Қызылорда ескі күл үйінділерінен бетон және минеральды байланыстырғыш затты өндіру жолдарын зерттелген.
Жылу энергетикасының дамуы көптеген мөлшерде күлдіқожды қалдықтарының шығуымен жалғасуда, олардың жиналуы маңызды экологиялық қиындықтарды тудырады. Күл үйіндісі бар алаң Сырдария өзенінің оң жақ жағажайы мен станция территориясының оңтүстік-батысынан екі километрде орналасқан. Қызылордадағы ЖЭО-6 күл үйінді станциядан екі километр жерде, Сырдария өзеннінің жағасында, Қызылорда қаласының солтүстік батыс жағында орналасқан. Күл үйінді станцияның кеңейюі мен күлүйіндіде секция толу шамасы бойынша кезекпен тұрғызылды. Күлүйіндінің №3 секция аумағы 28,9 га құрайды, ал №4 секцияның аумағы -32,6 га. Құрылымы және түйіршік құрамына байланысты олар ерітінділер мен бетондарда кешенді қолдануы мүмкін, микро толтырғыш бетонның және ерітіндінің технологиялық қасиеттерін жақсартады, қарапайым инертті толтырғыштарды ауыстырады. Жанған күлдер мен қождар жанармай компонентінің органикалық емес фазалық ауысуындағы термохимиялық өнім болып табылады, минералдың араласқан түрлерінен тұрады. Қызылорда ЖЭО күл гидрожойғыш негізінде кремнезем қышқылынан (45,45 – 46,37 %) және глинозем (16,62 – 17,70 %), калций қышқылынан (1,66 – 2,20 %), магниден(0,86 –1,12 %), темірден2,98 –3,41 %) және сілтілі материалдарынан (0,80-1,04%)тұрады. Тотықтар құрамына байланысты кальций, магний, күкірт және күкірт қышқылына біріктіріледі, натрий және калий сілтілі оксидтері қайта есептеуде Na2О құралған күлқожды қоспа және майда түйіршікті күл үлгісінің қоспасы. Қызылорда ЖЭС-ның гидрожойғышы ГОСТ 25592-91 талаптарына жауап береді. « Жылу электростанцияларының бетондарына арналған күл қожды қоспалар. Техникалық шарттар». Петрографиялық және микроскопиялық зерттеулер көрсеткендегідей күл қождардың құрамынан 4 түрлі затты бөлуге болады: шыны, аморфталған сазды, кристалды және органикалық заттар. Еуропалық қалаларда қатты жанармайдың өртелген өнімдер әртүрлі өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады. Еуропалық ассоциация мәлеметтері бойынша ЕСОВА-да көмірді өртелген өнім бойынша 2011 жылы Еуропада 95 млн. т. қатты жанармайдың өртелген өнімі өндірілді. Олардың ішінен 50 % құрылыс материалын өндіруге, ал 35 % шахта мен кенішті қалпына келтіруге қолданылды. Осы мысалға қарағанда басқа елдерде күлді қолдану мәселесі өзінің орнын тауып жатыр. Бүгінгі таңда көмір энергетика қалдықтарын қолданудың жетісті бағыты ұялы бетонды өндіру болып табылады. Автоклавты газобетонды алу үшін кремнеземді компонент есебінде Қызылорда қаласының ескі күл үйінділері қолданылды. Мысалы, кеуекті бетон өндірісінде шығарылған күлді қолдану тәжірибеде көрсетілгендей бірнеше артықшылыққа ие. Шығарылған күл аморфтты және кристальды фазадан тұрады, еске сала кететіні біріншісі 70 % құрайды, бұның арқасында күл жоғары белсенділікке ие. Аморфтты құрайтыны негізінен әйнекпен берілген. Кристаллды құрайтынына кварц, гипс, муллит, шпат енгізілген. Күлдің бөлшектері сферикалық формалы және тегіс әйнектелген беті бар. Дәннің түсі қоспа компоненттердің құрамына (мысалы, темір, жанбайтын бөлшектердің қосылуы) байланысты ашық сұрдан күңгірт сұрға дейін ауытқиды. Күлдің меншікті беті 300-350 м2/кг құрайды. Күлдің тығыздығы-2800 кг/м3. Негіздің орнына кәсіпорнында бетон және темірбетон конструкциясын өндіруде қолданатын М300 ауыр бетон құрамын қабылданды. Осы құрамға шығарған күлді цемент массасының баламасынан портландцемент мөлшерінің төмендеуінен 5, 10 және 25% мөлшерде енгізеді. Экспериментті қоспалардан үлгілерді қалыптайды, содан кейін қалыпты жағдайда ұстайды және стандартты әдістеме бойынша сынайды. Келесі кестеде тек қана күл қосылған бетонның құрамы мен қасиеттері келтірілген. Бетон құрамына күлді енгізу оның тығыздығының төмендетуіне әкеп соқтырады, үлкейген сайын енгізілген күл мөлшері жоғарылайды. Бұны күлдің үйінді тығыздығының төмендетуімен және модификацияланған бетонда су шығынын жоғарлауымен түсіндіруге болады. Бұл жағдайда ауыр бетонның жылу өткізгіштігі төмендейді. Күлді қосқанда бетонның аязға төзімділігі төмендейді, модификацияланған бетонның анықтап белгіленген бұзылуының нормативті көрсеткіштерін жоғарылатпайды. Қазіргі уақытта ұялы бетонның автоклавты және автоклавсыз тиімді технологиясы аса маңызды болып келеді. Детальды зерттеулер бұрғыланған көмір күлі негізінде автоклавты және автоклавсыз, әксіз және цементсіз бетонды өндіруге болатынын көрсетеді. Автоклавсыз газдыбетондар күл мен 40-50% цемент негізінде басқа шикізат материалдарымен салыстырғанда өте жақсы көрсеткішке ие. Ғылыми зерттеулердің ұйымдастырған өндірісте беріктігі 2,3-3,6 мПа, орташа тығыздығы 550-600 кг/м3 тұрақты көрсеткішті газдыбетонды алуға болатыны дәлелденді. Цементті-қүлді газдыбетон сол цементте орташа тығыздығы 700 кг/м3 нормативті қатаю уақытында беріктік 2 МПа жоғары көрсетпейді. Көбікті бетон өндірісінде шығарылған күлді пайдалану.Құрылыс материалдар технологиясының қазіргі жағдайына қарқынды технологияға өту сипатты, ол процестің жеделдеуін қамтамасыз етеді. Технологиялық процесстің жалпы схемасы келесілерді қамтиды. Атап айтқанда, бастапқы шикізаттарды майдалайды және араластырады(цемент, құм, күл, күлдішалк араласпасы, қоспалар мен пластификаторлар). Содан соң араласпа бетон араластырғышқа беріледі. Ол белгіленген уақыт аралығында өңделеді. Араластыру уақыты бетон қалыптау қатарына түседі; дайын блоктар қатуға айналып, кептіруге жіберіледі. Осы схема негізінде күлді қожды пайдалана отырып отқа төзімді бұйымның бірқалыпты дефектісіз қорғаныш жабынын дайындау технологиясы жасалып шығарылды.Зерттеулердің нәтижесінде күлді үшін құрылыс материалына қолдану тиімді екені анықталды. Бұл сылақ жұмыстары үшін әкті – күл ерітіндісі: күлдіцемент араласпасы ерітінді дайындау үшін, сонымен қатар темірбетон бұйымдарын өндіретін заводта қалыпталатын жеңіл және ауыр бетон өндіру үшін қолданылады. Оны үй қабырғасының конструкциялары мен блоктар дайындау үшін қолданылады. Күлдіцемент араласпасынан керамзитті күлдібетон, сосын қабырға конструкциялары; әкті-күлді араласпа – еден астын сылау үшін пайдаланылады.
.
Достарыңызбен бөлісу: |