Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік


 дәріс. Экологияның бағыттары және экологиялық факторлар



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

2 дәріс. Экологияның бағыттары және экологиялық факторлар
Дәрістің мазмұны. Экологиядағы ағзаға әсер ететін сыртқы орта
факторларының абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлар
маңызы келтіріледі.
Дәрістің мақсаты. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау, табиғи
ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу,
қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологиялар жасау
туралы білім беру, таныстыру.
Организм мен орта. Организмдер өздері мекендейтін ортамен тығыз
байланыста болады. Соның әсерінен, организм мен қоршаған орта жүйелерінің
сәйкестігі пайда болады. Мұндай сәйкестік бейімделуге ыңғайлы болады.
Орта организмдерге әрдайым экологиялық факторлардың комплексімен
әсер етеді, сондықтан да бейімделушіліктің белгілері сол факторлардың барлық
комплексіне қарсы жауап ретінде пайда болады да, ерекше белгілер түрінде
білінеді.
11


Тірі заттар, массасы жағынан, жер шарының сыртқы қабаттарының кез
келгенінің болар-болмас үлесіндей ғана болады. Қазіргі кездегі пайымдаулар
бойынша, тірі заттардың біздің уақытымыздағы жалпы массасы 2420 млрд. т.
Бірақ, өзінің қоршаған ортаға тигізетін белсенді әсері жағынан тірі заттар
ерекше орын алады және сапасы жағынан жердің басқа қабаттарынан, дәл тірі
материяның өлі материядан ерекшеленетіні сияқты, айрықша болады. Олар,
өзінің өмір сүруі кезінде Жердің сыртқы қабаттарын толықтай өзгеріске
ұшыратып, биосферада ғаламат зор жұмыс жүргізеді.
Ортаның организмге әсер ететін жекелеген қасиеттері мен элементтері
экологиялық факторлар деп аталады. Экологиялық факторлардың көптүрлілігі
абиотикалық және биотикалық болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Абиотикалық факторлар – температура, жарық, ауаның ылғалдылығы,
су, жер бетінің бедері, топырақ құрамы, т.б. органикалық емес ортаның
организмге әсер етуі. Абиотикалық факторларға әртүрлі организм табиғи
сұрыптау нәтижесінде түрліше бейімделеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа,
суыққа, ауаның ылғалдылығына, қысымына, судың әртүрлі тереңдігіне,
химиялық құрамына, ағысына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы,
жазғы ұйқыға жатуы, тіршілігін кешкі немесе ертеңгі уақытта өткізуі
− осы
абиотикалық факторлардың әсеріне байланысты.
Биотикалық факторлар - бір организм төңірегіндегі басқа организмдердің
тіршілік әрекеттерінің тигізетін әсерлерінің жиынтығы. Ол әсерлер алуан түрлі
сипатта болады. Бір организм екінші бір организмге қорек, тіршілік ортасы
болады (мысалы, денесінде паразиттер тіршілік ететін организмдер). Әр түрге
жататын организмдер бір-біріне өзара әсерін тигізеді. Мысалы, өсімдіктер
жануарларға қажетті оттегін бөліп шығарса, жануарлар атмосфераға
көмірқышқыл газын шығарады. Бұл газды фотосинтез арқылы өсімдіктер
пайдаланады.
Біртекті факторлардың құрамасы түсініктердің жоғарғы дәрежесін құрайды.
Түсініктердің төменгі дәрежесі жекелеген экологиялық факторларды зерттеп
білумен байланысты.
Тірі организмдер және оларды қоршаған биотикалық орта бір-бірімен
айырылмастай байланыста және үздіксіз қатынаста болады. Олардың берілген
телімдегі өзінің барлық функцияларын бірлесе атқаратын және энергия ағысы
физикалық ортамен нақты анықталған құрылымдар жасайтын, әрі тірі мен
өлінің арасындағы зат айналымын іске асыратын кез келген бірлігі (биожүйе),
экологиялық жүйе болып табылады.
Экологиялық фактор ретінде адамның табиғаттағы әрекеті зор әрі әр
алуан. Қазіргі кезде басқа экологиялық факторлардың ешқайсысы да табиғатқа
адам сияқты әжептәуір әсерін тигізе алмайды. Ғылыми-техникалық прогрестің
өркендеуі күшейген сайын антропогендік фактордың әсері де күшейе түсуде.
Адамның әрекетінен табиғи ортада туындайтын өзгерістер организмдердің
кейбір түрлерінің көбейіп, өсуі үшін қолайлы, ал басқа біреулеріне қолайсыз
жағдайлар туғызады. Сонымен адамның әсері қауымдастықтарды не байытып,
не керісінше кедейлендіреді. Антропогендік факторлардың табиғатқа әсері
12


ойластырылып немесе қалай болса солай, ойластырылмай істелген болып та
бөлінеді.
Экология, зерттелетін объектілердің мөлшеріне қарай аутэкология
(организм және оның ортасы), популяциялық экология немесе демэкология
(популяция және оның ортасы), синэкология (биотикалық қауымдастық,
экожүйе және оның ортасы), географиялық немесе ландшафттық экология
(ірі геожүйелер, тірі заттардың қатысуымен болатын географиялық үрдістер
және олардың ортасы) және ғаламдық экология (мегаэкология, Жер
биосферасы туралы ғылым).
Экологияны зерттелетін нысандарына қарай микроорганизмдер (прока-
риоттар), саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар, адам, ауылшаруашылық,
өнеркәсіптік (инженерлік), жалпы (теориялық жағынан қорытындылаушы
ретінде) экология деп бөледі.
Популяция – белгілі бір түрдің өзі сияқтыларды қайыра дүниеге әкеле
алатын, эволюцияның ұзақ мерзімінде белгілі бір кеңістікті мекендейтін, өз
бетінше жеке генетикалық жүйе құрайтын және өзіндік экологиялық
гиперкеңістік қалыптастыратын ең кіші тобы.
Популяцияның статикалық сипаттамасы: популяцияның саны
(тығыздығы) мен биомассасы, жасы мен жыныс құрамы. Популяция биологиялық
бірлік ретінде белгілі құрылымға және функцияға ие болады. Популяцияның
функциялары басқа биологиялық жүйелердің функцияларына ұқсас. Оларға
өсу, өркендеу, ылғи да өзгеріп тұратын жағдайларда өмір сүруін тоқтатпау тән,
яғни олар нақты генетикалық және экологиялық сипаттамаларға ие болады.
Популяцияның жыныс туралы құрылымы біріншілік (ұрықтану кезінде
зиготаның пайда болуымен), екіншілік (жаңа ұрпақта, әдісіне қарамай «туу»)
және үшіншілік (жыныс кәмелетке толу сәтіне таман) ара-қатынастарымен
анықталады.
Популяцияның жасы бойынша құрылым – өзі сияқтыларды қайыра
дүниеге әкелудің интенсивтілігі, өлімнің дәрежесі, ұрпақтардың ауысу
жылдамдығы сияқты маңызды үрдістерді көрсетеді. Популяцияның жасы мен
жынысы әртүрлі дербестерден тұрады. Популяцияның жасы бойынша құрылым
бірнеше әдістермен көрсетілуі мүмкін:
- әртүрлі абсолюттік жастағы дербестер топтарының байланысымен («жас
бойынша пирамидалар»);
- әртүрлі ұрпақтардың, олардың төлінің жас топтарының байланысымен;
- репродукциялық жасқа дейінгі, репродукциялық жастағы және
репродукциялық жастан кейінгі аралықтар ұзақтығының арақатынастарымен;
- дербестердің өсуінің ерекшелігімен.
Популяцияның кеңістіктік құрылымы 
− бұл, популяциялық ареалда
жекелеген дербестер мен олардың топтамаларының таралу ерекшелігі.
Популяцияның генетикалық құрылымы 
− аллельдердің жиіліктерімен (бір
локустың аллельдерінің сандық ара-қатынастарының үйлесімділігімен) және
генотиптердің жиіліктерімен сипатталады. Популяцияның экологиялық
құрылымы 
− ортаның биотикалық және абиотикалық факторларымен арнайы
13


байланыста болатын, яғни берілген популяцияның экологиялық кеңістікте
өзінің жеке бөлімшелерін қалыптастыратын, дербестердің топтарға бөлшектелі-
нуінің болуы.
Популяциялардың саны мен тығыздығы. Организмдердің саны, олардың
кеңістікте таралуы және әртүрлі сапалы дербестердің арақатынасы популяциялар
құрылымының негізгі көрсеткіші болып табылады. Популяцияның ареалының
мөлшеріне қарай популяциядағы дербестердің саны да әлдеқайда өзгереді.
Популяциялардың саны – берілген аймақтағы немесе берілген көлемдегі
дербестердің жалпы саны. Ол көбею интенсивтілігі (төлділік) мен ажалдылықтың
ара-қатынасына байланысты болады. Көбею аралығы кезінде популяцияның
өсуі болады. Өлім-жітім болса, керісінше, оның санының азаюына әкеліп
соқтырады.
Экологиялық популяция – элемантарлық популяциялардың қауымдастығы.
Негізінен, олар түрдің басқа экологиялық популяцияларынан аз бөлектенген
түр ішіндегі топтамалары, сондықтан да, элемантарлық популяциялардың
арасындағыға алмасу сирек болғанымен, олардың арасында генетикалық ақпарат
алмасу әлдеқайда жиірек болады.
Географиялық популяция – тіршілік ету жағдайлары бірыңғай географиялық
аумақты мекендейтін дербестер тобын қамтиды. Географиялық популяциялар
үлкен аумақтарды алып жатады, негізгі түрде едәуір жекеленген және салыстыр-
малы түрде бөлектенген болып келеді. Олар төл бергіштігімен, дербестердің
мөлшерімен, әртүрлі экологиялық, физиологиялық, тәртіптік және басқа да
ерекшеліктерімен айрықшаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет