Коммерциялық емес акционерлік қоғам


Дәріс. Механизмнің және қозғалтқыштың жүктемелік диаграммалары. ЭҚ-ты қыздыру және салқындату



бет31/36
Дата03.01.2022
өлшемі0.55 Mb.
#450457
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІ дәрістер

14 Дәріс. Механизмнің және қозғалтқыштың жүктемелік диаграммалары. ЭҚ-ты қыздыру және салқындату

 

     Мақсаты: әртүрлі жұмыс режімінде қозғалтқышты қыздыру және салқындату процестерін оқып-білу.



     МС(t) және ω(t) тәуелділіктеріндегі механизмнің жүктемелік диаграммалары – қозғалтқышты таңдаудағы бастапқы берілгендер болып табылады.  Жүктемелік диаграммалар әрқашан да кез келген түрде бола алады, бірақ та циклды бөлуге болады, яғни диаграмма қайталанатын уақыт аралығы tЦ бірнеше.  Егер сипаттама жұмысы осылай болса, яғни режімдер (лифт, көтергіш кран) нашар өндірілсе, аса күрделі циклдар үшін диаграмма тұрғызады. 14.1 суретте механизм мен қозғалтқыштың талап етілген жүктемелік диаграммасы мен тахограммасы ω(t) көрсетілген. Механизмнің жүктемелік диаграммасы бойынша қозғалтқышты алдын ала таңдауы үшін статикалық жүктеменің орташа моментін тауып алуға болады

 

 



                     (14.1)

мұндағы МСi – статикалық жүктеменің i-ші аралықтағы моменті;



ti – i-ші аралықтың жалғасы;

– бұл МС=const болғанда- ғы аралықтар саны.

Ізделініп отырған қозғалт- қыштың номиналды моментін былай  табуға болады:

 

МН = kДМС.ср,   (14.2)

 

мұндағы kД=1.1…1.3 -динамикалық режімді есептейтін коэффициент.



Егер негізгі жылдамдықтан біраумақты төмен ωМАКС реттеу немесе негізгі жылдамдықтан біраумақты жоғары ωМИН реттеу болса, номиналды жылдамдық ретінде алуға болады.  

Осылай табылған МН  және ωН  мәндеріне қозғалтқышты тізім бойынша таңдауға, оның инерция моментін анықтау, механикалық сипаттамаларын тұрғызуға, қисық өтпелі процестерге және М(tқозғалтқыштың жүктемелік диаграммасын тұрғызуға болады. Соңғы негізінде таңдалынған қозғалтқыштың қатты қыздыру және артық жүктеу амалы бойынша тексеру жүргізіледі. Артық жүктеу амалы бойынша тексеру, орындау шарттын тексеруге алып келеді.

 

                                                            (14.3)



 

мұндағы ММАКС– қозғалтқыштың жүктемелік диаграммасындағы максималды момент;



МДОП – қозғалтқыш моментін артық жүктеу бойынша жіберу.

Нормалдық орындаудағы ДПТ және синхронды қозғалтқыштар үшін МДОП = (2 - 2.5) МН, қоректену кернеуін 10% -ке төмендету мүмкіндігін есептегендегі асинхронды қозғалтқыш үшін МДОП=0.8МК. Асинхронды қозғалтқыштар қосымша жіберу моменті бойынша да тексеріледі; нормалды жіберу үшін төмендегі шарт орындалуы керек.



                                         (14.4)

мұндағы  МС.МАКС – жетекті жіберуді іске асыру кезіндегі статикалық жүктемелердің максималды моменті;



МП –  қозғалтқыштың жіберу моменті.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет