Концессияға берiлуi мүмкiн объектiлер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және iрiктеу мен объектiлердi концессияға беру жөнiндегi конкурсты өткiзу ережесiн бекiту туралы



Дата03.03.2016
өлшемі87.69 Kb.
#36063
Концессияға берiлуi мүмкiн объектiлер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және iрiктеу мен объектiлердi концессияға беру жөнiндегi конкурсты өткiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің2006 жылғы 25 тамыздағы N 814 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы N 921 Қаулысымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің2008.10.06 N 921 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Концессияға берiлуi мүмкiн объектiлер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және iрiктеу мен объектiлердi концессияға беру жөнiндегi конкурсты өткiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң    
2006 жылғы 25 тамыздағы
N 814 қаулысымен   
бекiтiлген      

Концессияға берiлуi мүмкiн объектiлер бойынша
ұсыныстарды беру, қарау және iрiктеу мен объектiлердi
концессияға беру жөнiндегi конкурсты өткiзу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Концессияға берiлуi мүмкiн объектiлер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және iрiктеу және объектiлердi концессияға беру жөнiндегi конкурсты өткiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi.

      2. Концессияға берiлуi мүмкiн объектiлер бойынша ұсыныстарды (бұдан әрi - концессия объектiлерi) жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып, мыналар қалыптастырады:

республикалық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша - тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органдары;

тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiңкоммуналдық меншiгiне жататын концессия объектiлерi бойынша – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары.

      3. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген ұсыныстардың негiзiнде экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган қалыптастырған Концессия объектiлерiнiң тiзбесiн (бұдан әрi - Тiзбе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ресми жариялануы тиiс.

      4. Бекiтiлген Тiзбенiң негiзiнде Тiзбеге енгiзiлген объектiлердi концессияға беру жөнiнде конкурс өткiзiледi.

2. Концессия объектiлерi бойынша ұсыныстар беру, қарау мен
iрiктеу

      5. Тиiстi саланыңуәкiлеттi мемлекеттiк органдары және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары концессия объектiлерi бойынша, оныңiшiнде заңды және жеке тұлғалардың жеке бастама тәртiбiмен енгiзген ұсыныстарын ескере отырып, жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзімге, жоспарланған орта мерзiмдi кезеңнiң алдындағы жылдың1 мамырына дейiн концессия объектiлерi бойынша ұсыныстарды қалыптастырады.

      6. Жеке және заңды тұлғалар концессияға берiлуi мүмкiн объектiлер бойынша жеке бастама тәртiбiмен ұсыныстарды мыналарға енгізеді:
      тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органдарына - республикалық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша;

облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң коммуналдық меншiгiне жататын концессия объектiлерi бойынша.

      7. Республикалық меншiкке жататын қолда бар концессия объектiлерi бойынша тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының ұсыныстары республикалық меншiктi иелік ету құқығын жүзеге acыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен міндеттi түрде келiсiлуге тиіс.

      8. Республикалық меншiкке иелiк ету құқығын жүзеге acыpу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттiк орган республикалық меншiкке жататын қолда бар концессия объектiлерi бойынша берiлген ұсыныстарды олар берілген сәттен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде келiседi.

      9. Республикалық меншiкке иелiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган концессияның нақты объектiсi бойынша ұсыныстарды келiсуден бас тартқан жағдайда тиiстi саланың уәкiлетті мемлекеттiк органы мүдделi мемлекеттік органдарды тарта отырып, осы мәселе бойынша жұмыс бабындағы кеңестi шақыра алады.

      Егер жұмыс бабындағы кеңеске қатысушылар ортақ пiкiрге келмесе, республикалық меншiкке жататын қолда бар концессия объектiсi бойынша ұсыныс қалыптастырылған ұсыныстар тiзбесiнен алынып тасталады.

      10. Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы немесе жергiлiктi атқарушы органдар объект бойынша салалық сараптама материалдары мен негiзгi техникалық көрсеткiштерiн қоса бере отырып, экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органға жоспарланған орта мерзімді кезеңнiң алдындағы жылдың1 маусымына дейiн концессия объектiлерi бойынша ұсыныстарды жiбередi.

      11. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган ұсыныс түскен сәттен бастап алпыс жұмыс күнi ішiнде берiлген ұсыныстарға сараптама жүргiзудi ұйымдастырады, оның қорытындылары бойынша концессияның әрбiр объектiсiн концессияға беру мүмкiндiгi туралы экономикалық қорытынды дайындайды.


      Берiлген ұсыныстарды сараптамадан өткiзу үшiн экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына сәйкес тәуелсіз сарапшыларды тарта алады.

      12. Әрбiр объект бойынша экономикалық қорытынды негiзiнде әлеуметтік-экономикалық дамудыңорта мерзiмдi жоспарларын, мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды ескере отырып, экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жылжымалы негiзде жыл сайын алдағы орта мерзiмдi кезеңде концессияға беруге ұсынылатын объектiлер тiзбесiн қалыптастырады.


      Тiзбенi қалыптастырған кезде сондай-ақ республикалық бюджеттiң тиiстi қаржы жылына мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлдемелерiн беру жөнiндегi мүмкiндiктерi де ескерiледi.

13. Тiзбе екі бөлiмнен тұрады:


    1) мемлекеттiк меншiктiңқолда бар объектiлерi;


      2) салынуы мен пайдалануға берiлуi концессия шарттарының негiзiнде жүзеге асырылатын объектiлер.

      14. Тiзбеге енгiзiлмеген концессия объектiлерi бойынша тиiстi хабарламаларды тиiстi ұсыныстарды берген мемлекеттiк орган жiбередi.

      15. Тiзбе Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң қарауына жоспарланған орта мерзiмдi кезеңнiң алдындағы жылдың1 тамыздан кешiктiрмей енгiзiледi және жоспарланған орта мерзiмдi кезеңнiң алдындағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.

      16. Концессияның Тiзiмге енгiзiлген және концессияға берiлмеген объектiлерiн экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган келесi орта мерзiмдi кезеңге қалыптастырылатын тиiстi тiзбеге енгiзедi.



3. Объектiлердi концессияға беру жөнiнде конкурс өткiзу

      17. Концессионердi таңдау Заңның 19-бабына сәйкес Тiзбеге қосылған объектілерді концессияға беру жөнiнде ашық конкурс өткiзу жолымен жүзеге асырылады.

      18. Мыналар конкурсты ұйымдастырушы болып табылады:
      республикалық меншiкке жататын қолданыстағы концессия объектiлерiне қатысты - республикалық меншiкке иелік ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган,

салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын, республикалық меншiкке жататын концессия объектiлерiне қатысты - тиiстi саланыңуәкiлеттi мемлекеттiк органы,

коммуналдық меншiкке жататын, Тiзбеде көзделген тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiңконцессия объектiлерiне қатысты - облыстың(республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы.

      19. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткiзiлетiн күннен 60 күн бұрын конкурсты өткiзу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында мiндеттi түрде жариялайды.


      Конкурсты өткiзу туралы ақпарат концессия объектiлерi туралы, конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi туралы мәлiметтердi, әлеуеттi қатысушыларға қойылатын талаптарды қамтуы тиiс.

      20. Конкурстық құжаттаманың мазмұны мен ұсыну шарттары, сондай-ақ әлеуеттi концессионерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары Заңның 17 және 18-баптарына сәйкес айқындалады.

      21. Конкурсты ұйымдастырушы ұсынылған конкурстық құжаттама үшiн конкурстық құжаттаманы көшiруге жұмсалған нақты шығындардан аспайтын төлемақы алуға құқылы.

22. Конкурстық өтiнiмдердi қарау мен iрiктеудi:


      республикалық меншiкке жататын концессия объектiлерiне қатысты - Қазақстан Республикасының Үкiметi;

тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң коммуналдық меншiгiне жататын концессия объектiлерiне қатысты – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы құратын концессия жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - комиссия) жүзеге асырады.

      23. Республикалық меншiкке жататын концессия объектiлерiне қатысты комиссия туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерiне қатысты комиссия туралы ереженi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы бекiтедi.

      24. Егер конкурсты ұйымдастырушыға белгiленген мерзiмде конкурстық өтiнiмдер түспеген не конкурсқа қатысуға бiр өтiнiм ұсынылған жағдайда, концессияныңосы объектiсi бойынша үшiншi және одан кейiнгi конкурстарды қоспағанда, конкурс өткiзiлмеген болып есептеледi.

      25. Концессия жөнiндегi комиссия конкурстық өтiнiм бар конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде, уақытта және орында ашады.

      26. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтiнiмдердi қарайды.

Егер конкурс үшiншi рет өткiзiлген және конкурсқа қатысуға бiр ғана конкурстық өтiнiм ұсынылған жағдайда, комиссия осы өтiнiмде ұсынылған концессиялық жобаны оны iске асыру мүмкiндiгi тұрғысынан қарайды.

      27. Егер конкурстық өтiнiмдердi ашудыңмерзiмi, уақыты мен орны өзгерген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы ашу күнiнен кемiнде он күн бұрын барлық әлеуеттi концессионерлерге мұндай өзгерiс туралы хабарлауға мiндеттi.

      28. Конкурсты ұйымдастырушы тиiстi конкурстық өтiнiмдерде қамтылған, ұсынылған концессиялық жобаларға сараптама жүргiзедi. Конкурсты ұйымдастырушы тиiстi конкурстық өтiнiмдерде қамтылған, ұсынылған концессиялық жобаларды бағалауды және оларға сараптама жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәуелсiз сарапшыларды тартады.

      29. Конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтiнiмдер жөнiндегi қорытындылары барлық қажеттi құжаттарды, оныңiшiнде тәуелсiз сарапшылардың қорытындыларын, салалық сараптаманы және концессиялық жобаларды қоса бере отырып, концессияныңосы объектiсi бойынша Комиссия отырысын өткiзуден отыз күн бұрын мерзiмде Комиссияның барлық мүшелерiне жiберiледi.

      30. Комиссия концессиялық жобасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген концессиялық жобаларға арналған өлшемдер негiзiнде үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен осы концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнiнде келiссөздер жүргiзедi.

      31. Келiссөздердi дайындау шеңберiнде концессиялық жоба және концессия шарты жөнiндегi ескертулер мен ұсыныстарды комиссия өтiнiм берушiге осы концессия объектiсi бойынша отырыс өткiзiлетiн күнге дейiн кемiнде жиырма күн бұрын мерзiмде жазбаша нысанда жiберуi тиiс.

      32. Конкурсты ұйымдастырушы өтiнiм берушiнi оның концессиялық жобасын нақтылау жөнiнде келiссөздер өткiзу мақсатында Комиссияның кезектi отырысын өткiзудiң мерзiмi, уақыты мен орны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

      33. Келiссөздер барысында конкурс шарттарына, сондай-ақ концессиялық жобаның бастапқы параметрлерi мен сипаттамаларына өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.

      34. Егер концессиялық жобасы үздiк деп танылған конкурсқа қатысушы комиссияның ескертулерi мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса не оның ұсыныстары конкурс шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылса, онда комиссия бұл концессиялық жобаны қарамайды және ұсынылған конкурстық өтiнiмдер арасынан қайтадан үздiк концессиялық жобаны таңдайды.

      35. Концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстың қорытындылары бойынша комиссияның шешiмiмен концессиялық жоба бекiтiледi, ал өтiнiм берушi конкурстың жеңiмпазы болып танылады.

Комиссия шешiмi хаттама түрiнде ресiмделедi.

      36. Конкурсты ұйымдастырушы комиссия шешiмiнiң негiзiнде конкурс жеңiмпазымен концессия шартын жасасады.

Концессия шартын жасасу мерзiмi конкурс нәтижелерiн шығарған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.

      37. Мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстың нәтижелерi туралы мәлiметтердi конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялайды.



4. Қорытынды ережелер

      38. Ашылған конкурстық өтiнiмдер әлеуеттi концессионерлерге қайтарылып берiлмейдi.



39. Объектiлердi концессияға беру жөнiнде өткiзiлген конкурстардың материалдары конкурсты ұйымдастырушының тиiстi iстер номенклатурасына сәйкес сақталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет