Конкурс «Шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы (шыхо) және


Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі



бет2/7
Дата20.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#150617
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7

Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі

31. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілер (электрондық конкурсқа қатысушылар) конкурстық баға ұсынысын (бұдан әрі – КБҰ) веб-порталды пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында осы КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес береді.

32. Отандық әлеуетті өнім берушілердің КБҰ теңгемен берілуге тиіс.

33. Ұлттық валютада берілмеген КБҰ-н Қазақстан Республикасының валютасына – КБҰ берілген күнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге веб-портал автоматты түрде қайта есептейді.

34. КБҰ берген өнім берушіге веб-портал тиісті хабарламаны жібергеннен кейін КБҰ қабылданған болып есептеледі.

35. Веб-портал мынадай:

1) конкурс қатысушысы бір және тағы сол конкурсқа (лотқа) біреуден артық КБҰ берген;

2) электрондық конкурсты жүзеге асыруға бөлінген сомадан асып кеткен;

3) конкурстық баға ұсынысы рұқсат беру туралы хаттама жарияланған сәтте бастап, үш жұмыс күннен кешігіп түскен жағдайларда КБҰ-н қабылдаудан автоматты түрде кері қайтарады.

36. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде, КБҰ-н ұсынудан соңғы мерзімі біткенге дейін КБҰ-ны кез келген уақытта өзгертеді немесе қайтарып алады.




  1. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау

37. Әлеуетті өнім берген КБҰ туралы мәліметтер автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.

38. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні мен уақыты веб-портал электрондық конкурсқа қатысушылардың КБҰ-н бағалау және салыстыруды автоматты түрде жүргізеді:

Қағидаларға сәйкес анықталатын демпингтік баға есептеледі және конкурсқа қатысушының демпингтік болып табылған КБҰ қабылданбайды;

егер бағасы демпингтік болған КБҰ қабылданбағанынан кейін электрондық конкурсқа қатысушылардың екі және одан да көп КБҰ электрондық конкурсқа қатысатын болса, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген шартты жеңілдіктерді электрондық конкрстың қабылданған КБҰ-на қатысты қолдану арқылы осы электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындалады;

электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы салыстырылады, ең төмен шартты баға негізінде электрондық конкурстың жеңіпазы анықталады;

КБҰ-лардың шартты бағасы теңескен кезде отандық тауар өндіруші, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушісі жеңімпаз болып танылады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушілерінің КБҰ-ларының шартты бағасы теңескен кезде электрондық конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында көбірек тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушісі жеңімпаз болып танылады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушілерінің КБҰ-ның шартты бағасы теңескен және электрондық конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы тәжірибесі бірдей болған кезде жеңімпаз болып бұрын түскен КБҰ танылады.

39. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталға автоматты түрде қалыптастырады және конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен веб-порталда тіркелген әлеуетті өнім берушілердің барлығын электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, жариялайды.




  1. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

40. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

2) электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру тұралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай электрондық конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

3) электронды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған электрондық конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және электрондық конкурс жеңімпазы КҚ-да көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

5) әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

41. Ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) әлеуетті өнім беруші электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырған;

2) электрондық конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің КБҰ-н белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алған;

3) электрондық конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

4) электрондық конкурстың жеңіпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамады белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қаматамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.




  1. Электрондық конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

42. Электрондық конкурстың жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге электрондық көшірме түрінде қоса берілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотраиалдық расталған көшірмелерін және электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою құқығын беретін сенімхаттың түпнұсқасын веб-порталда электрондық конкурстың қорытындыларының хаттамасын жариялаған күннен бастап, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады.

43. Электрондық конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңнің талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

44. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі тиіс.

45. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы өнімен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақытылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізіледі.

46. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін, мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алутуралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы авнсқа тең мөлшерде белгілейді, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызы болуы тиіс.

47. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін таңдауға құқылы.

48. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.

49. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

50. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелердін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.

51. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзалса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.

52. Заңның 37-бабының 6,7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт оны бір қаржы жылынан артық мерзімге жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.

53. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

54. Отандық тауар өндірушілермен және жұмыстарды, қызметтерді отандық берушілермен жасалған шартта тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтерді көрсеткені үшін алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуы тиіс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.

55. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, КҚ-да көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұнадай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жаотарған болып танылады.

56. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

1) ол электрондық конкурсқа қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және уәкілетті органға тиісті мәліметтерді ұсынады әрі мұнадай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;

2) қажет болған кезде, сотқа мұнадай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындардың орнын толтыру туралы талап-арызбен жүгінеді.

Конкурстық құжаттаманың

электрондық нысанына

1-қосымша


«Шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы (ШЫХО) және «Қорғас» кеденнің ғимаратының ауданында Қорғас өзенінде қорғаныс ғимараттарының құрылыстарын салу (Хоргос-1)» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарын жасау үшін

сатып алынатын қызметтер тізбесі

Электронды байқаудын №:



Электронды байқаудын атауы «Шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы (ШЫХО) және «Қорғас» кеденнің ғимаратының ауданында Қорғас өзенінде қорғаныс ғимараттарының құрылыстарын салу (Хоргос-1)» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарын жасау





п/п



Тапсырыс беруші



Атауы



Өлшем бірлігі




Саны , көлемі

Орындау шарттары (ИНКОТЕРМС жұмыстардың мөлшері 2000 жылғы)


Жұмыстарды орындау мерзімі



Жұмыстарды орындау орны




Аванстық төлем көлемі, %


Байқау әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуға бөлінген сома теңгемен ҚҚС-сыз

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


1

«ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММ


«Шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы (ШЫХО) және «Қорғас» кеденнің ғимаратының ауданында Қорғас өзенінде қорғаныс ғимараттарының құрылыстарын салу (Хоргос-1)» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарын жасау


жұмыс



1



ИНКОТЕРМС жұмыстардың мөлшері 2000 жылғы

(2013-2017 ж.ж.)

күнтізбелік кестеге сәйкес және жобаны іске асыру
2013 ж
2014 ж
2015 ж
2016 ж
2017 ж



Алматы қаласы



0%
0%
0%
0%
0%



220 535 714,28
7 627 910 714,28
6 266 142 857,14
4 008 687 500,00
627 725 892,86

* Қызметтердің толық сипаттамасы мен мінездемесі техникалық ерекшелігінде көрсетіледі

** ҚМЖ жасаушыға қойылатын талаптар:



  • Хоргос өзені ауданында шекаралық жолақта сызықтан ары уақытша кіруге болатын рұқсат қағазы болу керек.

  • Селденқорғау және гидротехникалық имараттарды құрылысын салуда тәжірибесі болу керек.

  • Көлікжолдары және көпір құрылғылары құрылысына, көлікжол құбырларына, бұрғылапжару жұмыстарына лицензиялар және гидроимараттарының құрылысын салуға I немесе II санатқа сәйкес лицензиясы, нысан имаратының жауапкершілік деңгейімен болу керек.

Қосымша 2

конкурстық құжаттаманың



электрондық пішініне

«Шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы (ШЫХО) және «Қорғас» кедені ғимаратының ауданында Қорғас өзенінде қорғаныс ғимараттарының құрылыстарын салу (Хоргос-1)» нысанының

құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға

техникалық ерекшелігі
электрондық конкурстың № _____
1. «Шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы (ШЫХО) және «Қорғас» кедені ғимаратының ауданында Қорғас өзенінде қорғаныс ғимараттарының құрылыстарын салу (Хоргос-1)» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарын жасау үшін жабдықтаушы таңдауға электрондық конкурс жүргізіледі.

2. Тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» Мемлекеттік мекемесі.

3. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға негіздеме:

«Қорғас өзенінде қорғаныс ғимараттарының ЖСҚ жасауға және құрылыстарын бастауға қаражаттың бөлінуі туралы» Республикалық бюджеттік комиссиясының 28 мамыр 2013 ж. Қорытындысы.

«Шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы (ШЫХО) және «Қорғас» кедені ғимаратының ауданында Қорғас өзенінде қорғаныс ғимараттарының құрылыстарын салу (Хоргос-1)» түзетілген және бекітілген ТЭН-і.

«Қазселденқорғау» ММ 2013-2017 жылдарға жұмыс жоспары.

4. Құрылыс түрі:

Жаңа құрылыс.

5. Құрылыстың орналасқан жері:

Алматы облысы Панфилов ауданы «Шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы (ШЫХО) және «Қорғас» кедені ғимаратынан жоғары Қорғас өзені аумағы.

6. Қорғас өзені алабының табиғи-климаттық жағдайы:

Қорғас өзен алабы (Жоңғар Алатауы) Жетісу жотасының оңтүстік беткейінде шамамен 4200/1100м биіктікте орналасқан.Өзен алабының сол жақ жағалау бөлігі Қытай Халық Республикасында, оң жақ жағалау Қазақстан Республикасының жерінде орналасқан. Қорғас өзені – Іле өзенінің оң жақ жағалау саласы мұздық және мәңгі қарлы Жоңғар Алатауының оңтүстік беткейінен бастау алады. Өзен ұзындығы 176 км,су ағу алаңы -1310 км2, орташа көлбеді і=34%.

Өзен ұзындығы бойынша тік белдеулік жеркестік сипаттамасы: 3500м ұзындықта мұздақ және қарлы мұзды суық белдеуі орналасқан; 2500-3500м ұзындықта таулы-шалғынды альпілік белдеу орналасқан; субальпілік белдеу үшін (2500-2800м) сипаттамасы ағашты-талды, өсімдікті, таулы-шалғынды топырақ; төменірек орманды жазықтық (1500-2300м) және таулы жазықтық (1200-1500м) белдеу орналасқан. Бұл орманды жазықтық қара-қоңыр,сұр топыраққа ие.

Бедер жағдайына байланысты Қорғас өзенінің ағыс жағдайы да өзгереді. Биіктаулық беткей және аласа таулық бедер, өзен арнасының ағынды бағытын анықтайды. Қорғас өзенінің жазық беткейі тепкішекті, өзенге төмендейгенде көптеген құрғақ сайларда қойтасты-малтатастар орналасқан. Өзен алабының жоғарғы бөлігінің негізгі алаңында Қорғас өзенінің суағысы торабы орналасқан. Қорғас өзені аумағының сызбасы 2.1.1.сурет.

ҚР, басты басқару гидрометеорологиясы бойынша, Қазақ ғылыми-зерттеу институтымен қоршаған орта және климаттың мониторингінің және ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ, Қорғас өзені бассейінің ортаңғы және жоғарғы бөлігінде (Хоргос ауылынан жоғары) су тасқыны қауіптілігі жаңбыр сулары қалдықтары және лайлы тасты сел бойынша I категорияға жатады.

Жұмыс бөлігі, ҚНжЕ 2.03-04-2001 сәйкес, 9 баллдық жерсілкінісі күшінің пайда болу аймағына жатады.

7. Қаражаттандыру көзі:

Мемлекеттік инвестиция - 100%. – ТЖМ және «Қазселденқорғау» ММ бюджеттік жоспары бойынша.

8. Құрылыс-монтаж жұмыстарының мақсаты және қорғалатын нысандар:


  • «Шығыс қақпасы» бос экономикалық аймақты, «Шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы (ШЫХО) және «Қорғас» кедені ғимаратын, Басқұншы, Қорғас тұрғылықты жерлерді, шекараның ғимараттарын Қорғас өзеніндегі тасқындар қоқыстарынан инженерлік қорғау.

  • Қорғас өзенінің аумағының жоғарғы жағына (Қазанқөл көліне дейін) көліктердің жетуін (көлік жолдары) қамтамасыз ету, қорғаныс ғимараттарын пайдалану және ҚР шекара қызметінің жолдарын пайдалану.

  • Қорғас өзенінің жоғарғы жағындағы қауіпті мұздақ өзендердің мониторингі, олардың жарылып кетуінің алдын алу және гляциалды генезис селдерінің пайда болуына жол бермеу. Қорғас өзенінде селдердің және жанама ағыстардың пайда болу мүмкіндігінің мониторингі, уақытында басқару ұйымдарын, тұрғындарды ескерту, олардың тез арада жинақталуы.




Қорғас өзені аумағының сызбасы 2.1.1.сурет

Құрылыс тапсырмалары:

  • Г/т «Достық» жоғары жағалауды бекіту имараты - жергілікті қойтасты-малтатасты қабатпен қапталған, арынды көлбеулікті темірбетонды тірек арқалықты жерге қиылысы - тістері 3,5м құралған, бөгеттің жалпы ұзындығы 6,0км.

  • Жағалауды бекіту имараты бойымен пайдалану көлік жолы, ені 4,5м.

  • Қазанкөл көлінде үйінді тосқауылын нығайту және өсіру, селұстайтын Шұқырбұлақ бөгеті, жанама ағыстарды тұрақтандыру имараттары, «Достық» г/т жоғары жағалауды бекіту имараттары, жағалауды бекіту имараттары бойымен пайдалану көлік жолдары, Казанкөл көліне дейін пайдалану көлік жолдары және трактор жолдары, селге қауіпті нысандарды және селденқорғау имараттарының жағдайын қадағалайтын автоматтандырылған мониторинг жүйелерінен құралған құрылыс кешенін іске асыру, 2013 жыл мен 2017 жылдар аралығында жобаның сметалық құны 22 223,12 млн.тг. құрайды.

  • 2013 жылғы бөлінген қаржыландыруға және күнтізбелік кестесіне сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемдері мен түрлерін, ТЭН Қорғас-1 бекітілген сметада көрсетілгендей, «Достық» г/т жоғары жағалауды бекіту имаратынын, Казанкөл көліне дейін пайдалану көлік жолдарын және жағалауды бекіту имараты бойымен пайдаланылатын көлік жолы нысандарын орындау қажет.

9. Құрылыс-монтаж жұмыстарының мазмұны және жасауға қойылатын талаптар:

1. Негізгі құрылысты-монтажды жұмыс көлемінің атауы:

1.1. «Достық» г/т жоғары жағалауды бекіту имараттары - бөгеттің ұзындығы 6,0 км, жергілікті құрылыс материалдарынан беткейі қапталып жасалған, оның ішінде:


  • Топырақты қазу – 141 мың.м3

  • Топырақ үйіндісі – 243 мың.м3

  • Темірбетон – 33 мың.м3

  • Арматура – 2367 т.

1.2. Қазанкөл көлінде үйінді тосқауылын нығайту және өсіру, оның ішінде келесі жұмыс түрлері:

  • Топырақты қазу – 200 мың.м3

  • Топырақ үйіндісі – 260 мың.м3

  • Бұрғылап қағылған қада – 20/200дана/п.м

  • Темірбетон – 13,8 мың.м3

  • Арматура – 520 т

  • Жинақталған темірбетон – 0,06мың.м3

  • Металлқұрастырылым – 2/32 компл/т

  • Цементтеу – 3660 п.м

1.3. Шүкірбұлақ су бөгеті, оның ішінде келесі жұмыс түрлері:

  • Топырақты қазу - 38мың.м3

  • Топырақ үйіндісі – 1179мың.м3

  • Темірбетон – 64,5мың.м3

  • Арматура – 2566 т

  • Жинақталған темірбетон – 0,2мың.м3

  • Металлқұрастырылым – 33,7 компл/т

  • Суағынды шойын тақтамен нығайту 500*500*35мм-900/65,2 дана/п.м

  • Суағынды гранитті кеспекпен нығайту 1,6*0,5*0,5м-1104/441,6 дана/п.м.

1.4. Шүкірбұлақ және Қазанкөл көліне көлік жолы, оның ішінде келесі жұмыс түрлері:

  • Топырақты қазу – 1432,3мың.м3

  • Топырақ үйіндісі – 178,0мың.м3

  • Жаға нығайту жұмыстары – 20,42 мың.м3

  • Жол киімі ПГС hcp=20см-63,0 мың.м3

  • Темірбетон – 3,24мың.м3

  • Жинақталған темірбетон – 4,84мың.м3

  • бұрғылапқопару жұмыстары – 80 мың.м3

1.5. Жанама ағыстарды тұрақтандыру имараттары, оның ішінде келесі жұмыс түрлері:



  • Топырақты қазу – 26,48мың.м3

  • Топырақ үйіндісі – 8,2мың.м3

  • Бұрғылап қағылған қада – 1691/10322дана/п.м

  • Су өткізетін болат құбыр 1633/176 п.м./т

  • Темірбетон – 36,15мың.м3

  • Арматура – 1445,5т.

  • Металлқұрастырылым – 55/774 компл/т

1.6. Жағалауды бекіту имараттары бойымен пайдалану көлік жолдары, оның ішінде келесі жұмыс түрлері:

  • Топырақты қазу – 132,3мың.м3

  • Топырақ үйіндісі – 98,0мың.м3

  • Жол киімі ПГС hcp=20см-43,0 мың.м3

  • Темірбетон – 224,0м3

  • Жинақталған темірбетон – 284мың.м3

1.7. Бөгетті тоқпен үнемді, тұрақты қамтамасыз ету.

1.8. Қызметтік пайдалану ғимараттары және бақылаушылар үйі.

1.9. Жасанды имараттар (құбырлар-өтетін жерлер-қоршаулар).

1.10. Құбырлар құрылысы (суқұбыры, канализация).

1.11. Байланыс және қорғаныс имараттарын телефондау мониторинг жүйесіне кіретін кабелді оптикті-талшық сымдармен жүзеге асырылады.

Пайдалану кезеңінде Шүкірбұлақ бөгетінде электрмен жабдықтау тек имаратты сыртқы жарықтандыруға және қызметтік пайдалану бөлмелерін қамтамасыз етуге қажет. Аз мөлшердегі электрмен жабдықтау, жұмыс істеп тұрған электржүйесімен іске асыру жобаланады.

Қазанкөл көлінде имаратты электрмен жабдықтау, қажет болған кезде ғана 10 кВт жылжымалы электрстанциясымен орындалады.

ЖСҚ жасау және бекіту кезеңінде көрсетілген ҚМЖ көлемі нақтыланады.

10. Құрылыстың ерекше жағдайлары:

Селгеқауіптілігі I кат., құрылыс алаңының сейсмикалығы 9 балл МSК 64 шкаласы бойынша (инженерлік ізденістер негізінде алаңның сейсмикалығы жобада нақтыланады).

11. Ерекше жағдайлар:

1. ҚР Құрылыс және ТКШ істері агенттігінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК 22 желтоқсан 2011ж. № 01-1-04/1351-ПР жазған хатына сәйкес жобалауды жасау құрылыспен қатар жүреді.

2. Құрылыс-монтаж жұмыстарын келісу (тапсырыс берушімен бірге):


  • шекара қызметімен Қазанкөль көліне пайдаланатын жолдың құрылысы

  • ҚХР мен Қазанкөль және Шұқырбұлақ көлдерінде салынатын бөгет жайлы келісімге келу.

12. Жергілікті құрылыс материалы – тас, қырлы тас, қиыршық тас, құм, цемент, волоно-галечник, гравилі-галечник.

Құрылыс ауданы ортаңғы таулы аймақта Қорғас өзенінің оң жағында Қорғас ауылының басынан жоғары ағымнан 20км қашықтықта (өзен бойымен аймақтың сызықтық ұзындығы, берілген жобамен қамтылған, 40 км құрайды) орналасқан. Алматы облысы Панфилов ауданының солтүстік-шығысында құрылыстың аумағы орналасқан.

Шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығынан (ШЫХО) Басқыншы ауылына дейінгі арақашықтық ағыс бойынша жоғары 15км құрайды - асфальт жабынды.

13. Дайындау жұмыстары

Қорғас өзенінің қорғаныс имараттарының құрылысын Қорғас ауылында негізгі базадан бастау, соңынан пайдаланған негізгі базаны «Қазселдеңқорғау» ММ пайдалану жөндеу учаскесіне қолдану.

Негізгі құрылыс кадрлары – жақын ауылдар және Жаркент қаласының тұрғындары.

Негізгі жұмыс өндірісінің бастамасына дейін ішкі алаң кешенін дайындау жұмыстары орындалады:


  • құрылыс үшін геодезиялық бөлу негізін жасау;

  • уческелік шаруашылық үшін алаң жоспары және имараттар;

  • шаруашылық аймағын орнату;

  • жағалауды бекіту имараттары және селұстайтын Шұқырбұлақ бөгеті ауданында бетон-ерітіндісі құрылғысының түйінін орнату;

Имарат нысанының құрылысы үшін автономиялы электрмен қамтамасыз ету көзделген:

  • стационарлы 400 кВт дизельді электростанция - селұстайтын Шұқырбұлақ бөгеті;

  • стационарлы 400 кВт дизельді электрстанция - Қазанкөл көлінде үйінді тосқауылын нығайту және өсіру;

  • күші 60кВт жылжымалы дизельді электрстанция – Қазанкол көліне пайдалану жолы;

  • күші 2х100кВт екі жылжымалы дизельді электрстанция - «Достық» г/т жоғары жағалауды бекіту имараттары;

  • күші 5х60кВт бес жылжымалы дизельді электрстанция - жанама ағыстарды тұрақтандыру имараттары;

  • күші 60кВт жылжымалы дизельді электрстанция – жағалауды бекіту имараттары бойымен пайдалану жолы.

Құрылысты ауамен қамтамасыз ету 6 жылжымалы компрессорлы станциялардың көмегімен көзделген. Техникалық судың қажеттілігі Қорғас өзенінен және оның оң жағынан жанама ағыстарымен қанағаттандырылады. Ішуге жарамды су көлікпен жеткізіледі. Қазанкөль көлінде және Шұқырбұлақ ауданында инвентарлық модулден шаруашылық учаскесі ұйымдастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет