7 Дәріс. Электржетек координатының реттелуі. ТТҚ реттелуі
Мақсаты: реттелудің негізгі параметрлерін және ТТҚ-ң реттелуінің қолданылуын оқу.
Бұл курста электржетектің келесі координаттарының реттелуін оқимыз: жылдамдық, момент (қозғалтқыш тогы), жұмысшы бөлімінің жағдайы.
Реттелудің негізгі көрсеткіштері
1) Координаттың реттелу нақтылығы мүмкін болатын берілген мәндер ауытқушы факторлар әсерінен ауытқулар арқылы анықталады, мысалға жылдамдық реттелуі кезінде жүктеме өзгеруі, қозғалтқыш моментінің реттелуі кезіндегі жылдамдық өзгеруі, тор кернеуінің тербелуі және т.б.
2) Реттелу диапазоны берілген реттелу әдістері кезінде мүмкін болатын айнымалы мәндердің өзгеру аралығын сипаттайды:
3) Реттелудің бірқалыптылығы реттелу диапазонында берілген реттелу әдістері кезінде іске асырылатын реттелетін параметрлердің үздікті мәндер санын сипаттайды. Бірқалыптылық коэффициентімен бағаланады
4) Электр жетекке реттелудің енгізілуі кезіндегі үнемділік техника-экономикалық есептеулері арқылы анықталады (бизнес-жоспармен бірге жүреді), шығындарды санайтын және эксплуатациялық шығындар, олар өндірістіліктің жоғарылығы және құрылғы сенімділігі және өнім сапасы болуы керек.
5) Реттеудің динамикалық параметрлері (7.1 суретті қара):
а ) тез қозғалу – әсер өзгерісіне электржетектің реакциясының тездігі:
-tP – айнымалының бірінші рет орнықты мәнге ие болатын реттеу уақыты;
-tmax-бірінші максимум уақыты;
-tПП-барлық бос құрамдары өшетін өтпелі процесстің жалпы уақыты.
b) қайта реттеу динамикалық қате – xУСТ -дан максималды ауытқу
.
с) Тербелмелілік
Достарыңызбен бөлісу: |