Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


Жұмыс ортасының қысымын өлшеуге арналған құралдар



бет2/5
Дата12.06.2016
өлшемі369 Kb.
#131118
1   2   3   4   5

2. Жұмыс ортасының қысымын өлшеуге арналған құралдар
95. Компрессорлық қондырғы компрессордан кейін айдау желісінде және сығудың әр сатысынан кейін орнатылатын сақтандыру клапандарымен және манометрлермен жарақталуы тиіс.

96. Егер дайындаушы бақылаудың ең қысқа мерзімін қарастырмаған болса, сығылған ауа немесе инертті газ қысымын бақылау үздіксіз, алайда екі сағатта бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

97. Жұмыс ортасының қысымын өлшеуге арналған құралдар компрессорды сығудың әрбір сатысынан кейін, құбыр өткізгішінде, ауа газ жинағыштарда, майлау үшін компрессор майын беретін май құбырында орнатылады.

98. Әрбір манометрдің алдында бақылау манометрін орнату, жұмыс манометрінің ақаусыз әрекетін тексеру, оны қысым көзінен ажырату және атмосферамен жалғау үшін үш жүрісті кран орнатылады. Үш жүрісті кранның алдында диаметрі кемінде 10 мм сифонды түтік, май буфері немесе жұмыс ортасы әсерінен манометрдің зақымдануын сақтайтын басқа құрылғы орнатылады. 2,5 МПа (25 кгс/см2) жоғары қысым кезінде үш жүрісті кранның орнына екінші манометрді жалғау үшін бекіту құрылғысы бар бөлек штуцер орнатуға болады. Манометрді жұмыс ортасымен қосатын желіде ортаны сұрыптау үшін қосуды жүргізуге болмайды.

99. 30 МПа (300 кгс/см2) және одан жоғары сығудың соңғы сатысындағы қысым кезінде екі манометр орнатылады.

100. Манометрдің жұмыс қысымы кезінде оның тілі шкаланың үшінші орта шкаласында тұратындай шкаламен қарастырылуы тиіс.

101. Манометр циферблатында жоғарғы рұқсатты жұмыс қысымына сәйкес келетін бөлік бойынша қызыл сызық жүргізілуі тиіс.

102. Манометрдің циферблатына салынған қызыл сызықтың орнына манометр корпусына дәнекерлеп немесе басқа тәсілмен қызыл бояумен боялған және шкала сәйкес бөлінген манометр шынысына тығыз жатқызылатын металл пластинканы бекітуге болады. Манометрдің шынысына қызыл бояу жағуға жол берілмейді.

103. Манометрлердің дәлдік класы мына шамадан төмен болмауы тиіс:

1) 2,5 – 2,5 МПа (25 кгс/см2) дейін жұмыс қысымы кезінде;

2) 1,5 – 2,5 МПа-дан 14 МПа (25 тен 140 кгс/см2) дейін жұмыс қысымы кезінде;

3) 1,0 – 14 МПа (140 кгс/см2) артық жұмыс қысымы кезінде.

104. Манометр оның көрсеткіштері қызмет көрсететін персоналға айқын көрінетіндей орнатылуы тиіс, бұл кезде оның шкаласы көрсеткіштікті жақсарту үшін тік немесе алға 30° дейін қиғаш болуы тиіс.

105. Бақылау алаңы деңгейінен 2 метрге дейін биіктікте орнатылған манометрлердің номиналды диаметрі 100 мм кем болмауы тиіс, ал 2-ден 3 метрге дейінгі биіктікте 160 мм кем емес болуы тиіс.

Манометрлерді бақылау алаңы деңгейінен 3 метрден астам биіктікке орнатуға рұқсат етілмейді.

106. Таңбалану және пломбылануымен манометрлерді тексеру кем дегенде 12 айда бір рет жүргізілуі тиіс, бұдан басқа компрессорлық қондырғының иеленушісі кем дегенде 6 айда бір рет жұмыс манометрлерін бақылау манометрлерімен қосымша (кезеңдік) тексеру жүргізуі тиіс, жұмыс манометрлерінің бақылау тексерулерінің нәтижелерін журналға жазады.

107. Әр сығу сатысында және айдау желісінде сығылған ауа немесе инертті газ қысымының өлшемі компрессорлық қондырғы жұмысын есепке алу журналына жазылуы тиіс. Журналдың нысанасы осы қағиданын
4-қосымшасында көрсетілген.

108. Жұмыс манометрлері жұмысының ақаусыздығын үрлеп тазартумен тексеру ауысымына бір реттен жиілетпей жүргізілуі тиіс, тексеру уақыты компрессорлық қондырғы жұмысын есепке алу журналына жазылады.

109. Мынадай жағдайларда манометрлерді қолдануға болмайды:

1) пломба немесе тексеру жүргізгендігі туралы (12 айда бір рет) белгімен таңбасы болмаса;

2) манометрді кезекті тексеру жүргізілмесе (6 айда бір рет);

3) манометр стрелкасы оны сөндірген кезде аталған манометр үшін рұқсат етілетін ықтималдылықтың жартысынан жоғары болатын өлшемге шкала нөлдік көрсеткішке қайтарылмаса;

4) шынысы сынған немесе көрсеткішінің дұрыстығына әсерін тигізетін манометрдің басқа да бұзылуы болса.

110. Компрессорлық қондырғыны пайдалану барысында сақтандыру клапандары жұмыс жағдайында үрлеп тазартумен немесе стендте баптап тексерумен олардың жұмысының ақаусыздығы үздіксіз тексерілуі тиіс.

111. 1,2 МПа (12 кгс/см2) дейін қысым кезінде жұмыс істейтін жалпы өнеркәсіптік тағайындалуы бар компрессорлық қондырғының сақтандыру клапандары оларды қысыммен қысқа мерзімді мәжбүрлі ашу жолымен тәулік сайын тексерілуі тиіс.

1,2 МПа (12 кгс/см2) жоғары қысыммен жұмыс істейтін сақтандыру клапандарын тексеру мерзімі технологиялық регламентпен белгіленеді, егер сақтандыру клапандарын пайдалану бойынша нұсқаулықта тексерудің ең қысқа мерзімі белгіленбесе, 6 айда бір реттен жиі емес.

112. Сақтандыру клапандарының ақаусыздығын тексеру датасы (күні, айы, жылы) және уақыты компрессорлық қондырғы жұмысын есепке алу журналына енгізіледі.



3. Жұмыс ортасы температурасын өлшеуге арналған құралдар
113. Әрбір өлшем нүктесінің жеке термометрі болуы тиіс. Өлшеу орындары компрессорлық станция жобасымен анықталады.

114. Термометрлер және басқа да құрылғылар компрессордың әрбір сығу сатысында (кіре берісте және шыға берісте), айдау құбыр өткізгішінде, аралық және шеткі тоңазытқыштан кейін, компрессор механизмін майлау үшін келіп түсетін суды, майды құюда жұмыс ортасы, ауа немесе инертті газдың температурасын анықтауға арналады.

115. Сығылған жұмыс ортасы (ауа, газ) температурасын өлшеу стационар сынапты (металл қаптамалы) термометрлермен немесе электр термометрлермен және өздігінен жазатын аспаптармен жүргізіледі. Гильзаларды отырғызу тереңдігі құбыр өткізгіштің ішкі диаметрінен 80-85% тең етіліп қабылданады. Гильзалар құбырға пісірілмейді, ол кем дегенде айына бір май қалдықтарынан гильзаның сыртқы бетін тазартып тұру үшін бұрандаға бұралады.

116. Егер пайдалану бойынша нұсқаулықта өлшеудің ең қысқа мерзімдері қарастырылмаған болса, температураны өлшеу нәтижелері 2 сағатта бір реттен жиілетпей компрессорлық қондырғы жұмысын есепке алу журналына енгізіледі.

117. Айдау келте құбырларында компрессорды сығудың әр сатысынан кейін ауа температурасы дайындаушының пайдалану жөніндегі нұсқаулығында көретілген максималды мәндерден жоғары болмайды, алайда жалпы өнеркәсіптік компрессорлар үшін 170°C аспайды, технологиялық тағайындалуы бар компрессорлар үшін технологиялық регламенттерде қарастырылғанға сәйкес келеді, алайда 180°C жоғары болмауы керек.

4. Сақтандыру құрылғылары
118. Сақтандыру клапандары суытылған ауа немесе газ бөлігінде компрессорды әрбір сығу сатысынан кейін орнатылуы тиіс. Егер әр компрессорға бір ауа жинағыш қарастырылса және айдау құбырында тиектеулі арматура болмаса, компрессордан кейін сақтандыру клапаны тек қана ауа- немесе газ жинағышта орнатыла алады.

119. Сақтандыру құрылғылары ретінде мыналар қолданылады:

1) серіппелі сақтандыру клапандары;

2) иінтіректі-жүкті сақтандыру клапандары;

3) қирайтын мембраналы сақтандыру құрылғылары (мембраналы сақтандыру құрылғылары).

120. Серіппелі сақтандыру клапандары суытылған ауа бөлігіндегі компрессордың әр сығу сатысынан кейін секілді айдау желісінде және ауа жинағышта орнатылады.

121. Иінтіректі-жүкті сақтандыру клапандары айдау желісінде және ауа жинағышта орнатылады.

122. Сақтандыру мембраналары оларға арналған қыспалы құралда орнатылады. Әрбір сақтандырғыш мембрананың іске қосылу қысымы мен пайдаланудың жіберілетін жұмыс температурасы көрсетілген зауыттық таңбасы болады. Паспорт бір тұтынушыға жөнелтілетін бір типті мембраналардың барлық партиясына дайындаушымен беріледі.

123. Серіппелі және иінтіректі-жүкті сақтандыру клапандарын дайындаушы паспортпен және пайдалану жөнінде нұсқаулықпен жеткізеді.

124. Сақтандыру клапандары орнатылған келте құбырлардан жұмыс ортасын сұрыптап алуға жол берілмейді. Бекіту арматурасын сақтандыру клапандарының алдына да, одан кейін де орнатуға жол берілмейді.

125. Сақтандыру клапандарының жалғау құбыр өткізгіштері оларда жұмыс ортасының қатып қалуынан қорғалуы тиіс.

126. Сақтандыру клапандары оларға қызмет көрсетуге ыңғайлы және қол жетерлік орындарда орнатылуы тиіс.

127. Сақтандыру клапандарының өткізу қабілеті мен өлшемдері рұқсат етілген жұмыс қысымынан жоғары болатын қысым түзілмейтіндей таңдалуы тиіс: 0,3 МПа (3 кгс/см2) дейін жұмыс қысымы кезінде қоса алғанда рұқсат етілген жұмыс қысымы 0,05 МПа (0,5 кгс/см2) астам, ал жұмыс қысымы 0,3 МПа-дан 6 МПа (3 тен 60 кг/см2-ге) дейін жұмыс қысымы 15%, ал жұмыс қысымы 6 МПа (60 кг/см2) аса жоғары болғанда 10%.

128. Сақтандыру клапандарын реттеу және келтіру (іске қосылу сәтінде) пайдалану құжаттамасында реттеуді жүргізгендігі туралы жазба қалдыра отырып, компрессорлық қондырғыларды өздігінен қызмет көрсетуге жіберілген тұлғалармен арнайы стендтерде жүргізіледі.

129. Әрбір сақтандыру клапаны компрессорлық қондырғы жұмысы кезінде мәжбүрлі ашу үшін құралмен жабдықталуы тиіс. Серіппелі сақтандыру клапандарының тарту гайкалары (іске қосу алдында реттелген) пломбыланады, ал реттелген иінтіректі клапандар бекітіледі, металл қаптамалармен жабылады және пломбыланады.

130. Айдау құбыр өткізгішінде ауа-немесе газ жинағышқа кері клапан орнатылады.

Жүйелік қызмет көрсетуді талап ететін жабдықты 1,8 метрден жоғары биіктікте орналастыру кезінде ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсетуге арналған құрылғылар қарастырылады.

131. Егер әрбір компрессорға бір ауа жинағыш қаралып, айдау құбыр өткізгішінде бекіту арматурасы болмаса, сақтандыру клапаны компрессордан кейін тек ауа газ жинағышқа ғана орнатылады.

132. Бірнеше ыдысты (ауа жинағыштар, газ жинағыштар) тізбектеп жалғағанда және олардың араларында бекіту арматурасы болмаған кезде жалпы келтірілетін құбыр өткізгіште барлық ыдыстар тобына бір сақтандыру клапанын орнатуға болады. Бұл жағдайда, егер ыдыстарда қысымның жоғарылау мүмкіндігіне жол берілмесе, онда сақтандыру клапандарын ыдыстарға орнату міндетті емес.

133. 1,2 МПа (12 кгс/см2) дейін қысыммен жұмыс істейтін жалпы өнеркәсіптік тағайындалған компрессорлық қондырғының барлық сақтандыру клапандары оларды қысыммен мәжбүрлі ашу жолымен тәулік сайын тексерілуі тиіс. 1,2 МПа (12 кгс/см2) жоғары қысыммен жұмыс істейтін сақтандыру клапандарын тексеру мерзімдері технологиялық регламентпен, бірақ кем дегенде 6 айда бір рет бекітіледі. Жапқаннан кейін клапан толық бітеулігін сақтайды.



5. Компрессорды автоматты бақылау, басқару, дабыл беру және қорғау құралдары
134. Әрбір компрессор осы параметрлер бойынша қалыпты режимнен компрессор жұмысы ауытқыған кезде жарықты және дыбыстық дабыл берумен қамтамасыз етілетін сығылған ауа, газ, суыту суы және май температурасын және қысымын қашықтықтан бақылау құралдарымен, сондай-ақ сығылған ауа немесе газ қысымы және температурасы бекітілген нормадан асып кеткенде, суыту суын беру тоқтатылғанда, қозғалыс механизмдерін майлау үшін берілетін май қысымы бекітілген шамадан төмендегенде компрессорды автоматты сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс.

Машиналар саны үлкен (3 артық) автоматтандырылған компрессор станциясын жобалаған кезде бақылау және автоматика жүйесі құрамына мыналар кіруі тиіс: жалпы қалқан немесе автоматты немесе жартылай автоматты және қашықтықтан басқарылатын органдары мен номиналды мәндерден компрессор жұмысының негізгі параметрлері ауытқығандығы туралы дабыл қағатын, онда аппаратураны орналастырумен орталық басқару пунктінде тетік; жергілікті қалқан немесе компрессорға тікелей жақын орнатылатын тетік. Бұл қалқанда дабыл беру аспаптары және компрессордың негізгі параметрлерін бақылау аспаптары, сонымен қатар қажетті арматурамен компрессорды жергілікті қолмен басқару органдары орнатылады.

135. Ауа өлшеуіштер және газ өлшеуіштер компрессормен өндірілетін ауысымына метр кубпен (әрі қарай – м3) ауа немесе инертті газды есепке алу үшін тағайындалған.

6. Сығылған ауа немесе инертті газ температурасын бақылау
136. Сығылған ауа немесе инертті газ температурасын бақылау стационар сынап термометрлер немесе басқа құрылғылар көмегімен майдың тұтану температурасы мен сығылған ауа немесе инертті газдың температурасы араларындағы айырмашылық кемінде 75°С болатындай есеппен үздіксіз жүргізіледі.

137. Айдау келте құбырларында компрессордың әрбір сығу сатысынан кейін ауа немесе инертті газдың температурасы компрессорды монтаждау және пайдалану жөніндегі дайындаушы нұсқаулығында көрсетілген максималды мәндерден аспауы тиіс, бірақ жалпы өнеркәсіпті компрессорлар үшін (сондай-ақ көмір өнеркәсібінде пайдаланылатындар) 170°С жоғары емес, ал технологиялық тағайындалған компрессорлар үшін 180°С жоғары емес.

138. Сатылар бойынша (кіре берісте және шыға берісте) сығылған ауа немесе инертті газдың температура көрсеткіштері, егер дайындаушымен қысқа мерзім бекітілмесе, компрессорлық қондырғы жұмысын есепке алу журналына (осы Қағидалардың 4-қосымшасы) кем дегенде 2 сағатта бір рет жазылуы тиіс.

7. Компресорларды майлауға қойылатын талап
139. Компрессорларды майлау және компрессорлық майды пайдалану дайындаушының компрессорды монтаждау және пайдалану бойынша нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

140. Кәсіпорынға жеткізілген компрессор майының әрбір партиясында майдың физика-химиялық қасиеттері мен тұтану температурасы көрсетілген сертификат болуы керек.

141. Қолданар алдында әр партиядан май компрессорды монтаждау және пайдалану бойынша дайындаушы нұсқаулығы талаптарына және стандарттарға сәйкестігіне зертханалық талдаудан өтуі тиіс.

Зертханалық талдау нәтижелері май партиясының әрбір ыдысына ресімделуі тиіс.

142. Машина залына май жеткізу әрбір май түрі үшін арнайы ыдыстарда (шелектер, қақпағы бар бидондар, тағы сол сияқты) жүргізілуі тиіс.

143. Компрессор майын тасымалдау және сақтау үшін қарастырылған ыдыстарды басқа мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді. Ыдыстар үнемі тазалықта ұсталуы керек және тұнбалардан үздіксіз тазартылып тұрады. Май үшін ластанған ыдыстарды қолдануға жол берілмейді.

144. Компрессорлық станция жобасымен анықталатын жағдайларда компрессорлық қондырғылар майды орталықтан беру, майды авариялық ағызу құрылғыларымен жарақталуы тиіс.

Компрессор майын орталықтан беру құрылғылары (бактар, сорғылар және тағы сол сияқтылар) бөлек негізгі қабырғалармен бөлінген және сыртқа шығу есігі бар машина залынан бөлек ғимаратта орнатылуы тиіс.

145. Компрессорлық қондырғының машина залы жайында тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға болмайды.

146. Компрессор цилиндрлерін майлауға кететін май компрессорлық станцияны және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалануды қадағалау бойынша жауапты тұлғалардың жазбаша келісімімен ғана (ауысым журналындағы жазба) қолданылады.

147. Майлау құрылғыларына май құю сүзгісі бар түтікшелер арқылы жүргізілуі тиіс.

148. Мәжбүрлі майлау жүйесіндегі май сүзгілері және май сорғысының қабылдау сеткасы технологиялық регламентпен белгіленген мерзімдерде кем дегенде екі айда бір рет тазартылуы тиіс.

149. Май сорғысы мен лубрикатор кем дегенде бір жарым айда бір рет тазартылуы тиіс.

150. Әр компрессор қозғалыс механизмін майлау үшін келетін май температурасы мен қысымын өлшеу құралдарымен жабдықталуы тиіс.

151. Май қысымы мен температурасының көрсеткіштері, егер компрессорды дайындаушы нұсқаулығымен қысқа мерзімі қарастырылмаса, компрессорлық қондырғы жұмысын есепке алу журналына кем дегенде 2 сағатта бір рет жазылуы керек. Компрессор майы шығыны компрессор майын шығынын есепке алу журналына ауысым соңында жазылады.

152. Әр ауысымда компрессордың цилиндрі мен тығыздамаларын майлау үшін әр нүктеге май шығыны бұл майды қысыммен беретін лубрикатормен бақыланады және компрессорды дайындаушы нұсқаулығынан ауытқуды болдырмау үшін ауысым сайын тексеріледі.

153. Компрессор майы және суыту суының ағуына, майдың іргетасқа тиюіне жол берілмейді. Ағу байқалған кезде оның себептері тез арада жойылады.

154. Пайдаланылған компрессор майы компрессорлық қондырғы ғимаратынан тыс жерде орнатылған май жинағышқа құйылуы тиіс.

155. Пайдаланылған май қайталап пайдалануға оны регенерациялау және жаңа майдың физика-химиялық қасиеттеріне сәйкестігіне зертханалық талдаудың оңтайлы нәтижелерінен кейін ғана жіберілуі мүмкін.

156. Көмір шахталарында орнатылған компрессорлар үшін регенерацияланған майды пайдалануға жол берілмейді.

157. Компрессорлық қондырғы жабдығын сыртқы қарау, оның сыртқы беттерін шаң мен тозаңнан сүрту және тазалау жүйелілігі технологиялық регламентпен анықталуы тиіс. Сүрту материалдары ретінде тек мақта-қағазды немесе зығыр шүберектерін қолдануға рұқсат етіледі.

158. Компрессордың аралық және шеткі тоңазытқыштары конденсат пен пайдаланылған майды арнайы орнатылған жинағыштарға шығару үшін компрессорлық станцияның өндірістік жайының ластануын болдырмайтын дренаж құрылғысымен, сондай-ақ автоматты немесе қолмен үрлеу құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

159. Автоматты үрлеу болмаған кезде май ылғал айырғыштарды (аралық және шеткі) қолмен үрлеуді ауысымына екі рет жүргізу қажет, егер зауыт нұсқаулығымен үрлеп тазартудың ең қысқа мерзімі қарастырылмаған болса; компрессорлық қондырғы құрамына кіретін ауа жинағыштар мен газ жинағыштарды шеткі тоңазытқыш және май ылғал айырғыштар болған кезде ауысымына бір реттен жиі емес және олар болмаған кезде ауысымына екі реттен жиі емес үрлеп тазартылады.

8. Компрессорлық қондырғыларды суытуға қойылатын талап
160. Компрессорлық қондырғылар дайындаушының пайдалану бойынша нұсқаулығына сәйкес келетін жүйенің жұмыс режимін сақтаумен су немесе ауамен суыту жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс.

161. Компрессорларды, аралық және шеткі тоңазытқыштарды суыту үшін су беру жүйесін таңдау жобамен белгіленеді.

162. Суытудың айналмалы жүйесін қолдану ұсынылады.

163. Компрессорлық қондырғылардың суыту жүйесі суында 40 миллиграмм литрге (әрі қарай – мг/л) артық мөлшерде өсімдік және механикалық қоспалар құрамы болмау керек. Судың жалпы ащылығы 7 миллиграмм эквиваленті литрге (әрі қарай – мг-экв/л) артық болмауы керек.

164. Қажетті сападағы су болмаған жағдайда су тазарту қондырғылары (механикалық, натрий-катионды сүзгілер және тағы басқалары) қарастырылуы тиіс.

165. Компрессор және тоңазытқыштардан қыздырылған суды шығаратын құбыр өткізгіштерде суыту жүйесін бақылау үшін көрінетін орындарда мыналар орнатылуы тиіс:

1) суытудың тұйықталған жүйесі кезінде – шынылы бақылау люктері немесе түтікшесі бар бақылау краниктерімен ағын релесі;

2) суытудың ашық айналмалы жүйесі кезінде – құю түтікшелері.

166. Компрессор алдында суыту құбыр өткізгішінде суытуға берілетін судың мөлшерін реттейтін вентиль орнатылады.

167. Компрессорлық қондырғы ғимаратында суыту жүйесі құбыр өткізгіштерін тарту басымдылықпен арналарда (туннельдерде) орындалуы тиіс. Арналар (туннельдер) өлшемдері жөндеу жұмыстарын жүргізу және оларда орналастырылған суыту жүйесінің құбыр өткізгіштері мен арматураларға қызмет көрсету ыңғайлылығы ескеріле отырып алынуы тиіс. Арналар (туннельдер) құрылысы кезінде дренаж қарастырылуы тиіс.

168. Компрессор ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрған кезде, станция ғимаратындағы температура +2°С болған кезде жұмыс істемейтін жабдықтың суыту жүйелерінен суыту суы ағызылады, ал ауа және газ қуыстары желдетіледі.

Суыту жүйесінен және компрессор жейделерінен суды жіберу үшін ағызып жіберетін құрылғылар қарастырылуы тиіс.

169. Пайдалану барысында компрессордан, аралық және шеткі тоңазытқыштардан шығатын суыту суының температурасы 40°С аспауы тиіс.

170. Суыту суын құяр жерде және ағызуда температураны өлшеу стационар сынапты (металл қаптамадағы) немесе электр термометрлерімен және өзі жазатын құралдармен жүргізіледі.

Температураны үнемі (ылғи да) өлшеу үшін тасымалданатын сынапты термометрлерді қолдануға жол берілмейді.

171. Температураны өлшеу нәтижелері, егер компрессорды монтаждау және пайдалану жөніндегі дайындаушы нұсқаулығында өлшеудің қысқа мерзімдері қаралмаса, кем дегенде 2 сағатта бір рет компрессорлық қондырғы жұмысын есепке алу журналына жазылады.

172. Сығылған ауа немесе инертті газды суыту жүйесін (цилиндрлер жейделері, шеткі және аралық тоңазытқыштар) қақтан, қоқыстан және басқа да ластанулардан тазарту компрессорлық қондырғыны суытуға берілетін судың жалпы қаттылығына байланысты, техникалық басшы бекіткен кесте бойынша жүргізілуі тиіс.

9. Май ылғал айырғыштарға, бекіту және реттеу арматурасына қойылатын талап
173. Әр компрессор мүмкіндігінше компрессорға жақынырақ (шеткі тоңазытқышқа) компрессор мен ауа жинағыш, газ жинағыш арасында айдау құбыр өткізгішінде орнатылған май ылғал айырғышпен жабдықталуы тиіс.

Май ылғал айырғышты және шеткі тоңазытқышты бір агрегатқа жасауға болады.

174. Май ылғал айырғыштар компрессор станциясы ғимаратының, қоршаған ортаның ластануына жол бермейтін орнатылған жинағыштарға пайдаланылған май мен конденсатты шығару үшін дренаж құрылғысымен, сондай-ақ автоматты және қолмен үрлеу құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

175. Автоматты үрлеу болмаған кезде май ылғал айырғыштарды қолмен үрлеу, егер дайындаушының пайдалану жөніндегі нұсқаулығында немесе техникалық регламентпен үрлеудің ең қысқа мерзімі қарастырылмаса, ауысымына екі рет жүргізілуі тиіс.

176. Айдау құбыр өткізгішінде (шеткі тоңазытқыштан ауа жинағышқа, газ жинағышқа дейін) манометр, термометр, сақтандыру және кері клапандар, сөндіру арматурасы (ысырмалар, вентильдер) және дренаж құрылғысы орнатылуы тиіс.

177. Компрессорды қосу кезінде электр қозғалтқышын жүктеуден айыру үшін айдау құбыр өткізгішінде кері клапанға дейін қысымды шығару үшін бекіту арматурасымен жеке тармақ орнатылуы тиіс немесе басқа құрылғы қарастырылады.

178. Айдау құбыр өткізгішінде орнатылатын арматура қауіпсіз қызмет көрсету және жөндеу есепке алына отырып, монтаждалуы тиіс.

179. Вентильдер, ысырмалар, крандар және клапандар тез жұмысқа қосылуы және тоқтау мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі есебінен монтаждалуы тиіс.

180. Арматура номерленуі тиіс, сермерлер шпиндельдерге тығыз бекітіледі. Вентильдерде (ысырмалар) және олардың жетектерінде мынадай жазулар жазылады:

1) пайдалану сұлбаларына сәйкес келетін реттеу немесе бекіту құрылғысының номері немесе шартты белгісі, сығылған ауаны, суыту суын, компрессор майы құбыр өткізгіштерінің орындаушы технологиялық сұлбасы;

2) айналу бағытының «ж» жабық және «а» ашық бағытына көрсеткіш (бағдарша).

181. Арматуралар мен жетектердегі жазулар былайша орналастырылады:

1) штурвал (сермер) вентиль корпусына (ысырмаға) жақын орналасқанда – корпуста немесе вентиль (ысырма) оқшаулағышында немесе бекітілген тақтада;

2) штурвалдың (сермер) көмегімен қашықтықтан басқару кезінде –калонкада немесе штурвал кронштейнінде;

3) шынжырдың көмегімен қашықтықтан басқару кезінде – шынжырлы дөңгелек кронштейнмен қатты жалғанған және басқару алаңынан өте жақсы көрінуді қамтамасыз ететін күйде бекітілген тақтада;

4) вентильмен немесе ысырмамен қашықтықтан басқару кезінде (білік шеті еден астына салынып қақпақпен жабылған) – ішкі және сыртқы жақты қақпақта;

5) электр жетегі көмегімен қашықтықтан басқару кезінде – басқару тетігінде;

6) қашықтықтан басқару кезінде, осы тармақтың 2), 3), 4), 5) тармақшаларында қарастырылған жазбалардан басқа, арматураның басқару сермерлерінде де жазбалар түсіріледі.

182. Компрессорда, ыдыстарда және айдау құбыр өткізгіштерінде орнатылған арматурада корпусында айқын таңбалану көрсетілуі тиіс:

1) дайындаушының атауы және тауарлық белгісі;

2) шартты өту жолы;

3) ортаның шартты қысымы мен температурасы;

4) орта ағымының бағыты (бағдарша);

5) материал маркасы.

183. Арматура, бақылау-өлшеу аспаптарын және сақтандыру құрылғыларын орнату орнын және санын таңдау жобалау ұйымымен компрессорлық қондырғыны пайдалану жағдайларын қамтамасыз етуден шыға отырып анықталады.

184. Жұмыс орындарында және негізгі өту жолдарында орнатылған бет температурасы +45°С жоғары құбыр өткізгіштер, ыдыстар және аппараттарда жылу оқшауыштар болуі тиіс. Компрессор цилиндрлерінің қабырғалары оқшаулауланбайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет