Компьютерлік графика


Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдары



бет2/2
Дата14.11.2023
өлшемі18.09 Kb.
#483207
1   2
Комп гр 1 саб

Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдары
Графика дәстүрлі берілімде көркем бейнелерді салу немесе басып шығару сияқты дәстүрлі әдістермен алынған шынайы немесе елестетілген объектіні визуальды беру нәтижесі. Компьютерлік графика шығару құрылғысында бейнелеуге арналған кез-келген мәліметтерді қамтитын графика. Компьютерлік графикада бейнені жасау және визуальдау ұғымдарын ажыратады. Компьютерлік графикада жұмыстың орындалуы кейде оның графиктік берілуінен жекеленген болуы мүмкін. Компьютерлік-графиктік процесті аяқтаудың тәсілдерінің бірі виртуальды шығару болып табылады, яғни, файлды есте сақтау құрылғысына шығару. Файлға шығарылған мәліметтер соңынан қалпына келтіріліп, мәліметтерді графиктік беруге қолданылуы мүмкін. Бейне деп шынайы объектінің адам қандай да бір механикалық, электрондық, фотографиялық процесс көмегімен белгілеген визуальды берілуі аталады. Компьютерлік графикада бейне деп шығару құрылғысы қабылдай алатын объект айтылады. Интерактивті компьютерлік графика бұл компьютерлік жүйенің графика жасап, сонымен бір уақытта қолданушымен диалог жүргізуі болып табылады. АЖЖ (САПР) машина жасау, электроника сияқты барлық өмірлік салаларда қолданылады. Геоақпараттық жүйелер (ГИС) компьютерлік графика жүйесінің бір түрі. Олар объектілердің жер бетінде орналасуын есепке ала отырып, енгізу мен редактрлеуді орындайды. Графиктік формат бұл графиктік бейнені сипаттайтын мәліметтерді жазу тәсілі. Олар графиктік мәліметтердің тиімді және логикалық ұйымдасуы және файлда сақталуы үшін жасалған. Әрбір қолданбалы программа графиктік мәліметтердің қандай да бір түрлерін жасайды және сақтайды. Қазіргі кезде көптеген программалар аралас форматты қолдайды, ол растрлық, векторлық және текстік мәліметтерді бір-біріне енгізуге мүмкіндік береді. Графиктік файлдар бұл ары қарай визуальдауға арналған графиктік мәліметтердің кез-келген типтері сақталатын файлдар. Бұл файлдарды ұйымдастыру тәсілдері графиктік формат деп аталады. Файл болып жазылғаннан кейін, сурет сурет болмайды, ол мәліметке айналады, сонымен қатар оның форматы да ауысуы мүмкін. Электрондық кестелер және текстік формат графиктік мәләметтер сақтау үшін қолданыла алады, бірақ олар графиктік болып саналмайды. Графиктік мәліметтерді 3 топқа бөледі:
1. Векторлық 2. Растрлық 3. Фрактальды
Векторлық мәліметтер түзу, тіктөртбұрыш, қисық және осылардың негізінде, кілттік нүктелерді сандық түрде анықтау арқылы жасалына алатын кез келген басқа объектілерді ұсынуға қолданылады. Программа кілттік нүктелерді біріктіру арқылы сызықтар шығарады. Векторлық мәліметтермен атрибуттар туралы мәлімет және келісімдер топтасуы әрқашан байланысады. Келісімдер белгілі және белгісіз болып беріле алады, бірақ олар программаға тәуелді. Компьютерлік графикада вектор термині сызық бөлігін белгілеу үшін қолданылады, және соңғы нүктелер термесі (набор) беріледі. Растрлық мәліметтер бөлек пикселдердің түстерін анықтайтын сандық мәндер термесі. Пиксельдер дұрыс торда орналасқан, бейне құрайтын түстік нүктелер.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары


1. Компьютерлік графиканың аппараттық жабдықтарына нелер жатады?
2. Дисплей дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?
3. Плоттер дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?
4. Принтер дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?
5. Сканер дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?
6. Цифрлық фотоаппараттар дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?
7. Бейнекамералар дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет