Колпек айнагүл марганец тұздарының протондалған карбамидпен кешенді қосылыстары 02. 00. 01 Бейорганикалық химия



бет1/3
Дата18.07.2016
өлшемі0.84 Mb.
#207983
түріАвтореферат
  1   2   3
ӘОЖ 541.123.31:547.55.42 Қолжазба құқығында


КОЛПЕК АЙНАГҮЛ

Марганец тұздарының протондалған карбамидпен кешенді қосылыстары

02.00.01 - Бейорганикалық химия

Химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


авторефераты

Қазақстан Республикасы

Павлодар, 2009

Жұмыс С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті биология – химия факультеті химия және химиялық технологиялар кафедрасында орындалған.



Ғылыми жетекшілері:

химия ғылымдарының докторы,

профессор Ерқасов Р.Ш.


химия ғылымдарының кандидаты, доцент Рысқалиева Р.Ғ.



Ресми оппоненттері:

Химия ғылымдарының докторы,

профессор Қамысбаев Д.Х.


Химия ғылымдарының кандидаты,

доцент Оралова А.Т.





Жетекші ұйым:

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Қорғау 2009 жылы «29» қыркүйекте сағат 1100 – де Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің БД 14.07.01 диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен жайы: 100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, химия факультеті, отырыс залы.

Диссертациямен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат «___» маусымда 2009 ж. таратылды.


БД 14.07.01 диссертациялық

кеңесінің ғалым хатшысы, х.ғ.д. профессор Әмірханова Ш.К.

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Тақырыптың өзектілігі. Соңғы кездегі химия ғылымдарының басты мақсаттарының бірі ғылыми – практикалық маңызы зор жаңа күрделі кешенді қосылыстарды алу, сонымен қатар олардың оңтайлы түзілу жолдарын іздеу, құрылымын және қасиеттерін зерттеу болып табылады. Бүгінгі таңда құрамында белсенді биометалл тұздары, амид және бейорганикалық қышқыл бар кешенді қосылыстарды алу өзекті мәселеге айналып отыр. Амид молекуласында карбонилді топтағы оттек және аминтоптағы азот атомдары сияқты екі электрондонорлы орталықтың болуы, оларға іргелі теориялық зерттеу жобасының негізін сала отырып, оларды ерекше қасиетпен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа бастапқы амидтер мен металл тұздары биологиялық белсенді қосылыстарға жатады, сонымен қатар амидтегі әртүрлі функционалды топтар оларды органикалық синтез үшін қолайлы өнім ретінде қолдануға мүмкіндік тудырады.

Бейорганикалық қышқылдардың амидтермен және биометалдармен әрекеттесуі нәтижесінде түзілген өнімдерді және үрдістерді жүйелі зерттеудің нәтижесінде әр түрлі мақсаттарға кеңінен қолданылатын екілік қосылыстардың саны артқандығы айқындалды. Мұндай қосылыстар химиялық өндірістерде, ауыл шаруашылығында, медицинада және органикалық синтез үшін көптеп қолданылады.



Мәселенің зерттеліну дәрежесі. Әлемдік тәжірибеде құрамында бірмезгілде металл тұзы, амид және бейорганикалық қышқыл болатын кешенді қосылыстарды алу әдістерінің әр түрлі жағдайлары қарастырылған. Биометалл тұздарынан, карбамидтен және бейорганикалық қышқылдан тұратын әр түрлі лигандты кешенді қосылыстарды алу әдістерін талдаумен әл – Фараби атын-дағы ҚазҰУ – нің бейорганикалық химия кафедрасының қызметкерлері айналысады. Олар тек қана биометалл тұзы – карбамид – бейорганикалық қышқыл – су төрттік жүйелерін зерттеп, осы әдіс арқылы алынатын әртүрлі стехиометриялық құрамдағы кешенді қосылыстардың санын арттырып қана қоймай, сонымен қатар кейбір жаңа қосылыстардың іс жүзінде қолданылатын аймақтарын және олардың түзілу заңдылықтарын да анықтады.

Жұмыстың ғылыми бағдарламалар жоспарымен байланысы. Диссертациялық жұмыс бұрынғы жоспарға сәйкес жүргізілген жұмыстың жалғасы болып саналатын С.Торайғыров атындағы Павлодар мемелекеттік университетінің химия және химиялық технологиялар кафедрасында «s- және d- металдардың протондалған карбамидпен физиологиялық активті кешенді қосылыстар түзілуінің негізін жасау» тақырыбы бойынша жүргзіліп отырған жұмыстың жоспарына, Қазақстан Республикасының БҒМ-нің мемлекеттік тіркеу номері 0197 ҚР 00549 және 0101 ҚР 010012 «Қазақстанның органикалық және бейорганикалық шикізаттарынан алынған материалдар мен заттардың физика – химиялық қасиеттерін зерттеу» атты іргелі зерттеу бағдарламасына сәйкес келеді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Ерігіштік әдісімен 25 0С температурада марганец тұздарының сулы ерітінділерде протондалған карбамидпен әрекеттесу үрдісінің заңдылықтарын анықтау, алынған қосылыстардың физика – химиялық қасиеттерін, құрылымын зерттеу және практикалық маңызын айқындау.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін төмендегі бағыттарда зерттеу жұмыстары жүргізілді: марганец тұзы – карбамид – бейорганикалық қышқыл – су төртқұрауышты жүйенің 25 0С температурада ерігіштігін зерттеу; зерттеу нәтижесінде түзілген жаңа қосылыстардың құрамын анықтау және оларды синтездеудің оңтайлы әдістерін қарастыру; зерттелетін жүйедегі құрауыштардың бір – бірімен өзара әсері заңдылықтарын, түзілген кешенді қосылыстардың ерігіштігін анықтау; синтезделген жаңа қосылыстарды химиялық, физикалық, физика – химиялық әдістер арқылы идентификациялау (сәйкестендіру); синтезделген кешенді қосылыстардың құрылымын зерттеу.



Зерттеу нысандары. Марганец хлоридінің (бромиді, йодиді, перхлораты, сульфаты, нитраты) протондалған карбамидпен кешенді қосылыстары

Зерттеу пәні. Марганец тұздары – карбамид – бейорганикалық қышқыл – су төртқұрауышты жүйелерінің 25 0С температурада ерігіштігін, осы жүйелердегі түзілген кешенді қосылыстардың түзілу заңдылықтарын, жаңа қосылыстардың құрылымын және қасиеттерін зерттеу, сондай – ақ олардың қолданылатын аймақтарын қарастыру.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Алғаш рет: 25 0С температурада құрамында марганец хлориді (бромиді, йодиді, перхлораты, сульфаты, нитраты) – карбамид – сәйкес қышқыл – су болатын алты төртқұрауышты жүйенің ерігіштігі зерттелді; нәтижесінде үш құрауышты жүйелердің ерігіштігін зертеген кезде алынған екілік қосылыстар және бір мезгілде құрамында бастапқы құрауыштармен бірге үшінші құрауыш болатын 19 жаңа үштік кешенді қосылыс түзілді; зерттелген жүйелердегі қосылыстардың өзара әсері заңдылықтары, түзілген кешенді қосылыстардың ерігіштік сипаттамалары анықталды; түзілген 19 жаңа кешенді қосылысты лаборатоиялық жағдайда алудың оңтайлы әдістері қарастырылды; жаңа кешенді қосылыстар химиялық, физикалық және физика – химиялық әдістер арқылы, органикалық еріткіштерде ерігіштігін, тығыздығын, балқу температураларын анықтау арқылы сәйкестендірілді; кейбір кешенді қосылыстарға квантхимиялық есептеулер жүргізу нәтижесінде, олардың геометриялық, энергетикалық электрондық параметрлері анықталды.

Жұмыстың теориялық құндылығы және практикалық маңызы. Зерттелінген жүйелердегі әрекеттесу және жаңа қосылыстардың түзілуі бейорганикалық химия және көпқұрауышты жүйелердің физика – химиялық талдау саласындағы кешентүзілу, кешенді қосылыстардың құрылымын дамыту теориясынына үлкен үлес қосады. Бірінші рет синтезделген кешенді қосылыстардың физика – химиялық қасиеттері мен құрылымы туралы мәліметтер анықтамалық материал болып табылады.

Жүргізілген құбылыстардың нәтижелері және жүйелердің әрекеттесуінен алынған өнімдер Павлодар мемлекеттік университетінің химия және химиялық технологиялар кафедрасында оқытылатын «Көпкомпонентті жүйелерді физика – химиялық талдау» және «Кешенді қосылыстардың химиясы» пәндері бойынша арнайы курс дәрістеріне қосымша құрал ретінде ұсынылып отыр.

Алынған геометриялық, электорндық энергетикалық сипаттамалар карбамидтің реакциялық қабілеттілігін анықтау үшін және стандарттық мән ретінде ұсынылады. Синтезделген қосылыстардың кейбіреуін ауыл шаруашылығында өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін микротыңайтқыш ретінде қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.

– 25 0С температурада марганец тұздарының карбамид қатысында қышқылдық ортадағы ерігіштігі;

– марганец хлориді (сульфаты, бромиді, нитраты, йодиді, перхлораты) – карбамид – хлорсутек (бромсутек, йодсутек, күкірт, азот, хлор) қышқылы – су жүйелерінде 25 0С температурада кешен түзілу үрдістерінің заңдылықтары;

– марганец тұздарының протондалған карбамидпен әр түрлі лигандты 19 жаңа кешенді қосылысты алу әдістемесі және оларды химиялық, рентгенфазалық талдау әдістері арқылы идентификациялау, алынған қосылыстар құрамының физика – химиялық қасиеттері;

– кейбір кешенді қосылыстардың геометриялық өлшемдері және болжамды құрылымы.

Жұмыстың дәйектелуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияларда: «Шоқан тағылымы - 13» (Көкшетау, 2008), «Научные дни - 2008» (Днепропетровск, София, Белгород, 2008), «Nowocesnych naukowych osiagniec – 2008» (Днепропетровск, Przemysl, 2008), «Naukowy potencjal swiata – 2008» (Днепропетровск, Przemysl, 2008), «Veda teorie a praxe – 2008» (Днепропетровск, Прага, 2008), «Настоящи изследования – 2009» (Днепрпетровск, София, 2009), «Химия және химиялық технология бойынша VІ халықаралық Бірімжанов съезінің еңбектері» (Қарағанды, 2008), «Шоқан тағылымы - 14» (Кокшетау, 2009), «Strategiczne pytania swiatowej nauki – 2009» (Przemysl, 2009) баяндалды және талқыланды.

Автордың жеке үлесі. Жұмыстың тақырыбы бойынша әдеби маиериалдарды біріктіру және талқылау, жұмыстың тәжірибелік бөлімін орындау, алынған нәтижелерді талдау және өңдеу, оларды ғылыми мақала түрінде шығаруда ізденуші тікелей өз үлесін қосты.

Басылымдар. Жұмыстың нәтижелері бойынша барлығы 14 ғылыми жұмыс, оның ішінде 5 мақала ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің басылымдары тізіміне енетін журналдарда, ал 9 Халықаралық ғылыми конферециялардың жинақтарында жарық көрді.

Жұмыстың құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыстың жалпы көлемі 116 бет. Жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады. Жұмыста 17 сурет және 14 кесте бар. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 151.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ

Зерттеу тақырыбының таңдалынуы марганец тұздары – карбамид – бейорганикалық қышқыл – су төртқұрауышты жүйенің 25 0С – тағы ерігіштігін зерттеуге, протондалған карбамид пен марганецтің кешенді қосылыстарын синнтездеуге, оларды идентификациялауға, алынған қосылыстардың практикалық маңыздылығына негізделген.



Кіріспеде зерттеу жұмысының таңдалып алынған бағыты түсінділіп, тақырыптың өзектілігі мен ғылыми жаңалығы, негізгі мақсаттары мен міндеттері, сонымен қатар практикалық құндылығы көрсетілген.

Әдеби шолу бөлімінде (І бөлім) бастапқы құрауыштардың физика – химиялық қасиеттеріне (карбамид, марганец тұздары, бейорганикалық қышқылдар), карбамидтің бейорганикалық қышқылдармен және марганец тұздарымен әрекеттесу әдістеріне шолу жасалынған.

Екінші бөлімде протондалған карбамидпен марганец тұздары қосылыстарын алудың физика – химиялық негіздері, марганец тұздарының протондалған карбамидпен әрекеттесуін зерттеу әдістемесі, 25 0С – тағы марганец тұздары – карбамид – бейорганикалық қышқыл – су жүйелеріндегі ерігіштікті зерттеу нәтижелері келтірілген, сондай – ақ қышқыл ерітінділерінде марганец тұздарының протондалған карбамидпен әрекеттесуінің негізгі заңдылықтары анықталды.

Үшінші бөлімде лабораторияда жаңа қосылыстарды синтездеу және олардың кейбір физика – химиялық сипаттамалары берілген. Қосылыстар химиялық және рентгенфазалық әдістер арқылы, олардың балқу және айрылу температураларын, органикалық еріткіштерде ерігіштігін, тығыздығын зерттеу арқылы сәйкестендірілді. ИҚ – спектрлік зерттеу әдістемесі арқылы протондалған карбамидпен марганец тұздарынан синтезделген 19 кешенді қосылыстың болжамды құрылымы анықталды.

Өсімдіктердің өнімділігін арттыруда қосылыстардың тыңайтқыштық қасиетінің белсенділігі бойынша мәліметтер келтірілген.



Төртінші бөлімде марганец тұздарының протондалған карбамидпен кешенді қосылыстарының құрылымын квантхимиялық зерттеу әдістері және оның нәтижелері берілген.

Тәжірибе әдістемесі

25 ºС – тағы марганец тұздары – карбамид – қышқылы – су жүйелеріндегі ерігіштігін зерттеу төртінші құрауыштың белгілі мөлшерін концентрациясы өсетіндей етіп қосқанда пайда болатын эвтоникалық нүктелер құрамынан тұратын карбамид – қышқыл – су және металл тұзы – карбамид – су үшқұрауышты жүйелерінде жүргізілді. Қатты фазаның құрамын анықтау үшін тек химиялық талдау ғана емес, сонымен қатар МИН – 8 микроскобының көмегімен кристаллооптикалық анықтау әдістемесі қолданылды. Ерігіштік бойынша массалық процентпен алынған тәжірибелік мәліметтер Гиббс – Розебомның тең қабырғалы үшбұрышында график түрінде көрсетілген. Марганец хлориді – карбамид – хлорсутек қышқылы – су төртқұрауышты жүйесіндегі ерігіштік бойынша алынған нәтижелер 1 – суретте келтірілген. Қатты фазамен тепе – теңдікте тұрған (1 – нүкте), + (17 – нүкте), + (60 – нүкте) марганец хлориді – карбамид – су жүйелерінің эвтоникалық ерітіндісіне хлорсутек қышқылының мөлшерін өсетіндей етіп қосқанда жоғарыдағы заттар кристалданады және құрамы төмендегідей: , жаңа кешенді қосылыстар

Сурет 1 –

жүйесінің 25 0С – тағы ерігіштігі изотермасының орталық проекциясы


түзіледі. Осы қосылыстардың түзілуі кристалдану изотермасы бойындағы 5, 23 – 27 және 11, 34, 48 – 52 нүктелерге сәйкес келеді.

Қатты фазамен тепе – теңдікте тұрған (18–нүкте) және +(35–нүкте)

карбамид – хлорсутек қышқылы – су жүйелерінің эвтоникалық ерітінділеріндегі марганец хлоридінің мөлшерін арттырған кезде қатты фазада жоғарыдағы заттар


кристалданады және құрамы 1:4:2, 1:2:1 (марганец хлориді:карбамид: қышқылдың мольдік қатынастары) болатын қосылыстар түзіледі.

Сонымен қатар осы жүйенің ерігіштік изотермасында марганец хлориді – карбамид – су және карбамид – хлорсутек қышқылы – су үшқұрауышты жүйелерін зерттеген кезде белгілі болған екілік қосылыстардың кристалдану салалары да бар: , және , .



жүйесіндегі ерігіштікті зерттеген кезде, және үштік жүйелерін зерттегенде белгілі болған бастапқы эвтоникалық құрамдардың кристалданатыну аймағы және екілік қосылыстардың түзілетіні белгілі болды. Олар: , , , және , . Сондай – ақ құрамы 1:4:1, 1:2:1, 1:1:1 (марганец бромиді:карбамид:бромсутек қышқылының мольдік қатынастары) болатын жаңа кешенді қосылыстар түзілуінің концентрациялық шегі анықталды.

жүйесінде бастапқы эвтоникалық құрамдардың кристалдану аймағы, марганец бромидінің және бромсутек қышқылының карбамидпен құрамы , , , және , , болатын екілік қосылыстардың түзілетіні белгілі болды. Осы жүйеде екілік қосылыстардан басқа құрамында бастапқы үш құрауыш та болатын жаңа қосылыстың қатты фазаға бөліну аймағы анықталды: , , , .

жүйесіндегі ерігіштікті зерттегенде және үшқұрауышты жүйелерінің эвтоникалық құрамдары кристалдануының концентрациялық шегі және олардан , , , , екілік қосылыстар түзілетіні, сондай – ақ төмендегідей жаңа қосылыстардың қатты фазаға бөліну аймағы белгілі болды: , және .

жүйесінен бастапқы эвтоникалық құрамдардың кристалдану саласы және , үшқұрауышты жүйелерінен түзілген екілік қосылыстардың , , , түзілу аймағы және құрамы , , болатын жаңа кешенді қосылыстардың кристалдануының концентрациялық шегі табылды.

жүесіндегі ерігіштікті зерттеу нәтижесінде карбамидтің азот қышқылымен және марганец нитратымен әрекеттескенде түзілетін екілік қосылыстардың , , түзілетіні және бастапқы эвтоникалық құрамдардың кристалдану саласы анықталды. Сонымен қатар зерттелген жүйеледен құрамы , және болатын жаңа үштік қосылыстар тузілуінің концентрациялық шегі табылды.

Қышқыл ерітінділерінде марганец тұздарының карбамидпен әрекеттесуінің негізгі заңдылықтары

Қарастырылған изотермаларды талдай отырып, құрауыштардың белгілі қатынастарында марганец тұзы – карбамид – сәйкес бейорганикалық қышқыл – су төртқұрауышты жүйелерінде, үшқұрауыштан тұратын жүйелердің ерігіштігін зерттеген кезде түзілген барлық қосылыстар кристалданатыны анықталғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар олардан басқа бірмезгілде құрамында марганец тұзы, карбамид және қышқыл болатын жаңа қосылыстар түзіледі.

Зерттелген жүйелердегі үштік қосылыстардың түзілуіне әкелетін қышқылдық – негіздік әрекеттесулердің нәтижесі төмендегідей реакциялардың жүрілуіне әкелуі мүмкін (мысал ретінде жүйесін қарастырайық):







Келтірілген реакция теңдеулерінен, марганец перхлоратының протондалған карбамидпен үштік қосылысының түзілуі екілік қосылыстардың құрамынан қышқылдың немесе карбамидтің артық мөлшерін ығыстырып шығару арқылы жүрілетінін көруге болады. Кей жағдайларда бұл реакциялар құрауыштардың толық реакцияға түсуімен жүрілетінін де айта кеткен жөн.

Зерттелген төртқұрауышты жүйелерде құрауыштардың өзара әсері және олардың екі- және үштік қосылыстардың қаныққан ерітінділерінен кристал-данған заттардың ерігіштігіне әсерінің мынадай заңдылықтары белгілі болды:

– карбамид – қышқыл – су жүйесіндегі эвтоникалық ерітіндіге металл тұзын қосқан кезде марганец сульфаты, нитраты және перхлораты аздап тұзсызданғыштық әсер етеді, ал басқа маталл тұздары үштік қосылыс түзілетін эвтоникалық ерітіндінің ерігіштігіне тұзданғыштық әсер етеді;

– марганец тұзы – карбамид – су жүйесінің эвтоникалық ерітіндісіндегі бейорганикалық қышқылдардың мөлшерін арттырғанда судың саны кемиді, бұл құбылыс эвтоникалық құрамның ерігіштігінде қышқылдың тұздану әрекетін көрсетеді. Қышқыл концентрациясының артуына байланысты ерітіндідегі бастапқы тұздың мөлшері азаяды;

– марганец тұзы мөлшерінің артуы карбамид мөлшерінің кемуіне және судың санының өсуіне әкеледі және кей жағдайларда марганец тұзы мөлшерінің артуы карбамид қышқыл жүйесінің ерігіштігіне тұздану әсерін тигізеді және эвтоникалық ерітіндіде марганец тұзы – карбамид – су жүйесі пайда болады;

– кей жағдайларда құрамында тұз және пртотондалған карбамид болатын жаңа үштік қосылыс кристалданған кезде бейорганикалық қышқылдың мөлшерінің артуы судың санының көбеюіне әкеледі, бұл құбылыс кешенді қосылыстың ерігіштігінде қышқылдың тұзсыздану әрекеті туралы мәліметті дәлелдейді;

Марганец тұздарының протондалған карбамидпен кешенді қосылыстарының кейбір физика – химиялық сипаттамалары және оларды синтездеу

Алынған изотермалардың ерігіштігінен басқа оларды зертханалық жағдайларда синтездеудің әдістері зерттелді. Протондалған карбамидпен марганецтің кристалл түрінде бөлінген қосылыстары химиялық және рентгенфазалық әдістер арқылы сарапталды, сонымен қатар олардың балқу температуралары, тығыздықтары, органикалық еріткіштерде ерігіштігі анықталды (кесте 1).

Кестеден көріп отырғандай марганец тұздары мен протондалған карбамидтен түзілген қосылыстар көбінесе бастапқы тұздардың балқу температурасынан төмен температурада балқымай тұрып ыдырап кетеді, бірақ олардың балқу температуралары карбамидтің балқу температурасынан жоғары.

Үштік қосылыстардың пикнометрлік тығыздығы бастапқы марганец тұздарының тығыздығынан төмен, бірақ карбамидпен салыстырғанда жоғары. Синтезделген қосылыстардың тығыздықтары олардың құрамындағы карбамид мөлшері өскен сайын азаяды.

Алынған кешенді қосылыстар толуолда ерімейді, диэтил эфирінде және бензолда нашар ериді, ал этил эфирінде және ацетонда жақсы ериді.

Синтезделген қосылыстар химиялық әдістер арқылы ғана дәлелденген жоқ, сонымен қатар рентгенфазалық талдау әдісі арқылы диффрактограм-малардағы жиынтықтардың жазықтықаралық арақашықтығы және сәйкес сызықтардың интенсивтілігі бойынша дәлелденді.



Кесте 1 – Протондалған карбамидпен марганец тұздары қосылыстарының физика – химиялық сипаттамалары



Қосылыстар

d,

кг·м-3

t0бал

(айыр.),

0С

Ерігіштігі, г/100 г еріткіште

бен-зол

толуол

этанол

ацетон

диэтил эфирі



1640

183

ерм

ерм

5,64

6,25

0,54



1785

197

ерм

ерм

4,22

4,56

0,42



2209

(160)

0,02

ерм

6,13

5,87

0,36



2450

(183)

ерм

ерм

5,02

3,01

0,29



2520

170

ерм

ерм

4,45

2,64

0,33



2710

165

ерм

ерм

3,94

2,01

0,40



2340

(155)

0,02

ерм

5,86

4,25

0,66



2425

(164)

0,01

ерм

4,26

3,62

0,78



2650

172

ерм

ерм

3,37

2,26

0,56



3200

193

ерм

ерм

2,98

2,06

0,39



2215

(170)

ерм

ерм

3,15

3,02

0,42



2430

(120)

ерм

ерм

2,90

4,15

0,35



2542

(150)

ерм

ерм

4,18

3,10

0,30



1720

195

0,02

ерм

6,42

4,33

0,63



1815

210

ерм

ерм

3,97

3,05

0,54



1855

220

ерм

ерм

2,54

2,32

0,49



1430

(155)

0,01

ерм

7,81

5,42

0,75



1522

(164)

ерм

ерм

6,31

4,94

0,83



1630

(179)

ерм

ерм

3,23

3,03

0,94

Ескерту: ерм – ерімейді.

Жаңа қосылыстардың инфрақызыл спектрлері

Карбамид пен марганец тұздарынан синтезделеген қосылыстардың молекуласындағы кешенделген орынды және құрылымдық ерекшелікті анықтау үшін олардың ИҚ – спектрлері зерттелді.

Протондалған карбамидпен марганец тұздары қосылыстары спектрлерінде карбонилді байланыстардың валенттік тербеліс жиіліктері 25 – 30 см-1 төменгі жиіліктер аймағына қарай ығысады. антисммметриялы байланыстарының валенттік тербеліс жиіліктерінің 20 – 30 см-1 және симметриялы байланыс жиіліктерінің 15 – 25 см-1 жоғарғы жиіліктер аймағына қарай ығысуы, бұл байланыстың карбонилдік оттек атомы арқылы түзілетіндігін дәлелдейді. 3380 – 3390 см-1 және 1710 – 1715 см-1 аймағында ИҚ – спектрлеріндегі қосылыстардың сіңіру белдеулерінің көрінуі протондалуды көрсетеді, сонымен қатар бұл жұтылу жиіліктері валенттік және топтарының деформацияланған тербелістеріне жатады.

Марганец тұздарының протондалған карбамидпен қосылыстарының антисимметриялы валенттік тербелістерінің жиіліктері 15 – 20 см-1 төменгі жиіліктер аймағына қарай ығысады. байланыстарының симметриялы валенттік тербелістері жиіліктерінің белдеулері аздап төменгі жиіліктер аймағына қарай ығысады (10 – 15 см-1). Мұндай өзгерістер карбамидтегі аминтоптарының қатысуында жаңа – байланысты түзілетіндігін көрсетеді (мұндағы қышқыл анионы).

1610 см-1 – де карбамидтегі – топтарының деформацияланған тербелістерде жұтылу белдеулері іс жүзінде өзгеріссіз қалады, осының салдарынан кешенді қосылыстар түзілу үшін байланыстары да қатысуы мүмкін.

ИҚ – спектрлерінің нәтижесі бойынша марганец тұздарының протон-далған карбамидпен қосылыстары ішкі сферасында сәйкес қышқылдардың аниондарымен қатар карбамид және протондалған карбамид бар әр түрлі лигандалы кешенді қосылыстарға жататынын анықтауға болады және синтезделген қосылыстардың құрылмы төмендегідей:









































Мұндағы А – , АН -

Марганец тұздарының протондалған карбамидпен қосылыстары құрылымының квантхимиялық зерттеулері

Лигандалары бар металл иондарының кешендерін есептегенде РМ3 бағдарламасы қолданылды. РМ3 әдісі валенттік жақындасудың жартылайэмпирикалық әдісіне жатады, сондай – ақ ол валенттік электрондарды және валенттік бұлттардағы атомдық орбиталдарды (АО) есепке алады.

Карбамидтің бейорганикалық қышқылдармен (хлорсутек) кешенді қосылыстарының молекулалары протондалған кезде электорондардың орын ауыстыруы туралы мәліметтерді зерттелген молекулалардың құрамына кіретін гетероатомдардағы тиімді зарядтардың мәнін талдау нәтижесінен алуға болады (сурет 2).

Аминтоптың азот атомдарындағы және карбонилді топтың оттек атомдарындағы салыстырмалы зарядтардың таралуы карбамид молекулаларын-дағы гетероатомдардың карбонилді тобындағы оттек атомына хлорсутек молекулалары қосылған кезде көрінетін ерекшеліктер, жүрілген протондалу үрдісі арқылы түсіндіріледі.



Сурет 2 -

кешенді қосылысы үшін тиімді зарядтарының орналасу картасы


Осы кезде түзілген кешенді қосылыстың барлық атомдарында полярлану құбылысы жүріледі. Оның себебі гетероатомдардағы зарядтық сипатттамалардың өзгерісіне байла-нысты болады. Протондалу құбылысы нәти-жесінде карбонилді топтағы оттек атомының қарама – қарсы салыстырмалы тиімді заря-дының және аминтоптағы азот атомының



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет