АҚ-ң жасанды механикалық сипаттамалары
( 5.6) және (5.7) қатынастары негізінде электрқозғалтқыштың сипаттамасының қорек кернеуіне әсерін U талдай отыра, кернеу төмендеген кезде критикалық тайғанау sк тұрақты, ал критикалық момент Mкр.д қоректейтін кернеу шаршысына пропорционал азаяды (5.5 суретті қара).
Торлық кернеудің 0,9Uном мәнге дейін төмендеуі кезінде, яғни Uном–дан 10%, критикалық момент Mкр.д 19%-ке азаяды. Қоректейтін кернеудің төмендеуі кезінде моменттің алдыңғы мәнін дамыту үшін қозғалтқыш үлкен роторлы тоқтармен жұмыс істеуі керек.
Э лектрқозғалтқышты жобалау кезінде жіберу (s=1) және критикалық моменттер (s=sк) мәндері минималды мүмкін болатын кернеу кезінде жұмыс машинасының талаптарын қанағаттанды- ратынына көз жеткізу керек.
(5.5)-(5.6), қатынастары негізінде ротор шынжырына енгізілген активті кедергі әсерін талдай отыра, (r2’ + Rдоб) тең болатын ротор кедергісі көбейген сайын, критикалық тайғанау Sк да көбейеді, бірақ қозғалтқыштың критикалық моментінің Mкр.д өлшемі өзгеріссіз қалады.
12 суретте механикалық сипаттамалары көрсетілген. Әдіс жіберілу кезінде роторлы шынжырға өлшемі бойынша біршама кедергі Rдоб қосылғанда машина жіберілуі үшін қолданылады. Жіберілу диаграммасы тұрақты токтың тәуелсіз қоздыру қозғалтқышының жіберу диаграммасына ұқсас.
Роторлы шынжырға кедергіні Rдоб енгізу кезіндегі жасанды механикалық сипаттаманы есептеу үшін мына қатынас қолданылады
, (5.8)
мұндағы sи және se – тайғанаулар жасанды және табиғи сипаттамаларға сәйкес.
Роторлы шынжырға Rдоб енгізілген өлшемін біле отыра, (5.8) қатынасы бойынша моменттің сол мәндері үшін тайғанауға sи жасанды сипаттамада есептеу жүргізіледі.
А ктивті-индуктивті кедергінің роторлы шынжырға енгізілуі (14 суретті қара) табиғи сипаттамадағы маши- налармен салыстырғанда машина-ның жіберілу моментінің үлкен тұрақтылығын ұстап тұру үшін қолданылады - машинаның меха- никалық сипаттмасы сырғанау аймағында 1к бірқалыпты қисық болып келеді. Машинаның критикалық моменті Mкр.д және критикалық тайғанауы sк (6) және (7) қатынастарына сәйкес өзгереді. Активті және индуктивті кедергілердің машинаның статорлы шынжырына енгізілуі (15 суретті қара) машинаның жіберілу тогының шапшаңдығын азайту үшін қолданылады, кернеу статордың қысқыштарында болғандықтан ток функциясы болып табылады және жіберілу тогының азаюымен көрсетілген кернеу көбейеді және де Uном-ң жақын мәніне дейін қайта қалпына келеді. Машинаның статорлы шынжырынан шыққан активті және индуктивті кедергілер қорытындысы релейлі-контакторлы немесе контактсыз сұлбамен іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |