Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама



жүктеу 45.37 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі45.37 Kb.
Ерекше тәртіп қолданумен үйде қызмет көрсету және жартылай стационар жағдайында үкіметтік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама
Қостанай каласы 2013 жылы 8 сәуір сағат 11.00
1.Мынадай құрамдағы қонкурстық комиссия:

Конкурстық комиссияның төрағасы: Моргунов Максим Валерьевич – басқарма басшысының орынбасары;

Конкурстық комиссияның төрағаның орынбасары: Попова Ольга Андреевна – әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы;

Комиссия мүшесі:

Ахметчина Әсел Мирамқызы - заң бөлімінің жетекші маманы

ерекше тәртіп қолданумен үйде қызмет көрсету және жартылай стационар жағдайында үкіметтік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс мынадай лоттар бойынша өткізді: №1 лот – психоневрологиялық патологиялары бар мүгедектерге балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету; №2 лот – үйде қызмет көрсету жағдайында 1-2 топ мүгедектеріне, қарттарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету; №3 лот - жартылай стационар жағдайында қозғалыс-тірек аппаратының бұзушылықтары бар мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

2. Ерекше тәртіп қолданумен үйде қызмет көрсету және жартылай стационар жағдайында үкіметтік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтерді сатып алу үшін бөлінген келесі лоттар бойынша соманы құрайды:

1 лот – 4480000 (төрт миллион төрт жүз сексен мың) теңге;

2 лот – 3379000 (үш миллион үш жүз жетпіс тоғыз мың) теңге;

3 лот – 4479000 (төрт миллион төрт жүз жетпіс тоғыз) теңге.

3. Конкурсқа қатысуға мынадай өтінімдер жіберілді: «Қостанай мүгедектер ерікті қалалық қоғамы» ҚБ Қостанай қаласы, Павлов көшесі, 65 - 1, 2 лоттар бойынша; «Үміт - Надежда» Тірек қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек – азаматтарды қолдау қоғамы» ҚБ Қостанай қаласы, Таран көшесі, 163, 5 пәтер – 3 лот бойынша.

4. Конкурстық баға ұсыныстарының конверттерін тіркеудің соңғы уақыты өткеннен кейін өнім берушілерды ұсынысу болған жоқ

5. Конкурстық комиссияның отырысына қатысуға конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткенге дейін оларды берген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары:

Конкурстық баға ұсыныстары бар конверті «Қостанай мүгедектер ерікті қалалық қоғамы» ҚБ; «Үміт - Надежда» Тірек қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек – азаматтарды қолдау қоғамы» ҚБ ұсынды, конверт ашылды және конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверті ашу кезінде барлық қатысушыларға жарияланды:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

Лоттын №

Бірліктің бағасы, теңге

Жалпы бағасы,

ИНКОТЕРМС 2000

шарттары бойынша Қостанай облысы белгіленген пункті, әлеуетті өнім

берушінің тасымал-дауға арналған, кеден бажын, ҚҚС және

басқа төлемдер мен алымдарды,жинақтау-шы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшек-тер бағасын, бір өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімі ішінде қызмет көрсе-туге арналған барлық шығыстарды қоса

алғанда, басқа да шығыстар



Саны көлемі

Төлем шарт-тары

Төлем-нің балама шарт-тары

Баға-лық жеңіл-діктер

«Қостанай мүгедектер ерікті қалалық қоғамы» ҚБ

1

4479750

4479750

1

Төлем шарт-тарымен келіседі

Жоқ

Жоқ

2

1763664

1763664

1

Төлем шарт-тарымен келіседі

Жоқ

Жоқ

«Үміт - Надежда» Тірек қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек – азаматтарды қолдау қоғамы» ҚБ

3

4479000

4479000

1

Төлем шарттарымен келіседі

Жоқ

Жоқ

6. Конкурстық баға ұсыныстарының қабылданбағаны жок.

7. Конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары:

«Қостанай мүгедектер ерікті қалалық қоғамы» ҚБ

№ 1 лот - 4233363,75 теңге (4479750 -5,5 %=4233363,75 теңге);

№ 2 лот - 1657844,16 теңге (1763664 -6 %=1657844,16 теңге);

«Үміт - Надежда» Тірек қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек – азаматтарды қолдау қоғамы» ҚБ;

№ 3 лот- 4232655 теңге (4479000 - 5,5 %=4232655 теңге).

Конкурстық комиссия бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:


  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің 124- тармағының 2) –тармақшасына сәйкес барлық лоттар бойынша ерекше тәртіп қолданумен үйде қызмет көрсету және жартылай стационар жағдайында үкіметтік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі ашық конкурсты өтпеді деп танылсың;

  2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ ерекше тәртіп қолданумен үйде қызмет көрсету және жартылай стационар жағдайында үкіметтік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналыстырсын және өткізілген конкурстың қорытындылары туралы хабарламаны мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналыстырсын.

Осы шешімге дауыс бергендер:

Жақтаушы дауыс – 3 дауыс (Моргунов М.В., Попова О.А., Ахметчина Ә.М.)

Қарсы дауыс – дауыс жоқ.


Конкурстық комиссияның

төрағасы (қолы қойылған)


М. Моргунов




Конкурстық комиссияның

төрағаның орынбасары (қолы қойылған)


О. Попова




Комиссия мүшесі (қолы қойылған)

Ә. Ахметчина

Комиссияның хатшысы (қолы қойылған)

Ж. Баянова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет