Конференция шеңберінде еуразиялық проблематикаға арналған студенттердің ғылыми жұмыс конкурсы ұйымдастырылады, ал оның аяқталуында студенттердің конкурстық жұмыстарының нәтижелері жарияланып, дипломдар және қаржылай сыйақылар беріледі



жүктеу 45.25 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі45.25 Kb.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2014 жылдың 28 қараша күні Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Қазақстанның бірінші Президент күніне арналған « ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ» атты халықаралық конференция өтеді.
Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасына қатысты Еуразиялық ғылыми-зерттеу орталығы және ҚР Нұрбанкі.

Конференция бағдарламасында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясының тарихы мен дамуы, еуразиялық интеграцияның теориялық және практикалық мәселелері, ЕАЭО шеңберіндегі саяси, экономикалық және құқықтық аспектілер, қоғамның интеграцияны қабылдауы және сондай-ақ, еуразиялық интеграцияның кеңеюі мен тереңдеуінің қазіргі проблемалары мен перспективалары секілді басты бағыттар қарастырылған.

Конференция барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен Еуразиялық жастар қозғалысының (Мәскеу қ.) on-line конференциясы өтеді, сонымен қатар, «Президент Н.Назарбевтың Еуразиялық идеясы», «Евразийство: история, теория, практика» кітаптарының презентациясы ұйымдастырылады.

Конференцияға шақыртылады: дипломатиялық корпус, мемлекеттік құрылым, НПО, халықаралық ұйым өкілдері және бұқара ақпарат құралдары.

Конференция шеңберінде еуразиялық проблематикаға арналған студенттердің ғылыми жұмыс конкурсы ұйымдастырылады, ал оның аяқталуында студенттердің конкурстық жұмыстарының нәтижелері жарияланып, дипломдар және қаржылай сыйақылар беріледі.

Конференция материалдары бөлек жинақ ретінде баспаға шығады.



Өткізу орны – Алматы қ. Қарасай батыр к., 95, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, ХҚФ Оқу кеңесінің мәжіліс залы.

  • Өткізу уақыты – 28 қараша 2014 ж.

  • Конференцияның басталуы –10.00 (тіркеу 9.30).

  • Жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

Байланыс ақпараты:

Конференция кординаторы: т.ғ.к., Сарбаева Роза Есхановна

Еуразиялық орталық - каб. №112, ХҚФ

Телефондар: 8(727) 243-83-28; ұ.т.: +7 771 452 28 75.

Өтінімдер мен тезистер мына эл. поштаға жіберіледіsarbayroza@mail.ru

1 қосымша

Конференцияға қатысушылар үшін ақпарат:
Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастырушылар комитетіне өтінім және баспа (1 дана) және электронды түрінде баяндама мақаласын өткізуі керек. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілінде қабылданады. Мақалалардың өткізу мерзімі – 2014 жылдың 20 қарашасына дейін.
Баспаға берілген мақалалар келесі талаптарға сәйкес болуы шарт:

1. Баяндама (мақала) мәтіні 4-6 беттен артық емес және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторда терілуі қажет.

2. Беттің параметрлері: жоғарғы және төменгі – 2,5 см, сол жағы – 2,5 см, оң жағы – 2,5 см.

3. Шрифт: Times New Roman, кегль-14.

4. 1 – жоларалық интервал. Жаңа абзац: 1,25 см.

5. Бір интервалдан кейін баяндама (мақала) материалы басталады.

6. Пайдаланылған әдебиеттер мәтіннің соңында орналастырылып, тізім тәртібіне сәйкес теріледі. Әдебиеттерге сілтемелер әдебиет тізіміне сәйкес нөмірмен төртбұрышты жақшаларға алынады. Мәтінге баяндама атауы, автордың аты-жөні, қаласы, жұмыс/оқу орны, электронды мекен-жайы көрсетілуі қажет.

Редакция алқасы конференция жинағының материалдарының сапасына жауап бермейді және баяндамалар таңдау құқығына ие.
Байланыс ақпараты:

Конференция кординаторы: т.ғ.к., Сарбаева Роза Есхановна



Еуразиялық орталық - каб. №112, ХҚФ

Телефондар: 8(727) 243-83-28; ұ.т.: +7 771 452 28 75.

Өтінімдер мен тезистер мына эл. поштаға жіберіледі: enic2012@mail.ru;  sarbayroza@mail.ru
Өтінімді келесі формада толтырыңыз:

2 қосымша

«ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ» халықаралық конференциясына қатысу

ӨТІНІМІ



Аты-жөні (толығымен)





Ғылыми дәрежесі





Ғылыми атағы





жұмыс/оқу орны





Қала, мемлекет





e-mail





Байланыс телефондары





Баяндама атауы







Конференцияның ұйымдастыру комитет:


  • Шакиров К.Н. – з.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ХҚФ деканы

  • Чукубаев Е.С. - т.ғ.к., доц., ХҚ және ӘЭ кафедра меңг.

  • Деловарова Л. - PhD., ғылыми жұмыс бойынша декан орынбасары

  • Сарбаева Р.Е.- т.ғ.к., доц., ЕҒЗО директор орынбасары

  • Мусабекова У.Е.- ф.ғ.д., доц., дипломитиялық аударма кафедра менг.

  • Ауган М.Ш. – т.ғ.д., ХҚ және ӘЭ кафедра проф.

  • Уразаева Ф. – т.ғ.к., ХҚ және ӘЭ кафедра доц.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет