Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары



Дата29.02.2016
өлшемі20.97 Kb.
#30415
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Назарбаев Университеті 2015 жылдың 30-қазанында Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Абай – әлемдік феномен» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция жұмысының бағыттары:


  1. Абайтанудың заманауи бағыттары

  2. Абай әдеби мұрасының көркемдік әлемі

  3. Абай шығармашылығы және ұлттық тілтаным

  4. Абай шығармаларының білім әлеміндегі орны


Материалдарды рәсімдеу тәртібі:

Баяндама мәтіні (5 бетке дейін) 6.0 (7.0) мәтіндік WORD редакторында “Tіmes New Roman” шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, әр жол арасы – 1, барлық жағынан жол жиегі – 20 мм, азат жол - 1.25см.) жазылуы тиіс.

Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, майлы бояумен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін майлы бояумен автордың аты-жөні, келесі жолға курсивпен мекеме, қала аты, автордың E-maіl адресі жазылады. Бір жолдан кейін негізгі мәтін басталады.

Конференцияға ұсынылатын баяндамада ғылыми зерттеулердің көкейкестілігі, нәтижелері немесе практикалық маңызы ашылуы тиіс.

Баяндаманың электрондық нұсқасы мына пошта бойынша conference@nu.edu.kz қабылданады.

Баяндама сарапшыларға беріледі, сарапшылар берген қорытынды бойынша жинаққа ұсынылады.

Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.

Конференцияға қатысу жарнасы – 5000 теңге.


Баяндамамен бірге төмендегідей тіркелу үлгісі жіберілуі тиіс:

Аты-жөні, тегі:___________________________________________

Ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы: _______________________

Жұмыс орны: ____________________________________________

Мекенжайы: _____________________________________________

Телефоны, E-maіl:________________________________________

Баяндама тақырыбы, секциясы: ______________________________

Автордың конференцияға келу мүмкіндігі: _____________________


Баяндама мен тіркелу үлгісін өткізу мерзімі: 2015 жылдың 30 қыркүйегіне дейін.

Ұйымдастыру комитеті материалдарды конференцияның басталуына дейін басып шығаруды жоспарлайды.


Конференция жарнасын төлеу төмендегі сілтеме бойынша жүзеге асырылады:
http://shss.nu.edu.kz/shss/newsroom/registration_form

Конференцияға қатысуға және жинақ материалдарының жіберілуіне байланысты шығындар қатысушының өз есебінен жүзеге асырылады.

Конференцияға отандық, шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мамандары шақырылады. Конференция жұмысына қатысқан баяндамашыға сертификат беріледі.
Ұйымдастырушы: ДББҰ Назарбаев Университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мектебі (ӘГҒМ), Қазақ тілі, әдебиет және мәдениет кафедрасы.

Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр көшесі, 53, 8 блок, ӘГҒ мектебі, 2-қабат, каб. 8-228.

Байланыс телефоны: 8(717 2) 70- 61-73; 70-62-67; 70-59-35; Факс: 8(717 2) 70 -60-54

Электронды пошта: conference@nu.edu.kz



Жауаптылар: Құрманбай Гүлтас, Адаева Ермек, Дәуренбекова Лаура, Байтелиева Жанар

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет