«компьютерлік жүйелердің СӘулеті»



Дата24.04.2016
өлшемі113.33 Kb.

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ




Компьютерлік технологиялар кафедрасы


Бекітемін

РТжБФ деканы

__________ Медеуов У.И.

__________2009ж.

«КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДІҢ СӘУЛЕТІ»

пәні бойынша



КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

Мамандығы 050703 – Ақпараттық жүйелер










Курс

3

Семестр

5

Барлығы

135 сағат

Өзіндік жұмыс

71 сағат

Аудиторные занятия

64 сағат

Дәрістер

32 сағат

Зертханалық жұмыс

32 сағат

Семестрлік жұмыс

1

Емтихан

5 семестр

Алматы 2009

«Компьютерлік жүйелердің сәулеті» пәні бойынша курстық бағдарлама (syllabus) кафедра мәжілісінде қаралып құпталған

№1 ХАТТАМА 28.08.2009ж

КТ кафедрасының аға

оқытушысы құрастырған ________ Ержан А.А.

КТ кафедрасының меңгерушісі

“___”_____ 2009 _________ Куралбаев З.К.

1 Оқытушының мәліметтері


Ержан Асел Ануаркызы , КТ кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми - педагогикалық стажы 5 жыл.

Байланыс телефоны : 294-79-32, сот.8702- 210-11-47


2 Пәннің мағлуматтары


“Компьютерлік жүйелердің сәулеті” пәнін үйретудің негізі болып, қазіргі ЭЕМ мен компьютерлік жүйелердің сәулеттік ерекшеліктерін, ЭЕМ-нің функционалдық түйіндері мен құрылғыларын жобалау негіздерін, есептеу кешендерін ұйымдастыру негіздерін оқып-үйрену болып табылады.

Пәнді оқу кезінде студенттер жалпы компютерлік жүйелердің сәулеті, ЭЕМ құрылғыларның жұмыс істеуін ұйымдастыру мен негізгі принциптері, соның ішінде есте сақтау құрылғылары, санауыштар мен есептеу кешендері туралы жүйеленген білімді алуы керек.


3 Пререквизиттер, постреквизиттер


Пәннің Пререквизиттері

Оқытылатын курс мына пәндерді білуге негізделген: “Информатика”, “Сұлбатехника”.

Пәннің постреквизиттары

“Компьютерлік жүйелердің сәулеті” курсын оқу үрдісінде алынған білімдер арнайы пәндерді оқыту кезінде падаланылады.


4 Пәннің қысқаша анықтамасы


“Компьютерлік жүйелердің сәулеті” пәні арифметикалық және логикалық ЭЕМ негіздері, ЭЕМ-нің функционалдық түйіндері, есте сақтау құрылғылары, микропроцессордың өңдейтін бөлігін ұйымдастыру, интерфейстер, ақпарат алмасудағы енгізу және шығару шиналары, дербес компьютерлардың сәулеті негізінде микропроцессорлар құрылымын оқытуға негізделген.

Пәнді оқу үрдісінде студенттер:

- компьютерлік жүйелердің, есте сақтау құрылғыларының, есептеу жүйелердің сәулетін білуі;

- ЭЕМ-нің функционалдық түйіндерін жобалауды білуі;

- ЭЕМ техникалық іске асыру мен модернизациялау және олардың компоненттерін меңгеруі тиіс.

5 Пәннің мақсаты


“Компьютерлік жүйелердің сәулеті” пәнін үйретідің мақсаты мен міндеттері:

- қазіргі ЭЕМ мен компьютерлік жүйелердің сәулеттік ерекшеліктерін;

- ЭЕМ-нің функционалдық түйіндері мен құрылғыларын жобалау негіздерін;

- есептеу кешендерін ұйымдастыру негіздерін оқып үйрену.

Курстың мақсаттары мен міндеттірі, басқа пәндермен байланыса оқыту әдісіне негізделген

6 Пәннің дәрістері (32 сағат)

6.1 Кіріспе. ЭЕМ-ді ұйымдастыру негіздері


Компьютерлік жүйелердің элементтерінің құрамы мен белгіленуі. ЭЕМ жіктелуі. ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары мен оның белгіленуі. ЭЕМ мен жұмыс істеуді программалық басқару принциптері. ЭЕМ-нің негізгі сипаттамалары мен параметрлері.

ЭЕМ-де ақпараттық көрсетілуі. ЭЕМ-нің арифметикалық және логикалық негіздері. Цифрлық құрылғыларды логикалық жобалаудың теориясының негіздері. ЭЕМ-нің базалық элементтері, құрамы және сипаттамалары.

ЭЕМ-нің функционалдық түйіндері. ЭЕМ-нің функционалдық түйіндерінің белгіленуі негізгі параметрлері, жіктелуі және құрудың принциптері.

6.2 ЭЕМ-нің есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ)


ЭЕМ-нің есте сақтау құрылғыларының (ЕСҚ) анықталуы, белгіленуі, негізгі сипаттамалары және жіктелуі. Жадыны ұйымдастыру тәсілдері. Жадының сиымдылығын көтеру тәсілдері.

Оперативті жады (RAM). Статистикалық (SRAM) және динамикалық (DRAM) типті есте сақтау құрылғылары. Динамикалық жады бақылаушысы. Кэш-жады. Жедел жадыны бүркемелеу.

Маскалық, программаланатын және репрограммаланатын тұрақты есте сақтау құрылғылары (ROM, PROM, EPROM EEPROM). Флэш-жады..

Тізбекті қатынасты жады. Бейне жады. Стектік жады (LIFO).


6.3 ЭЕМ-нің процессорлары


Процессорлық құрылғылар. Микропроцессорлық жүйенің құрылымы. Микропроцессордың негізгі блоктары. Микропроцессордың жұмысы.

Микропроцессордың өңделетін бөлігін ұйымдастыру. RISK – командалары қысқартылған жүйелі микропроцессорлар және CISK (Complete Instruction Set Computer) командалары толық жүйелі микропроцессорлар.

Басқарудың орталық құрылғылары (БОҚ). БОҚ негізгі функциялары. Микропроцессорда программалардың орындалуы. Жадыны және ішкі құрылғыларды басқару.

Микропроцессордың шағынпрограммалық жұмыс істеу құралдары. Үзулерді ұйымдастыру принциптері. Үзудің көп деңгейлік жүйелері. Артықшылықтары.

ЭЕМ-нің жұмыс істеуінің мультипрограммалық режимін ұйымдастыру кезіндегі жадыны қорғау құралдары.

6.4 Енгізуді-шығаруды ұйымдастыру. Есептеу кешендері


Енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Енгізу-шығару интерфейстері, енгізу/шығару шиналарын кеңейту. Ақпараттар алмастыру тәсілдері.

Дербес компьютер интерфейстері. Параллельді интерфейстер. LPT-порт. Ақпаратты алмастыру режимдері: дуплексті, жартылайдуплексті және симплексті.

Тізбекті интерфейстер. СОМ-порт. Тізбекті тасымалдаудың тәсілдері. Ақпаратты асинхронды және синхронды алмастыру. Деректерді тасымалдау режимдері. Тасымал ағымын басқару.

Ішкі құрылғылар бақылаушысы. Енгізу-шығару порттары. Үзу кезінде ақпаратты алмастыру.

Ақпаратты өңдеудің үлестірілген жүйелері.

Есептеу кешендері. Жіктелуі. Көп машиналы есептеу кешендері (жүйелері). Көп машиналы есептеу жүйелерін (КМЕЖ) функционалдануын ұйымдастыру. КМЕЖ-нің байланыс түрлері.

Мультипроцессордың компьютерлік жүйелер (МКЖ). Құрылымдық ұйымдастыру типтері және МКЖ жобалау негіздері.

6.5 Дербес компьютерлердің негізгі сәулеті


Казіргі уақыттағы ЭЕМ процессорларының даму кезеңдері. Қзіргі уақыттағы дербес компьютерлер процессорларының сәулеті.

Процессордың модельдері. Түрлі фирмалардың процессорлардың сапалық ерекшеліктері. Микропроцессорлардың құрылымы. Интерфейсті шиналар және жадыны ұйымдастыру. Командалардың орындалу үрдістері және мәліметтерді өңдеу. Процессорлардың өнімділігін арттыру тәсілдері. Көп процессорларды жүйелер. Қазіргі уақыттағы дербес компьютерлердің параметрлері және сипаттамалары. Дербес компьютерлердің сыртқы құрылғыларына шолу.


6.6 Қорытынды


Компьютерлік жүйенің даму жетістіктері.

6.7 Зертханалық сабақтардың мысалдар тізімі (14 сағат)


6.7.1 Комбинациялық типті ЭЕМ функционалды түйіндерін зерттеу.

6.7.2 Тізбекті типті ЭЕМ функционалды түйіндерін.

6.7.3 Ақпаратты жазу және оқу режимінде статикалық жады жұмысын зерттеу.

6.7.4 Динамикалық жады бақылаушысының жұмысын зерттеу.

6.7.5 Программаланатын есте сақтау құрылғыларының жазу және мәліметтерді санау режиміндегі жұмысын зерттеу.

6.7.6 АЛҚ санашығының жұмысын зерттеу.



6.7.7 Басқару құрылғыларын зерттеу.

7 Әр сабақтың тақырыбы және ұзақтығы


№п.п.

Сабақтың тақырыбы

Ұзақтығы,сағ

Дәрістік сабақтардың тақырыбы

1

Кіріспе. ЭЕМ негізгі ұйымдастыру.

2

2

Intel IA-32 түрлерінің 16-битті архитектурасы

2

3

Intel IA-32 түрлерінің 32-битті архитектурасы. 1 бөлім

2

4

Intel IA-32 түрлерінің 32-битті архитектурасы. 1 бөлім

2

5

Конвейірлеу. IA-32 микропроцессорлерінің жаңа мүмкіндіктері

2

6

Intel фирмасының процессорлерінің даму анализі: Pentium

2

7

Motorola фирмасының МС680х0 түрлерінің микропроцессоры

2

8

Сопроцессорлер

2

9

Есептеу жүйесінің жадысын ұйымдастыру

2

10

RISC-процессорлерінің архитектурасы

2

11

Параллельді жүйелер

2

12

Есептеу жүйесінің қазіргі заманғы архитектурасы

2

13

Есептеу жүйелерінің ауысуын ұйымдастыру

2

14

Есептеу жүйелерінің интерфейстері

2

15

Перефериялы құрылғының интерфейстері

2

16

Перефериялы құрылғылардың құрамы, классификациясы және характеристикасы. Қорытынды.




Зкртханалық сабақтардың тақырыбы

1

Комбинациялық типті ЭЕМ функционалды түйіндерін зерттеу

4

2

Тізбекті типті ЭЕМ функционалды түйіндерін

4

3

Ақпаратты жазу және оқу режимінде статикалық жады жұмысын зерттеу

4

4

АЛҚ санашығының жұмысын зерттеу

4

5

К580 сериялы микропроцессордың қолданбалы программаларын құру және өңдеу

4

6

Intel 8031 микроконтроллер негізінде микрокомпьютерді зерттеу


4

7

Қайта жіберу команда топтары және адресациялау әдістерін зерттеу

4

8

Ензізу-шығару порттарын зерттеу арифметикалық және логикалық командаларды зерттеу

4



8 Өзіндік жұмыс тапсырмалары


Өзіндік жұмыс ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, дәрәстік, тәжрибелік сабақтарды және зертханалық жұмысты тереңірек меңгеру.

8.1 Буль алгебрасының негізгі заңдары.

8.2 ЭЕМ-нің базалық логикалық элементтері.

8.3 ЭЕМ-нің функционалды түйіндері.

8.4 Жадыны ұйымдастыру тәсілдері. Жадының көлемін ұлғайту тәсілдері.

8.5 Статикалық жады (SRAM).

8.6 Кэш-жады. Операциялық жадыны бүркемелеу.

8.7 Динамикалық жады (DRAM).

8.8 Динамикалық жады бақылаушысы.

8.9 Құрылымы EDORAM, BEDORAM, MDRAM, SDRAM, RDRAM, DRDRAM және CDRAM типті динамикалық есте сақтау құрылғылары.

8.10 ROM(M), PROM, EPROM, EEPROM типті есте сақтау құрылғылары.

8.11 Флэш-жады.

8.12 ЭЕМ процессорлары . Процессорларда программаның орындалуы. Процессордың жұмысы.

8.13 Микропроцессорларда өңдеуді ұйымдастыру бөлігі.

8.14 Орталық құрылғыны басқару. Процессорда программаның орындалуы.

8.15 Үзуді ұйымдастыру принциптері. Артықшылығы.

8.16 ЭЕМ-нің мультипрограммалық жұмыс істеу режимін ұйымдастырудағы жадыны қорғау құралдары.

8.17 Тізбекті және параллельді интерфейстер.

8.18 Көп машиналы есептеу кешендері.

8.19 Көп процессорлы есептеу жүйелері.



8.20 Pentium процессорлары. Дербес компьютер процессорлардың сәулеті.
  1. Әдебиеттер тізімі


    1. Вычислительные машины, системы и сети. Под редакцией П.А. Пятибратова. – М.: “Финансы и статистика”, 2000г.

    2. Сергеев Н.П., Вашкевич Н.П. Основы вычислительной техники. – М.: ВШ, 1988г.

    3. А.Гук. Процессоры фирмы Intel от 8086 до PENTIUM II. – Санкт-Петербург: Питер-Пресс, 1998г.

    4. М.Гук. Аппаратные средства IBM PC. – Санкт-Петербург: Питер, 2000.

    5. Пухальский Г.И., Новосельцева Т.Я. Цифровые устройства: Учебное пособие для втузов. – СПб.: Политехника, 1996. – 885с.

    6. К.Г.Самофалов, И.В.Корнейчук, В.П.Тарасенко. Цифровые электронные вычислительные машины. – Киев: ВШ,1983г.

    7. М.Гук, В.Юров. PENTIUM 4 Athlon и Duron. – Санкт-Петербург: Питер,2001г.

    8. Томпсон Р.Б., Томпсон Б.Ф. Железо ПК: Энциклопедия. – Спб.: Питер, 2009г.

Каталог: Docs -> Sillabus -> KAZ
KAZ -> Жаңа әдістер және программалау құралдары 1
KAZ -> «алматы энергетика және байланыс институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы радиотехника және байланыс факультеті «инженерлік кибернетика»
KAZ -> Компьютерлік технологиялар кафедрасы
KAZ -> Программаны әзірлеудің құрал-саймандары пәнінен Оқу бағдарламасы (syllabus)
KAZ -> «алматы энергетика және байланыс институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы радиотехника және байланыс факультеті «компьютерлік технологиялар»
KAZ -> БАҒдарламасының курсы «Информатика»
KAZ -> «Компьютерлік технологиялар» кафедрасы «бекітемін» Ржбф деканы
KAZ -> «Бекітемін» ртбф деканы Медеуов Ұ. Ы
KAZ -> «Бекітемін» ртбф деканы Медеуов Ұ. Ы
KAZ -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы энергетика және байланыс институтыы радиотехника және байланыс факультеты


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет