Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары



Дата21.06.2016
өлшемі199.86 Kb.
#151568


«Егемен Қазақстан» 2015 жылғы 26 мамырдағы №96 (28574)

ҚР АШМ «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-2 санаты үшін: білімі - жоғары; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес; немесе жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес; немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес болуы.



С-4 санаты үшін: білімі - жоғары; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

С-5 санаты үшін: білімі – жоғары.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 9-қабат, 905-бөлме, телефон: (7172) 555-870 электронды мекенжайы: meneshov.b@minagri.gov.kz «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

1. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты.

Функционалды міндеттері: Департамент қызметін үйлестіру; мемлекеттің аграрлық саясатын қалыптастыруға, агроөнеркәсіптік секторда бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу; агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясын әзірлеу шеңберінде мемлекеттік реттеу мәселелерін үйлестіру және мемлекеттік қолдау көлемін және агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу тетіктерін оңтайландыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; аграрлық және өңірлік саясатты, агроөнеркәсіптік сектордағы стратегиялық жоспарларды, бағдарламалық құжаттарды іске асырудағы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын келісу; агроөнеркәсіптік кешендегі бағдарламалық құжаттарды жетілдіру жөніндегі министрліктер, агенттіктер және облыс әкімдіктерінің ұсыныстарын қарастыру; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы бағдарламалық құжаттар мен іс-шаралар жоспарының іске асырылуын талдауды жүзеге асыру; талдамалық анықтамалар, материалдар және Министр баяндамасының тезистерін дайындау; республикалық бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ету; Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және Департамент қызметінің бағыттарына жататын мәселелер бойынша Министр бұйрықтарының жобаларын әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына, Министрліктің алқа отырыстарына департамент құзыретіне шегінде материалдар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе статистика) немесе құқық саласында (юриспруденция) жоғары білім.

Кәсіби біліктілігі: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын және ауыл шаруашылығы саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Практикалық тәжірибесі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасарының  2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5084 болып тіркелген) сәйкес. Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.

2. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық жоспарлау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты.

Функционалды міндеттері: агроөнеркәсіптік кешенді әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық жоспарларын, мемлекеттік, салалық бағдарламаларды әзірлеуге; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясын және оны іске асыру жолдарын, агроөнеркәсіптік кешенді экономикалық және қаржылай реттеу болжамдарын әзірлеуге; салалық және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға; Қазақстан Республикасы Үкіметінің басымды мемлекеттік (ұлттық) бағдарламаларын әзірлеуге; агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша шараларды әзірлеуге; агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органның стратегиялық жоспарларын әзірлеуге; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволарының операциялық жоспарларын әзірлеуге; агроөнеркәсіптік кешенді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері бойынша актілер ұсыныстар әзірлеуге қатысу; агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу шаралары мен тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; агроөнеркәсіптік кешендегі саясатты реттеу туралы салалық одақтар мен қауымдастықтардың, агробизнес субъектілерінің ұсыныстары бойынша қортынды әзірлеу; агроөнеркәсіптік кешенді экономикалық және қаржылық реттеудің басым бағыттарын әзірлеу; агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру; агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды стратегиялық жоспарлауға қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қатысты нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және әдістемелік нұсқауларды әзірлеу мен басып шығаруға қатысу; Департамент құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе статистика) немесе гуманитарлық ғылымдар саласында (халықаралық қатынастар) немесе құқық саласында (юриспруденция) жоғары білім.

Кәсіби біліктілігі: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын және ауыл шаруашылығы саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Практикалық тәжірибесі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасарының  2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5084 болып тіркелген) сәйкес. Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.

3. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Даму бағдарламаларының мониторингі және талдау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне).

Функционалды міндеттері: ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының республиканың облыстары бойынша жұмыс сапарларына осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы және олардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бөлінетін бюджеттік қаражатты пайдалануы жөніндегі анықтамалық материалдарды дайындауға қатысу (өңірлер бойынша бөлініске сәйкес); агроөнеркәсіптік кешен салаларының дамуы жөнінде талдамалық материалдар дайындауға қатысу және салалық департаменттермен, комитеттермен, құрылымдық бөлімшелермен тиісті өзара іс-қимыл жасау (салалар бойынша бөлініске сәйкес); қаулылар, заңдар және басқа да нормативтік-құқықтық жобаларын келісуді жүзеге асыру; агроөнеркәсіптік кешен салаларының экономикалық тиімділігі бойынша талдамалық жұмысты жүзеге асыру; Хаттамалар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкімдері және т.б. бойынша бақылауды бекіту жөніндегі Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрықтарын әзірлеу; Қазақстан Республикасын дамтудың 2015 жылға дейін стратегиялық жоспарының орындалу барысы туралы талдамалық-жиынтық ақпарат дайындау; Агроөнеркәсіптік кешен дамуының негізгі бағыттарын, агроөнеркәсіптік кешен дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін айқындау үшін оның салаларының қаржылық-экономикалық дамуына талдау жүргізуге қатысу; агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеуге қатысу; ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерінің қысқа мерзімді болжамдарын әзірлеуге қатысу; қажетті талдамалық ақпаратты дайындауға, талдамалық анықтамаларды жасауға, экономикалық қауіпсіздік индикаторларына мониторинг жүргізуге қатысу; Президенттің Қазақстан халқына жолдауын насихаттауды белсенді ету мәселелері жөніндегі талдамалық материалдарды дайындауға қатысу; талдау жұмыстарын орындау және басшылықтың елдің өңірлері бойынша жұмыс сапарларына Басқарманың құзыретіне кіретін ақпараттарды, баяндамаларды, анықтамалық материалдарды дайындау; Басқарманың құзыретіне жататын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша статистикалық материалдарды (жинақтарды, басылымдарды және т.б.) жинау, талдау, есепке алу және сақтау; Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен өзара іс-қимыл жасау; агроөнеркәсіптік кешен салаларының жай-күйі мен дамуына мониторинг жүргізу; агроөнеркәсіптік кешені салаларының ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі жөніндегі талдамалық жұмысты жүзеге асыру; Басқармада іс жүргізу, істер номенклатурасын жасау, істі ведомстволық мұрағатқа беру; Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе статистика) немесе құқық саласында (юриспруденция немесе халықаралық құқық) немесе білім беру саласында (шетел тілі: екі шетел тіл) жоғары білім.

Кәсіби біліктілігі: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын және ауыл шаруашылығы саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Практикалық тәжірибесі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасарының  2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5084 болып тіркелген) сәйкес. Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.

4. Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті Тарифтік, тарифтік емес реттеу және агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі интеграция басқарамасының сарапшысы, С-5 санаты.

Функционалды міндеттері: Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық экономикалық ықпалдастық стратегиясын әзірлеуге қатысу; Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бойынша шет елдердің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің жұмыс тәжірибесін зерделеу; Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты материалдарды дайындау және Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдерімен және оларды қайта өңдеу өнімдерімен саудалауды реттеу мәселелерін қарау; еркін сауда аймақтарын құрумен байланысты материалдарды дайындау; ауыл шаруашылығы тауарларымен сыртқы саудалау қызметін тарифтік және тарифтік емес реттеу әдістерімен реттеуге қатысу; Қазақстан Республикасының кедендік-тарифтік саясатын жетілдіру, Кеден одағының және Дүниежүзілік сауда ұйымының Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісіміне сәйкес ішкі қолдау деңгейін бағалау жөніндегі ұсыныстар енгізу; басшылыққа және жоғары тұрған органдарға қажетті ақпарат дайындау және ұсыну; Департамент құзыретіне кіретін Басқарма, Департамент, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында (аграрлық техника және технология) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) немесе құқық саласында (кеден ісі немесе халықаралық құқық немесе юриспруденция) жоғары білім.

Кәсіби біліктілігі: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын және ауыл шаруашылығы саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Практикалық тәжірибесі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасарының  2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5084 болып тіркелген) сәйкес. Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.

5. Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне).

Функционалды міндеттері: кіріс хат-хабарларды алғашқы өңдеу, кіріс хат-хабарларды есепке алу, тіркеу, жеткізу және тарату; шығыс құжаттардың дұрыс ресімделуін тексеру және оларды адресаттарға жөнелту; Басқарма басшылығы айқындаған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру; Кеңсенің ағымдағы мұрағатын жүргізу бойынша жұмыс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары.

Кәсіби біліктілігі: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетелетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын және ауыл шаруашылығы, тіл саясаты саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Практикалық тәжірибесі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасарының  2008 жылғы 9 қаңтардағы
№ 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5084 болып тіркелген) сәйкес. Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.

6. Қаржылық қамтамасыз ету департаменті Бюджетті орындау мониторингі басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне).

Функционалды міндеттері: қаржыландыру және бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бағалау мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; қаржыландыру мәселелеріне қатысты салалық департаменттер әзірлеген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес басқа мемлекеттік органдар дайындаған нормативтік актілер жобаларын қарау; тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджетін атқару мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алқа отырысына материалдарды дайындауға қатысу; ведомстволық тиістілігі бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Мемлекеттік мекемелер анықтамалығының қалыптастырылуын және қажеттілігіне қарай жыл ішінде көрсетілген Анықтамалыққа өзгерістер енгізілуін бақылу; бекітілген стратегиялық жоспарларға (жартыжылдық, жылдық) сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық Департаменттерімен (Комитеттерімен) бірлесіп орындауға талдау жүргізуді жүзеге асыру; бюджеттік бағдарламалардың міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған өтінімді қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберу; мынадай есептілік түрлерін жинау, қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жолдау: жарғылық капиталды ұлғайтуға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты пайдалану туралы ай сайынғы ақпарат; бюджеттік инвестициялық жобалардың (жыртыжылдық, жылдық) іске асырудың мониторингі және бағалау; бекітіліген стратегиялық жоспарлармен тиісті қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы талдамалық есеп; операциялық жоспардың іске асырылу барыс туралы тоқсандық есеп; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі министрліктермен, «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі», «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамдармен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде Президент Әкімшілігі Талдамалық кешенінің (АШМ-4 (к) нысаны бойынша) деректер базасын жүргізу, қатысу; өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (экономика немесе менеджмент, немесе қаржы, немесе есеп және аудит, немесе маркетинг) жоғары білім.

Кәсіби біліктілігі: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын және ауыл шаруашылығы саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Практикалық тәжірибесі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасарының  2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5084 болып тіркелген) сәйкес. Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.

7. Қаржылық қамтамасыз ету департаменті Бюджетті әзірлеу және инвестициялық жобаларды қаржыландыру басқармасының сарапшысы, С-5 санаты.

Функционалды міндеттері: тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді және үш жылдық кезеңге арналған шығыстар лимиттерін дайындау; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламаларының міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру; тиісті үш жылдық кезеңге арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен бекітілген көрсеткіштерге сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарын белгіленген тәртіппен бекіту бойынша жұмыстарға қатысу; республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде дайындалатын нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (экономика немесе қаржы, немесе менеджмент, немесе есеп және аудит) жоғары білім.

Кәсіби біліктілігі: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын және ауыл шаруашылығы саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Практикалық тәжірибесі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасарының  2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5084 болып тіркелген) сәйкес; Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) уәкілетті органмен бекітілген нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті органмен бекітілген нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы 2015 жылғы 26 мамырдан 8 маусымға дейін (қоса есептегенде) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті Персоналды басқару басқармасына тапсырады.

Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады.



Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді.

Құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет