4
Зертханалық жұмыс №1. Статикалық бейсызықты буындар
Жұмыстың мақсаты: операциондық күшейткіштерде құрылған әртүрлі
инерциясыз бейсызықты буындарды оқып білу
және олардың статикалық
сипаттамаларын (СС) эксперимент арқылы зерттеп меңгеру.
1 Қолданылатын құрылғылардың сипатталуы
Зертханалық жұмыс «Көпконтурлы АБЖ» (2 сурет) текшеде
орындалады. Өлшеулерді автоматты режимде өткізу үшін және өлшеулердің
қорытындыларын өндеу үшін текшенің қасында дербес компьютер және
тасымалданатын С1-83, С1-107 осциллографтар мен DEGEM SYSTEM-141В1,
Г3-110 типтес генераторлар орнатылған.
1.1 «Көпконтурлы АБЖ» текшесі
«Көпконтурлы АБЖ» текшеде (3 және 4 суреттер) U
КК
кернеудің ішкі
нұсқамалық вольтметр бар реттелетін
тұрақтандырылған екіполярлы
қоректендіру
көзі,
резисторлар
мен
интегралды
операциондық
күшейткіштерде жасалған қайта құрылатын бейсызықты элементтер, жіберу
аппаратурасы бар басқару блогы (ББ), бірфазалық электрқозғалтқыш түрінде
айнымалы токты редукторы бар тұрақты жылдамдықпен атқарылатын
реверсивті орындаушы механизм (ОМ), ОМ білік жағдайларының көрсеткіші
(ЖК), айнымалы резистор түрінде реттеуші орган (РО)
және U
ОМ
басқарылатын кернеудің көзі түрінде V1 вольтметр, төртарналы АЦТ және бір
уақытта төрт сигналды өлшеуге, тіркеуге және графиктер мен олардың
функционалды
тәуелділіктерін
тұрғызуға
мүмкіндігі
бар
арнайы
программалық қамтамасыздандыруы бар дербес компьютер (ДК) орнатылған.
Белгіленген құрылғылардың тізбегі ББ, ОМ, РО
және ЖК қосымша
реттелетін тұрақтандырылған U
ОМ
екіполярлық кернеуді алуға арналған. АЦТ
текшедегі таңдалатын нүктелерден алынған аналогты сигналдарды цифрлауға
арналған. Текшеде операциондық күшейткіштер интегралды микросұлбалар
LM358М түрінде қолданған.
Текше тұрақты ішкі электр байланыстар бар біртұтас теру-
коммутациялық өрісті құрайтын және жалпы рамада тіркелген модульдердің
жиынтығы түрінде жасалған. Жұмысшы тапсырманы
орындауға арналған
сұлбаларды
операциондық
күшейткіштер,
кернеу
бөлгіштер
(потенциометрлер) α
4
… α
7
, резисторлар, конденсаторлар, тумблерлер және
коммутациялық сымдар деп аталатын түрлі түсті, әртүрлі ұзындықпен арнайы
иілгіш электр өткізгіштер көмегімен теру-коммутациялық өрісте жинайды.
Коммутациялық сымдардың
соңында бірполюсті ашалар бар, оларды теру-
коммутациялық өрістегі ұяшықтарға кіргізеді. Текшедегі модульдердің
электр сұлбалардың «жалпы нүктесі» бар, сондықтан керекті кіріс пен
шығысты байланыстыру үшін тек бір ғана коммутациялық сым жеткілікті.
7
3 сурет – Бірмәнді бейсызықтарды зерттеуге
арналған зертханалық
құрылғының функционалды-принципиалды сұлбасы
4 сурет - Бірмәнді емес бейсызықтарды зерттеуге арналған зертханалық
құрылғының функционалды-принципиалды сұлбасы
Электр тізбекті тек қоректендіру көзі өшіп тұрған кезінде жинау керек.
Сонымен бірге коммутациялық сымдарды бір-бірімен шатаспайтындай,
салбырамайтындай, тартылмайтындай тыңғылықты орналастыру қажет.
Текшедегі тумблерлердің тұтқалары үстіңгі орнында болғаны – бұл
олардың іске қосылғанына сәйкес келеді. α
4
… α
7
потенциометрлердің беріліс
коэффициенттерін орнатылған тұтқалар көмегімен 0…1 аралықта реттеуге
болады.
«Әсердің көзі» (ӘК) модульдегі нұсқамалық вольтметрдің нолі
шкаланың ортасында орналасқан. Нұсқаманың
нольден оң немесе сол
жағында орналасуы - оң таңбалы немесе теріс таңбалы U
ӘК
кернеуге сәйкес
болғаны.
Ыңғайлы болу үшін операциондық күшейткіштің әрбір шығысы үш рет
қайталанған
(көбейтілген).
Қолданылатын
күшейткіштердің
бір
8
(инверсиялайтын) кірісі бар. Операциондық күшейткіштер туралы жалпы
мәліметтер А қосымшасында келтірілген.
Импульсты және жоғарғы жиіліктік сигналдарды өлшеу мен тіркеу үшін
стандарттык
құрылымы бар осциллографикалық сынауықпен жабдықталған
С1- 83 типтес екіканалды осциллографты немесе С1-107 типтес портативті
осциллограф-мультиметрді пайдалануға болады. БЭ резисторлардың келесі
номиналды мәндері бар: R
1
= R
3
= R
4
=
R
6
= R
7
= R
9
= R
10
= 1 Мом, R
2
= R
5
=
R
8
= 200 кОм.
Достарыңызбен бөлісу: