2-деңгей
1. Дербес компьютердің құрылғылары туралы мәлімет алыңыз және қандай операциялық жүйе орнатылғанын анықтаңыз.
Әдістемелік нұсқау: Жұмыс үстелінде Менің компьютерім (Мой компьютер) таңбашасын шертіп, тінтуірдің оң жақ батымасын басыңыз, пайда болған тізімнен Қасиет (Свойства) бөлімін таңдап алынса келесі терезе ашылады:
1.2.1-сурет. Жүйе қасиеті
1.2.1-суретте компьютерге орналасқан операциялық жүйе туралы толық ақпарат бар. Енді компьютер құрылғылары туралы мағлұмат алу үшін осы Жүйе қасиеті (Свойства Системы) терезесінің жоғарғы жағынанҚұрылғылар (Оборудование) бөлімінен Құрылғыларды ретеуші (Диспетчер устройств) таңдасақ келесі терезеде құрылғылар туралы толық ақпарат шығады:
1.2.2-сурет. Құрылғыларды реттеуші
Ашылған терезеде құрылғыдар туралы толық ақпарат бар. Егер құрылғы атының сол жағындағы «+» белгішесін тінтуір көмегімен шертсе, құрылғы қасиеттері туралы ақпаратты толығымен алуға болады.
2. Компьютердегі «Инф» сөзінен басталатын файлдарды табу керек.
Әдістемелік нұсқау: Пуск-Поиск әрекетін орындау қажет. Төмендегідей терезе ашылады:
1.2.3-cурет. Іздеу терезесі
Іздеу шарты «Инф»-тан басталатын файлдар, сондықтан терезенің сол жағындағы жолға «Инф*» мәтінін енгізіп, «Найти» батырмасы басылса іздеген файлдардың тізімі шығады:
1.2.4-cурет. Іздеу нәтижесі
1.2.4-cуретте терезенің сол жағында ізделген файлдар тізімі көрсетілген.
3. Инженерлік калькулятор бағдарламасының көмегімен мына есепті шығарыңыздар:
Калькулятор бағдарламасын қосу үшін Бастау=> Бағдарламалар=> Стандартты=> Калькулятор (Пуск=> Программы=>Стандартные=>Калькулятор) командаларын орындау қажет. Калькулятор түрін өзгерту үшін Түр=>Инженерлік (Вид=>Инженерный) әмірлерін орындау қажет.
1. sin12+cos11+ln5=
2. 105+54+5! =
4. Ондық сандарды екілік санау жүйесіне калькулятор көмегімен ауыстырыңыз:
Инженерлік компьютерде санау жүйелері келесі батырмалар арқылы қосылады:
Hex – 16 санау жүйесі, Dec – 10 санау жүйесі, Oct – 8 санау жүйесі, Bin – 2 санау жүйесі.
1. 58910 =
2. 87910 =
3. 96910 =
4. 77810 =
5. 96310 =
6. 97910 =
7. 89810 =
8. 75310 =
9. 95110 =
109910 =
Екілік санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне калькулятор көмегімен ауыстырыңыз:
1. 110101012= 6. 11012 =
2. 111110102= 7. 1001012=
3. 101010112= 8. 101012=
4. 111001012= 9. 1101002=
5. 111010012= 10. 1100012=
Сегіздік санау жүйесіндегі сандарды екілік санау жүйесіне калькулятор көмегімен алмастырыңыз:
1. 77528= 6. 7418 =
2. 12128= 7. 55218=
3. 54018= 8. 71018 =
4. 14218 = 9. 17128 =
5. 15018= 10. 15618=
Он алтылық санау жүйесіндегі санды ондық санау жүйесіне калькулятор көмегімен алмастрыңыз:
1. A2B616=
2. F2BC16 =
3. CD3A16 =
4. 14AD16 =
5. 1АЕС16 =
6. 2FD616 =
7. 2E7C16 =
8. 3DEF16 =
9. 9ACD16 =
10. ADCF16 =
5. WordPad бағдарламасында төменде берілген мәтінді жазыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |