Коммерциялық емес Акционерлік


Қысқаша теориялық мағлұмат. Бейсызықты буындардың



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата19.05.2022
өлшемі1 Mb.
#457870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
ik 3

2
Қысқаша теориялық мағлұмат. Бейсызықты буындардың 
түрлері мен типтері
 
 
Бейсызықты АБЖ дегеніміз - бұл кем деген де бір бейсызықты 
теңдеумен сипатталатын буыны бар АБЖ. Бейсызықты буындардың түрлерін 
атап кетейік 
[2]: релелі типтес, кесек-сызықты сипаттамамен, әртүрлі кескінді 
қиық сызықты сипаттамамен, қайтакөбейткіш және сигналдар бөлгіші
бейсызықты импульстық элемент, логикалық, айнымалы құрылымымен. 


10 
Бейсызықтыларды статикалық және динамикалық деп бөледі. 
Біріншілер бейсызықты алгебралық теңдеулермен сипатталады, ал екіншілер 
– бейсызықты дифференциалдау теңдеулермен. Статикалық БЭ-ді 
бейсызықты статикалық сипаттамалар түрінде көрсетуге болады [16].
Динамикалық бейсызықтылар тек динамикада айқындалады, яғни 
шамалар уақытқа байланысты өзгереді. Мұндай бейсызықтылар сәйкесетін 
шамалардың 
уақыт 
бойынша 
туындыларына 
тәуелді. 
Статикалық 
бейсызықтылар статика мен динамикада айқындалады [4]. 
Іс жүзінде [6, 7] тегіс бейсызықты, кесек-сызықты және кесек–тұрақты 
сипаттамалармен бейсызықты элементтер бар. Барлық бейсызықты 
сипаттамалар бір мағыналы және бір мағыналы емес (көпмәнді) болып 
бөлінеді. Бір мағыналы емес сипаттама деген, егер кірістегі сигналдың 
өсуімен шығыстағы шама бір тәуелділікпен өзгереді, ал азайған кезінде басқа 
тәуелділікпен өзгереді. Мұндай сипаттамаларды жиі гистерезистік деп 
атайды.
Автоматты жүйелерде [1, 4, 7, 12, 16] нақты бейсызықтылардан кесек-
сызықты аппроксимациямен ерекшелінетін келесі типтік статикалық 
бейсызықтылар кең тараған: сезімсіздік аймағы бар, шектелу (қанықтыру), 
өлі жүріс, гистерезис, люфт, тіреуіш, диодтық сипаттама (идеалды 
түзеткіш), деңгей бойынша кванттау, идеалды реле (қурғақ үйкеліс), 
сезімсіздік аймағы бар реле, гистерезисі бар реле, сезімсіздік аймағы бар 
және гистерезиспен реле және басқалары.
Статикалық бейсызықтылар үздіксіз немесе релелі, ілмектік 
гистерезістік немесе ілмектік озушы [15]. Қарапайым бейсызықты 
элементтер бұл статикалық (инерциясыз) бір мағыналы бейсызықтылар [7, 
10]. 
Бейсызықты АБЖ құрылымы мен теңдеуі жалпы тұрінде өте күрделі 
болу мүмкін. Күрделіктің дәрежесі бейсызықты элементтердің санына, түріне 
және қосылу орнына тәуелді. Бірақ, өндірістік автоматикада кездесетін 
көптеген жүйелерде бірғана маңызды бейсызықты элемент болады.
Автоматты жүйелердің [21] басқаратын құрылғыларда релелі 
элементтермен қоса ерекше бейсызықтыларды пайдаланады. Оларға [10]
жоғарыда айтылған сигналдар көбейткіштер, логикалық элементтер және 
айнымалы құрылымы бар элементтер жатады.  
3 суретте келтірілген сұлба арқылы 5 және 6 суреттегі бір мағыналы СС 
бейсызықты элементтерді құруға болады. Бұл суреттегі 
U
ж 
–жылжу кернеуі, 
U
ҚД
– қайта қосылу деңгейдің кернеуі.


11 
5 сурет – Күшейту буынның статикалық сипаттамасы 
 
6 сурет – Салыстыратын құрылғының (компаратордың) статикалық 
сипаттамасы 
4 суретте келтірілген сұлба 7 суреттегі бір мағыналы емес СС 
бейсызықты элементті құруға мүмкіндік береді. Мұндағы 
U
Т
– төменгі қайта 
қосылу деңгейдің кернеуі, 
U
Ж 
– жоғарғы қайта қосылу деңгейдің кернеуі

U
Г
– 
гистерезистің шамасы.


12 
7 сурет – Зерттелетін бір мағыналы емес бейсызықтының статикалық 
сипаттамасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет