Конкурс жариялайды: Целиноград ауданы білім бөлімінің «Балауса» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысына



Дата03.07.2016
өлшемі42.39 Kb.
#174837
Хабарландыру
«Целиноград ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

бос орынына орналасуға конкурс жариялайды:



1. Целиноград ауданы білім бөлімінің «Балауса» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысына

- «Целиноград ауданы білім бөлімінің «Балауса» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қабанбай батыр а., мекенжайы бойынша орналасқан.

2. Целиноград ауданы білім бөлімінің «Жарқын Ай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысына

- «Целиноград ауданы білім бөлімінің «Жарқын Ай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Софиевка а., мекенжайы бойынша орналасқан.

3. Целиноград ауданы білім бөлімінің «Жас - Шабыт» балалар шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысына

- «Целиноград ауданы білім бөлімінің «Жас-Шабыт» балалар шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Ақмол а., мекенжайы бойынша орналасқан.



Лауазымдық міндеті:

Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.


      Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.
      Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:

1) Қажетті бейіні бойынша жоғары білімінің және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 13 шілдесіндегі №338 бұйрығымен бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы;


      2) жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдарында 5 жылдан кем емес еңбек өтілі, мамандығы бойынша тиісті кәсіпорын саласында басшылық лауазымдығы кем дегенде 5 жылдық жұмыс өтілі Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:
      1) он сегіз жасқа толмаған;
      2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы», Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексті, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Бюджеттік Кодексті, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін белгілейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, білім беру ұйымының жұмыс бейінің және оның ерекшеліктерін; педагогика және психология негіздерін, психологиясын, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызметтің негізін;



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2. мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

  3. еркін нысанда жазылған өмірбаян;

  4. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

  5. еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

  6. денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама.

  7. 3х4 мөлшерлі 1 фотосурет;

  8. жеке куәлігінің көшірмесі.
          Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруіне болады.
          Конкурс екі кезеңде өткізіледі: 1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау; 2) әңгімелесу.

Құжаттар тезтікпеге салынуы және конкурс өткізу туралы хабарландыру аудандық «Ақмол ақпараты», «Вести Акмола» газеттерде соңғы жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15, мекенжай бойынша тапсырылу тиіс: Анықтама үшін телефон: 31-134, факс:31-133.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, оны Целиноград ауданының білім бөлімінде осы конкурс бойынша қатысуға жіберу алған күнен 10 жұмыс күн ішінде өтеді.



Осы лаузымға орналасқан адамға көтермеақы төленбейді, тұрғын үй мен жеңілдіктер берілмейді.

Целиноград ауданының білім бөлімі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет