Компьютерлік графика түсінігі


биттік түстер тереңдігіне түстерді нақтылау



бет9/10
Дата03.01.2022
өлшемі417.7 Kb.
#451498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
24 биттік түстер тереңдігіне түстерді нақтылау

Түстер

Интенсивтілік

Қызыл

Жасыл

Көк

Қара

00000000

00000000

00000000

Қызыл

11111111

00000000

00000000

Жасыл

00000000

11111111

00000000

Көк

00000000

00000000

11111111

Көгілдір

00000000

11111111

11111111

Сары

11111111

11111111

00000000

Ақ

11111111

11111111

11111111

Жарықтың түске әсері. Объект оған түскен жарықтың шағылысуынан белгілі бір түске боялғандай болып қабылданады. Ақ түсте – барлық түстер шағылысады, ал қара түсте керісінше жұтылады. Табиғатта – түскен жарықтың 100 пайызын шағылыстыратын ақ және қара түс жоқ, нағыз қара түс қара бархытта, ол түскен жарықтың 99,8 пайызын жұтады. Нағыз ақ түс күкірт қышқылында (барий ұнтағы), ол жарықтың 99,4 пайызын шағылыстырады. Ақ, қара және сұр түстер ахроматиялық түстер деп аталады. Ал басқа түстер хроматиялық деп аталады.

Түсті тану үшін адамға қажетті үш элемент бар: 1) көз, 2) күн, 3) бізді қоршаған табиғат – болмыс. Табиғатта барлық түстердің негізін қызыл, жасыл, көк түстер құрайды. Олар негізгі түстер деп аталады. Бұл түстерді екі-екіден біріктіргенде, көгілдір, ал қызыл, сары түстер шығады. Түс пен бояу деген екі түрлі нәрсе, бояу – ол фильтр сияқты жарық сәулесін өткізеді және шағылыстырады. Соның нәтижесінде жаңа түс алынады.

Барлық уақытта компьютердегі түстер табиғи түстермен сәйкес келмейді. Түс мониторда, қағаз беттерінде, табиғатта әр түрлі болады. Әр түрлі түстік ортада бір мәнді түстерді анықтау үшін түстік модель қолданылады. Компьютер экраны мен принтерде суретті нақты етіп беру мақсатында түстік реңктерді сипаттау үшін арнайы құралдар – түстік модельдер жасалған. Оларды компьютерлік графикада тиімді пайдалану үшін:


  • әр түстік моделдің ерекшеліктерін түсіне білу қажет;

  • әр түрлі түстік модельді қолдана отырып, қажетті түсті анықтай алу қажет.

  • әр түрлі графикалық программаларда түсті кодтау мәселесін түсіну керек

  • монитордағы суреттегі түстік реңктерді баспаға шығарғанда нақты етіп шығару қиындығын түсіну керек

Заттар жарықты шағылыстырады немесе жұтады соның нәтижесінде біз оларды көреміз.

Жарық – электромагниттік шағылысу.

Түс адамның көзіне таралу әрекетін жасайды. Осылайша жарық сәулелері көздің ішкі тор қабатына түседі де, адам түсті сезеді.

Таралған жарық – ол Күннен, лампадан немесе монитор экранынан шыққан жарық.

Шағылысқан жарық – бұл нысанның бетінен «секіріп шыққан» жарық. Біз оны жарық көзі болмайтын қандай да бір затқа қарағанда көреміз.

Жарық көзінен тікелей көзге келетін таралған жарықта барлық түстер сақталады. Бірақ бұл жарық нысаннан шағылысқан кезде өзгеруі мүмкін. (17 - сурет).


Күн сияқты немесе басқа жарық түсіргіш көздерден монитор жарықты таратады. Сурет басылатын қағаз жарықты шағылыстырады. Тарату және шағылысу прцесінде түс алынады, сондықтан түстерді сипаттаудың; аддитивтік және субтрактивтік түстер жүйесі деп аталатын екі қарама – қарсы әдісі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет