Компьютерлік графика түсінігі



бет10/10
Дата03.01.2022
өлшемі417.7 Kb.
#451498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Аддитивтік түстер жүейесі. Адам көзі қызыл, жасыл және көк түстері қабылдағандықтан компьютерде осы негізгі үш түске негізделген. Әр негізгі түске цифрлық код берілген. Ал қалған түстер негізгі түстердің комбинациясымен анықталады.

Егер өте жақыннан немесе үлткейткіштің көмегімен жұмыс істеп тұрған монитор немесе теледидардың экранына қарайтын болса, онда өте ұсақ қызыл (Red), жасыл (Green) және көк түсті (Blue)нүктелерді көру қиын емес. Экранның бетінде жарық әсері тоқтағаннан кейін де қараңғыда фосфорға ұқсас жарқыраған мыңдаған жоғары жылдамдықтағы электрондарды, яғни түстік нүктелерді көруге болады. Түстік нүктелер электрондық сәуленің әсерінен жарықты таратады. Бұл нүктелердің өлшемі өте кішкентай (диаметрі 0,3мм шамаасында), сондықтан көршілес әр түсті нүктелер қосылып кетеді де басқа түс пен реңктер береді.


Сурет керек

Мысалы:

Қызыл + жасыл = сары,

Қызыл + көк = ал қызыл (пурпурный)

Жасыл + көк = көгілдір

Қызыл + жасыл + көк = ақ

Компьютер экранның әрбі нүктесі арқылы таратылатын жарық көлемін нақты басқаруы мүмкін. Сондықтан түстік нүктелер жарқырауының күшеюін өзгерте отыоып, әр алуан реңктерді жасауға болады.

Осылайша аддитивтік түс (add-біріктіру) негізгі үш: қызыл, жасыл, көк түс сәулелерін біріктіру нәтижесінде алынады. Егер олардың әрқайсысының жарқырауы 100% болса, онда ақ түс алынады. Бұл үш түс қоладнылатын аддитивтік түстер жүйесін қысқартып RGB деп белгілейді.

Компьютерде Red – (0, 255 ): Green – (0, 255); Blue – (0, 255) мәндерді қабылдайды. Үш түстің көмегімен 2563 = 16,7 млн түс алуға болады.

Үш компоненттің мәні бірдей болған жағдайда ахроматиялық түс (ақ, қара, сұр) аламыз. Мысалы:

R = 0, G = 0, B = 0 – қара түс

R = 170, G = 170, B = 170 – сұр түс

R = 255, G = 255, B = 255 – ақ түс

Егер мониторға түстік сигналжы R255G00B255 жіберсек, онда кез – келген компьютерлерде ал қызыл түс алуға болады.

Бұл үлгі үш өлшемді кординаталар жүйесі түрінде көрсетіледі. Әрбір координата нөлден максимал мәніне дейінгі аралықта әр құрамының нәтижесі шығаратын түске қосатын үлесін бейнелейді. Алынған текшенің ішінде түстер кеңістігін тудыра отырып, барлық түстер орналасады.

Бұл үлгінің ерекше нүктелері мен сызықтарын айта кеткен дұрыс.



  • Кордината басы: бұл нүктеде барлық құрамалар нөлге тең, сәулелендіру жоқ (қара түс)

  • Көрерменге жақын нүкте; бұл нүктедегі барлық құрамалар максимал мәнге тең ( ақ түс).

  • Алдыңғы екі нүктені қосатын кескіндіде (диагоналы бойынша) , сұр реңдер орналасады: қарадан аққа дейін (сұр шкала көбінесе 256 градация). Бұл барлық үш құраманың бірдей болуына және нөлден максимал мәнге дейінгі аралықта оргаласуына байланысты жүреді. Текшенің үш төбесі таза бастапқы түстерді береді, қалған үшеуі бастапқы түстердің екі рет араласуын бейнелейді.

Компьютерлер осы RGB моделін қоданып жұмыс атқарады. Ол монитор мен теледидарда суреттерді құру мен өңдеуге арналған. Қолданылуы: бұл үлгідегі бейнені сканер кодтайды да, суретті монитор экранына шығарады. Бұл модель сонымен қатар өте қарапайым. Өкінішке орай RGB моделінде кейбір түстерді алуға болмайды. Соондықтан RGB моделімен жұмыс істеу әрқашанда қолайлы емес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет