Конкурс жариялайды. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»



Дата22.06.2016
өлшемі85.27 Kb.
#153616
түріКонкурс
Интернет-ресурста

орналастыру үшін

«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ

Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына ішкі конкурс жариялайды.



1. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орынбасары санаты Е-R-2 .

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 127421 теңгеден 172394 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Жұмыспен қамту секторының және ардагерлер мен мүгедектермен жұмыс жүргізу секторының, құқықтық және ұйымдастыру - кадрлар жұмысы секторының жұмысын ұйымдастырады және қызметін басқарады, «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ қызметіне жетекшілік жасайды, келешектегі және ағымдағы халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеуге қатысып, жұмысты үйлестіреді; халықты жұмыспен қамтудағы барлық бағдарлары бойынша туындайтын мәселелерді шешуде іс жүзінде көмек көрсетеді; Бөлімінің, сондай-ақ қала және облыс әкімдерінің шешімдері мен іс-шаралар жобаларын келісуге және даярлауға қатысады. Мекеме басшысынан қызмет аясында жүктелген басшылыққа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің уақытыл, нақты болуына және сапалы орындалуына жеке жауапкершілік атқарады; өз бағытындағы мәселелер бойынша бюджет қаражатының игерілуіне, әлеуметтік төлемдердің тағайындалуына, төленуіне жеке жауапкершілік атқарады; халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығы мәселелері бойынша жоғары сатыда тұрған органдардың тапсырмаларымен шешімдерінің орындалуына, мақсатты топтардың жұмысқа орналасуына және әлеуметтік әріптестікке, жұмыссыз азматтар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға, оңалту құралдарымен, гигиеналық құралдармен, арнаулы қозғалыс құралдарымен; мүгектер мен мүгедек балаларға санаторлық-курорттық емделуді қамтамасыз ету, мүгедектерге көмек көрсету жұмыстары бойынша жеке көмекшілердің және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін қамтамасыз ету бойынша, мемлекеттік мерекелер мен атаулы даталарды, Бөлімдегі іс-шараларды өткізуге;қала аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру барысына және жұмысын үйлестіруге жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтардың хаттары мен шағымдарына уақытында жауап даярлануына бақылауды жүзеге асырады; құзырлығына жататын мәселелер бойынша келгендерді қабылдайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (социология, политология, психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), немесе «білім», немесе «қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс), немесе «жаратылыстану ғылымдары», немесе «құқық» бейіндері бойынша.

келесі белгілердің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың төменгі басшы құрамындағы лауазымдарда үш жылдан кем емес;     

3) жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Сәйкес санаттағылар үшін кандидаттардың әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға тестілеу бағдарламасымен қарастырылған, Қазақстан Республикасы заңнамасын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. «Халықты жұмыспен қамту туралы», «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы», «Семей сынақ ядролық полигонында, ядролық сынақтың зардабын шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР Бюджет Кодексін, ҚР Азаматтық Кодексін (жалпы бөлімі), ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



2. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бухгалтерлік есеп жүргізу, жоспарлау және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі, санаты Е-R-3.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 96607 теңгеден 129920 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Сектор қызметін басқарады және сектордың жұмысы үшін жеке жауапкершілік атқарады, сектор жұмысын жоспарлауды және ұйымдастыруды жүргізеді; сектордың жұмыс жоспарын жасайды және орындалуын бақылайды, бөлім қызметі жайлы ақпараттар мен есеп берулер дайындайды; жоғары сатыдағы органдардың, Бөлім басшысының тапсырмаларының уақытында орындалуын бақылайды; сектордағы іс-қағаздарының жағдайына бақылау жүргізеді; лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті материалдар мен ақпараттарды сектор қызметкерлерінің назарына жеткізеді; Бөлім басшысының келісімі бойынша мамандар арасында лауазымдық міндеттердің көлемі мен бағытын анықтайды; бухгалтерлік есеп шоттарындағы барлық шаруашылықтарда жүргізілетін операциялардың нақты көрсетілуін қамтамасыз етеді; бухгалтерлік есеп берулерді белгіленген уақытта жасауды жүргізеді; есепке алынған алғашқы құжаттарды жүйеге келтіреді, мемориалдық ордерлерді, қаржыландыру кітаптарын, бас кітапты ресімдейді; бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша шығындар сметасы жөніндегі ашылған кредиттермен және олардың нысаналы пайдаланылуына сәйкес қаражатты дұрыс және үнемді жұмсалуына бақылау жасайды және жауапкершілік атқарады; заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алулар мен қызметтерді ұйымдастырады; тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражатты түгендеуге қатысады; мемлекеттік сатып алуларға конкурс өткізу үшін мемлекеттік сатып алуды жүргізудің дұрыстығына және конкурстық құжаттарды дайындауға жауапкершілік атқарады; «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ бюджеттік қаражаттың дұрыс игерілуіне жеке жауапкершілік артады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды сақтау үшін жеке жауапкершілік артады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика) бейіні бойынша

келесі белгілердің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың төменгі басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;      

3) жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Сәйкес санаттағылар үшін кандидаттардың әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға тестілеу бағдарламасымен қарастырылған, Қазақстан Республикасы заңнамасын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін, Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын, есеп саясатын, «Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің бұйрығын, «Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңын, «Мемлекеттік сатып алуларды іске асыру ережесін», «Электрондық мемлекеттік сатып алулар жүргізу ережесін», «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін», ҚР Азаматтық Кодексін (жалпы бөлімі), ҚР Бюджет Кодексін, Еңбек Кодексін, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін ҚР заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілерін, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін ҚР заңнамалары мен нормативтік-құқықтық актілерін білу. Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді атқару үшін қажет міндетті басқа да білімдер.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішке конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекен-жайына немесе «E-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министірлігінің, «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурстарында қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150008, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 23, персоналды басқару қызметі, кабинет 426, немесе Petropavlovsk@sko.kz. электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде.

Анықтамаларды телефон 8(7152) 50-30-09 арқылы алуға болады, факс 49-02-57.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет