Процессор – көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.
Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, онда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатынын орындалатынын білдіреді.
Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Intel Pentium процессорлары х86 топтамасына жатады. Бұлардың негізін қалаушы 16 – разрядты Intel – 8086 процессоры болып табылады. IBM PC компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордың негізінде құрастырылған. Кейінірек Intel – 80286, Intel – 80386, Intel – 80486, Intel – Pentium 60, 66, 75, 90, 100, 133; Intel Pentium ММХ, Intel Pentium Pro Intel Pentium II, Intel Celeron, Intel Pentium III процессорлары шығарыла бастады. Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар шығаратын тек Intel фирмасы болса, кейінірек ADM, Cyrix фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады.
Процессордың бір – бірінен өзгешелігі олардың типтері (моделдеріне) мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік – олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді. Мысалы, Intel Pentium типтегі процессорлар 75, 90, 100, 133, 150, 166, 200 және 233 Мгц жиілікпен жұмыс істейді.
Мультиплексор. Мультиплексор (коммутатор) – бір шығуы бар комбинациялық көпкірулі схема. Мульиплексордың кірулері ақпараттық және ( ) болып бөлінеді. Әдетте , мұндағы k және n – сәйкес басқарушы және ақпараттық кірулер саны. Басқарушы кіруге келіп түсетін код ақпараттық кірудің біреуін анықтайды, ол айнымалының мәні шығуына беріледі.
Мультиплексор келесі функцияны іске асырады:
егер .
Мультиплексорды іске асыру үлгісі (n=4, k=2) 4-суретте көрсетілген. Мұнда мультиплексор екілік басқарушы кодты дешифрлейтін, дешифратордың шығу сигналдарымен басқарылатын екі кіруі бар конъюнкторлардың (олардың саны ақпараттық кірулер санына тең) жиынтығы түрінде құрылған. Конъюнкторлардың шығулары НЕМЕСЕ схемасымен біріктірілген.
3–Сурет. Мультиплексор схемасы
Мультиплексорлар коммутаторлар ретінде кеңінен қолданылады. Коммутатор – параллель кодты тізбектіге түрлендіру үшін қолданылатын сигналдар селекторы, ол кодтарды салыстыру, генераторлар схемаларын құруда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |