«Компьютерлік желі» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ



бет3/4
Дата04.03.2016
өлшемі482 Kb.
1   2   3   4


4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ.
Кафедра информатика тьютор Химеденова З.М.

Пән Компьютерлік желі



Кредит саны 2




Әдебиеттер тізімі

Қамтылуы

кітапханада

кафедрада

Студенттердің қамтылуы

Электрондық түрі

ескерту

1

Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы / В.Г.Олифер, Н.А.Олифер.


5

-

27,5

-

№2 оқу залында

2

М.Гук. Аппаратные средства локальних сетей.

2

-

44,4

-

№2 оқу залында

3

Компьютерные сети. Учебный курс: Официальное пособие Microsoft для самостоятельной подготовки

3

-

5,5

-

№2 оқу залында

4

Соловьева Л.Ф. Сетевые технологии. Учебник-практикум.

1

-

5,5

-

№2 оқу залында

5

Информатика:Учебник./под ред.Н.Ф.Макаровой-М.:Финансы и статистика,

7

-

55

-

№2 оқу залында

6

Могилев А.В., Пак Н.И., Хеннер Е.А. Практикум по информатике:Учеб.пособие

3

-

5,5

-

№2 оқу залында

7

Абдильдин Е.Ғ., Балапанов Е.К., Бөрібаев Б. Интернетке кіріспе. «Бүкілдүниежүзілік өрмек». Әдістемелік құрал.

4

-

3,2

-

№2 оқу залында

8

Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А. Информатикадан 30 сабақ. Жаңа ақпараттық технологиялар

5

-

4

-

№2 оқу залында

ГЛОССАРИЙ

Компьютерлік желі пәні бойынша глоссарий
Компьютерлік желі (компьютерная сеть) – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізетін бір-бірімен телеқатынас құру құралдары, яғни компьютерлік желі (байланыс желісі, есептеу желісі). Бір-бірімен мәлімет алмасу мүмкіндіктерімен (кабельдермен, радиоарналармен) байланысқан жұмыс станциялары, коммутация тораптары серверлер және т.б. құрылғылар жиыны.
Желі абоненті (абонент сети) – желіге қосылған компьютер немесе басқа құрылғы.
Жергілікті (локальный)- пайдаланушыға немесе белгілі бір аумаққа тікелей жақын орналасқан құрылғыны немесе орындалатын операцияны сипаттайтын анықтауыш.
Жергілікті есептеу желісі (локальная вычислительная сеть)- бір бірінен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және мәліметтер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер (есептеу машиналары, жад құрылғылары, принтерлер және т.б. электрондық құрылғылар) жиынтығы. Мұндай желідегі жабдықтар бір ғимаратта немесе бір-біріне жақын, қатар тұрған бірнеше ғимаратта орналасады.
Файлдық сервер- файлдар архиві мен оның иесі арасында қатынас жасауды қамтамасыз ететін программалар.
Торап (сеть) - 1. есептеу желісі, деректермен алмасу желісі-алыстан қатынас жасау жабдықтары. 2.Бір-біріне немесе орталық серверге қосылған ортақ ресурстарды қолданатын компьютерлер торабы.
Жалпы желі (сеть глобальная)- компьютерлік желілерді олардың географиялық мекен-жайынан тәуелсіз түрде интеграциялау.
Порттар (порты) құрылғыдағы көпразрядты енгізу немесе шығару тетіктері. Тізбектелген және параллель порттар болады.
Почта жәшігі (почтовый ящик) – абонентке арналған барлық мәліметтерді қабылдайтын хост-машина жадының бір бөлігі.
Программа- өңделуге тиісті реттелген командалар тізбегі, есепті шешу алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер тізбегі.
Коммуникациялық программа- электрондық почтаның программалық жабдықтары.
Протоколдар (хаттамалар)- хабарларды жібері формалары мен тәсілдерін анықтайтын стандарттар. Протоколдар әртүрлі құрал-жабдықтардың желілерде бірге жұмыс істеу тәртіптерін орнатады.
Маршрут- мәлімет жинақтағыш дискілердің логикалық аттарынан және өзара сатылы түрде байланысқан бағынышты каталогтар аттарының тізбегіне тұратын белгілеу.
Хост- компьютер – желідегі басты машина, яғни орталық ЭЕМ.
Электрондық почта (электронная почта)- шапшаң қызмет ету жүйесіндегі басқа компьютерге жіберілген кез-келген хабар.
UNIX - компьютер желілерінде кеңінен қолданылатын қуатты әрі бірнеше тапсырманы қатар орындай алатын операциялық жүйе.
5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ.
1 дәріс. Тақырыбы:Компьютерлік желілерге кіріспе

1.Үлестірілген желілер түсінігі мен түрлері

2. Желілі программалық қолданбаларды құру принциптері. Сервер. Желілер қызметі. Желіні топтастыру және негізгі мінездемелері.

3. Негізгі топологиялар. Желіде қолданылатын аттар мен адрес принциптері.


2 дәріс. Тақырыбы: Ашық жүйелердің өзара әсер моделі. Жергілікті компьютерлік желіге арналған өзара әсер моделі.

1. Хаттама, интерфейс, коммуникациялық хаттамаларының стегі ұғымдары.

2. Коммуникациялы хаттамалардың стандартты стектері.
3 дәріс. Тақырыбы: Мәліметтерді тасымалдау режимі

1. Мәліметтерді тасымалдау кодтары Мәліметтерді синхронизациялау типтері Кабельдердің стандарттары.

2. Желілік кабель - физикалык өткізу ортасы. Кабельдердің негізгі типтері.

Коннектор. Қысқыш.

3. Компьютерлік желідегі коммутация әдістері. Пакеттердің коммутация принциптері
4 дәріс. Тақырыбы: Жергілікті желілердің негізгі технологиялары.

1. Ethernet технологиясы

2. FDDI технологиясы
5 дәріс. Тақырыбы: Жергілікті желілердің коммуникациялы жабдықтауы.

1.Желілі адаптерлердің функциялары, мінездемелері және күйге келтіру параметрлері. Қайталауыштар және концентраторлар.

2. Виртуальды жергілікті желінің технологиясы

3. Маршрутизация принциптері мен алгоритмдері. Маршрутизаторларды топтастыру және негізгі мінездемелері.


6 дәріс. Тақырыбы: TCP/IP хаттамаларының стегі.

1. IP протоколы. IP хаттамаларының құрылымы. IP желідегі адрестер. IP адрес кластары.

2. Маска қолдану. Маскасыз доменді маршрутизация технологиясы.

3. Қолданбалы деңгейдің протоколдар және қызметтері.


7 дәріс. Тақырыбы: Желілі операциялық жүйелер.

1.Функция және архитектурасы. Жергілікті және үлестірілген ресурстарды басқару

2.Қазіргі замандағы операциялық жүйелерге шолу.

3.UNIX операциялық жүйелер тобы.


8 дәріс. Тақырыбы: Компьютерлік желілерде басқару құралдарын қолдану

1. Басқарушы функциялары және басқару құралдары. Желі архитектура деңгейлері және желі хаттамалары. Пайдаланушыларды басқару.

2.Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін архитектура.

3. Мәліметтерді қорғау әдістері. Аутентификация әдістері және рұқсаттарды басқару.


9 дәріс. Тақырыбы: Компьютерлік тораптардың қысқаша даму тарихы

1.Компьютерлік тораптардың қысқаша даму тарихы.

2.Компьютерлік тораптардың жіктелуі.

3. Жергілікті және ауқымды тораптар.

Негізгі оқулық:[1…3]

Қосымша оқулық:[4],[5]


10 дәріс. Тақырыбы: Компьютерлік тораптарды құру негіздері

1.Тораптық элементтердің топологиялық жіктелуі.

2.Негізгі түсініктер: тораптар түйіндері, кабельді сегмент, тораптық сегмент, логикалық торап, бұлттар, активті және пассивті коммуникациялық құрылғылар.

3.Физикалық және логикалық топология. Бірлік ортасына қатынас құру әдістері.

Негізгі оқулық:[1…4]

Қосымша оқулық:[5],[6]


11 дәріс. Тақырыбы: Тораптық шешімдерді стандарттау

1.Стандарттар көзі.

2.Ашық жүйелер қарым-қатынасын ұйымдастырудың базалық моделі.

3.«Ашық жүйе» түсінігі. Функцияналдық деңгей түсінігі.

4.Физикалық, каналдық, тораптық, транспорттық, сеанстық және қолданбалы деңгейдің негізгі функциялары.

5.OSI, TCP/IP, IPX/SPX, NETBIOS/SMB, SNA, DECnet IEEE802.х стектері.

Негізгі оқулық:[1…4]

Қосымша оқулық:[5],[7]


12 дәріс. Тақырыбы: Компьютерлік тораптардың аппараттық құралдары

1.Коммуникациялық құралдардың қазіргі компьютерлік тораптардағы ролі.

2.Коммуникациялық тораптардың негізгі түрлерінің функциональды аттары, байланыс желілері, тораптық адаптерлер, қайталағыштар мен конденсаторлар, көпірлер мен конденсаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар.

3.Коммуникациялық құралдардың OSI модель деңгейіне сай келуі.

Негізгі оқулық:[1…4]

Қосымша оқулық:[5…7]


13 дәріс. Тақырыбы: Жергілікті тораптарды құру және қолдану технологиялары

1.Жергілікті тораптарды құру мақстаында активті және пассивті құралдарды таңдау.

2.Серверге, жұмыс станциясына және торапқа жалпы қойылатын талаптар.

Негізгі оқулық:[1…4]

Қосымша оқулық:[6],[7]
14 дәріс. Тақырыбы: Ауқымды тораптарды құру және қолдану технологиялары

1.Ауқымды тораптарды құру функциялары мен құралдарының жалпы сипаттамасы.

2.Ауқымды тораптардың жалпы құрылымы.

3.Ауқымды тораптардың түрлері

4. Электрондық почта

Негізгі оқулық:[1…4]

Қосымша оқулық:[5…8]
15 дәріс. Тақырыбы: Тораптық программалық қамтама

1.Біррангтық компьютерлік тораптардың операциялық жүйелері.

2.Бөлініп алынған сервердің тораптық операциялық жүйелері.

3.Тораптарды басқару және талдау құралдарына шолу.

4.Ақпаратты сақтау, іздеу, өңдеу және көрсетудің қазіргі кездегі технологиялары мен программалық құралдарына шолу.

Негізгі оқулық:[1…4]

Қосымша оқулық:[5…8]


6. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырыбы

Апта

Әдебиеттер

1

Дискіенгізгішке жол ашу


1

[1…4]

2

Желілік принтер орнату.



2

[2…8]

3

Желіге қосылуды тексеру. Желілік кабель физикалық өткізу ортасы. Кабельдердің негізгі типтері.

Коннектор. Қысқыш.



3

[1…4]

4

Автономиялық бума құру


4

[3…5]

5

Интернет желісіне қосылуға байланыс орнату


5

[1…4]

6

Microsoft Outlook Express көмегімен пошта жіберу және алу үшін есеп жазбасын орнату


6

[2…4]

7

Microsoft Outlook Express көмегімен хабар жасау және жіберу


7

[6…10]

8

Microsoft Outlook Express көмегімен тез жеткізілуі тиіс хабарламаларды жасау және жіберу


8

[1…4]

9

Mail.kz серверінен хабарламалар жіберу


9

[1…4]

10

Тораптардың түрі мен топологиясын таңдау


10

[4], [6]

[5], [6]



11

Тораптарды жоспарлау мен іске асыру


11

[1], [3]

[5…8]



12

Административтік тораптар


12

[1], [3]

[5…8]



13

Сымсыз тораптар


13

[1], [3]

[1], [4]


14

Тораптардағы ақпараттарды қорғау


14

[1], [3]

[5…8]


15

Тораптық проблемаларды шешу


15

[5…8]

[1], [3]



7. ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

Пәнді оқыту негізінен дәріс, зертханалық жұмыс, СОБӨЖ және өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны дәрісте беріліп, теориялық білім түсініледі.

Компьютерлік желі пәні бұрын оқытылған пәндер негізінде оқытылады:


  • Операциялық жүйелер

  • Программалар

  • Схемотехника негіздері

  • Дискреттік математика

  • Деректер құрылымы мен алгоритмдері

Осы аталған пәндерде алынған білім компьютерлік желілерін құру, қолдану сауалдарын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, әртүрлі операциялық жүйелер желі арқылы ақпарат алмасуда әр түрлі интерфейстерді қолданады. Оны дұрыс қолдана білу үшін операциялық жүйе жайында бастапқы білім қажет. Компьютер желілерінің аппараттық құралодар жұмысын түсіну үшін «Схемотехника» пәнінен базистік білімдер керек. «Дискреттік математика» пәні желінің логикалық байланысын маршрутизация алгоритмдерін түсінуге мүмкіндік береді. Ал ақпараттарды кодтау, тасымалдау, қорғау сауалдарын дұрыс игеру үшін «Деректер құрылымы мен алгоритмдері» атты пәнде алынған білімдер қажет болады. Таралған жүйелерде тұтынушы мен қолданбалар жұмыстарын дұрыс баптай алу үшін студенттің программалау негіздерін білгені көмек етеді.

«Компьютерлік желі» пәнін оқыту барысында «Жүйелік программалау», «Тиімділік әдістері мен операцияларды зерттеу» пәндері оқытылуы ортақ сауалдарды барлық жағынан талдап, дұрыс түсінуге көмек етеді.
Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: MICROSOFT Internet Explorer броузерінің бастапқы бетін баптау.


1. Internet Explorer іске қосыңыз (Пуск- программы- Internet Explorer).

2. Егер іске қосылғаннан кейін программа бірден қандай да бір web- бетті жүктеуге тырысса, Тоқта (стоп) батырмасын шертіп, жүктеуді тоқтатыңыз. Адрес жолындағы жазбалар бойынша броузер бастапқы бет ретінде қолданған беттің URL- адресін орнатыңыз

3. Сервис- шолушының қасиеттері (Сервис- Свойства обазрователя) сұхбат терезесінде Жалпы (Общие) қыстырмасын ашңыз.

4. Үй беті (Домашняя страница) панелінде Адрес өрісін іздеп тауып, осы өрістегі жазба бойынша броузер бастапқы бет ретінде қолданған беттің URL- адресін орнатыңыз.

5. Бос беттен (С пустой) батырмасын шертіңіз. Бастапқы беттің адрес өрісінде about: blank жазбасы шыққанын байқаңыз. Бұл қайта қосқанда, программа бастапқы бет ретінде ешқандай web- бетті жүктемейтінін көрсетеді.

6. Қолдану (Применить) батырмасын шертіп, одан соң шолушының қасиеттері (Свойства обазрователя) сұхбат терезесін ОК батырмасын шерту арқылы жабыңыз.

7. Программа терезесін жабыңыз.

8. 1-ші бөлімінде көрсетілгендей программаны қайта қосыңыз.

9. Программаны қайта қосқаннан кейін ешқандай бастапқы беттің жүктелмейтіндігін және Адрес өрісінде about: blank хабарламасы жазылғанына көз жеткізіңіз. Программа терезесін жабыңыз.
Зертханалық жұмыс №2

Тақырыбы: Web- бетті көру және сақтау


1. Internet Explorer программасын іске қосыңыз (Пуск- программы- Internet Explorer).

2. Адрестік жолдың өрісіне келесі URL- адресін енгізіңіз: www. rambler. ru – Рамблер іздестіру жүйесінің титулдық беттерінен жүктелу басталады.

3. Титулдық бетте Спорт бөлімін іздеп тауып және оның гиперсілтемесіне шерту арқылы оған өтіңіз.

4. Спорт бөлімінің сілтеме тізімінде Футбол сілтемесін іздеп табыңыз. Тышқан нұсқағышын соған бағыттап сол жақ батырмасын шерту арқылы Футболға арналған бөлімге өтіңіз.

5. Артқа (назад) батырмасын екі рет шерту арқылы іздестіру жүйесінің титулдық бетіне оралыңыз.

6. Алға (Вперед) батырмасын екі рет шерту арқылы Футбол бөліміне келіңіз

7. Броузер терезесін жаппас бұрын индикация панелінде орнатылған байланыс таңбасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Ашылған жанама менюден Ағытылу (Отключиться) бөлімін таңдаңыз- интернетке қосылу ажыратылады.

8. Артқа (назад) батырмасын екі рет шерту арқылы алдында қарастырған беттерге оралыңыз, ал сосын Алға (Вперед) батырмасын екі рет шерту арқылы кері қайтыңыз. Интернетке қосылмаған жағдайда да ертеде алынған web- беттер бойынша шолу жасауға болатынына көз жеткізіңіз. Бұл дербес режим деп аталады. Бұл жағдайда оның мүмкіншіліктері алынған web- беттердің компьютердің жедел жадында сақталуымен тығыз байланысты.

9. Ағымдағы web- бетті қатқыл дискіде сақтаңыз. Бұл үшін Файл- Қалай сақтау керек командасын орындаңыз. web- бетті сақтау сұхбат терезесі ашылады. Бұл жерде сақталатын бетке жаңа ат енгізуге болады. Файл типі ретінде web- бетті толығымен (web- страница полностью) нұсқасын таңдаңыз. Бұл жағдайда бет барлық безендіру элементтерімен бірге сақталынады, мысалы суреттерімен. Егер сақталатын файл типі ретінде web- бет тек HTML ғана таңдалынса, онда енгізілген объектілері бар қаптама сақталынбайды. Мұндай файлды кез-келген броузерде қарастыруға болады. Егер сақталу типі ретінде Мәтіндік файл таңдалынса, алдағы уақытта кез-келген мәтіндік процессорда қарастыруға болатын мәтін ғана сақталынады.

10. web- беттің сақталу орны ретінде C: \Windows\ Temp қаптамасын алыңыз. Уақытша файлдарды Temp қаптамасында сақтау қабылданған.

11. Таңдамалы-Таңдамал қосу (Избранное- Добавить в избранное) командасын берсеңіз- Таңдамалыға қосу сұхбет терезесі ашылады. Оның құралдары бізге ағымдағы беттің URL- адресін есте сақтауға және болашақта оны броузердің адрес жолына енгізбеуге мүмкіншілік береді. ОК батырмасын басыңыз.

12. Таңдамалы командасын орындаңыз. Сол кезде менюде ағымдағы бетке сілтемесі бар жазба пайда болғанын көресіз.

13. Артқа батырмасының көмегімен алдыңғы бетке қайта ораласыз.

14. Таңдамалы командасын орындаңыз және жаңадан құрылған сілтемені шертіңіз. Адресі таңдамалы сілтемелердің тізімінде сақталынған бет бірденг жүктелетініне көз жеткізіңіз. Оның бейнесі жедел жадтан алынады. Болашақта ол Интернеттен жүктелінеді.

15. Таңдамалы командасын тағы да орындаңыз. Жаңа құрылдған сілтемені тауып аласыз. Оған тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, ашылған жанама менюден Жою (удалить) бөлімін таңдап алыңыз. Таңдамалы сілтемелердің тізіміндегі жаңа құрылған сілтеменің жоғалғанын байқайсыз.

16. Internet Explorer программасының жұмысын аяқтап, оның терезесін жабыңыз.



Зертханалық жұмыс №3

Тақырыбы: Түйінді сөз бойынша ақпарат іздестіру.


1. Internet Explorer программасын іске қосыңыз (Пуск- программы- Internet Explorer).

2. Адрестік жолдың өрісіне URL- адресін енгізіңіз. www. rambler. ru – Рамблер іздестіру жүйесінің титулдық беттерінен жүктелу басталады.

3. Жүктелген бетке назар аудара қарап шығып, түйінді сөздерді енгізетін өрісті (поиск) және іздеу салу батырмасын табыңыз. Біз компьютерге арналған web- бетті іздестірейік.

4. Түйінді сөздерді енгізу өрісіне компьютер сөзін енгізіңіз.

5. Іздеу батырмасын шертіңіз.

6. Іздеу нәтижесін қарап шығып, ең алғаш web- беттегі іздестіру нәтижесіне назар аударыңыз.

7. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне Сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.

8. web- беттегі іздестіру нәтижесіне назар аудара отырып, іздеу нәтижесін қарап шығыңыз.

9. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне Компьютерные сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.

10. Табылған web- беттердің сан мөлшерін жазып қойыңыз. Неге компьютерные сети сөзі бар беттің саны, компьютер сөзі бар және Сети сөзі бар беттерінің санынан аз екендігін түсіндіріңіз.

11. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне компьютер ОR сети сөзін енгізіп, Поиск батырмасын шертіңіз. (ОR немесе деген оператор)

12. Табылған web- беттердің сан мөлшерін жазып қойыңыз.

13. Артқа навигациялық батырмасының көмегімен Компьютерные сети түйіндес сөзінің іздеу нәтижесіне оралыңыз. Табылған web-ресурстардың тізімін қараңыз. Бірінші болып тұрған гиперсілтемені шертіңіз. Құжат жүктелуін күтіңіз және оның тиімділігін бағалаңыз.

14. Артқа навигациялық батырмасының көмегімен web-бетке оралыңыз және екінші гиперсілтемені пайдаланыңыз. Құжат жүктелуінің аяқталуын күтіп, тиімділігін бағалаңыз.


Зертханалық жұмыс №4

Тақырыбы: Менің желілік қоршауым


Желілік ресурстарды қарап шығу үшін жұмыс үстеліндегі Менің желілік қоршауым белгісінде, одан кейін ресурс таңбасында маусты екі рет шерту керек. Менің желілік қоршауым терезесінде барлық жұмыс станциялары мен жергілікті серверлері, бумалар, файлдар, басқа да ұжымдық қатынас құру ресурстары көрінеді. Терезе желілік ресурстармен: желілік принтерлермен, көрші бөлмедегі, басқа мекемедегі, алыс континенттегі басқа компьютерлер дискілермен қатынас құру мүмкіндігін береді. Windows 2000 Professional операциялық жүйесі бір мезгілде бірнеше телефон желілері арқылы жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Бұл бірлік уақыт ішінде таратылатын ақпарат көлемін арттырады. Байланыс орнатылатын компьютер басқа операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істеуі мүмкін. Менің желілік қоршауым терезесінде әрбір компьютер жеке шартты белгімен таратылған. Шартты белгі астында компьютердің аты көрсетілген. Ресурсты қолднаған кезде осы бумада автоматты түрде оның жарлығы пайда болады. Windows 2000 операциялық жүйесіндегі Менің желілік қоршауым бумасы Windows 98 жүйесіндегі Желілік қоршау бумасының жетілдірілген нұсқасы. Менің желілік қоршауым терезесіндегі шарт белгілердің қызметтері:

  • Желілік қоршаудағы Жаңа орын (Новое место в сетевом окружении)- желілік ресурсқа арналған таңба құру мүмкіндігін беретін шеберді іске қосады;

  • Барлық желі (Вся сеть)- мекеме желісіндегі жұмыс істейтін барлық компьютер жұмысын қарап шығуға, пайдаланушының жұмыс тобына кірмейтін компьютерге қослу мүмкіндігін береді;

  • Көрші компьютерлер (соседние компьютеры) – жеке компьютер кіретін жұмыс тобындағы компьютерлерді немесе доменді көрсетеді.

Менің желілік қоршауым терезесінде бумалар мен файлдарды бір компьютерден басқасына көшіру оңай орындалады.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен магистранттың өзіндік жұмысы (ожмөЖ) 45 сағат МӨЖ 45 сағат
dmdocuments -> Мәдениет және өнер” институты “Көркем-қолданбалы өнер және кәсіби білім” кафедрасы 050120 «Кәсіптік оқыту»
dmdocuments -> Іс жүргізу туралы нұсқаулық смж. 04. 04
dmdocuments -> Пәндер кафедрасы 050114 –
dmdocuments -> Тарих және құқық
dmdocuments -> Т. З. Рысбеков М.Өтемісов ат. БҚму ректоры, т.ғ. д., академик
dmdocuments -> Марапаттау: Бахитова Ақмарал Сайлауқызы «Образцы изменчивых фантазий» халықаралық сәндік-қолданбалы өнер көрмесінде
dmdocuments -> А. А. Какимова Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер
dmdocuments -> Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 21 сағат СӨЖ 45 сағат Рейтинг 2 Емтихан 2 Барлығы 70 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет