Конкурс жариялайды: «Қарғалы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі»



Дата04.07.2016
өлшемі48.76 Kb.
түріКонкурс
«Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» ММ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ашық конкурс жариялайды:

«Қарғалы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы

Санаты Е-R-1.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 109547,97 теңгеден 147985,85 теңгеге дейін.



Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысын ұйымдастыру және басқару, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапкершілікте болу (дене шынықтыру және спорт бөлімінің ережесі), бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілеу, бөлім қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау және босату, барлық мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда бөлімнің атынан сөйлеу.

Ауданда дене шынықтыру мен спорттың дамуының стратегиялық бағдарламаларын әзірлеу, оларды орындауды ұйымдастыру. Жұмысты болжау, жоспарлау, ұйымдастыра білу.Ақпараттық-талдау жұмыстарының әдістері мен түрлерін меңгеру.

Компьютерде Word, Excel, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – педагогикалық мамандығы бойынша жоғары
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1)  мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
2)  жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3)    ғылыми дәрежесінің болуы;
4)  мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
5)  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  Агенттігі Төрағасының  2013 жылғы 19 наурыздағы 06-7/32 бұйрығымен    бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 наурызда №8380 болып тіркелген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» ММ мынадай құжаттарын тапсырады:

1)   нысан бойынша өтініш;

2)   3х4 үлгідегі суретпен нысан бойынша толтырылған сауалнама;

3)   бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4)   еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5)   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)   Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7)   құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды, шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы сертификат.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлер тестілеуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінде немесе ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

Е-R-1 санаты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасына мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»  (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

 Конкурстық комиссия қарауына құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы қабылдау мерзiмiнде берілген құжаттар қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды конкурс өткiзу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде) соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекен-жайға тапсыру қажет: 030500, Қарғалы ауданы Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, 38, «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» ММ, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі немесе kargala@mail.ru электрондық почтасына. Анықтама үшін телефон: 8(71342) 22-9-02.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді.  Құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде аудан әкімі аппаратында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



­
Каталог: sites -> default -> files -> Node 687
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
files -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
Node 687 -> Конкурс жариялайды: «Қарғалы аудандық білім бөлімі»


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет