Газдарды тазарту әдісін таңдау, ең алдымен
олардың химиялық және
физика-химиялық қасиеттерімен, өндіріс сипаттамаларымен, өндіріске қатысатын
заттардың қасиеттерімен, шығарылатын газ бен шаңның көлемімен, тұтылған
өнімдерді жою немесе рекуперациялау мүмкіндігімен анықталады.
Газдарды механикалық тазарту, шаң аулау процесінің параметрлері.
Атмосфераны өндірістік шаң және тұманның
ластануынан қорғаудың
негізгі шараларына шаң және тұман аулау аппараттары мен жүйелерін кеңнен
қолдану қарастырылады. Шаң тазалау қондырғылары мен ерекше жұмыс
процестерінің негізінде оларды төрт топқа бөлуге болады: құрғақ шаң аулау,
ылғалды шаң аулау, электрофильтрлер, фильтрлер.
Құрғақ шаң аулағыштарға ауа ағынынан
қоспа бөліктері гравитация,
инерция күштері арқылы механикалық түрде бөлінетін барлық аппараттар
жатады. Құрылымы бойынша олар циклондық, құйындық, ратациондық,
радиалды, жалюздік және т.б шаң аулағыштар болып бөлінеді.
Газдарды құрғақ түрде шаңнан тазалау үшін әр түрдегі циклондар
қолданылады (7.1 сурет).
а -
газды орталық жеткізумен; б - газды бүйірлік жеткізумен;
в - шағылдырғыш қалқанмен бірге; г - газды түйдектің айналмасымен.
7.1 сурет - Құрғақ шаң аулағыштар
Шаң бөліктерінің газдан ажыралуы газ ағынының бункерде 180
0
-қа
айналуының әсерінен болады.
Газды шаңнан тазалау бойынша жақсы
нәтиже беретін циклондарға
цилиндрлік және конондық циклондар жатады. Олардың құрылымдық
схемасы және типтік өлшемдер суретте көрсетілген.
Циклондар үшін оның ішкі диаметрлері (Д) төмендегідей болады: 200,
300, 400....1000, 1200, 1400...2000, 2400 және 3000 (мм).
Барлық циклондар үшін бункерлер цилиндр формасында Д
Б
диаметрінде
болады. Цилиндрлік циклондар үшін Д
Достарыңызбен бөлісу: