2.Қазақстанда геодезиялық қызметтің дамуы және жұмыс реті
Қазақстанда топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметті Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару Комитеті басқарады. Геодезияның келешекте өркендеуіне жақсы жағдайлар жасалды. Оған 1940 жылдары Жамбыл мен Қарағандыда, 1946 жылы Талғарда ұйымдастырылатын геодезиялық отрядтардың, ал қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әскери күштерін геодезиялық ақпараттармен қамтамасыз ететін Оңтүстікгеодезия, Астанатопография, Алматыгеокарт, Солтүстікгеодезия сияқты орталықтарды ашылуы, сондай-ақ Қазақстанда геодезия мамандарын дайындайтын Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеттің, Қ. И. Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің, Гумилев атындағы ЕВразиялық ұлттық университеттің еңбектері дәлел.
Геодезия, картография, кадастр және жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекеттік кеңес 1992 жылы құрылған. Оның құрамына Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдіктері кіреді.
Жоғарыда айтылған мекемелердің мекемелердің негізгі өндірістік міндеттері мыналар:
1. Республикамыздың кең-байтақ территориясында геодезиялық тірек жүйесін дамыту мен карталар жасауда қажетті топографиялық түсірулержүргізуде жоғары дәлдіктегі жұыстарды ұйымдастыру.
2. Әртүрлі мақсаттағы қажет карталарды, пландар мен атластарды жасау және оларды басып шығару.
3. Әртүрлі мекемелерге геодезиялық және топографиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру, олардың орындалу сапасын бақылау және барлық мәліметтерді бір жүйеге келтіру.
Республикада ғылыми және практикалық мәні зор көптеген геодезиялық және топографиялық жұмыстар жүргізіліп келеді. Егер 1917 жылға дейін Қазақстан аумағының тек 13,5 пайызына 1: 126 000 масштабты аспаптық түсіру жұмыстары орындалса, 1945 жылы ол 86,6 пайызға жеткізілді және масштабы 1: 100 000, 1: 200 000 топографиялық карталар жасалды. 1920-1945 жылдары 22 800-ден астам пункттің триангуляциясы анықталды. 1950 жылдары Қазақстан аумағы толығымен түсіріліп бітті. 1954 жылы масштабы 1: 25 000 картографиялық түсірілу басталды. Дәлдігі жоғары 1-, 2-, және 3-класты мемлекеттік триангуляция торы құрылды. Бұрынғы шығарылған масштабы 1: 100 000 карталар жаңартылды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық институтының Қазақстан филиалы Геодезия және картография Бас басқармасының картографиялық материалдарын пайдаланып Қазақстан аумағының фотокартасын түсірді және ауыл шаруашылығының картасын жасады (1960ж). Геодезиялық тәсілдермен жер сілкінудің алдын ала болжау мүмкіндігін анықтау мақсатында, жер қыртысының жылжуын зерттеу үшін Тянь-Шань аймағында геодинамикалық болжау полигоны құрылды. Полигонда қазіргі кездегі жер қыртысының жылжуының вертикаль және горизонталь құраушылары зерттеледі.
Қазақстан Республикасында Министрлер кабинетінің қаулысы бойынша 10-шы жұлдызында 1992 жылы Министрлер кабинетінің жанында Геодезия және картография бас басқармасы (ГКББ) құрылды. Осы Қазақстан Республикасың ГКББ-ында орталық картография қоры бар. Онда картография-геодезиялық жұмыстардың мәліметтері сақталады. Мемлекеттік геодезиялық қадағалау басқармасы (МГҚБ) топография-геодезиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат береді, олардың орындалуына сапасын бақылап отырады, алғашқы мәліметтерге жататын материалдарды бір жүйеге әкеледі (мемлекеттік геодезиялық пункттердің координаталарының каталогтары).
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму миниистрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті ТМД қатысушы мемлекеттердің геодезия, картография, кадастр және жерді қашықтықтан зондылау жөніндегі мемлкекетаралық кеңеске қатысты.
2013 жылы 20-24 тамыз аралығында Беларусь Республикасының Беловежская пуща Ұлттық паркінде Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 35 сессиясы өтті.
Аталған сессияда қазақстандық делегацияның басшысы — Жер ресурстарын басқару комитетінің Төрағасы Бауыржан Әміржанұлы Смағұлов өткен сессия шешімдерін орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы Қазақстан Республикасында геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етуді дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары жөнінде айтты, сондай-ақ Мәскеу мемлекеттік геодезия және картография университеті (ММГКУ) базасында біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау саласында мемлекетаралық ынтымақтастық бағыттарын кеңейту мәселісіне тоқталды.
Қазақстандық делегация бастамасымен 1942 жылғы координаттар жүйесінде жасалған кейбір картографиялық-геодезиялық материалдар мен деректердің режимдік шектеулерін алып тастау және Картографиялық-геодезиялық қорлардың материалдарын аналогты түрден цифрлы түрге ауыстыру туралы ереже әзірлеу мәселедері қарастырылады.
Іс-шара шеңберінде Мемлекетаралық кеңес мүшелері ТМД қатысушы мемлекеттердің Кеңестік деректер инфрақұрылымы пилоттық жобасын жүзеге асыруды, Достастық мемлекеттерінің бірыңғай геонавигаиялық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар дайындауды талқылады.
Сонымен қатар сессия барысында Мәскеу мемлекеттік геодезия және картография университеті (ММГКУ) жанындағы ТМД қатысушы мемлекеттерді өндірістік ұйымдарының инженерлік-техникалық мамандары және жоғары, арнайы орта білім беретін оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ғылыми-білім беру орталығы қазметін қаржыландыру моделі, сондай-ақ ТМД қатысушы мемлекеттердің Географиялық атаулар өзерістерінің электрондық бюллетенін модернизациялау жөніндегі жұмыстар барысы қарастырылды.
Мемлекетаралық кеңестің кезекті 36 сессиясы 2014 жылы Қазақстан Республикасында өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |