Компьютерді дұрыс қосу және өшіру жолдары
Компьютерді алғаш қосар алдында желідегі кернеу компьютер талап ететін кернеуге сәйкес келетін-келмейтінін тексеріп алу қажет (көптеген компьютерлер кіретін кернеудің түрлі мәндері, мысалы 220 немесе 110 В болғанда да жұмыс істей береді). Қажет болған жағдайда компьютердегі кернеу айырып-қосқышын дұрыс қалыпқа келтіру керек.
Электр қуаты тұрақсыз түрде берілген жағдайда компьютермен бірге электр қуатының жетіспеуінен қорғайтын құрылғылардың бірін: желілік сүзгі, тұрақтандырғыш немесе үздіксіз қорек көзі құрылғысын (UPS) қолданған орынды.
Windows XP амалдық жүйесінде жұмыс істеген кезде компьютерді өшіру үшін:
· жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды аяқтау;
· Windows XP амалдық жүйесінде Бастау батырмасын басқан кезде шығатын мәзірден Өшіру немесе Компьютерді өшіру бұйрығын, ал пайда болған сұратудан – Өшіру батырмасын немесе Жұмысты аяқтау тармағын таңдау (компьютер қорек көзінен амалдық жүйе арқылы автоматты түрде ажыратылады, қоректендіру батыр-масын басу қажет емес);
· басып шығарғышты және компьютерге қосылған өзге де шеткері құрылғыларды (сыртқы модем,мәтіналғы және т.б.) өшіру;
· компьютердің мониторын өшіру;
· егер компьютер үздіксіз қорек көзі құрылғысы арқылы қосылған болса, ондағы компьютерге қорек беру режімін өшіру қажет. Ал егер компьютер кернеуді тұрақтандырғыш арқылы қосылған болса, сол тұрақтандырғышты өшіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |