Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік



Pdf көрінісі
бет11/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

Мұнайтұтқыштар (5.3 сурет) құрамында мұнайы бар ақаба суларды
мұнайдың негізгі массасынан және мұнай өнімдерінен, қатты механикалық
22


қоспалардан тазалауға арналған. Олар гидравликалық ірілігі 0,15 мм/с мұнай
бөлшектерін ұстап қалуға есептеледі. Қолданысына қарай мұнайтұтқыштар
жергілікті және орталық болады. Мұнайтұтқыштар ақаба суларды тазалауда
мұнай өнімдерінің қалдық құрамы 100 мг/л аспауын қамтамасыз ету керек.
Мұнайтұтқыштың есептеу көлемі өндірістік ақаба сулардың екі сағаттық
шығынына тең етіп алынады. Мұнайтұтқыштағы ақаба сулардың орташа
жылдамдығы 5 мм/с. 
2. Ақаба суларды тазалаудың физика-химиялық әдістері.
Ақаба сулардың физика-химиялық тазарту әдістеріне мыналарды жатқызуға
болады: сорбция, экстракция, эвапарация, коагуляция, флотация, ион алмасу,
электролиз, кристализациялау.
Сорбциялық әдіс статикалық және динамикалық жағдайларда қолданылуы
мүмкін. Сорбенттер ретінде ұсақ дисперсті қатты заттар (белсендірілген көмір,
кокс ұнтақтары, шымтезек, жоңқалар, каолин, күл және т.б.) қолданылады. 
Статикалық жағдайда тазаланатын ақаба суға сорбент ұсақталған түрде
жіберіліп, сумен араластырып, содан кейін тазаланған судан тұндыру арқылы
шығарылып алынады.
Динамикалық жағдайда – мұнда тазаланатын ақаба су сорбенттердің
бөлшектерінен түратын сорбциялық сүзгіштер арқылы сүзіледі.
Экстракция әдісін қолдануда ақаба су сұйықтығын еріткішпен араласты-
рады, ол процесс ластағыштың түріне және қай еріткіште жақсы еритініне
байланысты Еріткішті төменнен жібереді, өйткені еріткіштің меншікті
салмағы төгінді су сұйықтығынан жеңіл болғандықтан судың бетіне шығады.
Бұл әдіс көбінесе ақаба судан органикалық қоспаларды шығарып алу қажетінде
қолданылады, себебі олар суға қарағанда экстрагенттерде жақсы ериді.
Эвапарация әдісі – ақаба суды ластайтын ұшқын заттарды су буымен
шығару. Ол мерзімді түрде жұмыс жасайтын аппараттарда немесе дистилляцион-
дық колонкаларда жүзеге асады. Жылу алмастырғыштарда құрамында фенол
бар су ысығаннан кейін коллоннаға түседі және ақаба судың қозғалысына
қарай қатты булар шығарады. Ақаба судың құрамындағы ластағыштар ұшқыш
бумен шығарылады.
Электролиз әдісі – ол суға салынған электродтар арқылы электр тогын
жіберу арқылы қолданылады. Электродтар материалдардың суда еруіне ықпал
жасап, коагулянт үлпектерін құрастырады және ластағыштарды шөктіреді.
Электролиз және электродиализ кезінде молекулалар ығысады, сондай-ақ
электродтарда иондардың түзілуі жүреді. Жоғары кернеулі ток разрядынан
23


туындайтын электрогидравликалық күші күрделі молекулалық ластағыштарды
ыдыратуға қолданады.
Ақаба суларды механикалық тазалау процесінде өлшемі 10 мкм болатын
бөлшектерді жою қиын емес, бірақ ұсақ дисперсті және коллоидты бөлшектерді
жою тіптен мүмкін емес. Оларды тазалау үшін коагуляция әдісі қолданылады.
Коагуляцияның кең тараған түрі - флокуляция, яғни мұнда арнайы қосылған
заттардың әсерінен қалқымалы зат жағдайында тұрған ұсақ бөлшектер жапалақ
тәрізді, борпылдақ шөгінді түзеді. Коагуляция мен флокуляция әдістері химиялық,
мұнай-химиялық, тоқыма, қағаз өндірісінен шыққан ақаба суды тазалауда
кеңінен қолданылады.
Коагуляция процесін жүзеге асыруға арналған қажетті коагулянт мөлшері
ақаба суды тазалауға қажеттті коагулянттың құрамына, шығынына, коагулянт
түріне байланысты эксперименттік тұрғыда анықталады. Коагуляция нәтижесінде
түзілген тұнба бірнеше микрометр өлшемді жапалақ түрінде болады. Тұнба
жапалағының борпылдақ құрылымы жоғары ылғалды (96% - 99,9%) болып
келеді. Резервуардағы электрокоагуляция кезінде бір - бірінен 10 мм қашықтықта
орналасқан жазық болат электродтар арқылы 0,6 А/дм
2
, кернеуі 10 В -18 В-қа
тең ток өтіп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет