Компания туралы ақпарат



Дата29.05.2016
өлшемі207.04 Kb.
#101859

Компания туралы ақпарат





Компанияның толық атауы "ЗУБР" консалтинг орталығы (1998 жылы құрылған мемлекеттік емес мекеме)

Компанияның толық атауы "ЗУБР" әлеуметтік корпоративтік қоры (2001 жылы «ЗУБР» КО құрған)

Директоры: Кулик Виталий Олегович, «ИнтерТренинг» тренерлер мен кеңесшілердің аймақаралық қоғамдық ұйымының мүшесі (Мәскеу қ.)

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан к-сі, 158, А корпусы

Телефон/факс: (7232) 26-22-20, 57-83-74

E-mail: zubr@ukg.kz, zubr-kz@mail.ru

«ЗУБР» КО/ӘКҚ басқару жүйесіне оңды өзгерістер енгізуге және мемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған консалтингтік, зерттеу-талдау және білім беру қызметтерінің кең спектрін ұсынады.







«ЗУБР» консалтинг орталығы

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры

Байланыс үшін

Терехова Наталья Яковлевна

Директордың орынбасары, тренер, бизнес-кеңесші



Байланыс үшін

Натарова Юлия Николаевна,

Директордың орынбасары, тренер, кеңесші-аналитик



Қызмет ету саласы

Бизнес-орта мен бизнес-ұйымдарын дамыту, мемлекеттік қызметтер сапасын және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру



Қызмет ету саласы аумақтарды дамыту, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар қызметін жетілдіру

Бағыттары:

  • Стратегиялық басқару

  • Мемлекеттік басқару

  • Маркетинг

  • Қаржылық талдау және жоспарлау

  • Адами ресурстарды басқару

  • SPSS бағдарламасында статистикалық ақпаратты өңдеу

  • Конкурстар мен тендерлер

  • Тренингтік бағдарлама

Бағыттары:

  • Азаматтық қоғамды дамыту

  • Әлеуметтік саладағы қызмет сапасын арттыру

  • Аумақтар маркетингі: әлеуметтік тартымдылықты қалыптастыру

  • Қоғамдық пікірді қалыптастыру технологиясы, оның ішінде PR, насихат және әлеуметтік жарнама

Қызмет түрлері

1. Стратегиялық басқару: бизнесті дамыту стратегиясын, бизнес-жоспарларды жасау, басқару жүйесі үдерістерін талдау және оңтайландыру, ұйым қызметі тиімділігін арттыру.

2. Мемлекеттік басқару: әлеуметтік-экономикалық зерттеулер, мемлекеттік қызмет сапасын мониторингілеу және бағалау, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға баға беру.

3. Маркетинг: тұтынушылар қажеттілігін зерттеу, нарыққа талдау жасау, компанияның бәсекелестік басымдылықтарын анықтау, тұтынушылардың қанағаттану деңгейіне баға беру, тауарлар мен қызметтерге талдау жасау.

4. Қаржылық талдау және жоспарлау: бөлімшелер мен жалпы кәсіпорынның шығындар жүйесіне талдау жасау, бюджеттеудің, басқару есебінің жалпы жүйесін жасау, ұйымның қаржылық құрылымын құру.

5. Адами ресурстарды басқару: кадрлық диагностика, қызметкерлерді материалдық және материалдық емес ынталандыру жүйесін жасау, ішкі оқыту жүйесін жасау және т.б.

6. SPSS бағдарламасында статистикалық ақпаратты өңдеу: мәліметтерді өңдеу, зерттеу нәтижелерін кесте, диаграмма және графиктер түрінде ұсыну.

7. Конкурстармен тендерлер: жобалар, конкурстық сұраным, техникалық спецификация (оның ішінде мемлекеттік сатып алулар бойынша) жасау кезінде кеңестік қолдау көрсету, сонымен қатар, әкімшілік үдерістерді оңтайландыру бойынша ұсынымдар шығару.

8. Ұйым басшылары, менеджерлері мен мамандарына арналған тренингтік бағдарлама:

  • Кәсіпорынды стратегиялық басқару

  • Персоналды басқару: тиімді басшылық ету дағдысы

  • Команда құру және шиеленістерді басқару

  • Уақытты тиімді басқару

  • Бизнес-жоба жасау

  • Персоналды материалдық және материалдық емес ынталандыру. Еңбекақы жүйесі.

  • Бюджеттеу компания басқару құралы ретінде

  • Шығындарды бақылау және талдау

  • Қаржылық талдау жасау

  • Басшыларға қаржылық басқару: шығындарға талдау жасау және шешім қабылдау.

  • Сатуды басқару: стратегия және тактика

  • Тұтынушыларға тиімді қызмет көрсету

  • Теңгерімді көрсеткіштер жүйесі (BSC)

  • Мемлекеттік сатып алулар: талаптар, рәсімдер, конкурсқа қатысуға сұраным даярлау

  • Тренерлерге арналған тренингтер:

      • Ересек аудиторияны оқыту технологиялары: тренер өнері

      • Тренер және тренинг: аудиторияны басқару өнері

Жұмыс формалары

  • Кеңес – нақты сауал төңірегінде берілген маман жауабы.

  • Консалтингтік жобалар, шын мәнінде консалтингтік фирма мен тұтынушы ұйымының бірлесе атқаратын жұмысы болып табылады. Оның ішінде келесі негізгі кезеңдер қамтылған:

    1. диагностика (мәселені анықтау);

    2. дәйектемелер жинау, мәліметтерді зерттеп, жүйелеу;

    3. шешім шығару;

    4. шешімді енгізу.

  • Стратегиялық жоспарлау, ұйымдастырушылық өзгерістер рәсімін фасилитациялау

  • Әлеуметтік-экономикалық және маркетингтік зерттеулер

  • Әлеуметтік-экономикалық (оның ішінде мемлекеттік) бағдарламалар мен жобаларды мониторингілеп, баға беру

  • Ашық тренингтер – түрлі ұйымдар өкілдері қатысатын тренингтер (оқытумен қатар өзгелермен танысып, өзін көрсетуге мүмкіндік)

  • Корпоративтік тренингтер – дәл Сіздің компанияңыздың қызметкерлеріне бейімделген тренингтер

  • Менеджемент бойынша Қазақстан қауымдастығының менеджмент бойынша сертификатталған кеңесшісінің статусына ие болу мақсатындағы Басқару бойынша кеңесшілерді оқыту («Кеңесшінің басты дағдылары», «Консалтинг этикасы»)




Қызмет түрлері

Білім беру қызметі

  • Семинар-тренингтер жән оқыту бағдарламалары:

  • «Аумақтарды басқарудағы азаматтық қатысудың формалары мен әдістері»

  • «Аумақтар маркетингі: әлеуметтік тартымдылықты қалыптастыру»
  • «Мемлекеттік менеджмент: заманауи тәсілдердің ерекшелігі, принциптері мен әдістері»

  • «Ауылдық аумақтарды дамытуға арналған жүйелік тәсіл. Аумақтар маркетингі»


  • «Азаматтық қоғам. Әлеуметтік серіктестік түсінігі. Коалиция»

  • «Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудың принциптері мен практикалық модельдері»

  • «Мемлекеттік органдар web-сайттарын тұтынушыға бейімдеу принципі бойынша жетілдіру»

  • «Бағалау әлеуметтік саясатты рационалдау және тиімділігін арттыру құралы ретінде»

  • «Әлеуметтік маркетинг. Тұрғындарға арналған қызметтер стандарттарын шығару»

  • «Нәтижелі тұсаукесер / жұрт алдында сөз сөйлеу дағдылары»

  • «Қоғамдық пікір қалыптастыру технологиясы»

  • «Насихат пен PR заманауи технологиялары»
  • «Уақытты тиімді басқару» (мемлекеттік қызметкерлер мен ҮЕҰ арналған)

  • «Команда құру. Шиеленістерді басқару»

  • «Жобаларды, соның ішінде жүйелік жобаларды жасап, басқару»

  • «Қазақстан дамуының қазіргі шарттарында этносаралық келісім моделінің қызмет ету ерекшеліктері»

  • «Қазақстандық қоғамдағы патриотизм: дәстүрлер және қазіргі заман»

  • «Әлеуметтік шиеленістерді реттеу технологиялары»

  • «Е-үкіметтің бастамаларын қоғамдық қолдаудың формалары мен әдістері»

  • «Ақпараттық кампанияларды ұйымдастыру және өткізу»

  • «Азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйінің деңгейі мемлекеттік органдар жұмысы тиімділігінің индикаторы ретінде»

  • Азаматтар мен әлеуметтік қызметтерді көретін ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жасау»


  • Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне арналған Жазғы мектептер

  • Түрлі әлеуметтік технологияларды қолдану мәселелері бойынша шеберлік сыныптары


Іс-шаралар ұйымдастырып, өткізу бойынша қызмет көрсету



  • Әлеуметтік саланың өзекті мәселелері бойынша ой фабрикасы және пікірталас алаңдары

  • Облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі конференциялар, форумдар, слеттер

  • Көрмелер, жәрмеңкелер және конкурстар, соның ішінде әлеуметтік жобалар мен идеялар бойынша

  • PR-іс-шаралар, ақпараттық кампаниялар

  • Стратегиялық жоспарлау, ұйымдық өзгерістер енгізу рәсімдері бойынша фасилитация


Зерттеу-талдау қызметі

  • Түрлі тақырыптар бойынша әлеуметтік зерттеулер

  • Әлеуметтік-экономикалық жобалар мен бағдарламаларды мониторингілеу және бағалау

  • Әлеуметтік маркетинг:
  • Әлеуметтік қызметтің қажеттігіне талдау жасау

  • Тұтынушылардың қанағаттануына баға беру

  • Қызметтердің қажеттілігі деңгейіне талдау жасау


  • Аумақтардың әлеуметтік тартымдылығына баға беру

  • Әлеуметтік рәсімдердің үздік тәжірибелерін жинап, сипаттап, тарату

  • Әлеуметтік сала, саясат бағыттарын, ұйымдардың даму стратегиялары, әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды жасап шығару

  • Регламенттер/стандарттар шығару барысында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік қызмет көрсетуі кезіндегі әкімшілік рәсімдер сипаттамасы


Кеңес беру қызметі

  • Жоба басқару бойынша кеңес, оның ішінде қоғамдық ұйымдардағы қаржылық есеп, есепшілік есеп

  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурстарын өткізу бойынша кеңес





«ЗУБР» КО/ӘКҚ шығарған кітапшалар

Азаматтық қатысу: қазіргі жағдайы мен болашағы немесе тұрғындар шешім қабылдауға қалай әсер ете алады кітапшасы / Образцова О.Ю., Натарова Ю.Н., Литвинов В.В.. – Өскемен: Альфа-пресс, 2004

Аталмыш басылым азаматтық қатысу мәселелеріне арналған, соның ішінде Франция мысалындағы халықаралық тәжірибе негізінде жасалған.

Бұл кітап екі бөлімнен тұрады: біріншісінде азаматтық қатысу өз заңдары, классификациясы және өзара байланысы бар жүйе ретінде қарастырылса, екінші кітапта көптеген онжылдықтар бойы аумақты басқаруда жергілікті тұрғындардың қатысуын қарастырып отырған европалық мемлекеттің тәжірибесі жазылған.


Қоғамдық тыңдауды қалай ұйымдастырып, өткізуге болады кітапшасы/ Образцова О.Ю., Бурнашова А.Ю.. – Өскемен: «Техцентр» ЖШС, 2004
Аталмыш басылым қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырып, өткізу мәселелеріне арналған. Оның не екені, қандай жағдайларда, не үшін өткізілетіні, қандай принциптерге негізделгені жазылған.

Кітапшада қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырып, өткізу тәртібі бойынша практикалық қадамдар ұсынылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырудың құқықтық негіздеріне талдау, теориялық аспектілеріне шолу жасалған.




Қалалық әлеуметтік бағдарламаларды басқару. Жобалық шешім кітапшасы / Козляткина А.А., Образцова О.Ю., Бурнашова А.Ю., Натарова Ю.Н. – Өскемен: Альфа-Пресс, 2004

Аталмыш басылым қалалық әлеуметтік бағдарламаларды басқару мәселелеріне арналып, рәсімдерді қарастырып, олардың қалыптастыру сұлбасын қамтиды.

Ұсынылған ақпарат жобаға қатысушы қалалардың тәжірибесін қамтыған. Кітапта зерттеу материалдары бар. Оған қоса, басылымда жобалық шешім ҮЕҰ мен азаматтардың қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған бағдарламаларды жасап, жүзеге асыруға қатысу механизмі ретінде қарастырылады. Қазақстанның төрт қаласында өткізілген жобалар байқауының нәтижелері мен конкурстық құжаттама мысалдары берілген.


Әлеуметтік ұйымдастырушылар: кім, қалай, не үшін кітапшасы / Козляткина А.А., Натарова Ю.Н., Бурнашова А.Ю. – Өскемен: Техцентр, 2004

Кітаптағы материалдар Шығыс Қазақстан облысындағы шағын қалалар мен ауылдарда «әлеуметтік ұйымдастырушыларды» даярлау бойынша Батыста, Еуропа елдері мен Ресейде қолданыстағы әлеуметтік технологияның бірін қабылдау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Әлеуметтік ұйымдастырушылар – бұл арнайы әзірліктен өткен және мәселенің шешімін табу үшін билік өкілдерімен бірлесе және жергілікті тұрғындарды кеңінен қатыстыру арқылы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар жергілікті қоғамдастықтың өзгелерден белсендірек өкілдері.

Қазақстан Республикасында коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу мәселелері бойынша жолбасшы кітапшасы / Козляткина А.А. – Өскемен: Альфа-пресс, 2004

Аталмыш басылым үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдарды заңды тіркеу рәсімдеріне арналған. Ұсынылған материалдар бастамашыл топтарға ұйымды құру қажеттігі туралы шешім қабылдаудан бастап, барлық қажетті құжаттарға қол жеткізуге дейінгі жолды өздігін жүріп өтуге мүмкіндік береді.

Кітапшада ұйымды тіркеудің практикалық кезеңдері, әр кезеңге қойылатын талаптар ұсынылып, «Зубр» ӘКҚ мамандары жасаған, Қазақстанда мейлінше кең тараған коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылық құжаттарының мысалдары берілген.

Қызмет стандарттары қалай және не үшін жасалады кітапшасы (Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жүзеге асырылған жоба тәжірибесі) / Натарова Ю.Н., Каменьщикова К.А., Образцова О.Ю., Полякова Е.П., Литвинов В.В. – Өскемен: Альфа-Пресс, 2006

Аталмыш басылым әлеуметтік салада қызмет ететін ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар көрсетіп отырған қызмет стандарттарын жасап, пайдалану мәселелеріне арналған. Басты назарда – қызметті стандарттау саласында пайдаланылатын негізгі принциптер, әдіс-тәсілдер, аталмыш үдерістің басымдылықтары мен кемшіліктері, мүмкін болатын нәтижелері.

Кітапшаның құндылығы сол, жасалған ҮЕҰ әлеуметтік қызметі стандарттарының практикалық мысалдарының үлкен блогы беріліп отыр.


Өмір сапасына қоғамдық сараптама: теория мен практика кітапшасы / Козляткина А.А., Натарова Ю.Н., Каменьщикова К.А. – Өскемен: «Техцентр», 2005

Аталмыш басылымда Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы өмір сапасы мен әлеуметтік қызмет көрсету деңгейіне қоғамдық сараптама жасаудың, соның ішінде зерттеудің практикалық нәтижелері мен негізгі тәсілдерінің бірегей мысалдарын сипатталады.

Кітапшада қоғамдық сараптама жүргізудің әдістемелік тәсілі сипатталып, аталмыш салада пайдаланылатын негізгі түсініктердің салыстырмалы талдауы жазылған.

Қазақстандағы тұрғынүйге қолжетімділік: қоғамдық сараптама нәтижелері кітапшасы / Образцова О.Ю., Терехова Н.Я., Буйволова М.И., Васильева Н.А. – Өскемен: Альфа-пресс, 2006

Аталмыш басылым үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде тұрғынүйге қолжетімділік туралы қоғамдық пікір нәтижелері мен Өскемендегі тұрғынүй нарығына талдау ұсынылған. Екіншісінде ипотекалық несиелендіру жүйесінің мүмкіндіктері мен азаматтарға арналған тұрғынүй жинақтары толық сипатталады. Үшінші бөлім – тұрғынүй мәселесін шешудегі халықаралық тәжірибенің түрлі модельдерінің «галереясы». Қорытындыда тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіру мен оның қолжетімділіктігін арттыру, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік тұрғынүй бағдарламаларының ашықтығын арттыру бойынша ұсыныстар берілген.



Аймақтағы электронды үкімет: электрондық қызметті дамыту ІІІ Халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы / Синельникова М.П., Кулик В.О. – Өскемен; Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты, «ЗУБР» консалтинг-орталығы, 2007

Аталмыш жинақта «Аймақтағы электронды үкімет: электрондық қызметті дамыту» ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушылары ұсынған материалдар берілген.

Конференция аясында келесі негізгі бағыттар талқыға салынды: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды мемлекеттік органдар мен тұрғындардың кең қолданысына енгізу; электронды мемлекеттік қызметті дамыту; «Электрондық әкімдіктің» тұтынушыға бағдарлануы: мүмкіндіктер мен кедергілер.


Әлеуметтік қызмет көрсетудің үздік тәжірибелерінің жинағы (Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында) «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры – Өскемен: 2007

Жинақты даярлау кезінде 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысында ШҚО ішкі саясат департаментінің тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырған жобалар қарастырылған.

Осы жинақта ұсынылған әлеуметтік қызмет көрсетудің Үздік тәжірибелері нақты әлеуметтік мәселелерді шешудің, нақты әлеуметтік топтардың түрлі қызметтерге мұқтаждығын тиімді қанағаттандырудың моделі іспеттес. Үздік тәжірибелер алдағы уақытта ұқсас әлеуметтік топтармен ұқсас бағыттарда жұмыс істейтін ұйымдардың практикалық қолданысына арналған.


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін бекітудың 15-жылдығына арналған іс-шараларды өткізу» Мемлекет-рәміз-азамат жинағы Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі, «ЗУБР» коналтинг орталығы - Өскемен, 2007
Жинақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін пайдалану және насихаттау мәселелеріне арналған. Онда жоба қорытындылары берілген.

Жинақта мемлекеттік рәміздерді насихаттау және танымалдандыру бойынша идеялар байқауына ұсынылған PR-идеялар қамтылған. Жинақтың қорытынды бөлімінде мемлекеттік рәміздерді қолданудың түрлі формалары мен әдістерінің PR-ы мен насихаттау бойынша қорытындылар мен ұсынымдары берілген.



Е-әкімдік құру бойынша жолсілтеме кітапшасы – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты, «ЗУБР» консалтинг орталығы, Өскемен: 2008

Кітапша 2006-2008 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының «электронды әкімдікті» құрудың аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру кезінде жиналған тәжірибені жүйелендіру және е-үкіметті құрудың шетелдік тәжірибесінің беталысын жинақтау негізінде жасап шығарылған.

Кітаптың бес бөлімінде е-әкімдікті құру жолы қарастырылған: басқару құрылымдарының қазіргі әлеуеті мен әзірлік деңгейін анықтауға, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге әкелетін е-әкімдікті құру міндеттерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Бәсекеге қабілетті жастар – бәсекеге қабілетті Қазақстан құралы – Қазақстан Республкиасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры – Өскемен, 2008

Ақпараттық-әдістемелік құрал «Бәсекеге қабілетті жастар» Қазақстан жастарының әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктеріне сараптама жасау жобасының аясында шығарылды.

Құрал бәсекеге қабілеттілік туралы түсінік, оның модельдері, қазіргі жағдайдағы Қазақтан жастарының әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктеріне сараптама, жастардың бәсекеге қабілеттігін дамытудың халықаралық тәжірибесін, Қазақстан жастарының бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған қорытындылар мен ұсынымдарды қамтиды.
Азаматтардың аумақтарды басқаруға құқығын жүзеге асыру бойынша үздік тәжірибелерінің жинағы Қазақстандағы еуропалық комиссия өкілдігі, «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры, Өскемен, 2008

Жинақ мәселелерді шешуге бағытталған жаңа технологиялар мен модельдерді, біздің жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару моделі мен азаматтардың аумақтарды басқаруға құқығын іс жүзінде жүзеге асыру модельдерінің Үздік тәжірибелерді енгізу рәсімдерінің сипаттамасын, қажетті шарттарды және әрекет кезеңдерін және мүмкін болатын тәуекелдер мен олардан шығу жолдарын қамтиды.



Мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар: өзара қарым-қатынасы тиімділігін қалай арттыруға болады? құралы – Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы, ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры, Өскемен, 2008

Құралда өзара қарым-қатынас кезінде қолданылатын түрлі түсініктер анықтамасы, арақатынастың негізгі принциптері мен шарттары, типтері мен модельдері, сонымен қатар қолданылатын формалардың сипаттамасы, олардың басымдылықтары мен кемшіліктері ұсынылған, сондай-ақ өзара қарым-қатынас үдерісінде қолданылатын баға беру құралдарының ерекшеліктері сипатталған. Қазақстандағы ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың арақатынасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар келтірілген.



PR, насихат немесе әлеуметтік жарнама ма? құралы - ақпараттық-әдістемелік құрал. Авторлар тобы: Топ жетекшісі – Кулик В.О., Шығарушы-авторлар: Кнауб Е.П., Кофтанюк А.Ю., Натарова Ю.Н., Тембель О.Ю., құралдың 4-бөлімінің авторы: Зарва С.Л. (Санкт-Петербург қ.).

Басылым түрлі салалардағы, оның ішінде мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық саладағы PR, насихат және әлеуметтік жарнама мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырмандардың кең ауқымына қызықты болады.

Құрал бұл сала туралы түсінік қалыптастырып, өзінің қоғаммен мықты, тиімді байланысын құру тәсілдерін түсінуді маңызды деп санайтындарға арналған.


Мемлекеттік жастар саясаты: қазіргі жағдайы мен даму болашағы – Республикалық дөңгелек үстел материалдары бойынша баяндамалар жинағы - Қарабалаев Е.Ж., Кулик В.О.

Басылым ғылыми орта өкілдеріне, ЖОО оқытушылары мен студенттеріне, үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне, сонымен қатар жастармен жұмыс істейтін, жастардың түрлі топтарына арналған әлеуметтік жобаларды, бағдарламаларды жүзеге асырумен шұғылданатын тұлғаларға арналған.





Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынама / Образцова О.Ю., Буйволова М.И., Васильева Н.А. – Өскемен: «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры – «Рекламный дайджест» ЖШС. – 2010
Жадынамада сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық үшін қолданылатын жауапкершілік пен жазалар жүйесі, сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық тәжірибесі, парақорлыққа қарсы шара қабылдау үшін не істеу керектігі жөніндегі практикалық кеңестер қамтылған.
Бүгінгі еңбек нарығындағы құқықтық қорғалу - ертеңгі лайықты қарттық кітапшасы / Образцова О.Ю., Буйволова М.И., Васильева Н.А., Терехова Н.Я. – Өскемен: «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры. – «Рекламный дайджест» ЖШС. – 2011
Кітапша Еуропалық Одақтың қаржылық қолдау көрсетуімен осылай аталатын жоба нәтижелері бойынша әзірленген. Жобаның негізгі мақсаты – еңбек пен зейнетақылық қамтамасыз ету салаларындағы Қазақстан Республикасы азаматтарына (оның ішінде әлеуметтік әлжуаз топтарға) мемлекет кепілдік беретін құқықтарын жүзеге асыру үдерісі ашықтығын арттыру. Басылымда ҚР еңбек және зейнетақы саласындағы негізгі беталыстарға шолу жасалып, еңбек және зейнетақылық қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелері және халықаралық тәжірибеге шолу жасалып, осы тақырып бойынша кеңестер берілген.

Бірлескен бағалардан – бірлескен істерге құралы (Қоғамдастық қажеттіліктері мен мобилизациясына бірлесе баға беру әдістері бойынша практикалық құрал) – «БОТА» ҚҚ, «ЗУБР» ӘКҚ, Өскемен, 2011

Құрал «БОТА» ҚҚ тапсырысы бойынша Әлеуметтік қызметтерге қолдау көрсету бағдарламасы (ППСУ) аясында грант алушылар мен потенциалды гранталушыларға арналған.

Құралда тұрғындарды өз проблемаларын бағалап, шешуге тартуды қарастыратын негізгі принциптер мен әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктері ұсынылған, қоғам қажеттіліктерін бірлесе бағалаудың практикалық мысалдары, қоғамдастық іс-әрекетінің іс-шаралар жоспарын құру ерекшеліктері сипатталған.


Әлеуметтік шиеленістер құралы (ақпараттық-әдістемелік құрал) – «ЗУБР» ӘКҚ «ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аяында, Өскемен, 2011

Құрал «Аумақтардың әлеуметтік тартымдылығын арттыру, азаматтардың әлеуметтік оптимизмін, патриоттығы мен толеранттығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу» жобасының аясында шығарылған.

Құралда әлеуметтік шиеленіс анықтамасы, оның даму фазаларының сипаттамасы, типтері мен функциялары, формалары мен оны реттеу әдістері, сонымен қатар түрлі шиеленістерге практикалық мысал келтіріле отырып талдау жасалған.

Басылым мемлекеттік органдармен қатар азаматтық қоғам институттарына және күнделікті өмірде түрлі әлеуметтік шиеленістердің алдын-алып, реттеу әдістерін қолдану үшін қалалар мен ауылдардың қарапайым тұрғындарына қызықты болады.




Аумақтардың әлеуметтік тартымдылығы. Азаматтардың патриоттығы мен толеранттығын дамыту (ақпараттық-әдістемелік құрал) – «ЗУБР» ӘКҚ «ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, Өскемен, 2011

Құрал «Аумақтардың әлеуметтік тартымдылығын арттыру, азаматтардың әлеуметтік оптимизмін, патриоттығы мен толеранттығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу» жобасының аясында шығарылған.

Құралда аумақтар маркетингінің негізі мен түрлері туралы, аумақтардың әлеуметтік тартымдылығын арттыруға байланысты мүмкін болатын дамыту стратегиясына қатысты материалдар, шағын қалалар мен ауылдардың «архитекторларына» әлеуметтік тартымдылықтың басты факторлары бойынша кеңес, азаматтардың патриоттығы мен толеранттығы саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруға қатысты тәжірибе сипаттамасы мен ұсынымдар ұсынылған.


Зерттеу және талдау: жас сарбаз курсы (ақпараттық-әдістемелік құрал) – «ЗУБР» ӘКҚ Қазақстан Республкиасы білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аяында, Өскемен, 2011


Құрал «Шығыс Қазақстан облысындағы ресурстық зерттеу-талдау орталығы» жобасының аясында шығарылған.

Құралда жастар саясатын жүзеге асырудың түрлі бағыттары бойынша зерттеу-талдау жұмыстарын жүргізудің әдістері мен принциптері туралы ақпарат ұсынылған, әдістер мен құралдарды қолдану бойынша ұсынымдар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында зерттеу-талдау қызметтерін көрсетумен шұғылданатын жас зерттеушілер мен жастар қоғамдық ұйымдарының басшыларына арналған практикалық кеңестер берілген.

«Жас отан» ЖҚ сенің жолың: шағын қадамдар стратегиясы – «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ» ҚБ тапсырысы бойынша, Өскемен, 2011

Бұл құралда «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалдарының жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген: идеологиялық негіз, сыртқы байланыс жұмыстары, кадрлар, волонтерлер, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының идеялары мен құндылықтарын жылжыту мақсатында аймақтардағы жастардың түрлі топтарымен ақпараттық, насихат және PR-кампанияларды өткізу.



Құрал Жас Отан» ЖҚ еліміздің облыстары, қалалары, аудандар мен ауылдарында «Жас Отан» ЖҚ филиалдары жұмысын ұйымдастыруға жауапкершілік алуға әзір қазіргі және болашақ жас көшбасшыларға арналған.


«Жас Отан» ЖҚ сенің жолың: батыл инновацияларға өмірге жолдама құралы – «ЗУБР» ӘКҚ, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ» ҚБ тапсырысы бойынша, Өскемен, 2011
Аталмыш құралда ұйым қызметін стратегиялық және жедел жоспарлау, «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалдары қызметіндегі түрлі бағыттар бойынша жобалар жасау мәселелері бойынша материалдар берілген. «Жас Отан» ЖҚ стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу саласы мен мақсатты топқа оңды әсер ету жағынан да шынайы практикалық мысалдар негізінде жоба басқару, олардың тиімділігін қамтамасыз ету қарастырылған.
Құрал «Жас отан» ЖҚ сенің жолың: шағын қадамдар стратегиясы» деп аталатын алдыңғы ақпараттық-әдістемелік құралдың жалғасы болып табылады және қазіргі және еліміздің облыстары, қалалары, аудандар мен ауылдарында «Жас Отан» ЖҚ филиалдары жұмысын ұйымдастыруға жауапкершілік алуға әзір қазіргі және болашақ жас көшбасшыларға арналған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет