Коммуналдық гигиена курсы ДӘріс



Дата23.02.2016
өлшемі81.5 Kb.
#10294
ҚММУ Ф 4/3-04/03

2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті


Коммуналдық гигиена курсы




ДӘРІС



Тақырыбы: Тұщы судың тапшылық проблемасы.

Пән: Гигиеналық гидрология


Мамандығы: 5В110400 “Медициналық-профилактикалық іс”

Курс: 4


Уақыты (ұзақтығы): 1 сағат

Қарағанды 2015ж.

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының отырысында қаралды

________________2015 ж. Хаттама № ____


Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Шайзадина Ф.М.

Тақырыбы: Тұщы судың тапшылық проблемасы.

Мақсаты: қазіргі уақыттағы әлемдегі сумен қамтамасыздандыру сипаттамасына гигиеналық тұрғыдан баға беру.
Дәрістің жоспары:


  1. Тұщы судың тапшылығының проблемасы.

  2. Судың әлемдік қорын пайдалану деңгейі.

  3. Су көздерін қазіргі пайдалануы.

Адамзат судың тапшылығымен байланысты келетін глобальды дағдарыстың шегінді тұр, бұл дағдарыс ғалымдардың болжамына қарамастан 20 жыл бұрын төніп тұр.

Осындай тұжырым Су ресурстарына басшылық ету бойынша Халықаралық Инстутутының баяндамасында берілген (Коломбо). Егер де қажетті шаралар қолданбайтын болса сумен байланысты проблема 2050ж апатты болуы мүмкін деп баяндамада келтірілген.

Жердегі халықтын саны 20 ғасырда 3 есе өскен болса, ал су ресурстарын пайдалануы 6 есе өсіп отыр. Алдағы 50 жыл ішінде әлемдегі халықтың саны 40-50% өседі. Урбанизациямен және индустриализациямен бірге халық санының осындай өсуі суға деген сұранысының ұлғаюына келтіреді де, қоршаған ортаға маңызды салдарларын тигізеді.

Жер планетасындағы судың жалпы көлемі шамамен 1370 млн куб км. құрайды. Проценттік қатынаста су Жер бетінің шамамен 71% алады. Планетамыздағы судың жалпы көлемінің шамамен 97% - ол мухиттардың суы, яғни олар ешқайда пайдалануға жарамды емес. Судың қалған 4% негізінен әртүрлі мұздақтарда (Арктиканың мұздарында, тау шыңдарының мұздақтарында т.б.) және тұщы сулардың тек шамамен 1,5% ғана әртүрлі көлдерде, өзендерде және атмосферада болады. Біздің планетадағы тұщы судың көлемі ұдайы азайып келеді.

Жер планетасындағы судың жалпы көлемі – 1386 млн. км3, оның тек 35 млн. км3 немесе 2,5% ғана тұщы суға келеді, ал қалғандары - 97,5 % мұхиттардың тұзды сулары. Тұщы су деп 1 литр судағы еріген тұздардың мөлшері 1 гр. аспайтын суларды айтады.

Мұхит суының тұздығы 35 г/л. Кермектігін төмендету бойынша алдын-ала өңделмеген тұзды сулар тек ішу үшін ғана емес, барлық шаруашылық қажеттеріне де жарамсыз келеді.

Судың басымды бөлігі адамға пайдалану үшін қиын жағдайда орналасқан. Тұщы судың 70% полярлық елдердің мұздарында және тау мұздақтарында шоғырланса, 30% жер сатындағы су горизонттарында жиналған, ал барлық өзендердегі тұщы судың үлесі тек 0,006% қана. Алатау тауларындағы мұздарда шамамен 960 км3 су бар.

Сонымен, тап осы су ең маңызды стратегиялық ресурс болып табылады.

Бізде қанша тұщы су бар?


Судың барлығы: 97,5% Тұзды су

2,5% Тұщы су


Тұщы су


- 99% мұздақтарда, айсбергтерде және жер астында орналасқан

- 1% шамамен 7 миллиард адамға ғана қол жетерлік қана.

Бұл тұрғыдан ең бай елдер болып келесі мемлекеттер саналады: Бразилия (тұщы судың қоры шамамен 7400 млрд м3; Ресей 4500 млрд м3 және Канада (шамамен 3000 млрд м3).

Тұщы судың қоры бойынша ең кедейлері – африка континентінің елдері.

БҰҰ (ООН) Бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің баяндамасында біздің планетамыздың болашағына қатысты жантүршігерлік мәліметтерді келтірді. Әлемдік сарапшылардың пікірі бойынша біздің планетамыздағы халықтың 1/3 (шамамен 2,3 млрд адам) лас суды ішуге мәжбүр болып отыр. Лас суды ішу қауіпті ауруларға келтіріп, жыл сайын 2,2 миллион адам қаза болуда, олардың көбісі балалар. Бұл қатер тек африка контитентіне ғана қатысты деп ойлауға болмайды. Маңызды су проблемасына Қытай, Үндістан және де АҚШ душар болып отыр. Қазіргі уақытта ең ауыр жағдай – Қытайда. Бұл елге су кұйзелісі 10 жылдан кейін келуі мүмкін. Бұл жағдайда Қытайға таза суды көршілес елдерден алуға тура келеді.



Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша әлем халқының 1/3 кейбір уақыттарда, мысалы құрғақшылық мезгілдерінде, судың жетіспеушілінен зардап шегуде. Ал 1,2 млрд адам ұдайы су тапшылығында тіршілік етуде. Осы мәліметтер бойынша 2025 жылға тұщы судың тапшылығы жылына 2 трлн куб. м дейін өсіп, 4 млрд адамды қамтиды. Ал 2 млрд адам судың абсолютті тапшылық аймақтарында қалады, онда бір адамға жылына тек 500 куб. м дейін ғана су келеді. Глобальды су күйзелісі - шешімі әлі табылмаған проблема болып отыр.

Суды пайдалану орасаң өлшемге жетті: қазіргі уақытта әр түрлі су ресустарынан жыл сайын 5000 куб. км (5·1012 т) тұщы су алынады. Мысалға салыстырсақ: адамзат жылына 350 млрд тонна топырақ пен тау жынысын қопарады екен. Ол суды жұмсауынан әлдеқайда төмен.

Қазіргі уақытта адамзат суды тек табиғи көздерінен ғана алмайды, сондай-ақ шаруашылық ісінде суды оданда көп шамада пайдаланады.

Біріншіден, әртүрлі технологиялық процесстер мен өндіріс жүйелерінде суды рециклдеуі қолданылады (қайтадан және қайта айналымды сумен қамтамасыздандыру). Мысалы, АҚШ өнеркәсіптік спекторінде 1990 жылдардың өзінде-ақ әрбір кубометр су орта есеппен 17,1 рет қолданылған, ал Ресейде өнеркәсіптік спекторде сумен қамтамасыздандыру жұйелерінің жартысы суды қайта қолдану және қайта айналымды сумен қамтамасыздандыру негізінде салынған. Жалпы әлемді алғанда суды қайта қолдануы және қайта айналымды сумен қамтамасыздандыруды қолдануы 10% жуық.

Екіншіден, адамзат жасанды су қоймаларындағы – көлтоғандардағы және тоғандардағы суды пайдаланады: энергияны алу үшін, жерді суландыру үшін, балық өсіру, рекреация мақсатымен т.б. Әлемдегі көлтоғандардағы судығ суммарлық көлемі XXI ғасырдың басында 6300 куб. км құрады.

Үшіншіден, адамзат су қоймаларын ластарды тазалау жүйесі ретінде және қалдықтарды көму ретінде қолданады. Іркінді суларды су қоймаларына ағызу жылына 2000 куб. км жетті. Ал тазартылған іркінді суларды өзін табиғи күйіне дейін жеткізу үшін оларды су қоймасы суымен 10–50 есе сұйылтуды талап етеді, ал ал тазартылмаған іркінді суларды - 100–1000 есе.

Адамзат судың жетіспеушілігімен байланысты келетін глобальды дағдарыстың шегінде тұр, және ол бұрын ғалымдар ұйғарған уақыттан 20 жыл болып отыр.

Осындай тұжырым Су ресурстарын басқару халықаралық институтының (Коломбо) баяндамасында келтірілген. Егер тиісті шара қолданылмайтын болса, онда 2050 жылға су мәселесі апаттық жағдайға жетеді деп баяндамада айтылған.

20 ғасырда жердегі халықтың саны үш есе өскен болса, онда су ресурстарын пайдалану 6 есес өскен. Алдағы 50 жылда әлемнің тұрғындары 40-50 проценке өседі. Урбанизациямен және индустриализациямен бірге халық санының осындай өсуі суға сұранысын ұлғайтады да, қоршаған орта үшін маңызды салдарларға келтіреді.

Тұщы судың ресурсы құрлық бетінде және жер қойнауында территорияның ауданының бірлігіне, және де әрбір адамға шаққанда біркелкісіз таралған.

Соңғы 50 жылда тұщы судың қоры 70% азайды, ал 20 жылдан кейін оның көлемі таға екі есе қысқарады.

Континенттердің сумен қамтамасыз етілуі

Континент




Ауданы,

млн. км2



Су ресурстары, км3/жыл*

Территорияның, сумен қамтамасыз етілуі

мың м3/ жыл×км2



Халықтың сумен қамтамасыз етілуі

мың м3/ жыл×адам.



Европа

10.46

3200

306

4,4

Азия

43.5

14400

331

4,1

Африка

30.1

4600

153

6,3

Америка

24.3

20000

833

27

Австралия

7.63

400

52

33

Барлық құрлық**

135

42600

316

22

Қазіргі адамның өміріне судың маңыздығы туралы айтуға келмейді. Біздің күні бойындағы ісіміздің барлығы суды пайдалануымен байланысты. Бірақ біз өзімізге әдетті тіршілігіміз үшін қанша су жұмсалатынын тіпті ойламаймыз да. Қазіргі өнеркәсіп судың орасаң көлемін қажет тетеді: 1 танна қағазды жасау үшін 900–1000 м3 тұщы су қажет, 1 т болат өндіруде – 50-150 м3, азот қышқылын - 80–180 м3 , целлюлезаны - 400–500 м3, синтетикалық талшықты – 1000 до 1500 м3, синтетикалық маталарды - 2000–4000 м3.

Судың орасаң көлемін энергетка қажет етеді: қуаттығы 1 млн. кВт ЖЭС жылына 1 км3 суды, ал қуаттығы осындай АЭС - 1,63 км3 суды талап етеді. Әлемде тек электроэнергеткасы үшін су көздерінен жылына 320 км3 алынады, мұнда судың қайтарымсыз шығыны 100 км3 құрайды. Бірақ суды ең көп шығындаушы саласына ауыл шаруашылығы жатады: 1т өнімді өсіру үшін шамамен 1000 м3 су, яғни 1000 т су жұмсалады.

Соңғы 50 жылда тұщы судың көлемі 70% азайды, ал 20 жылдан кейін оның көлемі тағы екі есе қысқарады.

Жағдай соншалықты күрделі, қазір Жердегі халықтың үштен бірі суға өте сирек кездесетін қазына ретінде қарайды.

Осындай күйзелісті жағдайдың тууын аналитиктер тек 2025 жылда ғана болатынын болжаған.

Осындай жағдайдан шығудың адамзат үшін жалғыз-ақ жолы – ол осы проблеманы шешу бойынша әлемнің барлық мемлекеттерінің бірігіп өзара әрекеттесуі саналады.



Әдебиеттер

  1. Авакян А.Б., Лебедева И.П. Водохранилища ХХ века как глобальное географическое явление // Изв. РАН. Сер. геогр. – 2002. – № 3. – С. 13–20.

  2. Данилов-Данильян В.И. Дефицит пресной воды и мировой рынок // Водные ресурсы. – 2005. – Т. 32, № 5. – C. 87–97.

  3. Данилов-Данильян В.И. Вода – стратегический фактор развития экономики России // Вестник Российской академии наук. – 2007. – Т. 77, № 2. – С. 108–114 

  4. Данилов-Данильян В.И., Лосев К.С. Потребление воды: экологический, экономический, социальный и политический аспекты. – М. : Наука, 2006. – 221 с.

  5. Мелешко В.П., Голицын Г.С., Малевский-Малевич С.П., Мохов И.И. и др. Возможные антропогенные изменения климата России в XXI веке: оценки по ансамблю климатических моделей // Метеорология и гидрология. – 2004. № 4. – С. 38–49.

  6. Экологическая энциклопедия. В 6 т. Т. 1. – М. : Энциклопедия, 2008. – 416 с.

  7. Giordano M., Giordano M., Wolf A. The geography of water conflict and cooperation: internal pressure and international manifestations // The Geographical J. – 2002. – № 4. – P. 293–312.

  8. Helmer R. Water Demand and Supply // Nucl. Desalinat. Sea Water: Proc. Int. Symp., Taejon, 26–30 may, 1997. – Vienna, 1997. – P. 15–24.

  9. Rodda G. On the problems of assessing the World water resources. In: Geosci. and water resource environment data model. Berlin – Heidelberg, 1997. – P. 14-32.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет