Конкурс жариялайды: «Қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»



Дата16.06.2016
өлшемі57.38 Kb.
#138983
түріКонкурс
«Қызылорда қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев к, 16 үй, анықтама үшін телефондары:

8 (7242) 400954, personakadr2013@mail.ru «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

«Қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (E-R-5 санаты (индекс 06-1-5) - 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 49969 теңгеден 67907 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

- Қала ішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру. Жол қозғалысын және маршрут желілерін реттеу.

- Форма № 2, №3 үлгісіне қол қояды және атқарылған жұмыстардың уақытылы өткізуін, орындалған нысандарды теңгерімге алу, қабылданатын нысандар сапалы болуын, нормативке сәйкес келуін, белгіленген межеде аяқталуын қадағалап қабылдау.

- Ағымдағы және күрделі жол жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурс ұйымдастыру.

- Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, күтіп ұстау және жөндеу (жол белгілері, жол айрық сызықтары, жасанды тегіс емес қондырғылар, бағдаршам).

- Жабын материалдарына қарамастан жолдар мен тротуарларды жөндеу және күтіп ұстау, такси, автомобиль тұрақтарын орнату, жөндеу және күтіп ұстау;

- автомобиль жолдары құрылысы, қайта салынуы, кеңейтілуі және күрделі жөндеу жұмыстары кезінде (жоба-сметалық құжаттарында қарастырылса) жаяу жүргінші жол, бордюрлер, көшенің түңгі жарықтарын салу жұмыстарын жүргізу;

- Жолаушылар көлігіне жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарымен өтетін қаланың бағыттық желілеріне тікелей басқару мен ведомствалық бақылауды іске асырады, тұрғындар сұранысын қанағаттандыру үшін жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

- ҚР заңнамасына сәйкес жолаушылардың және басқада көлік қызметін пайдаланушылардың мүдделерін қорғау.

- Мемлекеттік сатып алу конкурс ұйымдастыру.

- Табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайларды жою жұмыстарын ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағымдардың уақытылы қаралуы мен жауап берілуі.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі техникалық («транспорт, транспорттық техника және технология», инженер-құрылысшы, инженер-гидротехник) немесе гуманитарлық (құқық және экономика негіздері пәндерінің мұғалімдері) білім;



Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) нысанға сәйкес өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Кызылординские вести» және «Сыр бойы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй, № 212 кабинетте қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Үміткерлермен әңгімелесу «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 16 үй) әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың мемлекеттiк органның басшысымен (жауапты хатшы) конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттары қатыса алады.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

E-R-5 - cанаттары үшін тестілеу бағдарламасы: Мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.


«Қызылорда қаласы әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет