Конкурс жариялайды: «Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі»



Дата04.07.2016
өлшемі42.42 Kb.
#176111
түріКонкурс


2016 жылғы 14 сәуір

«Аққайың ауданы әкімінің аппараты» ММ

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының бюджетінен қаржыландыратын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына бос орындарына ішкі конкурс жариялайды:



«Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, бөлім басшысының орынбасары. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты «Е-R-2», 1 бірлік.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 127 422 теңгеден 172 422 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Бөлімнің өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асыру. Аудандағы ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу. Бөлімнің және мамандардың, олардың уақытында есеп беруін және жоғары тұрған ұйымдардың тапсырыстарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Кадрларды оқыту және оларды іріктеуді ұйымдастыруға қатысу. Ауданның ауылшаруашылық кәсіпорындарының техникалық дамуын ұйымдастыруды іске асыру, машина-тракторлық паркті оның жұмысқа қабілеттілігі және тиімді пайдалануда қолдау, жұмыстарды өткізуге дайындауды бақылау. Агролизинг жолымен техника алудағы мүмкіндіктерді кеңінен қолдануға көмек көрсету, МТС-ті ұйымдастыру, ауылшаруашылық тауар өндірушілерге арналған қосалқы бөлшектерді, желілерді, агрегаттарды және жабдықтарды дайындау және қалпына келтіру бойынша облыс зауыттарымен ынтымақтастық жасау. ЖҒМ сатып алу бойынша есеп және бақылау. Ауыл шаруашылық кәсіпкерлерінің кадрларын дайындау. Ауыл шаруашылық мамандардың біліктілігін көтеру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: немесе «Ауыл шаруашылық ғылымдар», немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар», немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері бойынша.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, С-О-5, C-R-3, D-5, D-O-5, E-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес луазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдерген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық пошта мекен-жайына не «Е-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде қабылдайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Аққайың ауданы әкімінің аппараты және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150300, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народный көшесі, 50 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты немесе Akkain-akimat@sko.gov.kz. электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Анықтамаларды 8(71532) 21664, факс 8(71532) 21159 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет