Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттама



Дата27.06.2016
өлшемі32.51 Kb.
#162091
2014 жылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын іске асыру қызметі

(конкурстың атауы)


сатып алу жөнiндегi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың

қорытындылары туралы хаттама
3

Орналасқан жері: «Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мына мекен-жай бойынша: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі №1 үй.

Уақыты мен күні: сағат 10.30 мин, 14 тамыз 2014 жыл

  1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:

С.Айдаров

Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, комиссия төрағасы;

А.Жусупова
Ғ.Нысанбаев


Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;

Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, комиссия мүшесі;



Е.Сәтбаев


Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтанушысы, хатшы

«2014 жылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын іске асыру» қызметі бойынша мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурс өткізілді.

2. Әрбiр лот бойынша жеке сатып алу үшiн теңгемен бөлiнген сома:





Лот атауы

Бөлінген сома (теңге)

1.

Халықаралық ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей» қозғалысының 25 жылдық мерейтойына арналған «Ядролық қарусыз әлем-адамзаттың ең ізгі мұраты» атты іс-шара ұйымдастыру

500000

3. Мынадай өтiнiм конкурсқа қатысуға жiберiлдi: «Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі.

4. Конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу үшiн соңғы уақыт өткеннен кейiн берiлуiне байланысты бағалауға және салыстыруға қабылданбаған әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерi жоқ.


      5. Конкурстық комиссияның отырысына қатысуға конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу үшiн соңғы уақыт өткенге дейiн оларды берген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары:

1) Бекпанов Тұрсынбек Бекпанұлы- «Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

ашылды және конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердi ашу кезiнде барлық қатысушыларға жарияланған мыналарды қамтиды:



Әлеуетті өнім берушінің атауы

Лот номері

Конкурстық баға ұсыныстары, теңге

1

«Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі

1

500000

6. Барлық конкурстық баға ұсыныстары қабылданды.

7. «Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 Қаулысының 306-1 тармағының 3 абзацына сәйкес «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурс өткiзген кезде конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн критерийлердiң пайыздық мәнiн қолданбайды».



      Конкурстық комиссия бағалау және салыстыру нәтижелерi бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТI: 1) Конкурс төмендегі лот бойынша өтті деп танылды: №1 лот бойынша «Халықаралық ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей» қозғалысының 25 жылдық мерейтойына арналған «Ядролық қарусыз әлем-адамзаттың ең ізгі мұраты» атты іс-шара ұйымдастыру», мекен-жайы: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Жолдыбаев көшесі №4 үй «Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің конкурстық өтінімі жеңімпаз болып табылды. 2) «Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата №1 үй, 22 тамыз 2014 жылға дейiнгi мерзiмде «Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігімен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасассын:
3) «Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі «2014 жылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын іске асыру» қызметі бойынша мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстың қорытындылары туралы осы хаттаманың мәтiнiн www.karmakshy.gov.kz интернет-ресурсына орналастырсын.
Осы шешiмге дауыс бергендер:
      Жақтаушы дауыс 3 (С.Айдаров, А.Жусупова, Ғ.Нысанбаев).
      Қарсы дауыс 0
Комиссия төрағасы С.Айдаров
Комиссия төрағасының орынбасары А.Жусупова
Комиссия мүшесі Ғ.Нысанбаев

Комиссия хатшысы Е.Сәтбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет