Компьютерлерді желілерге біріктіру 2 жергілікті желі 3



бет2/5
Дата20.02.2024
өлшемі96.83 Kb.
#492534
1   2   3   4   5
stud.kz-124800

2 жергілікті желі


Компьютерді (жұмыс станциясын немесе серверді) желіге қосу арнаулы желі адаптері арқылы орындылады. Желі адаптері бөлек сатылады, бірақ кейде компьютер құрамында болуы да мүмкін.


Көптеген фирмалар шығарып жататын желі адаптерлерінің толып жатқан түрлері бар. Желі адаптерлері қызмет істеу топологиясына қарай екі топқа бөлінеді. Қарапайым жергілікті желіде шиналық (4-сурет) немесе жұлдыз тәрізді (5-сурет) топология болады. Шоғырланған сымдар арқылы байланысатын шиналық топологияның негізгі кемшілігі – кабель үзілсе, желі түгелдей мұмыс істемей қалады. Ал жұлдыз тәріздес топологияда әрбір компьютер өз кабелімен жеке қоректену блогы бар таратқыш құрылғыға (ол да компьютер) жалғанады. Мұнда бір кабель үзілгенмен, тек бір жұмыс станциясы ғана істен шығады да, желі қалған станциялармен жұмыс істей береді. Шиналық топологияға қарағанда, мұндағы зиян әлденеше рет төмен болады.
Желілер топологиясының бұдан да күрделі вариантары бола береді. Мысалы, желі бірнеше шиналық топология сегменттерімен және бірнеше жұлдыз тәрізді тармақтардан құралуы мүмкін.
Соңғы кездерде бір ғимаратқа орналасқан жергілікті радиоторапты желілер кең тарап келеді. Мұның артықшылығы :
-біріншіден, жалпы көрсеткіштері ойдағыдай болғанымен бағасы онша қымбат емес;
-екіншіден, жұмыс істеп тұрған кабельдік желілермен оңай байланысады.

Радиоторапты желілердің негізгі кемшілігі – олардағы ақпаратты жеткізу жалдамдығының өте төмен деңгейде болуы, ол 10 Мбит/сек мөлшерінен аса алмай келеді. Дегенмен; бұларды жасаушы фирмалар жақында жылдамдықты 30 Мбит/сек шамасына жеткізетінін, тіпті оданда арттыратынын айтып дәлелдеуде;
Қайтсе де, объективті және субъективті шараларды салыстырса, болашақ осы жергілікті радиоторапты желілерді немесе кабельді желілерге қосымша радиожелілерді кеңінен пайдалануға әкелетіні байқалады.
Объективті себептердің бірсыпырасын айтар болсақ, олар:
-радиожеліні іске қосуға кететін қаражат осы тәрізді кабельдік жергілікті желіні іске қосудан арзан;
-ескі ғимараттарда олардың қабырғаларын тесіп, кабель жүргізу шаруаларын ұйымдастыру оңай емес;
-радиожеліні тарихи бағалы деп есптелетін ғимараттарда іске асыру ыңғайлы, өйткені ондай желілерде кабель жүргізу үшін тарихи ескерткішті қорғау органдарының келісімі керек;
-кабель жүргізуге мүмкіндік жоқ, ал жергілікті желіні кеңейту керек-ақ.
Субъективті себептерге мыналарды жатқызуға болады:
-кабельдік желілерге қарағанда қайта құру оңай іске асады; мысалы жаңа торап қосу, алу, олардың құрылғыларын орнату және т.с.с;
-жергілікті радиожеліге уақытша және жылдам қосылуға тиіс жеке пайдаланатын органайзерлер мен ноутбуктерді қосу ыңғайлы. Оның үстіне, мұндай адамдар немесе олардың қосылу нүктелері байланыс жетер аймақта басқалармен кез-келген мәлімет алмаса алады.
Жергілікті желілерді пайдаланатын программалық жабдық-тарына қарай екіге бөлуге болады:
Біріншісі-арнаулы файл-серверлер бөлініп берілген желілер, бұлардың құрамындағы бір немесе бірнеше компьютерлерде арнаулы желілік опрациялық жүйе (Novell NetWare, ІBM Lan Manager) іске қосылады: Олардың негізгі қызметі – әрбір жеке компьютер иесіне желі ресурстарын пайдалануды қамтамасыз ету; бірінші кезекте, серверлік дискілерді және желі принтерлерін бөліп беріп отырады.
Мұнда жеке компьютерлер бір-бірімен емес тек файл сервермен байланысады: Мысалы: олар файл-сервер дискімен мәліметтер жаза алады немесе басқалар жазған мәліметтерді оқи алады және де желі принтеріне мәтін басып шығарады. Жұмыс станциялары арасында мәліметтер алмасу (файл- серверді айналып өту), теория тұрғысынан мүмкін болғанымен, практика жүзінде іске асырылмаған.
Екінші топ – бір рангілік желілер: Мұнда файл - серверлер немесе баспа сервері ретінде пайдаланатын жеке компьютер болмайды. Кез-келген станцияда отырған адам өз компьютерінен сервер ретінде пайдаланып, басқа компьютерлермен мәліметтер алмаса ала береді, құрылғыларын орналастыру мүмкіндігі бар. Мұның мысалы ретінде MS Wіndows for Workgroup немесе Wіndows 98 желілерін қарастыруға болады. Бір рангілік желі компьютер арасындағы мәліметтер алмасу жиі және үлкен көлемде жүргізгенде өте ыңғайлы. Бірақ мәліметтер алмасу тек файлдарды алу, берумен шектелмейтіні есте болсын.
Әрбір адам кез-келген мәліметтер түрін (объектіні) өз алмасу буферіне жазып алып, содан кейін желідегі компьютерлерді бәрінің де сол объектімен пайдалануын қамтамасыз ете алады. Міне, мұндағы мәліметтер файлда болмағандықтан, оны жазу, оқу,орын ауыстыру, яғни тасмалдау қажет емес.
Сонымен бір рангілік желі барлық компьютерлердің бір жоба төңірегінде жұмыс істеуін жүзеге асырып, кез-келген форматтағы мәліметтерді жеткізе алады.
Мұның бәрі бір қарағанда күрделі болып көрінуі ықтимал; бірақ әр қадамға жеткізу істерінің қалай орындалатындығын білудің қажеті жоқ, атқарылатын жұмыстардың бәрі программалар арқылы басқарылып, олардың егжейі-тегжейі автоматты түрде орнатылп жатады. Әр адамға тек желіге қосылғанын, қандай мәліметтерді және қалай пайдаланатынын білу жеткілікті. Білмесеңіз, желі администраторынын немесе осыған жауапты жаннан сұрап білуге болады. Мұндағы әрбір администратор - қарапайым компьютер иесі, бірақ кез-келген мәліметтер пайдаланушы администратор емес. Әрбір фирмада, қажет болса, көмектесе алатын бір маман болады. Желі администраторларының жауапкершілігінен бірсыпыра мағлұмат бере кетелік.
Желі адаптерінің құны онша қымбат емес. Әдетте жұмыс станциялары үшін жылдамдығы орташа, арзандау желі адаптерлері алынады да, файл серверлер мен мәліметтер базасын басқаратын серверлер үшін жоғарғы жылдамдықты, қымбат тұратын түрі адаптерлер қолданады. Қалай десекте, желі құралдарыны онша көп қаржы жұмсала қоймайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет