Конференцияның жұмыс бағыттары: Теориялық және қолданбалы математика, физика, информатика саласындағы қазіргі заманғы мәселелері



Дата29.06.2016
өлшемі17.26 Kb.
#166115
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2010 жылдың 23 сәуірінде физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі Асан Дабысұлы Таймановты еске алуға арналған «Тайманов оқулары - 2010» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияның жұмыс бағыттары:

1. Теориялық және қолданбалы математика, физика, информатика саласындағы қазіргі заманғы мәселелері;

2. Математика, физика және информатиканы оқытудың әдістемесі мен инновациялық- технологияларының өзекті мәселелері.

Конференция жұмысына А.Д.Таймановтың шәкірттері, Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесіндегі С.Л.Соболев атындағы Математика институтының аға ғылыми қызметкерлері, физика-математика ғылымдарының докторы Базайкин Ярослав Владимирович және физика-математика ғылымдарының кандидаты Миронов Андрей Евгеньевич, Тольятти мемлекеттік университетінің алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі, БҚМУ түлегі, п.ғ.д., профессор Утеева Роза Азербаевна және педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Симонова Надежда Сергеевна, Ресей халықтар достығы университетінің математика және информатика кафедрасының аға оқытушысы Курышев Евгений Сергеевич және Ресей халықтар достығы университеті, Шетел тілдері институты директорының орынбасары, п.ғ.к., доцент Курышева Любовь Олеговна, І Президенттің физика-математика бағытындағы интеллектуалдық мектебінен математика пәнінің мұғалімі Ажгалиев Урынбасар, «Зерде» дарынды балалар мектебінен педагогика ғылымдарының кандидаты Дыбыспаев Болатжан Дыбыспаевич, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтынан педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Өмірбаева Күләш Оқасовна, «Сарыарқа дарыны» Қарағанды аймақтық ғылыми-әдістемелік орталығынан Бессрабова Татьяна Васильевна, Максутова Эльмира Мухтаровна, Ержан Гульмира Абдихановна, Батыс Қазақстан облыстық жоғары оқу орындары мен орта білім беру оқу орындарының ғалым-оқытушылары, облыстық және қалалық жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері қатысты.



Конференцияға Новосибирск, Мәскеу, Ташкент, Астана, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Тараз, Семей, Өскемен, Шахтинск, Орал қалаларынан барлығы 100-ге жуық ғылыми баяндамалар келіп түсті.

Конференция аясында БҚМУ студенттері, магистранттары, ізденушілері мен жас ғалымдар А.Д.Таймановтың шәкірттері ф.-м.ғ.д. Я.В.Базайкин және ф.-м.ғ.к. А.Е.Мироновпен, Ресей халықтар достығы университетінің Шетел тілдері институты директорының орынбасары, п.ғ.к., доцент Л.О.Курышевамен кездесулер өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет