ, баға және маркетинг жағынан көліктік-логисти­калық на­рықты ырықтандыру, сапа стандарттары мен қызмет көрсетудің шартты талаптарын қалыптастыру, кедендік әкімшілендіру қағидаларын, механизмдері мен үдерістерін жетілдіру.

Әлемдік деңгейдегі көліктік-логистикалық жүйені үде­мелі қалыптастыру мен келешекте оны басқару – иннова­циялық және логистикалық тәсілдеме мен күш салуды қажет ететін миссия. Бұл үшін бірыңғай ұлттық логистикалық оператор қажет.

ҚР-дағы ең ірі көлік компаниясы – «Қазақстан темір жолы» трансұлттық деңгейдегі мультимодальды логистикалық операторды құруда негіз болмақ. Темір жол көлігі – жүкті қашыққа тасымалдауды үйлестірудің жоғары деңгейлі, ең тиімді тәсілі.

Нарықта өз жүк ағынын біріктіре алатын ірі мультимо­дальды көліктік-логистикалық компанияның логистикалық қызметінің пайда болуы болашақта оң нәтиже бермек. Егер:

– Әр модальділіктің (темір жол көлігі – алыс қашықтық, әуе көлігі – жақын қашықтық және терминалдарға дейін фидерлік тасымал) ерекшеліктерін ескере отырып, оңтайлы бағыт жасау;

– Әр түрлі көлік түрлерінің өзара қатынасы мен ор­талық­тандырылған басқару нәтижесінде түйісуінің тиімді­лігін арттыру;

– көліктік-логистикалық жүйені кешенді дамытуға бағыт­талған тұрақты бастамаларды енгізу және жүзеге асыру;

– Білім беруді және Қазақстан, алыс және жақын шет мемлекеттердің ішкі қажеттіліктерін өтеу үшін логистикалық құзыреттің халықаралық орталығын дамыту.

Әлемдік деңгейдегі көліктік-логистикалық компания құ­рудың көзге анық көрінетін негізгі артықшылықтарын қазіргі кездегі экспорт пен транзиттің көліктік-логистикалық тізбегін сараптай отырып көрсетуге болады.

Мәселен, сарапшылардың бағалауы бойынша, мультимодальды логистикалық оператор астықтың тоннасына көлік шығынын 184-тен 154 АҚШ долларына дейін, сондай-ақ жет­кізілім уақытын (Солтүстік Қазақстан – Амирабад айла­ғы) 25-тен 16 күнге дейін қысқарта алады.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ жаңа миссиясын жүзеге асыру көліктік-логистикалық жүйені дамыту бойынша келесідей бірінші кезектегі міндеттерді қарас­тырады:

– кең географиялық кеңістікте жүк ағындарын басқару жүйесі секілді көпдеңгейлі және тиімді басқарылатын көлік­тік-логисти­калық ішкі және сыртқы орталықтарының желісін дамыту;

– ірі өндірушілер мен тұтынушылар жанынан «құрғақ жүктер кемежай» тұжырымдамасын дамыту;

– жеткізілім тізбегін басқару мен шартты логистика қағидаларын еңгізу;

– контейнерлендіру деңгейін көтеру;

–жеткізілім тізбегі қатысушылары арасында транзакцияны арзандату мен тездету үшін инновациялық және ақпа­раттық технологияларды енгізу;

– жолаушыларға арналған әуежай мен жүрдек темір жол магистральдары жүйесін дамыту;

Транзиттік мүмкіндіктері.

Қазақстан Республикасының геосаяси рөлі, оның Европа және Азия арасындағы, сонымен қатар Ресей және Қытай арасында тарнзиттік көпір болуы, елдің евразия құрлығының орталығында орналасуымен анықталады.Сондықтанда, азия елдеріне Ресей және Европамен географиялық баламасыз жердегі көліктік байланысты ұсынатын белгілі бір транзиттік потенциалға ие.Қазақстан аумағымен өтетін транзиттік коридорлардың негізгі басымдылығы арақашықтықты маңызды түрде қысқартуы болып табылады. Европа және Қытай арасында Қазақстан арқылы қатынас жасауда тасымалдау қашықтығы теңіз арқылы қатынас жасағанмен салыстырғанда екі есеге дейін, және Ресей аумағымен транзит арқылы қатынас жасағанмен салыстырғанда мың километрге қысқарады екен [5].

Қазақстан сыртқы сауда баласын маңызды түрде бағытын өзгерте алуға қажетті потенциалға да ие. Бұл жағдай елдің ерекше транзиттік мүмкінділігмен байланысты:

-Қазақстан Республикасының аумағы негізгі макроэкономикалық полюстар – Европалық Одақ және

Азиат-Тынық мұхит аймақтары, Америка және Евразия елдері аралығында жүк ағымдарына арналған құрғақ жердегі көпір бағытында орналасқан;

-Транзиттік жүктерді жеткізу уақытын қысқарту.

Қазақстан Республикасының сыртқы сыртқы сауда айналымының көрсеткіштері төмендегі 2 суретте көрсетілген. «Шекара маңындағы көліктік-логистикалық орталықтар желісін дамыту аса маңызды. Соның ішінде Қорғас-Достық Шығыс қақпасы мен Батыс қақпа — Ақтау теңіз портының жұмысы ерекше маңызға ие.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика жүйесіне көліктерді топтастыруда

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің кеңесшісі — «Каzlogistics» көліктік -логистикалық қауымдастығы Президиумының төрағасы Юрий Лавриненко «Біз өзіміздің рөлімізді жалпыкөліктік жүйелі жұмыстардағы проблемаларды шешуден және саладағы түйіспе нүктелердегі өзара қарым-қатынасты жақсартудан іздейміз» деп атап өтті.[1]

Қауымдастық Қазақстанның көліктік-логистикалық саласындағы жалпы өзекті мәселелер туралы, ақпараттарды жинақтап www. Каzlogistics.kzпорталына жариялап, орын алған кемшіліктерді шешуде.

«Қазақстан-Жаңа Жібек жолы» ғаламдық жоба шеңберінде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Interrail Holding AG компаниясымен бірлесіп «Ухань» (ҚХР) — Пардубице (Чехия) бағытымен пилоттық контейнерлік пойызын жіберді. Жаңа маршрут бойынша Foxconn зауытының өнімімен жүк тасымалы ұйымдастырылды. Қанатқақты жобаның құжаттары «электрондық пойыз» стандарттарына сай рәсімделді. Бұл маршрут бойынша жүк тасымалдары бірнеше көрсеткіш бойынша алда келе жатыр.


2-ші сурет. Қазақстан Республикасының сыртқы сыртқы сауда айналымы (млн АҚШ долларымен) [3].


«Ухань» (ҚХР) — Пардубице (Чехия) жаңа контейнерлік пойызы техникасы бар 50 контейнерлерден құралған. Тапсырыс беруші ретінде әлемдік нарықта Foxconn атымен танымал «Hon Hai Percision Industry Co. Ltd." Тайван компаниясы шықты. Құрам Ухань қаласынан 2012 жылдың 24 қазанында жіберіліп, Қазақстан шекарасына 5 күн ішінде жетті.

Достық қайта тиеу станцасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның, ҚҰЭА және «Кедентранссервис» компанияларының бірлескен көмегімен пойыздың шекара арқылы тез арада өтуі ұйымдастырылды. «Электрондық пойыз» жобасы аясында алдын-ала рәсімдеу кедендік, ақпараттандырылғанның арқасында контейнерлік құрам 1,5 сағатта рәсімделді. Ұшқыштық пойызды тар жолдан кең жолға ауыстыру тез уақытта, яғни 10 сағатта жүзеге асты.

Жүйеленген жұмысқа және пойызға «шапшаң пойыз» атауы берілгеніне байланысты контейнерлік пойыз Қазақстан территориясын 3 қарашада аттанып, Достык-Илецк-Красное-Брест-Малашевиче-Пардубице бағытымен жіберілді, 3087 шақырым қазақстан бөлігін тәулігіне 768 шақырыммен 3 күн 22 сағатта өтті.

2012 жылдың 9-шы қарашасында жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 12-де, 14 күнде 10 569 км-ді қашақтықты өткеріп, контейнерлік пойыз тағайындалған станцаға Пардубице Чех қаласына келді. Бұл контейнерлік пойызда ең бірінші Кедендік ұйымдағы мемлекеттердің кедендік органдарымен жүк туралы ешқандай транзиттік декларациясыз алдын-ала, ақпарат алмасу қолданылды. Электрондық декларация контейнерлік пойыздың шапшаңдауын қамтамасыз етті.

Жобаның бірегейлігі — көліктік логистика саласындағы әлемдік көшбасшылармен белсенді өзара қарым-қатынас орнату үшін «Ғаламдық әріптес» аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ және Interrail Holding AG бірлескен күшімен ұйымдастырылған бірінші контейнерлік пойыз.

Сонымен қатар Ухань-Пардубице ұшқыштық пойызы ҚХР-нан Еуропаға дейін Қазақстан территориясында меншікті жылжымалы құраммен- фитингтік платформа, телім бойынша тасымалдау жүргізу «1520» стандартына сәйкес, «Кедентранссервис» АҚ-ның жіберу шартына сәйкес бірінші транзиттік пойызы.

Контейнерлік пойыздарды дамыту ҚХР-нан Еуропаға дейін жүк дәлізі бойынша Қазақстан арқылы өткізу бүгінгі күні басымдылыққа ие. «Чунцин-Дуйсбург» жобасын,Ухань-Чехия ұшқыштық контейнерлік пойызын «Қазақстан-Жаңа Жібек Жолы» ғаламдық жобаның тағы бір бөлігі деп атауға болады.

Достық станциясында жүк айналымы 30 пайызға өсті. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда алғашқы апталардың қорытындысын осылай деп бағалады.


2013 жылдын Қаңтардың 24-індегі мәлімет бойынша, Достық станциясында 1185306 тоннаны құрады. Оның ішінде Қытайға 791758 тоннаны экспортқа шығарса, 393548 тонна жүкті қабылдады. Өткен жылдың осы мерзімінде Достық станциясындағы жүк айналымы 902577 тоннаны құраған болатын. Оның ішінде экспортқа 557508 тонна болса, 345069 тонна жүк елге енгізілген. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жүк айналымы 282729 тоннаға артып, 31,3 пайызды құраған. Өткен жылғы желтоқсанда Қазақстан мен Қытай арасында ашылған екінші темір жол өткелі арқылы қаңтардың 24 күнінде 17164 тонна жүк тасымалданған [6].

Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының негізгі тауарлар тобы бойынша экспортының құрылымын төмендегі 3 суреттен көруге болады.




3сурет. Қазақстан Республикасының негізгі тауарлар тобы бойынша экспортының құрылымы[3].


Көліктік-логистиканы зерттеу саласында стратегиялық серіктестік пен көлік логистикасы саласындағы барлық жаңа бизнес-бастамалар және  жобалардың үйлестірушісі қызметін атқаруды көздеу мақсатында «Көліктік логистиканы дамыту Ұлттық орталығы» АҚ «Қазақстан темір жолы» (ары карай «КЛДҰО» АҚ) Ұлттық компаниясы жанынан құрылды.

Орталықты құрудың басты алғышартына 2016 жылға қарай Қазақстанды аймақтың сауда, логистика және іскерлік хабы ретінде қалыптастыруды қамтамасыз ету.

«КЛДҰО» АҚ құру мақсаты «ҚТЖ» ҰК» АҚ алдына қойылған біріктірілген логистика операторы қызметінің аясында көліктік-логистика жүйесін дамыту, сонымен қатар логистика қызметінің толық спектрін көрсету болып табылды.

Көліктік саясат сұрақтары бойынша шешімдерді қабылдау үшін, ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету, сүйемелдеу, сонымен қатар тәжірибелік кепілдемелерді жасау арқылы елдің көліктік-логистика әлеуетіне көмектесу — Орталық үшін қызметтің келешегі бар бағыттары болмақ. Логистика орталығы сонымен қатар, сала мамандары үшін конференциялар мен бизнес-форумдарды, біліктілікті арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды, көліктік логистика туралы бірыңғай, ақпараттық порталды құруды және Қазақстан Республикасындағы логистика операторлары мен экспедиторлық компаниялар үшін жолсілтеме анықтамасын шығаруды жоспарға қойып отыр.

«Көліктік логистиканы дамыту Ұлттық орталығы» АҚ экономика және қоғамның көлік қызметтері бойынша мұқтаждарын толық қамтамасыз ету үшін көліктік логистиканы оқу мен дамыту және көліктік-коммуникациялық кешен дамуын қамтамасыз ету саласында тиімді жұмысты қалыптастырып атқарады. Орталық көліктік логистика саласындағы барлық жаңа бизнес-бастамалар мен жобалардың үйлестірушісі, көліктік-логистика зерттеулері саласындағы стратегиялық серіктестік, Supply Chain Management провайдері және логистика саласындағы ассоциациялар мен форумдар өзара әрекетінің үйлестірушісі ретінде шығады

Мақсаттары:

Қоғам көліктің барлық түрлерімен халықаралық жүк  тасымалдауларының және сыртқы  экономикалық және  транзиттік жүк ағымдары нарығындағы өзгерістердің тұрақты мониторингін жүзеге асыру мақсатында құрылған.

Қазақстан Республикасындағы тиімді көліктік-логистикалық секторын дамыту мен қалыптастыруға көмектесу Қоғамның негізгі қызметі болып табылады.

Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру Жарғысына сәйкес, Қоғам қызметтің төмендегі түрлерін жүргізеді:

Қазақстан Республикасының көлік саясаты және көліктік-логистиканы дамыту саласында зерттеулерді жүргізу;

көліктік-логистика саласында перспективалы бағыттарды және транзиттік жүк, ағымдары үшін коридорларды анықтау бойынша зерттеулерді жүргізу;

Қазақстан Республикасы мен шетелде көліктік-логистика қызметтері нарығының маркетингтік зерттеулерін жүргізу;

көліктік-логистика қызметтерінің саласында сараптамалық қорытындыларды жасау мен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, логистика қызметтерінің экспорттық әлеуетін жүзеге асыру үшін стратегиялық жобаларды анықтау;

көліктік-логистика қызметтерін дамыту сұрақтары бойынша мемлекеттік органдарға, өндірістік кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға және жеке тұлғаларғақпараттық және кеңестік қызметтерді көрсету;

көліктік-логистика саласын дамыту сұрақтары бойынша конференциялар мен бизнес-форумдарды өткізу, сонымен қатар көліктік-логистика қызметтерінің саласында мамандарды даярлау бойынша тренингтер мен семинарларды өткізу;

көлік пен логистика және сала бастамаларының бизнесін нығайту саласында ассоциациялармен өзара әрекеттесу;

ортақ зерттеулерді жүргізу, техникалық тапсырмаларды даярлау, ортақ кепілдемелер мен ұсыныстарды жасау сұрақтары бойынша отандық және шетелдік сарапшылармен, кәсіпорындармен, дамыту институттарымен, халықаралық институттармен және басқа да ұйымдармен өзара әрекеттесу;

түрлі форматтар мен басылымдарда әдістемелік, анықтамалық-ақпараттық әдебиеттерді, ғылыми және сараптамалық зерттеулер нәтижелерін дайындау, басып шығару және тарату;

көліктік-логистика қызметтерін дамыту индикаторларының жедел мониторингі үшін мәліметтердің ақпараттық-статистикалық базасын құру;

Қазақстан Республикасының көліктік-логистика секторына инвесторлар мен транзиттік, ағымдарды тарту, көлік логистикасы саласында қазіргі заман механизмдерін енгізу бойынша маркетингтік шараларды өткізу.

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялвр министрлігінің ақпараттарына сүйенсек тақаудағы 5-10 жылда елімізде 20-ға жуық көліктік-логистикалық орталықтар құру қажет деп отыр. Оның 15-сі орташа көліктік-логистикалық орталықтары, барлық облыс орталықтарныда құрылса ал 5-і ірі аймақтық орталықтарында құрылады дер отыр. Мұндай орталықтар желісін құрмай, ірі көлемдегі транзитті елге тару күрделі болады деп отыр.Қазіргі қалыптасқан көліктік-логистикалық қызмет көрсету нарығы жеткіліксіз дамыған, тек қана сонғы екі-үш жылда ғана осы бағдарламаны іске асырудың ірі жобалары пайда болды.[4]

Министрлік өкілдерінің айтуы бойынша логистикалық орталықтарды құру жобасының жетістігі жобаға әлемдік көліктік құрылымдарын, жүк жіберушіліерді, оның ішінде Қытайдың, Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің, Европаның, Ресейдің жүк жіберушілерін тартумен байланысты деп отыр.

Сонымен қатар логистикалық орталықтарды құруда қазақстан бизнесінің лидерлерінің инвестициялық мүмкінділігі және бірлесіп жұмыс жасау ұсыныстары да қарастырылуда.

Қазақстан логистикасы және теміржол инфрақұрылымы дамыған әлемдегі 40 елдің қатарына енуге ниетті

«Қазақстан темір жолы» компаниясы 2020 жылға дейін Дүниежүзілік банктің рейтингіндегі Қазақстанның логистикалық даму индексін 86-дан 40-шы орынға дейін көтеру мақсатын көздеп отыр.
Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен «ҚТЖ ҰҚ" АҚ-ның 2012 жылдың қорытындысы мен 2013 жылдың басым бағыттарына арналған кеңесте аталған компанияның басшысы Асқар Мамин мәлім етті.

Дүниежүзілік банктің логистиканы дамыту индексінің мақсатты мән-мағанасын ескере отырып, біз өзіміздің алдымызға 155 елдің ішінде 2020 жылы 40-шы орынға жету мақсатын қойдық. Ол үшін бізге орта мерзімді кезеңде, яғни 2015 жылға қарай рейтингтегі 86-шы орыннан 50-шігеауысуды қамтамасыз ету қажет», — деді А. Мамин.

 2013 жылдың жоспарларына тоқталған ҚТЖ басшысы, жүк айналымы жылына 236,7 млрд. көлемінде жоспарланып отырғандығын жеткізді.

Сонымен қатар жолаушылар тасымалы айналымы 16 млрд. жолаушы-шақырымнан кем болмайды деп күтілуде. Бұдан бөлек кіріс 922 млрд. деңгейінде, таза табыс 125 млрд. теңгеден төмен болмайды деп болжануда.

Ал Алматы облысы Панфилов ауданындағы "Алтынкөл" темір жол бекеті келесі жылдан бастап тәулігіне 1700 контейнерді тиеуге қол жеткізбек. Бекет басшысы Вячеслав Мироновтың айтуынша, қазір олар күніне 217 контейнер тиеуде. 2012 жылдың 22 желтоқсанында алғашқы пойызды қабылдаған олар қазірдің өзінде 1миллион  350 мың тонна жүк тиеп, қазақстандық жаңа рекордқа қол жеткізіп отыр.

"Достық" темір жол бекеті жүк тиеуде өзінің алғашқы миллион тоннасына 4 жылдан кейін ғана қол жеткізген болатын. Біз бұл межені биыл 1 қыркүйекте бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде бағындырдық. Тиелген жүктің көлемі бүгінгі таңда тәулігіне 217 контейнерді құрауда. Ондағы ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіш 350 контейнер болды.



Бұған дейін "Достық" темір жол бекетін басқарған ол онда жинақталған тәжірибесін енді "Алтынкөлде" толық жүзеге асыруға жұмсамақ. Ол "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының Қазақстан аумағындағы бөлігіне жақын орналасқан. Орталықты бұдан ары қарай дамытуда арнайы экономикалық аймақ - халықаралық маңызы зор "құрғақ жүк айлағы" бар "Қорғас-Шығыс қақпасының" болашағына зор сеніммен қарайтын В.Мироновтың сөзіне қарағанда бүгінгі таңда әлемде мұндай 56 "құрғақ жүк айлағы" бар. Мәселен ешқандай табиғи қазба байлықтары жоқ Сингапур көліктік логистикалық орталық құру арқылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімінің көлемі бойынша дүниежүзінде 2-3 орында келе жатыр. Ал БАӘ-дегі Дубайдағы "құрғақ жүк айлағы" қаланың жалпы ішкі өнімінің 55 пайызын береді. Олар да Қазақстанның аймақта ірі көліктік логистикалық орталық құрып жатқанын естіп, арнайы келіп бәрін өз көзімен көріп, жобамен танысқан соң болашақта бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екендіктерін жеткізген [6].




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет