Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер



бет2/9
Дата11.10.2022
өлшемі1.05 Mb.
#462411
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Компьютерлерді желіге біріктірудің негізгі мақсаты: Әрбір тұтынушыға желідегі барлық компьютерлердің меншікті құрылғыларын пайдалануға потенциалдық мүмкіндік беру. Сол себепті барлық құрылғылардың электрлік және механикалық параметрлері бір-біріне сәйкес келуі керек, оның үстіне информациялық жабдықтама-лардың да (программалар мен мәліметтер) кодталу жүйесі мен бейнелену форматтары бір-біріне ұқсас, әрі үйлесімді болуы тиіс.

Желіге қойылатын талаптар

  • Жұмыс өнімділігінің жоғары болуы;
  • Қауіпсіз және сенімді жұмыс атқаруы;
  • Кеңейтілетін мүмкіндігі болуы;
  • Жеңіл, әрі көрнекі түрде басқарылуы;
  • Құрылғылар мен сигналдардың өзара сәйкестігі болуы тиіс.

2. Компьютерлік желілердің жіктелуі (классификациясы)

  • Желілер мынадай қасиеттеріне қарай жіктеледі:
  • географиялық қамтылу аймағына қарай;
  • өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;
  • топологиясына – бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;
  • басқарылуына байланысты.

Географиялық қамтылу аймағына қарай желілер мынадай топтарға бөлінеді:

  • Жергілікті (локальный-Local Area Network, LAN) - бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұр-ған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі. Мұндай желіге 10-20 шамасында компьютер-лер біріктіріледі (ара қашықтықтары 10 км-ға дейін).
  • Ауқымды, ғаламдық (глобальные-Wide Area Network, WAN) – бірнеше мемлекетті, континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі.
  • Аймақтық, интранет(региональный -Metropolitan Area Network MAN) – бір қала, аудан, мемлекет ішіндегі біртектес мекемелер компьютерлерін біріктіреді. Бұлар бір компанияға, фирмаға не министрлікке кіретін жабық желілер, мысалы, қорғаныс министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі.

Өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты желілер:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет