Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік



Pdf көрінісі
бет14/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

Атмосфералық ауаны қорғаудың негізгі әдістері белсенді және жанама
болып бөлінеді.
Белсенді әдістер:
- аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды пайдалану (Ақсу қ. –
темірбалқыту зауыты – өз қалдықтарын Қытайға жол төсенішіне қалдықтарды
пайдаланау үшін 500 кг ферроқалдықты 100 $ сатады);
- аз токсинді шикізатты пайдалану (Екібастұз көмірі арзан, бірақ
атмосфераға көп қалдық шығарады);
- тазартқыш аппараттарды пайдалану.
Жанама әдістер: құбыр биіктігін жоғарылату, ыдырату есебінен жер
бетіне жақын шоғырлануды азайту (бұрын Алматыда аласа құбырлы
миниқазандықтар көп болған, сондықтан биік құбырлы бірнеше ірі
қазандықтарды қосқан тиімдірек болды).
Құбыр биіктігі ШРК аспайтын жер бетіне жақын шоғырлануды қамтамасыз
ететіндей есептеледі. Бірақ шексіз биіктете беруге де болмайды, себебі құбыр
биіктігін ұлғайтқан сайын трансшекаралық ластау мүмкіндігі де көбейеді.
Норильск полиметалл рудалары комбинатының құбырлары өте биік болатын,
оның қалдықтары Солтүстік мұзды мұхит арқылы Скандинавия елдеріне жеткен.
Энергетика кәсіпорындары үшін құбыр биіктігі 250 м, басқа салалар үшін
– 200 м биік емес. Тек Екібастұз ЖЭО құбырынң биіктігі 420 м – барлық
қажетті тазалағыш аппараттарды орнатқаннан кейін.
Технологиялық процестерді жаңарту, газды тазалаудың жоғары тиімді
жүйесін қолдану өндірістіктен шыққан зиянды заттардың ауаға таралуын
29


азайтады. Сонымен бірге шаң және газ тәрізді қоспалардың ауаға таралуын
толық түрде аулау мүмкін емес.
Зиянды заттар концентрациясы атмосфераның жер бетіндегі қабатында
шекті-рұқсат ететін максималды – бірлік концентрациясынан аспауы үшін
шаң-газ қоспалары атмосферға биік трубалар арқылы тартылады. Оның
трубадан шығып турбуленттік диффузия заңына бағынады. Таралу процесі
атмосфера жағдайына, кәсіпорындағы зиянды (тастанды) заттардың
физикалық қасиетіне, мұнара биіктігі және диаметріне және т.б. байланысты
болады.
Қоспалардың көлденең таралуы негізінен желдің жылдамдығымен, ал
тік таралуы - температураның тік таралуымен анықталады. 
Белгілі әдістемеге сәйкес мұнараның минималды 
min
H
биіктігі төмендегі
теңдеумен анықталады:
3
min
1
T
Q
ПДК
n
m
R
M
A
H
F







,
(8)
мұнда А – атмосфераның температуралық градиентіне байланысты және
зиянды заттардың вертикал және горизонтал түрде таралу жағдайын
анықтаушы коэффициент. Ол метеожағдайларға байланысты жердің әрбір
аймағында әртүрлі болады (240 – 120). Қазақстан үшін А=200 тең;
М – атмосферадағы тастанды зиянды заттардың саны, г/с;
Q – барлық құбырдан шыққан газ-ауа қоспасының көлемдік шығыны,
с
м /
3
;
R – атмоферадағы тастанды заттардың шөгу жылдамдығын ескеретін
коэффициент. Ол газ үшін R=1 тең, ал шаң үшін 0,9 – 2,5 және 0,75 – 3 тең;
Т

– газ-ауа қоспасынан шыққан және қоршаған атмосфера ауасы
температураларының айырмасы;
m және n - газ-ауа қоспаларының шығу жағдайын ескеретін өлшемсіз
коэффициенттер.
Зиянды заттардың максималды концентрациясы (сол заттың)
максималды бірлік шекті рұқсат етілетін концентрациясынан аспауы керек:
м б
F
m
ШРК
T
Q
H
n
m
R
M
A
C








3
2
. (9)
«Өндірістік кәсіпорындарын жобалаудағы санитарлық нормалар»
талаптарына сәйкес қоршаған ортаға зиянды және қолайсыз иістерді шығаратын
кәсіпорындарды тұрғын үйлерден санитарлы-қорғаныс зона арқылы бөлу
керек. Санитарлы-қорғаныс зонасының тұрғын үйлерге дейінгі ара қашықтығы
өндіріс орнының қуатына, технологиялық процестің жүргізілу жағдайына
және зиянды заттардың қоршаған ортаға таралу саны және сипатына
байланысты болады.
30


Өндіріс кәсіпорындарының классификациясына сәйкес зиянды заттар
бөлінуіне байланысты санитарлы-қорғаныс зонасының бес шамасы орнатылған:
- I класс кәсіпорындары үшін – 1000 м;
- II класс – 500 м;
- III класс – 300 м;
- IV класс – 100 м;
- V класс – 50 м.
Санитарлы-қорғаныс зонасын кәсіпорынның резервтегі территориясы
деп қарауға болмайды және өндіріс алаңын кеңейтуде оны пайдаланбау керек.
Бірақ сонымен бірге, осы зонаға гараж, өрт депосын, қоймаларды, ғылыми-
зерттеу лабораториясын, көлік тұрақтарын және т. б. орналастыруға болады.
Санитарлы-қорғаныс зонасының территориясын таза ұстап, көгалдандыру
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет